Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған


мақ аффиксті тұлға –  есімге бір табан жақындай түскен масдар (қимыл атауы) ғана,  ол – әлі зат есім емес. Ол - лық



Pdf көрінісі
бет210/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

мақ
аффиксті тұлға – 
есімге бір табан жақындай түскен масдар (қимыл атауы) ғана, 
ол – әлі зат есім емес. Ол -
лық 
жұрнағын жалғағанда ғана 
етістіктен жасалған нағыз зат есімге айналады: 
қызықпақ 
– лю-
боваться, 
қызықпақтық 
– любование.
Абай прозасында 
-мақ+тық
аффикстеріне синонимдес 
-у+шы+лық
аффикстер шоғыры кездеспейді.
-мақ
жұрнағы арқылы инфинитив жасалатын оғұз тілдерін-
де бұл тұлға тәуелдік, көптік және ілік септік жалғауларын 
қабылдамайды
98
. Ал Абай тілінде бұл тұлга морфологиялық 
белгілері жағынан да қазақ тіліне тән -
у
жұрнақты тұлғаға сино-
нимдес болып келетіндіктен, ол септік, тәуелдік жалғауларын 
түгел жалғай береді: 
Ләкин өз дәулетінен артық киінбегі, 
не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым 
айналдырмақ – кербездің ісі 
(II, 174). 
Қайуан артын, осы күнін 
де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тегіс тексермекке тіпті жоқ
(II, 183). 
Әншейін біреуді ыза
 
қылмақтық, несін дәулет біліп, 
қуанады екен 
(II, 180). 
Әуелден өзін өзі билеп, азаттықпен 
жүрген халық біржолата біреуге бағынбақты ауыр көріпті
(II, 221). 
Ойын-күлкімен, ішпек-жемек, ұйықтамақпен, 
мақтанмен әуре бол да...
(II, 216). 
Абай прозасында -
мақ
жұрнағының мақсатты келер шақ 
98
А.Н.Кононовтың 
«Грамматика современного турецкого литературного языка» 
(1956) деген кітабының 62-бетін қараңыз.


479
қызметінде қолданылуын аса сирек кездестіреміз (біз 3-4 жер-
де ғана барын таптық): 
Қалған дүниенің қамын сен жемек пе 
едің
(II, 167). 
Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз
(II, 207). 
Мал мен ғылым кәсіп қылмақпын
(II, 207). 
Сол махаббатпен 
[ен] ғаделетке қарай тартпақпыз
(II, 219).
Тегі, Абай прозасында 
-мақ
жұрнақты тұлғаның қимыл 
есімі ретінде жиі қолданылуы оның осы шақтың бір түрін 
білдіретін тұлға ретінде жұмсалуын көлеңкелеп кеткен 
тәрізді. Оның үстіне Абай «Сөздерінің» мазмұнының өзі 
мақсатты келер шақтағы етістікті онша көп қажет ете қой-
мағанға ұқсайды.
Абай шығармаларында -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет