Аммоний буферлі қоспасын дайындау. 100мл 20%-тік NH4Cl ерітіндісіне 100мл 20% NH4OH ерітіндісін араластырады және оған 1л дистилденген су қосады .
Индикатор дайындау.10мл аммоний буферлі қоспасында 0,5г қара эри-хром Т ерітеді және 100мл көлемде этил спирті ерітіндісін қосады. Ерітінді 10 күнге дейін жарамды.
0,05н комплексон III (трилон Б) ерітіндісін дайындау.Бастапқы көрсе-тілген заттарға Трилон Б талаптарға сай келеді, сондықтан оның аз мөлшерін нақты өлшеммен дайындауға болады. Трилон Б эквиваленттік массасы:
Э =
Ерітіндінің нақты өлшемін есептеу үшін келесі теңдеуді пайдаланады:
мұндағы, N – ерітіндінің нормальдылығы; V- өлшеуіш колбаның көлемі; Э-трилон Б эквиваленттік массасы.
Ерітіндіні кез-келген нақты ерітінді дайындаған сияқты дайындау керек. Егер, трилон Б ерітіндісін шамамен қажетті концентрация бойынша дайын-даса, онда ерітіндінің титрін басқа стандарты ерітіндімен анықтайды. Бас-тапқы зат ретінде магний сульфатын қолдануға болады. Трилон Б титрін анықтайын деп жатқан металл бойынша есептейді.