Хрестоматия ежелгі дәуір әдебиеті ббк 84(0)3 е 33 «Қазақ әдебиетінің тарихы»



бет10/18
Дата05.11.2016
өлшемі5,28 Mb.
#879
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

Аудармасы
1

Құдайға құлшылық еткің келсе,

Таңсәріде тұруды әдет қыл.

Өзіңді [тозақ] отынан құтқарғың келсе,

Таңсәріде тұруды әдет қыл.

Сәріде тұрғандар ер болды,

Алладан үлес алды.

Ей, қапыда қалушы, саған түк те жоқ.

Таңсәріде тұруды әдет қыл.

Таңсәріде тұрмай ісің бітпейді.

[Құдайдың] құлы мақсатына жетпейді.

Сәрі ұйқысы пайда бермейді.

Таңсәріде тұруды әдет қыл.

Таңсәріде бір [рет] Алла [деп] айтсаң,

Алла жүз мың күнәңды жуып жібереді.

[Әрі] тағатыңды ойдағыдай орындайсың.

Таңсәріде тұруды әдет қыл.

Таңсәріде [айтқан] бір астағфиралла

Күндіз жүз [рет] айтқанға тең.

Ей, досым, бұған құлағыңды сал!

Таңсәріде тұруды әдет қыл.

Таңсәріде тұрып дәрет ал,

Көрдің қамын жатпай-тұрмай жаса.

Оны осы сағаттан бастап ойла.

Таңсәріде тұруды әдет қыл.

Таңсәріде тұруды ниет ет.

Қараңғы түнде михнат шек.

Көрге барғанда рақатын көр.

Таңсәріде тұруды әдет қыл.

Таңсәріде тұру – [нағыз] ғибадат.

Таңсәріде тұру – [нағыз] бақыт.

Таңсәріде тұру – сүйіспеншілікке ие болу.

Таңсәріде тұруды әдет қыл.

Таңсәріде жаратушының рақымы шоқ-шоқ

Аяғыңнан басыңа [дейін] мың рақым [етеді].

Саған мұндай дәулет керек болса,

Таңсәріде тұруды әдет қыл.

Ей, келіңіз, [рақымнан] үміткер пенде,

Бұл дүниеде не үшін күнә жасадың?

Ол дүниеде [күнәдан] құтылайын десең,

Таңсәріде тұруды әдет қыл.

2

Алланы еске түсіру жаннан дағы тәттірек



Сәрі уақыты болғанда.

Балдан артық шырыны

Сәрі уақыты болғанда.

Көңіліңде болса қауіп-қатер

Алла саған назар салар.

Тобаға кел, [ей) бейхабар!

Сәрі уақыты болғанда.

Өмірің өтті пайдасыз,

Қапы қалушы, [енді] қашанғы жатасың?

Сабаз болсаң, [тағатқа] әзір тұр

Сәрі уақыты болғанда.

[Аллаға] ғашықтар таңсәріде тұрады.

Жан-тәнімен [тағат] қылады.

Ғашықтық отына күйеді

Сәрі уақыты болғанда.

Иманыңның шамын жандыр сен,

Рухыңды суға қандыр сен,

Мұңлы зарыңа салғыл сен

Сәрі уақыты болғанда.

Сәрі уақыты – [бейне бір] сағат.

Тұрғандарға болады [қандай] рақат.

Бақ [пен] дәулет [кеніші] ашылады

Сәрі уақыты болғанда.

Әр дем [алған] сайын жаным [отқа] күйеді,

Құлшылық етпейінше әл-дәрменім жоқ.

Дәрі-дәрмегім – Алланы еске түсіру

Сәрі уақыты болғанда.

Кімде-кім [Алланың] дидарын көргісі келсе,

Ғашық болып зар [еңіреп] жүреді.

Ұйықтамай зікір айтады

Сәрі уақыты болғанда.

Құл Сүлейменнің сағаты [таңсәрі].

[Таң атқанда] иненің жасуындай шыдамы жоқ.

[Таңғы] зікір – жанның рақаты

Сәрі уақыты болғанда.
3

Нәпсім айтады: бұл бес күндік тіршілікте

Дүниені бау мен баққа бөлеймін дейді.

Ол бау-бақтарды кақпалап [қоршау] салып,

Әр жаз сайын түрлі жемісін татамын дейді.

Рухым айтады: шариғаттың ілімін біліп,

Ілімменен тариқаттың (софылықтың) жолын біліп,

Сәрі уақытында ояу отыруды әдет етіп,

Он бес жастан қалмай намаз [парызын] өтеймін

дейді.


Нәпсім айтады: бұл дүниенің [бар] мүлкін жисам,

Қытай, қырғыз, қыпшақ, Үндістанды [жаулап] алсам,

Асыл мата, алтын менен күмісті үйіп қойсам,

Бақ берсе, бір кент салып жатамын дейді.

Рухым айтады: діннің ісін жақсылап [жолға қойып],

Ізгілік, жауыздық атаулыны Алладан деп біліп,

Түн болса, тағат-ғибадатпен тік отырып,

Күндіз болса, салауат [айтып] ораза тұтамын дейді.

Нәпсім айтады: кәсіп еткен ісіңді жақсылап біл.

Ішіп-жегеннің күнәсін [тексеріп] неғыламын?

Қайсы бір кісілердің асын көріп [қомағайланып]

Адал арам деместен жейтіннің бәрін жұтамын дейді.

Рухым айтады: қандай жақсы Алладан опа тапсам,

Күні-түні тыным таппай зікір айтсам.

Қанамнан артық тамақ жемейтін болсам,

Бұл дүниені жиып-теріп не етемін дейді.

Нәпсім айтады: шонжарлардың жанында отырып,

Алуан түрлі дәм-тағамдарды келтіріп,

Ішіп-жеп, күні-түні қарын толтырып,

Жастық үстінде жантайып жатамын дейді.

Рухым айтады: күн қатып, түн қатып,

Алла тағаланың ризашылығын тілеп,

Құл Сүлейменді ғашықтық атына мінгізіп,

Ұзап кеткен жарандардың [артынан] жетемін дейді.

4

Ей, тәңірім, өзің білесің,



Сенен өзге кімім бар?

Жалғыз дарасың және барсың.

Сенен өзге кімім бар?

Сенсіз қай жаққа кетейін,

Халімді кімге айтайын?

Немен тіршілік етейін?

Сенен өзге кімім бар?

Менің табынушым – сенсің.

Әуелгі де, ақырғы да мақсатымсың.

[Сенсіз] жетілуді мен білмеймін.

Сенен өзге кімім бар?

Менің тәнімде – сенсің,

Сырымда да, ділімде де,

Денемде де, жанымда да – сенсің.

Сенен өзге кімім бар?

Жерге қарасам, сен әзір [тұрасың],

Көкке қарасам, сен назар [саласың].

Жерде де, көкте де қадірің кемел.

Сенен өзге кімім бар?

Көзім сені көреді,

Тілімнен сен түспейсің

Көңілім сені іздейді.

Сенен өзге кімім бар?

Ақ пайғамбарға дұға етсең,

[Ол] шапағат етеді.

[Оқыған] дұғамды қабыл ет.

Сенен өзге кімім бар?

[Мен] Шамси, асылық [жолдан] қайтыппын.

Әуейі нәпсіден тыйылыппын.

Дәргаһыңа келіппін.

Сенен өзге кімім бар?
5

Не қыларсың бишара адам?

Әзірейіл тұтса жағаңды.

Қандай жауап бересің?!

Әзірейіл тұтса жағаңды.

Баймыз деп жүрдің,

Кедейлерді көзге ілмей.

Байлығың еш пайда бермес

Әзірейіл тұтса жағаңды.

Сыймаушы едің дүниеге

Малыңа көңілің өсіп.

Қара жерге қандай сыясың!

Әзірейіл тұтса жағаңды.

Мал-мүлкің, үй-жайың

Қандай жақсы, жайлы еді.

Сол күні ойран болады

Әзірейіл тұтса жағаңды.

Ей, Құдайдың құлы, тәңіріден қорқып,

Әрдайым тоба қыл. [Ажал келгеннен]

Кейін еткен тобаң пайда бермейді.

Әзірейіл тұтса жағаңды.
7

Ей, көңілім, өмір өтті.

[Кете] бардым. Құлшылықта болмадың.

Зұлмат, жамандыққа толы дүниеде

[О дүниеге керекті] бір жарағыңды даярламадың.

[Бұл] дүниенің нақыш-безегін

Көрдің [де], айырылмадың.

Сопыға ұқсап уәли [әулие] болдың,

Әрқашан мұсылман болмадың.

Сопы деген – сол. Әуелі

Иманды білу керек.

Парыз, уажиб, сүндетті [орындап],

Және де қажетті тіршілікті жасау керек.

[Ол үшін] шариғаттың шырағын

Қолына ұстау керек.

Сопыға ұқсап уәли болдың,

Әрқашан мұсылман болмадың.

Денің сау, [бірақ] диуанасың,

Білмеймін қандай түрлі жансың.

Бос әрекеттен тыйылмайсың

Қандай [жұмбақ] пендесің.

Жаныңа рақым жаса, [өйткені бұл дүниеде]

Бірнеше күндік қонақсың.

Сопыға ұқсап уәли болдың,

Әрқашан мұсылман болмадың.

Сопымын, әулиемін дейсің,

Нәпсіңнің пендесі болдың.

Сопымын дей дей

Ахиреттің шермендесі болыпсың.

Тобаға кел. Қанағат ет.

Ей, тозақтың тұрғыны!

Сопыға ұқсап уәли болдың,

Әрқашан мұсылман болмадың.

Шын ақиқат сопылардың

Сөздерінің жалғаны жоқ.

Дем салып, арқасын ұрып,

Халықтан нәрсе алғаны жоқ.

Азғырушы нәпсі үшін

Жүзін қара қылғаны жоқ.

Сопыға ұқсап уәли болдың,

Әрқашан мұсылман болмадың.

Нақыл айтып, күнә деп,

Өзін сопы деп білдіреді.

Дем салып, арқасын ұрып,

Бір нәрсесін [қолына] ілдіреді.

Иманын алмақ үшін

Шайтан күнә жасатады.

Сопыға ұқсап уәли болдың,

Әрқашан мұсылман болмадың.

Шын ақиқат сопылар

Кісінің нәрсесіне көз салмайды.

Аз жеп, аз сөйлеп,

Аз ұйықтап, еш күлмейді.

Бұл сипатты сопылар

Әр ыңғайлы сәтке құл болмады.

Сопыға ұқсап уәли болдың,

Әрқашан мұсылман болмадың.

Осынша жыл ризығыңды берді,

Ешкімге тәуелді етпеді.

Сенің деніңді сау етті,

Майып, ауру етпеді.

Ақиқатты қойып, жалғанды жаса деп

Бір кісі зорлық жасамады.

Сопыға ұқсап уәли болдың,

Әрқашан мұсылман болмадың.

[Қияметте] ойбай, жүз мың ойбай дейді,

Ақыр заманның сопылары.

Шариғатпенен іс қылмайды,

[О дүниеде] барлығы шерменде болады.

[Одан] әрі Құдай безеді.

Әрі оның пайғамбары.

Сопыға ұқсап уәли болдың,

Әрқашан мұсылман болмадың.
9

Субхан ием өсірді,

Мұстафа [пайғамбарым] бұйырды,

Арыстан бабам жеткізді.

Шайхым Ахмет Ясауи.

Мұстафаның [сәлемдеме] құрмасын

Күтті [ұзақ жыл]. Дәнін жеді.

Қағбаның [діни] қоғамын басқарды.

Шайхым Ахмет Ясауи.

Қараса, Қағба [қасындағыдай] көрінген,

[Аяғын] басса, жер [қысқарып] түрілген.

Алланың ілімі үйірілген.

Шайхым Ахмет Ясауи.

Асылы хан [тұқымынан] еді,

Оны көп надан білмейді.

Жаратушы жаппар ием біледі.

Шайхым Ахмет Ясауи.

Исхақ баба ұрығы,

Шайхы Ибраһим құлыны,

Машайықтардың ұлығы.

Шайхым Ахмет Ясауи.

Йасы суының арасында

Гауһардың сынығы жатыр.

Машайықтардың сарасы.

Шайхым Ахмет Ясауи.

Қаршығаны құсқа салған,

Сұңқар, лашын ұстаған,

Сансыз мүрид бастаған

Шайхым Ахмет Ясауи.

Шариғаты мінсіз,

Тариқаты түпсіз,

Ақиқатта өрен жүйрік

Шайхым Ахмет Ясауи.

Шариғаттан сөйлеген,

Тариқатты іздеген,

Ақиқатты білдірген

Шайхым Ахмет Ясауи.

Күншығыстан батысқа [дейін]

Христиан, жөт, татарға [белгілі].

Саттарға (кешіруші Аллаға) құлшылық еткен

Шайхым Ахмет Ясауи.

Он сегіз мың ғаламда

Аты мәшһүр [Алланың] сөзін [білуде].

Орны – Дару с-салам пейішінде.

Шайхым Ахмет Ясауи.

Бабтардың бабы (дінбасы) Хорасанда,

Сансыз бабтар Үндістанда.

Бабалардың басы – баба Арыслан

Шайхым Ахмет Ясауи.

Атамның аты – Азғусы,

Жұпар болып аңқыған.

Екі дүние айнасы.

Шайхым Ахмет Ясауи.

Қыдырменен сұхбаттасқан,

Ілияспенен сыйласқан,

Хақ қасында құрметті.

Шайхым Ахмет Ясауи.

Түркістанға баралық,

Қызметінде болалық,

Үлес берсе, алалық.

Шайхым Ахмет Ясауи.

Шын сұлтан болған бабама

Мүрид болды күмәнсыз

Хаким Қожа Сүлеймен.

Шайхым Ахмет Ясауи.

12

Достарым, [ақыр] заман жуық келді.



Тарса, жөт, дінсіз кәпір елге толды.

Білдім енді бұл дүниенің ақыры болды.

Келіңдер, достар, Аллаға құлшылық етіп көріңдер!

Ұзақ түнге ұйқыны арам ет.

Малыңнан зекет бер бүгін мұнда

Қиямет күні жәрдем берер саған онда.

Келіңдер, достар, Аллаға құлшылық етіп көріңдер!

Ұлың мен қызыңды ілім үйренсін, ұстазға бер.

Сәжде жасап, қолыңды михрабқа (Қағба бағытын

көрсететін белгі) ұсын.

Бір күні қылдан жіңішке Сират көпіріне барарсың.

Келіңдер, достар, Аллаға құлшылық етіп көріңдер!

Мағрибтен машрапққа дейін терең сайлар

тегістеледі.

Таулар төтеп бере алмай мақта сияқты ұшады.

Тура жолдар қайыр жасаушыларға ашық тұрады.

Келіңдер, достар, Аллаға құлшылық етіп көріңдер!

Қайыр етсең, еткеніңе қарай жақсылыққа кенелесің.

Құлшылық жасап өлгендерге қосыласың.

Қиямет күні ол тозақтардан құтыласың.

Келіңдер, достар, Аллаға құлшылық етіп көріңдер!

Исрафил кернейін тартса көк жарылады,

Қорыққанынан пайғамбарлар дізерлеп қалады.

Әзірейіл саған айбат шегіп келеді.

Қеліңдер, достар, Аллаға құлшылық етіп көріңдер!

Бұл дүние мәңгі емес жалғаншы болар.

Тағат тауып бір жерде тұрмас болар.

Өлгендер және қайтып келмес болар.

Келіңдер, достар, Аллаға құлшылық етіп көріңдер!

Құл Сүлеймен сенің ісің қандай болар екен?

Ата, ана, бауырың жәрдем ете алмайды.

Өзіңді құтқар енді! Басың мұңды.

Келіңдер, достар, Аллаға құлшылық етіп көріңдер!
13

Ей, көңіл діліңді байлама [жалғаншыға]

Көпті көрген дүниеқор.

Қу өлімнің шарбатын

Халыққа ішкізген дүниеқор.

Сен ойлама дүниеде

«Мен мәңгі қаламын» деп.

Нағыз жанатын уақытында

Шырағын өшірген дүниеқор.

Ұлды атадан айырып,

Қызды анадан тағы.

Жылатып әр есікте

Зар еңіреткен дүниеқор.

Әуелді әсте білмейді,

Ақырды және тағы.

Әуелі [де] еш, ақыры [да] еш

Бір қаусаған қарт дүниеқор.

Ғазиз құлдар – атаң [мен] анаң

Сенен бұрынғылар қайда?
Барша [жанның] қойнына

Ашналық еткен дүниеқор.


14

Қолымнан, көзімнен айырылып,

Көрде жалғыз не істермін?

Балаларымды артқа тастап,

Көрде жалғыз не істермін?

Әкеліп көмер елім,

Жанымда бір бауырым тұрмас.

Мұңлы басым хасіретте.

Көрде жалғыз не істермін?

Бөз кебінге орап,

Бас-аяғымды тартып байлап,

Мені көрге тастап кетеді.

Көрде жалғыз не істермін?

Маған келсе ажал жетіп,

Жұмсақ төсектен түсіп,

Қара жер астына кіремін.

Көрде жалғыз не істермін?

Жалғыздығым өзі бір төбе,

Сұрақ, сауалым бір төбе,

Мен бәрінің қайғысынан өлдім.

Көрде жалғыз не істермін?

Мункир Накир қаруымен,

Кірсе сұсты айбатымен,

Осы халде менің күнәларымды [көрсе]

Көрде жалғыз не істермін?

[Қараңғы] көр – зындан,

Онда Алланың есіркеуі жоқ.

Жан мәңгі серіксіз болады.

Көрде жалғыз не істермін?

Өлдім. Мені адам сұрамайды.

[Көрдегі] жан-күйімді ешкім сезінбейді.

[Бір] адам халің қалай демейді.

Көрде жалғыз не істермін?
15

Жаратушы ие, қиямет күні

Мен күнәмді қайда қоямын?

Осы аһ ұрған өкініш күні

Мен күнәмді қайда қоямын?

Таразысы мен көпірін құрса,

Айдаушылар әзір тұрса,

Не істегенімді сұраса,

Мен күнәмді қайда қоямын?

Пайғамбарлар дізерлеп отырып,

Бетін жерге баса қалса,

Баршасы өз [басын] ғана ойласа,

Мен күнәмді қайда қоямын?

Арасат [майданына] келтірсе,

Маған [күнәм жазылған] дәптерді берсе,

«Дауыстап оқы» деп бұйырса,

Мен күнәмді қайда қоямын?

Сенің жабық сарайыңда

Еш ғибадат қылмадым.

Сұрақ сұрағанда ойбайладым.

Мен күнәмді қайда қоямын?

Денемнің баршасы күнәһар

Менде я қайыр, я жақсылық [жоқ].

Осы халіммен кешірім бола ма?

Мен күнәмді қайда қоямын?

Халайықтың бірі – дәруіш,

Бірі ғалым, бірі тақуа,

Бірі сопы, бірі пір

Мен күнәмді қайда қоямын?

Бірі ілімін аян етеді,

Бірі дәруіштігін баян етеді.

Құлшылық еткендер аман болады.

Мен күнәмді қайда қоямын?

Егер фазылыңменен сұрасаң,

Ғафу етсең [күнәмнан] құтыламын.

Ал егер әділшілікпен сұрасаң,

Мен күнәмді қайда қоямын?

Дүниені қуалап жүруші едім,

Жаратушы иеге деген құлшылығымды тастап.

Осы адасқанымды жөн біліп.

Мен күнәмді қайда қоямын?

Денемнен киімімді сыпырып алғанда,

Өлігімді тақтаға салғанда,

Басымнан суды құйғанда

Мен күнәмді қайда қоямын?

Осы күні ей, пайғамбар,

Алла саған сыйынамын.

Дереу шапағат қылмасаң,

Мен күнәмді қайда қоямын?
16

Жан-тәніммен жинадым

Бұл дүниеде мал-мүлікті.

Ол мал-мүліктің ақыр соңы

Ойран екенін білмедім.

Жиһаз, [тәтті] тағам іздедім,

Сауық сайран, жан тыныштық жолында.

Әттең, бұл істердің бәрі

Шектеулі екенін білмедім.

Білместігімнен мен оны

Айлап, жылдап іздедім.

Тынбай, шаршамай,

Жылдам жүгірдім, пай-пай!

«Қап» дегізетін [жалғаншыға] өмірімді

Зая жұмсаппын, ойбай!

Қапы қалған басымның

Надан екенін білмедім.

Дүниенің мал-мүлкіне

Көңіл бөлген надан екен.

Оңбағандық пен пасықтықты істеген

Пірғауын мен һаман екен.

Рақат дүние дегеніңіз

Жан мен тәннің апаты екен.

Оның бауы мен бағы

Зындан екенін білмедім.

Салтанат, құрметпенен

Әр жерге барғаным, келгенім,

Хан, сұлтан, шонжарлардың

Алдында жүгіріп, желгенім,

Лауазымды залымды әр сәт

Адал, әділ дегенім,

Бұтқа табынғанмен

Тең екенін білмедім.

Әуейі нәпсі үшін

Күні-түні жанымды қинағаным,

Неше түрлі жиһазды

Жар салып жүріп жинағаным,

Осынша жылдар жеп-ішіп,

Сауық-сайран, жан тыныштық қылғаным,

Баршасының азғырушы

Шайтан екенін білмедім.

Дүние мені алдады,

Қызылды-жасылды жадысымен.

Жезөкшелер сияқты

Ерлерді сиқырлап аздыратын.

Маған уәде берді

Алтын, күміс, малыменен.

Оның барлық уәдесі

Жалған екенін білмедім.

Мешіттің жолын тастап,

Пасықханаға барғаным,

Данышпаннан қашып,

Наданға дос болғаным,

Дін ісін кейінге қалдырып,

Дүние үшін жаным салғаным,

Дін ислам ісіне

Нұқсан екенін білмедім.
17

Қанша пікір етсең дағы

Өлімге жоқ еш ылаж.

Барша туар өлмек үшін

Өлімге жоқ еш ылаж.

Жаһанда қанша жан болса,

Барлығы бұған қайран қалады.

Патша да, кедей де [жермен] жексен болады.

Өлімге жоқ еш ылаж.

Пайғамбар келеді, өмір сүреді,

Дүниеден көшеді.

Жан шырағын өшіреді.

Өлімге жоқ еш ылаж.

Қорғаны қат-қат темірден

Дарбазасы болаттан болса да,

Баршасын жайпап өтеді.

Өлімге жоқ еш ылаж.

Өлім қанатыңды қайырар,

Туысқан-туғаныңнан айырар.

Ақырғы ісің осындай болар.

Өлімге жоқ еш ылаж.

Бишара кедей Шамшаддин

Тобаға келіп жыла.

Тұр орныңнан! Беліңді байла!

Өлімге жоқ еш ылаж.

19

Ей, достарым, өлсем мен



Білмеймін халім не болад?

Кіріп жатсам бұл көрге

Білмеймін халім не болад?

Әкеліп көрге қойса,

Қайтып үйге кетсе,

[Періштелер] келіп сауал сұраса

Білмеймін халім не болад?

Мен ешқандай сауап таппадым.

[Ал] көрде жауап беремін.

Егер жүз мың [түрлі] азап берсе,

Білмеймін халім не болад?

Хариш атты жылан кірсе,

Сол сәтте денеме жармасса,

Сүйегім бүтін қалмайды.

Білмеймін халім не болад?

Барша құмырсқалар жиылып,

Әр тараптан бас көрсетеді.

Жағдай мүшкілденеді.

Білмеймін халім не болад?

Қиямет күні болса,

Онда менен Құдай сұраса:

«Істеген құлшылыктарың қайда?»

Білмеймін халім не болад?

Құл Сүлеймен сондай күндер болатынын білесің

Күні-түні ғибадат қыл.

Берілген өміріңді ұзақ деме.

Білмеймін халім не болад?
20

Мен өз пиғылымнан оянып,

Саған сыйынамын, ей, Алла!

Күнәларымнан тоба етіп қайтып,

Саған сыйынамын, ей, Алла!

Неше жыл бойы әуес қуып,

Қате жасап жүріппін.

Өкінемін. [Алайда] үлкен үмітім бар.

Саған сыйынамын, ей, Алла!

Опасыз дүниенің тырнағынан,

Ібілістің мекерлігінен қашып,

Және де сенен қорқып,

Саған сыйынамын, ей, Алла!

Күнәларымнан қайтып,

Қателерімді мойныма алып,

Сарайыңа келіп тұрмын енді.

Саған сыйынамын, ей, Алла!

Ақырғы демім [шығарда] иман [бер].

Айырма мені одан.

Сол сәтте шайтаннан [сақта].

Саған сыйынамын, ей, Алла!

Ұл, қызымнан айырылсам,

Қараңғы көрге кірсем,

Сұрақ уақытында тірілсем

Саған сыйынамын, ей, Алла!

Жаратқан Аллам сенсің,

Қайырымды патшам да сен.

Барлық жерде панам да сен.

Саған сыйынамын, ей, Алла!

Кімнің [күнәсы жазылған] дәптері оңнан келеді,

Кімнің дәптері солдан келеді.

Менің күнәм сол күннен

Саған сыйынамын, ей, Алла!

Сол күні тозақ күркіресе,

Ұшқындары ұша бастаса.

Есітіп, қорқып ол күні

Саған сыйынамын, ей, Алла!

Ей, Құда, Шамшидің күнәларын,

Қателерін кешіре гөр!

Жасаған тобаларын қабыл ет!

Саған сыйынамын, ей, Алла!
21

Бақырғаннан сапар шексем,

Қағбаны тәуап еткелі.

Табалдырығына барып бетімді сүртсем,

Ханнанді Маннанді (Аллалық жайларды) көрсем.

Қара тасқа қол ұсынсам,

Қоршалған дуалын көрсем.

Алғыс, мадақ, мақтау айтсам,

Таңсәріде Субханға.

Суфадан Маруһийаға барсам,

Қасиетті Зәмзәмді ішсем.

Өлгендердің рухына бағышласам,

Құранның бірер бөлегін.

Арафат тауына шықсам,

Ғажайып жаратылысына көз салсам.

Ғаріптердің құжырасына жатсам,

Бір бұрышында мейман болып.

Бір жайда намаз оқысам,

Бірер [рет] саумада (жалғыз отырып құлшылық

ететін орын) отырсам.

Нәпсімді тыйып өлтірсем,

Көңілім мұсылман болып.

Мәдина шаһарына барсам,

Пайғамбардың қабірін көрсем.

Жүсіп Мысыри сияқты аһыласам [Алладан]

[Атасы] Жақып Кананиге табыстыруды өтінген.

Тағы да қолыма аса таяқ алсам,

Мойныма рада (жамылғы) салсам,

Сина тауына шықсам,

Мұса Имранидің [рухымен] кездессем.

Теңдесі жоқ Дижала суын ішсем,

Жайхун дариясын кешіп өткендей [боламын].

Халайықтан өзімді жырақ етіп,

Бахрменен Оманды кезсем.

Қажылардың қатарына кірсем,

Құлшылықтың шәрбатын ішсем,

Дұшпандардың сөзінен қашсам,

Рухани нәпсілерімді тежесем.

Пақырдың халін сұраса,

Маған хажынама берсе,

Менің атымды сұраса –

Сүлеймен Бақырғани.



(Аударған Берікбай Сағындықов)
АЛТЫН ОРДА – ҚЫПШАҚ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТ (ХІІІ-ХІV ғғ.)
«КОДЕКС КУМАНИКУС»
(«Қыпшақтың жазба кітабы»)
«Кодекс Куманикус» (куман – қыпшақ деген сөз) – XIII ғасырдың екінші жартысында құрастырыла бастап, ХІV ғасырдың басында (1303 жылы) аяқталған кітап. Қолжазба екі бөлімнен тұрады: 1) латынша-парсыша-куманша сөздік, 2) куманша-немісше-латынша сөздік. Сөздіктің көлемі 164 бет. Онда сөздердің бірнеше тілдегі мағынасымен қатар, 50-ге тарта жұмбақ, діни хикая бар. Діни хикаялар христиан аңыздарынан алынып, кумандар арасында христиан дінін уағыздау мақсатын көздеген.

Қолжазбаның жалғыз данасы Венециядағы Марк әулиенің шіркеуінде сақталған. Төмендегі текстер көне готикалық шрифтімен жазылған қолжазбаның К. Гренбек бастырған тұпнұсқасы бойынша берілді (1936 ж. Копенгаген, алғы сөзі мен түсініктері – неміс тілінде).



ЖҰМБАҚТАР
Транскрипциясы


  1. Тап-тап тамызық,

тамадырған тамызық,

көлең (ешіп), көйедірген тамызық.



Ол көбелек(дір).


  1. Біті-біті, бітідім, беш ағачқа бітідім,

Көнесу (в) ум йу (в) урдым,

Й (ібе) кі (мі) бекін чырмадым.



Ол – қынадыр.


  1. (Көл)де қара қула йувсапдыр.

(Ол й(а) шлықдыр.


  1. И (і) тіп, й (і) тіп, й (ы) рғалмас,

ічіндегі чайқалмас.

Ол – уру(дыр).


  1. Сілевсін йағы (н) сілкіп болмас,

сырма тонун бүгүп (бол) мас.

Ол (йумуртқа (дыр).


  1. Ақ үй, мама, авзу йоқ.

Ол йумуртқа (дыр).


  1. Алан-булан тув турур,

айры ағачдан йав тамар,

кулан-алан тув турур,

қув ағачдан йав тамар.

(...)



  1. Күн алдундан елчі келійір

көміш бырғытан келій (і) р,

ай алдундан елчі келій (і) р

алтун бырғыт (ан) келій (і) р.

Ол – (...)


  1. Буту, буту узун,

бутундан ары қол (ы) узун.

Ол үзүм.


  1. Ап-ақ (алы) йабовлы,

алтун башлы, чоқмарлы.

Ол – турнадыр.


  1. Сенде, менде йоқ,

сеңгір тавда йоқ,

үтлү ташда йоқ,

қыпчақта йоқ.

Ол – қуш сүтдір.
12) Қочқар мү(йі)зі қойурмақ

қойурмақтан қойур (мақ),

теге мү(йі)зі тій(і)рмек –

тійрмектен тійрмек –

(екі) мү(йі)зі тең.

Ол (...)


  1. Узун ағачы башында

урғун(у)л атлы куш олтурур,

ана атама(ға) ер керек,

екі учунат (асма) керек.

Ол ту(мақ).


  1. Узун ағач башында

улу бітів бітідім,

кемсен овлу келгей деп,

кенсін туруп сақладым.

Ол қа(рмақ) біле балық(дыр).


  1. Ақча қайда қышламыш, –

Қанлы йерде қышламыш,

Қаны нечік йуқмамыш, –

Қап ортада қышламыш.

Ол қарын йав(ы)дыр.
16) Беш башлы елчі келій (і) р.

Ол етіктен беш бармақ(ба).
17) Тав үстінде талашман,

тайағы бар беш батман.



(Олтүлкүшігін түп)дір.
18) Араба чақ,

таш араба я чақ.


19) Сы(ы)йыр сырты,

қой қон еті.



Ол – керегідір.
20) (Көк)че улағым кегенде семірер.

Ол кавун.
21) (Ке)че барыр қара улақ,

ерте келир қара (улақ).



Ол тү(ңлік)
22) (Бір)учу қыш қышлар,

бір учу йай йайлар.



Ол сыры(қ).
23) Олтурғаным – оба йер,

басқаным – бағыр чанақ.



Ол – үзенгі.
24) Чапчачық үстүнде чапчачық.

Ол – қамшыдыр.
25) Иазда йана келін йүгүнедір.

Ол – қамшы башыдыр.
26) Иазда йавлы тоқмақ йатыр.

Ол – кірпідір.

27) Иазда йавлы қай(ы)ш йатыр.



Ол – (й)ыландыр.
28) Ічер, йер, ініне кірер

Ол – бычақдыр.
29) Сал(ы)п көзім, сансыз оқим(ен).

Ол – көк біле йулдуздыр.
30) Бурунсыз буз тешер.

Ол – қой боғу.
31) Оңлу – солулу ай(ы)рған

отуз түмен он айдун.



Ол қуйаш, ай, йулдуз.
32) Алтун ай(ы)рған тура түшер, '

ал торқам йайлы түшер.



Ол – бей қ(у)лунлағандыр.
33) Ой, өтеміш, өтеміш,

йій көлде қышламыш.



Ол – итдір, авзун артына соқуп уйур.
34) Тү(й)ме тү(й)дім, тутқанға салдым.

Ол – усдыр.
35) Қасартқыча қан таммыш,

(немесе: Қасартқыча сары алтун),

қара улусқа йайылмыш.

Ол отдыр.
36) Узун-узун сырғалақ,

учуна дейрі сырғалақ,

қысқа-қыс(қа) сырғалақ,

к(і)рівіне дейрі сырғалақ.



Ол – бычақ біле біл(евдір).
37) Бу барды – ізі йоқ.

Ол – кемедір.
38) Тап, артында – қарп.

Ол – ешікдір.
39) Авзум ачсам, өпкем көрүнір.

Ол – ешік ачса, от көрүнгендір.

40) Ал савры йанчығым,

алты товрам ашқынам.

Ол – қоз(дыр).
41) Сең-сең айры башында, сегіз қойан іні бар,

сен аны тап(ма)саң, сенек йін (ійін) илегіл,

авлуң біле тапмасаң, аврув йін (ійін) илегіл.

Ол қ(уй)мыч(дыр).
42) Теңріден түшкен тоқмачық,

дөрт айақлы, маймачық.



Ол – кірпі (дір).
43) Буғанақлы чарт керек,

буғанасы қурламыш,

күчінен қара чынламыш.

Ол – анасы (й) ылағандыр, соқрағандыр.

Ол – тутған кішідір, буғовлы
44) Буғы, тонғуз қышламыш.

Ол қышқата қылағандыр.

45) Иоғартын келген не к(і)йік?

йола бар(ы)с кій(і)к дешірлер,

йотасы учу су йінч(у)

тама келір дешірлер,

қуйуртын келген не к(і) йік?

қула бар(ы)с кій(і)к дешірлер,

куйруқы учу су йінч(у)

тама келір дешірлер.

Ол – безергендір.
46) Белтірдегі беш қувлуқ башы біле қулун(л)амыш. Ол – йыл келгендір.
47) Сара (айдағы сары айғыр савлавлаты кішкеміш. Ол – қаз(ан)дыр.


Каталог: files -> docs -> books
books -> Деректі көркем әңгімелер мен мақалалар астана 2008 Редакциялық алқа
docs -> Қ. Жұбанов атындағы
docs -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы
docs -> Мұрат Әбенов: «Серпін-2050» жобасына қатысушылардың арасында бәсеке жоғары» Өткен жылдан бастап, жүзеге асырыла бастаған «Серпін-2050»
docs -> Реферат Название реферата Исполнитель
docs -> Инструкция по ветеринарному учету и ветеринарной отчетности


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет