Хабиева алмагүл алтайқызы


Махамбет қолданысындағы көріктеу құралдарының коннотациясы



бет22/36
Дата06.02.2022
өлшемі0,52 Mb.
#33426
түріДиссертация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
2.2 Махамбет қолданысындағы көріктеу құралдарының коннотациясы. Көркемдік, прагматикалық бояуы айырықша коннотаттық компонент мағынасына тең келетін сөздердің басым көпшілігі троптар негізінде пайда болады. Олар айтылмақ ойға сай көркем бейне сомдай келе, автордың көзқарасын, дүниетанымын, эстетикалық талғамы мен сөз жұмсау шеберлігін танытады.
Махамбет негізгі тақырыбына орай қару-жарақ, сауыт-сайман атауларын кеңінен қолдана отыра, өз тындармандарына жақын, түсінікті болу үшін халықтың тұрмыстық, әлеуметтік тәжірибесін, ұлттың психологиялық, философиялық ойын танытатын этномәдени бірліктерді көркемдік қажетіне қарай ұтымды пайдаланып отырған. Бұл мәдени ақпарат мазмұнын қамтитын тілдік таңбалар метафора, теңеу, эпитет, метонимия, синекдоха, ұлғайту (гипербола) сияқты көріктеу құралдары мен амалдары негізінде көрініс тауып, автордың ойын дәл, экспрессивті, сомдамақ бейнесін көркем, айшықты болуын қамтамасыз етеді.
Бұл жұмыста Махамбет туындыларында кеңінен қолданыс тапқан эпитет, теңеу және метафора деген сияқты көріктеу құралдары ғана қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет