Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет202/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

-ар + ға
 
аффиксті тұлғаның мұндай 
өнімділігін өлеңнің буын соңына қойылатын талаппен 
байланыстыруға болмайды: 
-ар +ға
 
дегеннің орнына -
у+ға
 
аффикстерін алуға әбден болады, өйткені екеуіндегі буын 
соңы бірдей. Сондай-ақ бұл тәсілді ұйқас мәселесімен де 
ұштастыруға болмайды. Өлеңге жүйрік аса дарынды ақын 
ұйқас іздеп қиналып, қазақ тіліне жат тұлғаны енгізбесе керек.
-ар + ға
 
тұлғасын жалғыз Абай тілінен емес, қазақтың XIX 
ғасырдағы басқа да жазба нұсқаларынан таба аламыз.


470
Ең алдымен, бұл тұлғаны ауыз әдебиеті мұраларынан 
кездестіруге болады: «
Күресерге 
дәрмен жоқ, іш қазандай 
қайнайды» (Мақал); «Кәрі қыз бала тапса, 
қоярға 
жер таппай-
ды»; «
Киерге 
киім, 
ішерге 
ас» (фразеологиялық тіркес); «Қожақ 
мұны ойлап, 
атарға 
қимады» (Радлов В.В. Образцы народной 
литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибири 
и Джунгарской степи. - Часть II. Киргизское наречие. - Спб., 
1870. «Ер Тарғын», 128-бет); «Сол Ақжүністі 
қуарға 
шыққан 
кісілердің ішінде 65-ке келген бір қарт кісі бар еді, бір-ақ сол 
қайтпай қалды (Сонда, 124-бет).
Асыл туған Ақжүніс,
Көкті бұлт қоршайды.
Күнді байқап қарасам,
Күн 
жауарға 
ұқсайды. 
Айды байқап қарасам, 
Айды бұлт қоршайды, 
Түн 
жауарға 
ұқсайды (Сонда, 140-бет).
Сонан соң бір күндерде Ұзынсары алып жамағаттарын 
жиып алып, оқ 
атарға 
серуенге шықты (Сонда, «Еркем Айдар» 
ертегісі, 277-бет). Бұрынғы заманда бір қарт бар еді. Ол қарт 
бір күні базарға 
шығарға 
ойланды (Я.Лютш Киргизская хре-
стоматия. - Ташкент, 1883. - С.31); «Бұлар 
киерге 
киім, 
ішерге 
ас таппай, екеуі екі байға малайлыққа жүріп кетті» (Сонда, 
57-бет); «Қанның ақшаларын қазынасынан бір ұры ұрлапты. 
Соның үшін екі кісіні жіберді уәли 
іздерге
»
 
(Сонда, 40-бет).
Келер шақтық есімшенің барыс жалғауда келіп,
 

 
жұрнақты 
қимыл есімі тұлғасымен синонимдес түсетін орындарын XIX 
ғасырдық алғашқы жартысында жасаған ақын Махамбет 
Өтемісұлының өлеңдерінен де табамыз:
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше
Еменге иір бұтақ бітсейші. 
Қыранға тұғыр 
қыларға, 
Ханнан қырық туғанша, 
Қарадан бір-ақ тусайшы, 
Халықтық кегін қусайшы
Артымыздан біздердің, 
Ақырып теңдік 
сұрарға 
(Махамбет Өлеңдері. - Алматы, 
1951. -112-113-беттер).


471
Өлең айтып толғадым,
Көкірегімді 
басарға.
Қарағай отын жармадым,
Тас қазанды 
асарға.
Махамбеттей мұқдыға
Енді келер күн қайда,
Ханға құрған шатырды
Сүңгіменен түртіп 
ашарға 
(Сонда, 5-бет).
Жау бір ерттей қайнайды,
Қайнағанмен қоймайды.
Мылтығын қардай боратып,
Жетіп келді қамалға,
Қамалды бұзып 
аларға 
(Сонда, 28-бет).
Қаумалаған қарындас
Қазақта бар да, мен де жоқ
Арызымды 
айтарға 
(Сонда, 76-бет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет