Хрестоматия ежелгі дәуір әдебиеті ббк 84(0)3 е 33 «Қазақ әдебиетінің тарихы»



бет13/18
Дата05.11.2016
өлшемі5,28 Mb.
#879
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Хикаят. Хазрет Сүлейменнің алдына келіп біреу айтты: «Маған хайуанаттың тілін үйрет!» Хазрет Сүлеймен айтты: «Сен үйренетін нәрсе емес. Егер тағылым алып, кісіге айтсаң, өлесің!». Ол адам айтты: «Сіздің әміріңізді [орындап], әсте жаймаймын. Егер тағылым берсеңіз, ешқашан жария қылмаймын». Хазрет Сүлеймен алайһи с-салам оның аузына түкірді. Сол сәтте [Құдайдың құдіретімен барлық хайуанаттың тілін] білді. Сол күні үйіне қайтты. Бұл кісінің бір өгізі, бір есегі бар еді. Ол өгізді намазшамға дейін соқаға жегіп, [ал] есекті шөпке байлап қойды. Өгізді ашықтырып, суытып қойды. Есек өгіздің халін сұрады. Өгіз тартқан михнаттарын баяндады. Есек айтты: «Олай болса, бүгін сабыр қыл. Сабан жеп, су ішпе. «Өгізім ауырып тұр» деп таңертең соқаға жеге қоймас». Бұл кісі бұлардың сөзін түгелдей есітіп тұрды. Өгізге шөп, сабан салып еді, жемеді. Бұл кісі: «Өгізім ауырып тұр» деп, есекті әкеліп соқаға салды. Қас қарайғанша есектің кеудесінде шыбын жаны ғана қалды. Үйлеріне қайтты. Кешқұрым есек мазасы кетіп, атханаға кірді. Өгіз сұрады: «Халің қалай?» – деп. Есек айтты: «Әсте-әсте, халім жақсы. Алайда сенің ахуалың қалай болар екен. Соған қапалымын», – деді. Өгіз айтты: «Ей, бауырым, қандай оқиға болды?» Есек айтты: ««Өгізім, жаман ауырып тұр» деп жолда қасаппен сөйлесті». Өгіз мұны естіп, зәресі ұшты. «Оған қандай лаж қыламын», – деді. Есек айтты: «Қожаны көргенде суды жақсы ішіп, сабанды жақсы жеп, әлді болып көрін. «Өгізім жазылыпты» деп қасапқа сата қоймас». Есектің бұл кеңесімен өгіз түзеліп кетті. Қожа бұл сөзді есітіп, [қарқылдап] күлді. Қатыны: «Не себептен күлесіз?» – деді. «Ерімнің бір жаман ойы бар» деп шүбәланды. Көп жанжал жасады. Ері айтты: «Егер күлгенімнің себебін айтсам, өлемін. Маған үш күн мәулет бер». Рұқсат алды. Және де оның бір қоразы бар еді. Сол сәтте ағаштың [басынан] түсіп, тауықтарды бір-бір қуалап алды. Ол [кісінің] және бір иті бар еді. Ит айтты: «Өте ұятсыз екенсің. Қожаңның соңғы демі жетіп тұр. [Ал] сен ойнағаныңды қоймайсың». Қораз айтты: «Қожаның ауруы жоқ, не себептен өледі?» Ит есек пен өгіздің оқиғасын баяндап берді. «Ақыры қожа бұл оқиғаны қатынына айтып береді, сол сәтте өледі. Қораз: «Қожа өлсе, сені мен маған және қатынға келер-кетер не бар? Жуындыны кім құйып берсе, сен соған кетесің. Кім дән берсе, мен де соған кете барамын. Ері өлсе, қатыны бір байға тиеді. Мен бір әлжуаз қанаттымын. Осы халіммен жиырма-отыз тауықты бастап жүрмін. Ол бір қатынды қайрат жасап, қорқыта алмаса, несіне ер болып жүр. Егер Қожа қатынының себебінен өлсе, менің [тауық] қуалағаным жақсы емес пе!? Егер қожа қатынын бір-екі таяқтаса, қорқар еді», – деді. Қожа ит пен қораздан бұл сөзді есітіп, «дұрыс айла таптым» деп [ойланып] тұр еді, сол сәтте қатыны келіп: «Күлгеніңіздің себебі немене еді?» – деді. Дереу қожа [қолына] бір таяқ алып: «Күлгенімнің мәнісі – осы», – деп шықпыртып сабады. Содан кейін қатыны қорқып, тіс жармады. Қожа өлімнен қалды.


ХАРУТ ПЕН МАРУТ ХИКАЯСЫ
Транскрипциясы
Һарут уа Марут нам фаришталар байаныдур. Бу андағ уақиғадур ки Анис ибн Малик рази аллаһ рауайат қылурлар ким Қабылни көр оғлы бар ерди. Ани һәм бир сыңар көзлүк оғлы бар ерди. Бир күн атасыны оғлы йетаклап барур ерди. Бир оғлан учрап атамни өлдүрган киши деп ол көрни таш бирла уруп өлдүрди. Бу хални фаришталар көрүп айдылар: Илаһи бу не халдур ким ол көр за’иф бичарани бигүнаһ уа биабсат уруп өлдүрди. Худауанда адамни йаратмағыл нақақ қан төгар демапмудик. Худай тағаладин нада келди: Ай фаришталар агар сизлар йер йүзида болсаңызлар алардин бетар фасад қылурсызлар катта күнаһлар сизлардин уақи’ болур. Аларға зән фарзанд йемәк уа ичмәк зәр уа сим һауа уа һауас харс уа шаһауат мундин бөләк бәлалар нагаһан бардур. Мунча нимәрсалар бирла меңа, асы болмишлары саһлдур. Әмма сизларга бири йа екини берсам тез фурсатда ’асы болурсызлар. Фаришталар айдылар: Ма’ азаллаһ бизлар андағ қылмағаймыз. Анда фарман болды ки: Өз араларыңыздин ниййатыда йахшы үч фариштани хуаһлап алыңлар. Һаммадин хубрақ уа’алимрақ болсун. Бу фаришталар үч обдан уа данишмандларни хуаһладылар. Буларни бирини аты ’Аза бирини аты ’Азайа бирини аты ’Азра’ил ерди Хақ тағала буларға нафс уа шаһауат йемәк уа ичмәкни берип йер йүзига йибарди. Бири қазы бири муфти болды. ’Азра’ил мухбир болды. Нича махал бу ғалам софлани ахуалыға сәрхисаб барып айды ки: Бу күн йа ерта’асы болурмән деп ’Азра’ил даргаһ баргаһ аллаһига тоба қылып минажат қылди ки: Аллаһи мен бу сөздин йандым тоба қылдым. Худай тағала аны аууалги халыға келтүрди. Әмма ’Аза уа’Азайа қазы уа муфти болуп хукумат аңшатырын қолларыға салып олтурдылар. Буларни фаришта еканини һәмма халық билдилар. Қазара бир хатун ери бирла урушти. Хатунни аты Зуһра ерди. Пакдаман хатун ерди. Ер уа хатун қазыға келдилар. Нагаһ булар ол хатунин көрүп бизар дил’ашиқ шайда болдылар. Айдылар: Бу хатунға сен зулим қылыпсән. Талақ қылғыл йа бир аминни йанида үй қылып бергил дедилар. Ол киши қойғалы тақат қыла алмады. Бир аминни йаныда үй қылып берай деди. Фаришталар айдылар: Бизлар аминдурмиз шунда үй қылып бергил. Екинни арасида үй қылып берди. Қазара бир күн кеч болды. Екауларини бир бирларидин хабарлары йоқ ерди. Һәр екаулари Зуһрани ешикни сақладылар. Са’атдин соң бир бирларидин хабардар болдылар. Тапышып маслихат бирла Зуһрани қашыға кирдилар. Буларға катығ халати пайда болди ки: ғалибан шаһауатдин тақат қыла алмадылар. Ахир алам бу хатунға намахрамана қол узаттылар. Ол айды: сизлар фариштамиз дерсизлар. Мундағ ишларни қылмаң деп алмина мани’ қылды. Тасир қылмады балки зийадарақ қылдылар. Ахиралам бу хатун айды ки: андағ болса меңа асманға чықардурған ’исми ’ағзамны үргатиңлар. Андин сизлар һәм нима десаңиз қабул қылай деди. Булар ’исми’ағзамны үргаттилар. Зуһра айды: Өзүмни суға салып пакиза болай андин соң қабыл қылай деди. Бу Зуһра пакдаман ғусл уа таһарат қылды. Минажат бадргаһ қази ул-хажат қылып айды: Аллаһи булар мени зинаға такаллиф қыладурлар. Ол иш сени даргаһыңда улуғ күнаһ ермиш. Мени зинаға тақатым йоқтур. Бу ’исми’ағзамны хурматидин мени буларни қолыдин халас қылғыл деди. Көңлини пакликидин сахар уақыты ерди худай тағала фаришталарға фарман қылды. Асманға алып чықтылар. Йулдуз болды. Сахарда чықадурған Чолпан йулдуз деган шол пакдаман хатундур. Алқисса бул хатунни иши халыққа машһур болды. Көп хатунлар бу ишни һауас қылдылар. Қыла алмадылар. Йана қазара бир хатунға һәм шундағ биқарарлық қылдылар. Ол хатун айды ки: хажат болмақ үчүн чағыр келтүрүңлар. Ичип андин ’айш уа ’ашрат қылурмыз. Чағыр келтүрдилар. Андин кейин ’исми ’арзамны үргатиңлар деди. Үргаттилар. Чағыр ичип маст болуп зинаға шару’ қылдылар. Андин бу хатун ’исми ’ағзамны оқып һауаға чыққалы йүрүп ерди. Хақ тағаладин фаришталарга фарман болды: Ол напак фахшаны уруңлар деп. Фаришталар улуғ ’амуд бирла урдылар. Беш хисса болуп йерга түшти. Бири күкүртдаги от бири жақылған от бири судағы от екиси бийапандағы ғул уа азутқу болды депдурлар. Алқисса бу фаришталардин бу қисм күнаһлар садир болды. Өзларига бақсалар йүзлри дийу суратлығ қара болупдур. Буларни бу ишларидин фаришталар хажал болдылар. Худай тағала хатаб болды: Ай фаришталар мен мани’ қылған ишларни қылдыңызлар. Емди не болурсизлар. Фаришталар айдылар: Аллаһи данасән уә бинасән. Бизлар ’асы болдуқ. Һәр не ишка буйурсаң сәзаауардурмиз деп йүз мың пушайман уа надамат қылур ердилар. Һиш фа’ида бермас ерди. Жабра’ил ’лайһи с-салам айдылар: Емди сизлар Идрис пайғамбар қашыға барыңлар. Күнаһларыңни ’арыз қылыңлар. Шайад хақ субхана уа тағладин күнаһларыңни тилап алсалар. Анда Идрис ’алайһи с-салам қашларыға келип күнаһларын ’арыз қылдылар. Идрис ’алайһи с-салам минажат қылып аларни күнаһларны тиладилар. Хақ тағаладин хатаб келдики: Ай Идрис аларни мендин тиламагил. Аларнин сурғыл. Бу дунийада қойуп қийаматда азаб қылай му йа бу дунийада ’азаб қылып ахиратда амин қылай му. Идрис ’алайһи с-салам сурдылар. Алар айдылар ки: ахиратни ’азабы қатығдур мунда ’азабдин халас болурмиз ’ахиратда азабдин халас бола алмасмыз. Бу дунийада ’азаб тартқанымыз йахшыдур. Худай тағала фарманы бирла аларны Бабил жаһыға баш қуйы айақ йоқары астылар. Чақыр ичип зина қылып ердилар. Ол бағысдин екн ’акубатқа кирифтар болдылар... Йана айтыпдурлар ки ол еки фаришта көп кишиларга жадулуқны үргатти. Аны үчүн фаришталик атыны көтарип һарут уа Марут ат қойды. Ол бағысдин Кашмир уалайатында жадулуқ машһурдур. Һәр киши өзидин катта билан ойнашса жазасы шолдур.
Аудармасы
Харут пен Марут атты періштелердің әңгімесі мынадай оқиға. Оны Анис ибн Малик разы аллаһ (оған Алланың ризашылығы болсын) рауайат (діни әңгіме) етіп айтатын еді. Қабылдың [Адам атаның баласы] көрсоқыр ұлы бар еді. Оның да бір сыңар көзді ұлы бар еді. Бір күні атасын ұлы жетектеп бара жатты. Бір жігіт ұшырап «атамды өлтірген кісі» деп көрсоқырды таспен ұрып өлтірді. Бұл оқиғаны періштелер көріп айтты: Илаһи, бұл не жардай ол көрсоқыр бейшараны бикүнә әрі сұраусыз ұрып өлтірді. Жаратушы Алла, [сізге] «адамды жаратпа, нақақ қан төгеді» демеп пе едік». Құдай тағаладан жауап келді: «Ей, періштелер, егер сіздер жер жүзінде болсаңыздар, олардан бетер оңбағандық қылар едіңіздер, үлкен күнәлар сіздерден шығар еді. Оларға әйел, перзент, ішпек-жемек, алтын мен күміс, әуестік пен қызығушылық, ашкөздік пен нәпсіқұмарлық [бердім]. Бұдан бөлек кездейсоқ [жолығатын] бәлелер [тағы] бар. Осынша нәрселермен маған асы болмағы қиын емес. Егер сіздерге біреуін яки екеуін берсем, тез арада күнәһар боласыздар. Періштелер айтты: «Құдай сақтасын, біздер ондай жасамаймыз». Осыған орай бұйрық болды: «Өз араларыңыздан ниеті түзу үш періштені таңдап алыңыздар. Барлығыңыздан жақсырақ және білімдірек болсын. Періштелер үш өнегелі данышпанды таңдады. Бұлардың бірінің аты – Аза, бірінің аты – Азайа, бірінің аты Әзірейіл еді. Хақ тағала бұларға қызығушылық пен нәпсіқұмарлықты, жемек-ішпекті беріп жер жүзіне жіберді. Бірі қазы, бірі мүфти болды. Әзірейіл хабаршы болды. Ол ғалам софланың (төменгі әлемнің) хал-жағдайын неше мәрте ой таразысына салып барып тоқтамға келді. «Бүгін немесе ертең асы болып қалармын» деп Әзірейіл Алла тағаланың даргаһына тоба қылып, мінәжат етті: «Ей, Алла, мен сөзімнен қайтып, тоба қылдым». Құдай тағала оны әуелгі пішініне келтірді. Ал Аза мен Азайа қазы, мүфти болып үкім таяғын қолдарына ұстап отырды. Бұлардың періште екенін бүкіл халық білді.

Қездейсоқ бір әйел еріменен ұрысып қалды. Әйелдің аты Зуһра еді. Адал әйел еді. Ерлі-зайыпты [екеуі] қазыға келді. Бұлар ол әйелді көргеннен кейін кенет есінен тана ғашық болып қалды. Айтты: «Бұл әйелге сен зұлымдық жасаған екенсің. Талақ таста немесе бір адал [кісінің] қасынан үй жасап бер». Ол кісі әйелін тастауға қимады. «Бір адал кісінің қасынан үй жасап берейін, – деді. Періштелер айтты: «Біздер адалмыз, мына жерден үй жасап бер!» Екеуінің [жайларының] арасынан үй салып берді. Сонымен бір күні кеш болды. Екеуінің бір-бірінен хабары жоқ еді. Әрқайсысы Зуһраның есігін аңдыды. Бір сағаттан кейін бірін-бірі көріп қалды. Кездесіп, ақылдасып Зуһраның қасына барды. Бұларда қатты сезім пайда болды: ерекше нәпсіқұмарлықтан өздерін ұстай алмады. Ақырында бұл әйелге суық қолдарын жүгіртті. Зуһра айтты: «Сіздер періштеміз дейсіздер, мұндай істерді қылмаңыздар». Үзілді-кесілді қарсылық білдірді. [Алайда бұл оларға] әсер етпеді. Тіпті үдете түсті. Ақырында бұл әйел айтты: «Олай болса, маған аспанға шығаратын «Исми ағзамды» (Алланың ұлық аттарын) үйретіңдер. Содан кейін сіздердің не айтқандарыңызды қабыл етейін». Бұлар «Исми ағзамды» үйретті. Зуһра айтты: «Суға түсіп тазарайын, содан соң қабыл етейін». Зуһра суға түсіп тазарды, дәрет алды. Түнде айтылатын дұға «Қазы ул-Хажатты» оқып айтты: «Ей, Алла, бұлар мені зинаға зорлап тұр. Бұл іс – сенің даргаһыңда аса үлкен күнә. Менің зинаға құлқым жоқ. Осы «Исми ағзамның» құрметіне мені бұлардың қолынан азат ет». Таңсәрі уақыты еді, [әйелдің] көңілінің пәктігінен Құдай тағала періштелерге бұйрық етті. Аспанға алып шықты. Жұлдыз болды. Таңсәріде шығатын Шолпан деген жұлдыз – сол адал әйел.

Әлқисса, бұл әйелдің ісі халыққа жария болды. Көп әйелдер бұл оқиғаға қатты қызықты. [Өздері де сондай іс жасағысы келді]. Жасай алмады. Тағы бірде [періштелер] бір әйелге жоғарыдағыдай шыдамсыздық жасады. Ол әйел айтты: «Қажеттеріңді өтеу үшін арақ әкеліңдер. Ішіп, кейін ойнап-күліп, көңіл көтерелік». Арақ әкелді. Содан кейін: «Исми ағзамды» үйретіңдер», – деді. Үйретті. Арақ ішіп, мас болып, зина жасады. Содан кейін бұл әйел «Исми ағзамды» оқып аспанға шыққалы әрекет етті. Құдай тағаладан періштелерге бұйрық болды: «Ол арамза жезөкшені ұрыңдар», – деді. Періштелер үлкен шоқпармен ұрды. Бес бөлек болып жерге түсті. Бірі – күкірттегі от, бірі – жағылатын от, бірі – судағы от, қалған екі бөлегі жапан дүз даладағы албасты және жын-жыпыр болып кетті деп айтады.

Әлқисса, бұл періштелер осындай күнәлар жасады. Өздеріне қарап еді, жүздері дию сипатты қап-қара болыпты. Періштелер өздерінің бұл істерінен [қатты] ұялды. Құдай тағаладан әуез келді: «Ей, періштелер, мен тыйым салған істерді жасадыңдар. Енді [жағдайларыңыз] не болар екен?» Періштелер айтты: «Ей, Алла, [өзің] данасың және жаратушысың. Біздер асы болдық, не жазаға бұйырсаңыз да лайықпыз». [Олар] мың сан пұшайман болды, өкінді. Ешқандай пайда бермеді. Жебірейіл алайһи с-салам айтты: «Сіздер енді Ідіріс пайғамбарға барыңыздар, күнәларыңды [айтып] арыз жасаңыздар. Бәлкім, хақ субхана уа тағаладан күнәларыңды сұрап алар». Содан кейін Ідіріс алайһи с-саламға келіп, күнәларын арыз етті. Ідіріс алайһи с-салам мінәжат етіп, олардың күнәларын [Алладан] сұрады. Хақ тағаладан әуез келді: «Ей, Ідіріс, олардың [күнәларын] менен сұрама. Өздерінен сұра. Бұл дүниеде аман қойып қияметте азап көрсетейін бе немесе бұл дүниеде азап көрсетіп, ақыретте азат етейін бе?» Ідіріс алайһи с-салам сұрады. Олар айтты: «Ақыреттің азабы ауыр. Мұнда азаптан азат болғанымызбен, ақыретте азаптан азат бола алмаймыз. Бұл дүниеде азап тартқанымыз жақсы». Құдай тағаланың бұйрығымен оларды Бабыл (Вавилон) [төңірегіндегі] құдыққа басын төмен, аяғын жоғары қаратып асып қойды. Арақ ішіп, зина жасап еді, осы себепті екі азапқа душар етті... Және айтады: «Ол екі періште көп кісілерге сиқыр үйретіпті. Сол үшін періштелік атын өшіріп, Харут, Марут ат қойды. Осы себептен Кашмир уалайатында сиқырлық кең таралған. Әр адам өзінен мықтымен белдессе, жазасы осындай болады.



(Аударған Нұрлан Сағындықов)
ҚҰТБ
«Хұсрау-Шырын» жазба ескерткішінің түпнұсқасы Тінібек шаһзаданың тұсында 1341-42 жылдары жазылған. Авторы – Құтб. Бұл түпнұсқа Париждің ұлттық кітапханасында сақтаулы. Дастанның бізге келіп жеткен бір ғана көшірмесі бар. Оны көшірген Берке Факиһ (Берке иби Беракез Кандуд иби Едгу) – Мамлүк (Египет) мемлекетінде XIV ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қыпшақ ақыны. Берке Факиһтің көшірмесі 785 жылы сафар айында (жаңаша 1338 жылы сәуір айында) жазылған.

«Хұсрау-Шырын» дастаны – негізінде әзірбайжан халқының ұлы ақыны Низамидің парсы тілінде жазылған «Хусрау уа Ширин» деп аталатын поэмасынан жасалған еркін аударма. Бірақ Құтбтың бұл дастаны Низамиден түркі тіліне жолма-жол, сөзбе-сөз аударылмаған. Низамидің композициясы мен сюжетін толық сақтай отырып, еркін және творчестволық жолмен, өз елінің өмір жағдайына сәйкестеп, өз халқының түсінігі мен дағды-дәстүріне лайықтап барып жасалған аударма.

Дастанның көне түркі тілінен жасаған транскрипциясын поляк ғалымы А. Зайончковский 1961 жылы латын әрпімен жариялаған еді, ал қазіргі қазақ тіліндегі транскрипциясы мен аудармасы оқырмандарымызға тұңғыш рет ұсынылып отыр.
«ХҰСРАУ-ШЫРЫНДАҒЫ» МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
Өз елгін санча білмаз, көңлі қорқар
Өз қолын шанша алмас, жүрексінер
Күгарчін учса органган йеріндін,

Есан болса, келүр сақыныб йувасын


Көгаршын ұшса үйренген жерінен,

Есен болса, келер сағынып ұясын


Бұғдай көргазіб, арпа сатар ол,

Чүрүң арпасынға буғдай қатар ол


Бидай көрсетіп, арпа сатар ол.

Ауып кеткен арпасына бидай араластырар ол.


Көб елні рай бірла алса болур,

Қылыч бірла теса, бозлур


Көп елді райменен алса болар,

Қылышпенен алайын десе, бұзылар.


Йарашмаз барча халда от бірла су.

Жараспас барша жерде от пенен су.


Егар қадғуда болсақ йа савүнчда,

Кечар давран, қалурбыз біз окүнчда


Егер болсақ қайғыда я сүйініште,

Өтер дәурен, қалармыз өкініште.


Барурбыз дуниадын барча начар,

Йігітлікда савінчдін йахшы не бар


Өтерміз дүниеден барша нашар,

Жігіттікте сүйініштен жақсы не бар.


Сүсүннүң аввалі хош сафи болур,

Ічар болса, өйұгі соңра қалур


Сусынның алғашқысы таза болар,

Ішер болсаң, қоюы түпте қалар.


Қайу аш кім бурун хош лаззаті бар,

Тойа барсаң, аның һам та мы кетар


Қай асты әуел жақсы ләззәті бар,

Тоя берсең, оның да дәмі кетер.


Бурунқы завқ һіч соңра табулмаз,

Қарылықда йігітлік қалса болмаз


Бұрынғы ашық көңіл соң табылмас,

Кәрілікте жігіттік қалса, болмас.


Місал бар «аңламаз ағу йутар» теб
Мысал бар «аңдамаған у ішер» деп
Қазан астында от, ол қайнамаз му,

Егар көб қайнаса, аш айнамаз му


Қазан астында от болса, қайнамас па,

Егер де көп қайнаса, ас айнымас па.


Місал айтүр: «бөрі қуйматқа кім қой,

Мен өлтүрдүм, йеді түлкү, мені қой.


Мысал айтар: «бөріні бақташы қой,

Мен өлтірдім, деді түлкі, мені қой.


Қамуғ күнларнің аты йаз болмаз,

Қамуғ сағатда ахыр наз болмаз


Барша күннің аты жаз болмас,

Барлық сағатта бірдей наз болмас.


Ніча кім йүгрүк ерса ол кадліклар,

Менім һам авчы йүгрук ітларім бар


Қаншама жүйрік болса ол киіктер,

Менің де аңшы жүйрік иттерім бар.


Ічар сув һам чақынча болса едгү,

Талім ічсаң зійан тегрур ахыр сув


Ішер су да шағынша болса жақсы,

Көп ішсең, зиян тиер ақыр одан.


Сабыр бірла тілакка тегса болур,

Темүрні ақрун-ақрун ігси болур


Сабырменен тілекке жетсе болар,

Темірді ақырындап исе болар.


Іваклік бірла ғақіл іші бітмаз,

Иүгүрмак бірла ічагү йағ тұтмаз


Асығыспен ақылдың ісі бітпес,

Жүгірумен ішке май жұқпас.


Азун бір тохшун атқа ухшар ай йар,

Сақын кім тебмасүн аңсызда зінһар


Дүние бір асау атқа ұқсар, әй жар,

Сақтан ол қамқоршыдан, теппесін аңсызда.


Сәні тебмаздін ашну сен аны теб
Сені теппестен бұрын сен оны теп.
Сәвүнчда қадғу бар хурмада хары,

Иылан бар ганч үза һам балда ары


Сүйініште қайғы бар, құрмада – тікен,

Жылан бар қазынада, балда – ара.


Чайан ініга сычқан сығмаз еркан,

Сіпүртка қудруқынга бағлар андан


Шаян ініне тышқан сыймас екен,

Сыпыртқы құйрығына байлар одан.


Бу давлатсіз улулуқ қылса болмаз,

Бітар іш болса, давлат кеч қалмаз


Бұл дәулетсіз ұлығтық қылса болмас,

Бітер іс болса, дәулет кеш қалмас.


Сувы көб болса, хош мейва берүр бағ,

Авунсуз қорса, болмас қушқа һіч ағ


Суы көп болса, хош амида берер бау,

Айласыз құрса, болмас құсқа еш ау.


Кеіні кім көтрүр алтмыш батман асан,

Беш артуқ йүкласаң һам қорқмаз андан

Оңай көтерген кісі алпыс батпан,

Бесті артық жүктесең де қорықпас одан.


һаміша қадғуда қалмаз кіші біл
Үнемі қайғыда қалмас кісі, біл
Қатығ ақған сув көпрүглар йықар тарк,

Сен ақрунлуқ біла бунлад қыл барк


Қатты аққан су көпірлерді жығар тәрік,

Сен ақырындап негіз жаса берік.


Ашуқған тәрк арар йүгрүб йол алмаз,

Кім ақрүн сүрса түн-күн барса, талмаз


Асыққан тез арыр, жүгіріп жол алмас,

Ақырын жүрген күндіз-түні жүрсе де талмас.


Қатығлан тілкүтег ағқа йағума

Қойантег тілку алынға уйума


Қатулан, түлкідей, ауға жуыма,

Қояндай түлкі айласына ұйыма


Чықар көб йеглінің йоқлукда жаны

Шығар көп жейтіннің жоқтықта жаны

Азун балында ары бар сақынғу

Дүние балында ара бар сақтанатын.


Қарын толдурма құртлар йаңлыз аңлан,

Қымырсатег белің ачлыққа бағлан


Қарын толтырма құрттар сияқты, ойлан,

Құмырсқадай беліңді аштыққа байлан.


Дуниа үчүн қылма көңүл тар,

Көңүл тарлықы қадғу катрүр ай йар


Дүние үшін қылма көңіл тар,

Көңіл тарлығы қайғы келтірер, әй жар.


Ніча бу дуниа қадғусын йерүрсан,

Ата өлтүргүчіні дост тейүрсан


Бұл дүние қайғысын көп-ақ жерсің

Әке өлтірген адамды досым дерсің.


Кечар йелтег азун сән һам азундын
Өтер желдей дүние, сен де – дүниеден.
Кічік теб бермагіл душманқа фурсат

Кіші деп берме дұшпанға бос уақыт.


Өлмішда душман болмағыл шад,

Өзүң һам өлүмдін ермаз азад


Өлгенде дұшпан болма шат,

Өзің де өлімнен емессің азат.


Унутма барча халда өз чақың біл
Ұмытпа барша халде шағыңды біл.

Тузы аз болса ашның татғы болмаз


Тұзы аз болса астың татымы болмас.
Не іш кім қылсаң өз халыңға чақла
Не істі қылсаң да, өз халіңе шақта.
Кілімүңга көра көсүл айақны,

Йоқ ерса, йерсаң аңсызда табақны.


Кілеміңе қарай көсіл аяқты,

Жоқ болса, жерсің аңсызда табақты.


Күзад өз мартабаңдін кечма йүксак,

Фузуллуқ қылма өз орнуңда тур тек


Күзет, өз мәртебеңнен өтпе биік,

Арсыздық қылма өз орныңда тұр тек.


Көр өз ғайбуң адындын ізламагіл,

Кіші айбын қатығлан көзламагіл


Көр өз айыбыңды, өзгеден іздемеңіз,

Кісі айыбын, қатулан, көздемеңіз.


һүнар көргіл, ғаиб көргінча зінһар

Чічак тер бағқа кірсаң, алмағыл хар


Өнерді көр, көргенше айып, сақтаушым,

Шешек тер, баққа барсаң, алма тікен.


Сақын кім болмасун һіч дост душман,

Ағар болса, сан андын йахшы сақлан


Абайла, болмасын еш досың дұшпан,

Егер болса, сен одан жақсы сақтан


Өзүңдік көрмагіл аксүк кішіні,

Мамуқ теб санмағыл арслан тішіні


Өзіңнен көрмеңіз кем кісіні,

Мамық деп санамаңыз арыстанның тісін.


Мің ерса достларың һам аз теб біл,

Бір ерса душманың андын сақынғыл


Мың болса да, достарыңды аз деп біл,

Біреу болса да дұшпаның, одан сақтан


Вафа ерлік нішаны
Опа – ерлік нышаны
Ішак һіч арпа бергандің қачар му
Есек еш арпа бергеннен қашар ма.
Ағыз тег от темакдін күймаз өрміш,

Қарын тіш еті бірла тоймаз ерміш


Ауыздай от дегеннен күймес екен,

Қарын да тіс етімен тоймас екен.


Ев оғрысынға ешік йабса болмаз

Агар йабсаң тақы һіч файда қылмаз


Үй ұрысына есікті жапса болмас,

Егер жапсаң, тағы еш пайда қылмас.


Тобраққа йел бағласа турмаз,

Сув бірла от бірга отурмаз


Топыраққа желді байласа тұрмас,

Су менен от бірге отырмас.


Аның кім малы көб-тур қадғусы бар,

Қарақчыдын не қорқсун йоқсул ай йар


Оның ғой малы көптен қайғысы бар,

Қарақшыдан не қорықсын кедей, әй жер.


Керак кім сөз йерінда сөзлатілгай
Керек сөз жерінде айтылғай
Заріф сөз аш ічінда татлы түз ол,

Көркем сөз – ас ішінде тәтті тұз ол


Қары хатунтег ол бу дуниа маккар,

Сүчүглүг бірла ол сені алдар


Кәрі қатындай бұл дүние алдамшы,

Тәттілікпен ол алдар сені.


Кіші не кім қылур болса кішіга,

Калүр бір күн һам ол аның башынға


Кісі не зат қылар болса кісіге,

Келер бір күн ол да оның басына.


Азунлуғнуң соңы білгіл олүм ол,

Өлүм ермаз ай ғақыл бу ілім ол


Дүниеліктің соңы, білсең, өлім – ол,

Өлім емес, әй ақыл, бұл – ілім ол.

Кесак атғанға қайра таш қадғу
Кесек атқанға қайтар тас қайғы.
Ічім сув ерса йалғуз ічма зінһар,

Иалғуз йеган йалғуз олар зар


Ішім су болса, жалғыз ішпе, қорғаным,

Жалғыз жеген жалғыз өлер зар.


Тіласаң адгүлүк адгуга бол йар,

Кім едгү сухбатінда едгүлүк бар


Тілесең игілікті, игіге бол жар,

Игінің кеңесінде игілік бар.


Чырағ алсаң йаруқ йанғандын алғыл

Шырақ алсаң, жарық жанғаннан ал.


Көңүлда кізла разың елга йайма
Көңілде жасыр сырыңды, елге жайма.
Тіласаң кім оғурланмаса чавһар,

Ышанмазга евүңда берма йөл йар


Егер де ұрланбасын десең гауһар,

Сенімсізге үйіңе берме жол, жар.


Ешіңга разың аймақ тіласаң,

Раз аймышда аны душманқа тут таң


Жолдасыңа сырыңды айтпақ болсаң,

Сыр айтқанда оны дұшпанға тұт тең.


Көңүл берсаң жан алмаққа қылур ал

Көңіл берсең, жан алмаққа қылар айла


Халватда тамдын һам сақынғыл,

Болур тамда құлақ теб бар мысал біл


Жалғыздықта тамнан да сақтан,

«Болар тамда құлақ» деген бар мысал, біл.


Бақырдын фарқ қылмаз ерді алтун

Бақырдан айыра алмас еді алтынды.


Күчүн хорлуқны іздама өзүнга,

Сөзүң урулмасун қайра йүзүнга


Күшпен қорлықты іздеме өзіңе,

Сөзің ұрылмасын қайта жүзіңе.


Бақыб душман көзі бірла йүзүңга,

Біл өз айбуңны күлдүрма өзүңга


Бағып дұшпан көзімен жүзіңе,

Біл өз айыбыңды, күлдірме өзіңе.


Һаман хулқлуғ бірла олтурма зінһар,

Атың чықғай йаман теб хош біл ай йар


Жаман құлықтымен отырма, қорғаным,

Атың шыққай жаман деген, жақсы біл, әй жар.


Сөз сөзласаң сақшаб сөзла
Сөз сөйлесең, байқап сөйле.
Арслан тілкүлүк қылса йарашмаз
Арыстан түлкілік қылса, жараспас.
Сүчүч сөз ічра ағу кізламак
Тәтті сөз ішіне у жасырмақ.

Едгү болмаз ол муңлығқа күлмак


Жақсы болмас мұңлыға күлмек.
Сөз өлчүб созлатілса сөзга ухшар,

Өкүш сөз йүк ашакка теб масал бар


Сөз өлшеп сөйлетілсе, сөзге ұқсар,

«Көп сөз – есекке жүк» деп мысал бар.


Қамуғ ғашықны біртег санса болмаз,

Қамуғ міскін қанындын қанса болмаз


Барлық ғашықты бірдей санала болмас,

Барлық сорлы қанынан қанса болмас.


Тавуқ чақсыз чақырса ход білүрсан,

Башын йелга беріб қалур қуруғ тан


Тауық мезгілсіз шақырса, білерсің сен,

Басын желге беріп, қалар құр тән.


Тең ермаз елда он бармақ біл аны,

Ніча ма санаса саны бір саны


Тең емес қолда он бармақ, біл оны,

Қаншама санаса да бірдей саны.


Егар көңлуңда ерса антың түз,

Кеча йүріма йашрун, йүрі күндүз


Егер көңілде болса антың дұрыс,

Кешке жүрмес жасырын, жүргін күндіз.


Қачан кім учмақындын қалса лачын,

Йана қарғалар оқ тешкай төбасін


Қашан ұшудан қалса лашын,

Қарғалар және тескей төбесін.


Ікі сүчүглүк бірга табулмаз,

Сөқүксүз хурма, қабсыз ғоз болмаз


Екі тәтті бір болмас,

Сүйексіз – құрма, қабықсыз жаңғақ болмас.


Сүт еммазман ағзымда бар отүз тіш
Сүт ембеспін, аузымда бар отыз тіс.
Ніча кім татлырақ болмышча халва,

Білүрсан артурур ол анча шафра


Қаншалық тәтті болса халуа,

Бірлерсің арттырар ол сонша запыран.


Ніча кім бал қатында болса ары,

Ахыр бір йолы болмаз заһір бары


Қаншама бал қасында болса ара,

Бір жолы болмас ақыр зәрі бары.


Қатығ сөзладі теб қадғуда турма,
Қатты сөйледі деп қайғырма.
Білігліг йінжүні дариада іздар,

Табар тобрақ йер үзра іздаганлар


Білімді інжуді дариядан іздер,

Табар топырақ жер үстінен іздегендер.


Еліг көкдакі айға сунса болмаз,

Аңар ходрайлық етіб мүнса болмаз


Қолын көктегі айға ұсынса болмас,

Оған есерсоқтық жасап мінсе болмас.


Болур худ көрклүлар барча қылықсыз,

Булар айбын йабар көркі білің сіз,


Болар көріктінің бәрі де қылықсыз,

Олардың айыбын жабар көркі, біліңіз.


Йер үрлүқ алмайынча бермаз ашлық,

Һава дариадын алса соң берүр чық


Жер ұрық алмайынша бермес астық,

Ауа дариядан алса ғана берер шық.


Бақыб қарға һумай орнында көрді,

Булут йүзлүгні ай орнында көрді


Қарғағаны құмай орнында көрді,

Бұлт жүздіні ай орнында көрді.


Қарылықда йігітлік қайра келмаз

Кәрілікте жігіттік қайта келмес.


Қаралар көңлінга қадғу қытылмаз

Қаралар көңілінде қайғы тұрмас.


Қайу хандын ра ійат болса азар,

Темішлар кім қалур йалғуз болуб хар


Қай қаннан қарашысы болса азар,

Демек бар: қалар жалғыз болып зар.


Өкүш ел қарғышын алма сақынғыл

Көп алма ел қарғысын, сақтаныңыз.


Қачан кім чырағ өчмакка йавушур,

Бурунқытег ол бермаз болур нур.


Шырақ өшпекке таянар шақта,

Бұрынғыдай бермес болар нұр.


Ағач кім аввалінда егрі бітса,

Аны от болмаса болмаз түзатса


Ағаш әуелде йір бітсе,

Оны от болмаса, болмас түзетсе.


Өлүмдін сөзлаган көб білса болмаз,

Өлүмні өлмадін һіч кімса


Өлімнен сөйлеген кеп білсе болмас,

Өлімді өлмейінше ешкім білмес.

Өкүш йар бар қайашдан көб вафалығ,

Иана йатдын қайан болур тафалығ?


Көп жар бар ағайыннан көп опалы,

Және жаттан ағайын шегер жапаны


Барча қамыш бермаз шакар біл
Барша қамыс қант бермес, біл.

Көб ағрығ кім гөр ағзындын қайытур


Көп ауру көр аузынан қайтар.
Талім хатун кім ердін артуқы бар,

Йерін табса, йүз ернің ішін ішлар


Көп қатынның еркектен артығы бар,

Жерін тапса, жүз ердің ісін істер.


Өзүңні көрма өз көрганда көз йоқ,

Һүнар көр, һүнар көрганга сөз йоқ.


Өзіңді көрме, өзін көргенде көз жоқ,

Өнер көр, өнер көргенге сөз жоқ.


Соқурға не чырағ не йахту күн йоқ
Соқырға не шырақ, не жарық күн жоқ.
(Аударған Әрсен Ибатов)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет