Химия пәнінен қызықты тәжірибелер



бет51/53
Дата05.10.2023
өлшемі41,84 Mb.
#183866
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР
Шығарма «Мұғалім қалай киіну керек», Эссе Қоғамға қалай қызмет ете аламын, ҚМЖ Химиялық байланыстың түрлері, Жұмаева Гүлназ БӨЖ №3 «Сакральды Қазақстан» бағдарламасы (wecompress.com), Еңбек іс-әрекетінің мотивациясы., Ағеділова Органикалық химия, Мектеп химия экспериментің жүргізу әдістемесі, Коллоидтық химия негіздері, 1 сабақ. зат молшері моль, Презентация Жаңа педагогикалық технологиялар
Тәжірибе барысы:
Шие тосабының шамалы мөлшерін суда ерітеміз. Оны үш сынауыққа бөліп құямыз. Біреуін өзгеріссіз қалдырамыз – түсі қызғылт. Екіншісіне қышқыл (лимон шырынын алуға болады) қосамыз - қызыл түске боялады. Үшіншісіне сілті (соданы алуға болады) құямыз – түсі жасыл түске өзгереді.
Тәжірибе әдемі шықты, бірақ біз шырынның дәмін көрмейміз, себебі техника қауіпсіздігі тыйым салады.



  1. Құпия жазулар

Атақты тыңшы Мата Хари құпия жазуларды пайдаланған. Ол 1917жылы Парижде тұтқындалған кезде, оның қонақүйдегі бөлмесінде кобальт (ІІ) хлориді судағы ерітіндісінің көпіршіктерін тауып алды. Бұл оның тыңшылық жұмысын әшкерелеудің бірден бір айғағы болды. Кобальт (ІІ) хлориді ерітіндісімен (25мл суда 1г тұз) жазылған жазулар мүлдем көрінбейді. Оны тек жай қыздырғанда көк түске өзгереді.


Қытай императоры Цин Шихуанди (249-206 жж. б.э.д.) басқарған кезде Ұлы Қытай қабырғасы пайда болды, ол өзінің құпия хатына күріш суын пайдаланды. Жазылған иероглиф кепкен кезде ешқандай із қалдырмайды. Егер ондай хатты йодтың спирттегі әлсіз ерітіндісімен ылғалдап сүртетін болсақ онда көкшіл жазулар пайда болады. Ал, император жазу көріну үшін құрамында йоды бар теңіз балдырларының қоңыр ерітіндісін пайдаланды.


Қағазға отпен сурет салу


Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:

Тәжірибе барысы:
Ақ қағазға қаныққан калий селитрасының ерітіндісімен қылқалам арқылы сурет салыңыз. Бұл үшін басына мақта оралған шыны таяқшаны қолдансаңыз болады. Қағаздағы суреттің ізі үзілмеуі тиіс. Ерітінді қағазға сіңгеннен кейін жазуды немесе суреттің үстін бірнеше рет бояңыз.
Селитраның ерітіндісі кепкен кезде қағаз бетінде ешбір із байқалмайды. Тәжірибені көрсететін кезде қарындашпен белгіленген қағаз шетіне ағаш шоғын тигізіңіз немесе жазу аяқталған жерді абайлап жағыңыз. Егер жалын пайда болса, онда оны жаймендеп үрлеңіз. Сол кезде салынған сурет кескінінің бойымен қуалаған от суретті салып шығады. Бұл калий селитрасының айырылуына негізделген:
2КNО3 → 2КNО2 + О2

Мүмкіндігінше қарапайым таңбалар (мысалы, сандар, әріптер) салған дұрыс. Ескеретін жайт, от қағаздағы таңбаны қайшымен қиып алып тастағандай әрекет етеді.


200С калий нитратының ерігіштігі 100г суда 31,6г тең. Селитраның бастапқы ерітіндісін суға калий нитратын қоса отырып дайындайды. Калий нитраты ыдыстың түбіне шөкпей әбден еріп кетуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет