Хрестоматия ежелгі дәуір әдебиеті ббк 84(0)3 е 33 «Қазақ әдебиетінің тарихы»



бет16/18
Дата05.11.2016
өлшемі5,28 Mb.
#879
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Аудармасы
Уа, «жаһан мәңгі-бақи» дегені кәні?

Есіт дүние ісін (сырын), біл оны:

Осылай бұл ғалам бір күні жоқ болады,

Мұндағылардың ешқайсысы мәңгіге қала алмайды.

Бұл айтылғандар өзі бізге де жетер:

Нендей махлұқаттардың бәрі бұл өмірден кетер.

Көр оларды бұрынғы өткендерді,

Жаман, жақсы барша күштілер (өліп кетті.)

Қайда кетті, мыңдаған пайғамбарлар, патшалар?

Олар – тұрған биік дарақтар,

Қайда Адам (пайғамбар), қайда Нұх пен Хәлилдер?

Мәңгі қалмас (ешкім) кейінге (өлмей) ол анық.

Қайда Сафуан, қайда Жәмшид,

Қайда Хұсрау, Шырын, Зұлқарнайндар,

Қайда Дақиянус, Шиддад,

Қайда Намруд пен Фридун?

Қайда кәні Рүстем мен Асфандияр?

Қайда Яхуд, Наушаруан билеуші?

Қайда ол Махмуд дін патшасы Ғазнауи?

Оның келбетіне мағынасы сай еді.

Ибраһим Әдһам, ол биігіміз қайда?

Ол өзі сұлтан болса да пақырлық кешкен.

Шыңғыс хан қайда – бәрі де өлді.

Мәлік болса да, жауыз, аш көзді болса да,

Әрқайсысы бұл жаһанды биледі,

Ақырында не болды, соны есіт:

Кетті олар бір жапырақ бөзге оранып,

Тәні өз қандарына былғанып.

Сонша мал мен дүниені қуып,

Патшалық пен тақ және бақ қуып.

Келдің дүниеге – кетпек керек.

Бар күшің жеткенше жақсылық етпек керек.

Бұл қара жер байқап көрсең топ-толық,

Онда үлкен-кіші адам балалары бар.

Әр қадам жер жүзін басарсың,

Әр қадамыңды адам жүзіне басарсың.

Бақ ішінде әр жерден нәркес гүлдер шығар,

Бұрымдары да бар, көзіңмен көрерсің.

Таза бақта сүмбіл де бар,

Түні шаһтардың бұрымындай (қап-қара),

Бұл қара топырақ ішінде нешелер,

Күндіз-түнді басынан кешеді.

Бірі сұлтан, бірі құл, бірі әмір.

Бірі қожа, бірі бай, бірі пақыр.

Бірі бала, бірі кәрі, бірі жігіт.

Қайсысының топырағын жел суырып,

Қайсысының шөптері күнге қурап.

Үлкен-кіші, бай, жоқ-жітік пе белгісіз,

Әмір, мүскін, құл ма, сұлтан ба, белгісіз.

Тыңда енді бұл сөзіме бір мысал,

Бұл мысалым бақтағы балдай шырын.
* * *

Ғайса пайғамбар мүсәпірлік қылып,

Кезер еді Шам елінен бір елді.

Көрді бір сахарда жасыл алаңды,

Сулар ағар, құстар ұшар зуылдап.

Барып ол су жағасында отырып,

Дәрет алып жуынар еді ол жерде тұрып.

Көрді ол сол жерден сахра тасын,

Және ол тас үстіндегі адам басын

Не көзі қалмаған, не аузы, кеудесі –

Денесінде қалмаған еш нәрсесі.

Мәриямұлы назар салды оған,

Ғибрат алып, қайран қалды таңдана.

Айтты: «О, Алла, көріп едім неше бастарды, –

Көрмедім мен жер жүзінде мұндай бас.

Қарады, алдында жазылған екі хат (бар):

«Ей бас, мұнша жүріп, мұнша жатасың,

Және сенен мұншалық істер өтеді,

Содан соң жанның құсы сенен ұшады

Мәриям ұлы қайран қалып,

Сол кез екі көзін көкке тігіп,

Айтты: «О, хақ (тағала) құдіретін, өзі біледі,

Өзіңнен тілегім бар, қабыл ет:

Тілегім – мына бастың ахуалын,

Өз аузынан тыңдайын».

Хақ тағала бұйырды Жәбірейілге сол заман

Сәлемімді жеткіз, рухыма лайықты айт:

«Сұраған сөзін бітірместен бұрын,

Тілегі қабыл болды.

Өз қауымына біраз ренжісін,

(Оның себебін) бастан сұрасын, бас бәрін айтсын»

Енді Жәбірейіл сол замат жер жүзіне,

Бұл хабарды жеткізді оның (Ғайсаның) өзіне.

Ғайса сол кез бастың қасына барды жүріп,

Хал-ахуалын сұрап есітпекші болды.

Ғайса айтты: Ей, қураған адам басы,

Тірлігіңде сен ер ме едің, я әйелсің бе?

Құлсың ба, я қожасың ба? – Айт сен.

Бек пе едің, я сұлтан ба? – Айт сен.

Бай ма едің, болмаса жоқ-жітік пақырсың ба?

Я кедей ме едің, я мүскін бишара,

Я мырзасың ба, болмаса сараң ба едің?

Қадірлісің бе, я бетбақ, қадірсізсің бе?
* * *

«Дүниеде мен бір ұлық мәлік (билеуші) едім,

Елім түзу, байлығым толық еді.

Жұмжұма сұлтан еді атым менің,

Ғаламға жайылған еді даңқым менің.

Тыңдап біл бұдан басқа тағы нелерім бар еді:

Билігімде зор жерім бар еді,

Ұзыны бес күндік, ені үш күндік еді.

Онда мен ешкімге күш көрсетпеуші едім.

Және бір сарайым бар еді,

Бойы мен ені он мың еді ей, хакім.

Тыстан көрген адам «әйбәт» дер еді.

Ішін көргендер «жаннат» дер еді.

Үстіне шыққан жүгінер еді,

Өйтпесе басы бұлтқа тиер еді.

Тағы қырық мың уәзірім бар,

Әрбірі арыстан ұстап мінер еді.

Он сегіз мың бектердің барлығы,

Күніне екі рет келіп басын иер еді.

Тағы он мың қаршыға ұстайтын едім,

Ит, ат үшін күшті құлдарым және бар.

Ас-су ұстайтын және он мың құлым бар,

Олар басын имейінше асқа қолымды салмас едім.

Және он мың сақа құлдарым бар еді.

Және он мың ай мен күндей әйелдерім бар еді,

Әрбірі бір-бір падишаның қызы еді.

Және он мың кәнизагым бар еді,

Сұлулардың ішіндегі айы еді.

Бір әйелге мың кәнизак беріп,

Және ақша беріп сатып алар едім.

Әрбірі хор қызындай бар еді.

Бәрі де мені құшуға зар еді.


* * *

Және бар еді менің жақсы әдетім,

Сол себептен шығар ізгі атым.

Жұмыспенен кім келсе де,

Мүскін болсын, я ғаріп, я пақыр.

Күнде мыңы келсе де дәруіш, жетім,

Алмайынша кетпес еді тоны мен атын.

Одан өзге жәрдем алғандар көп,

Дертіне дәрмен қылғандар көп.

Кеше күндіз әділ үкімді еді ісім,

Барша ғалам суымды ішіп, асымды жер еді.

Күніне сансыз халық тамағымды ішер еді.

Қаншама мал сойылып, пісер еді.

Мың түйе, мың ат, мың сиыр, он мың қой,

Өзге тамақ, құс еті, құрт оларды айтпай ақ қой.

Кесе, шанақтар қымызға толар еді,

Жиектерінде қымбат тастар, інжу тұрар еді.

Ғаламға жақсы атым жайылған-ды,

Небір шаһтарың менің даңқымның алдында

мат болар.

Осы қураған бас сөзін түгесті

Ғайсаға білдірді өз жайын.

Ғайса сұрады және ол бастан сауал:

«Және сөйле өкінішті, ей, мырза,

Не себептен жан бердің, соныңды айт,

Көрде не көрдің – әңгімелеп бер.

Ешкім келіп сұрақ алды ма,

Ұқсатып ұрды ма сені?

Қандай екен жұмақ пен тамұқ?

Көрген болсаң бәрін айт.

Ақыры не болды, жинақтап сөйле (соны айт),

Қой, дүние-тірліктің сөзін айтпа».

Одан соң қураған бас және айтты,

Аузы, жүзі жоқ, көзінен ағып жас:


* * *

«Бір күні отыр едім тахтымда қош көңілмен,

Сауық құрып, ғашықтықтың ойынын қылып.

Жанымда қатын-кәнизактарым,

Бірі тәжімді көтеріп, бірі киімімді ұстап тұр.

Махаббатқа мас болып отырып,

Бір сүйіктіме көзім түсті.

Оған зауқым кетіп жаныма алдым, –

Бірге жатып, құшып сүймекке.

Қапелімде қызметшім кіріп айтты:

«Бір пақыр кісі келді, қайыр тілейді».

Мен өзіммен-өзім едім,

Көзіме еш нәрсе көрінбес еді.

Айттым: «Ей, ақымақ, осы қайыр беретін уақыт па?

Сенің, өзгенің өзіне арналған уақыты».

Қызметшім шығып кетті, не істегенін көріңіз,

Барып, мүскінге қатты сөйлеген.

Кетті, ол мүскіннің көңілі жығылды,

Көңіл жығылған соң, одан айырылып не болар,

Ойран болған көңілді орнына келтіре алмадым,

Соңынан көп іздедім, бірақ ол адамды таба алмадым.

Содан соң қылуеттен (аулақ орын) шықтым,

Сүйіктіммен мақсатыма жеткен соң.

Одан соң моншаға бардым,

Көңіл кірімді жумақпын.

Содан бір бақыр су құйып едім басыма,

Бір әлсіздік пайда болды, басым айналды.

Сол мезгіл құлап түстім көзім қарайып,

Қаным қашты, қалды жүзім сарғайып.

Құлдарым мені тік көтеріп алды,

Көтеріп мойындарына салды.

Көтеріп тағыма мінгізді;

Қатын-кәнизактарым жаныма отырды.

Өте қиын халде жаттым ол күні,

Бұл жағдайды өз басынан өткізген білер.

Ертесіне бектер, уәзірлерім келді,

Әрқайсысы әр түрлі ем жасады.

Бірақ ешбірінің дәруі дарымады,

Бәлкім жүзім тым сарғайып кеткен болар.

Күннен-күнге халім нашарлады менің,

Жағым суалды, білегім, денем сыздады.

Жеті күнде еш дәрменім қалмады,

Сүйегім босады, халім болмады.
* * *

Жатыр едім бейхабар өз халімнен,

Бөлек болып ел-жұрт, мүлік-малымнан.

Бір нәрсе көрінді көзіме кенеттен:

Бір үлкен сахра екен бұл жиһан.

Шықты бір сурет алты жүзі бар,

Қан құйылған, тасқа ұқсас көзі бар.

Бірі астын, бірі үстін жүздері,

Оң және соң артқары әрі ілгері.

Күншығыс пен батысты тұтар екі қанаты –

«Әзірейіл» еді оған қойған аты.

Бір қолында сүңгі, бірінде ыдыс (шарап құятын)

Көрмеген еді өткен ғұмырында еркіндік.
* * *

Қойды көкірегім үстіне ол сүңгі ұшын,

Ішкізді ол ыдыстан тағы күшпен.

Айтты: «Біраздан соң өзіңе (адамдарға) келесің,

Қауым-бауырларыңды көресің».

Жұмжұма содан кейін ол ыдыстан ішті,

Шықты жаны, қалды құр кеуде, басы.

Келді де көп кісілер, көтерді,

Алды да хақ жеріне жеткізді.

Соншама көп мал-мүлкі және жақындары,

Ұстай алмады бір сағат та, шықты жаны.

Тағы айтты: «Иә, Ғайса, тыңда сөзімді:

Біраздан соң және аштым көзімді.

Жатыр екенмін бір бөлек бөзге оранып,

Тәнім тозаң, топырақ үстінде былғанып.

Аһ ұрдым мен: кәні тағым, дәулетім.

Кәні киімім, атым, өзім, мал-мүлкім.

Кәні сонша мың құлым және кәнизактарым.

Кәні сансыз жауһар, алтын, ақшаларым.

Кәні сонша көп ұрпағым, бауырларым.

Кәні сан түрлі сыйым, ас-суым.

Менен соң баршасы пайдасыз қалар,

Ойламаңдар маған көмегі тиер деп.

Көрдім тағы: көр есігін бұзды:

Екі айбатты періштелер кірді.

«Кімсіздер?» – деп сұрадым қорыққанымнан.

Олар айтты: «Біздер жақсы-жаманыңды жазып

отыратын періштелерміз».

Кебінімнің бір шетін жыртып алды,

Қылған істерімді соған жазды.

Мойныма асты, айтты: «Біліңіз–

Не қылсаңыз, соның жазасын тартасыз».

Кетті олар. Келді екі көр жолдас,

Екі сурет: бірі көк, бірі қара.

Ол екеуінің қолында оттан баған бар,

Көрген адам қашып кетер еді.

Көрген кезде бойым тітіреп кетті.

Айттым: «Ей, Жұмжұма, не қылдың енді».

Сол кезде олар келіп мені мықтап ұстады.

Сұрады, айбаттанып қорқытты:

«Тәңірің кім, – деді, – айт, отқа табынушы.

Айтпасаң отты баған ұрады».

Сөйлемеген соң олар тұрды,

Әрбірі бір-бір гүрзімен ұрды.

Тағы да көрдім: жендеттер келіп.

Басты мойныма, оттан гүл салып.

Мойныма жіп тағып, сүйреді,

Жеті тамұқтың ішіне дейін жеткізді.

Және оттан шылбыр салып тартты,

Одан соң мені отқа жақты.

От өртеген ішім күйді жаман.

Айқайлап, шақырып, су сұраймын ылғи.

Ұрды аузымнан, үнімді өшірді,

Бір тостаған зәһарды күшпен ішкізді.

Оны ішкен соң бауырым күйді,

Жүрегім қысылды, ішім қайнады.

Бір уақытта аузымның суы құрғады,

Құрсағым күйді, ішегім шіріді.

Және бір ішкізді – сонымен бітер,

Айттым: «Көп болды, ішкенім жетер».

Және бұл жерден мені көтерді,

Жетпіс аршын шылбырмен тартты.

Денемді ұрып, сұғып оның ұшын,

Аузымды ашып, тартты тілімнің ұшын.

Созды тілімді – мойныма салды,

Бір жерге сүйреп алып барды.


* * *

Сонда мұны тыңдап Ғайса жылады,

Ғибадат қылуға қаттырақ бел байлады.

Айтты: «Қураған бас, ей, және сөйле,

Тамұқ туралы және суреттеп айт:

Әрбірі қандай, ішінде не бар,

Әрқайсысында кім, қандай құлдар бар?»
Жәһаннам
«Ол жәһаннам тамұғында, ей ұлық кісі,

Бір қауым көрдім – бәрінің беті тілінген (пішілген),

Олар (болған) еді дүниеде нәпсі құмар,

Арамдықтың жемісін жеген еді.


Және бір қауым олардың қасында еді,

Басы төмен, аяғы үстінде еді.

Олар мұрынын көтеріп,

Жүрер еді әрбірі: «Мен, мен», – деп.

«Ерге мың өнер үйренбек құп» деген:

Үйренгені азға «менмендік» жұп деген.

Және көрдім бір қауым доңыз дайын,

Әрбірінің қарны болар таудайын,

Дүниеде олар алдамшы,

Адамдар арасына араздық туғызатын.

Және бір тайпа көрдім,

Көздері жоқ, қайда болса тік жүрер,

Олар ұмытып өз-өздерін,

Өзгенің айыбына салар еді көздерін.

Және көрдім бір қауым мен: тілі жоқ,

һәм тағы бір қауым: аяқ-қолы жоқ.

Тілсіздері – әкімдер еді бұрын,

Қисық үкім жүргізіп, орында (қызметте) отырған.


***

Және тайпа көрдім онда мен,

Жүреді, халдері өте жаман.

Тілдері өз ауыздарынан шығып,

Қан, ірің, тынбас олардан ағып.

Олар өз ахуалын бұзып,

Тура сөзін қисық сөздерге түзеп.

Жүрер еді адамдарды алдап,

Кімге де болса бәле-жала жауып.

Тағы бір тайпа көрдім онда мен,

Қоспадым өзімді ол санға мен.

Азаптаушылар алтын ақшаны қыздырып,

Басар еді көздеріне шыжғырып.

Не көзін қалдырып, бетіне басар,

Олар еді жиһанда сансыз көп,

Саны жоқ жияр еді, алтын-күміс.

Не мұны хақ берді деп білмес,

Не қадірін білмес, не жат, не өзі жемес.

Еш шығармас малынан хақ үлесін,

Көр, қандай болды ақыры, сол үшін.

Мың өнері болса, бір ерге көп емес,

Сараң болса, өнер оған жұп емес.

Ер егерде жомарт һәм мейірімді болса,

Айыбы жоқ өзге өнері болмаса.

Және тайпа көрдім көзбенен,

Сипаттауға болмайды сөзбенен.

Тағы бір қауым аяқ үстінде тұрар,

Бір тынбас, отты қылышпенен ұрар:

Бастары тәндерінен айырылып,

Және хақ құдіретімен бас бітірер.

Олар еді тірісінде жолда тұрып,

Бас кесіп, қан төккендер аңдушы боп.


* * *

Бір ғажайып көрдім онда және мен,

Көргенімнің баршасынан болды жаман.

Баршасы киінген еді, ал олар жалаңаш.

Не иығына тон жамылған, не басында тәж,

Әрбірінің кіндігінен қан ағар,

Тамұқтағылардың баршасы оларды көзімен бағар.

Тәндерінен жетпіс алуан жара шығып,

Тыйылмас еді ешбір қан, ірің ағып.

Әрқайсысы солайынша жалаңаш жүрер,

Енді сен, кім еді, оларды көр:

Әрбірі еді бір ықылым иесі,

Алуан еді кигені мен жиғаны.

Бірақ біреуге бір күрте кигізбейтін,

Және бір тұтқын көрсе құтқармайтын.

Орындамас ешбір мүскіннің тілегін,

Бермейтін жалаңашқа бір киімін.

Не бір өлікке кебін бермеген,

Не артық малынан... солай отта сызар.

Ақыретте, әлбетте, сондай жаза (алды),

Тартты жазасын ісіне лайық.

Ол сипатты (әңгімені) Ғайса тыңдады,

Қайғырып жылады және таңғалды.
* * *

Тағы айтты бас және сөзге келіп:

Кешегі мәлік – мені ол жерден алып,

Өзімді ұстады,

Бір үлкен шұңқырдың ішіне тастады.

Ол үлкен шұңқырдың аты Әсфал еді,

Және көрдім: онда бір табыт жатыр,

Айтты: ол табыт ішіне кір, отыр.

Кірдім ол табытқа, қарадық өзіне (оған),

Үш бөлек адам көрінді көзіме.

Сұрадым: дүние ішіне (тірлігіңде) кім едіңіздер?

Айтты олар: «Сұлтан едік әрбіріміз,

Әрбіріміз бір мәлік едік ұлық,

Енді осында болды біздің тұрағымыз.

Азғын және алдамшы еді ісіміз бұрын,

Енді шаяндар мекенінде орын (ымыз).

Халіміз мұндай боларын білсек едік,

Разы болар едік кедей болсақ та.

Кешер едік дүниені болып пақыр,

Бұрын сұлтан болып, мұндай болғанша ақыры.

Осылайша сұлтандықтың соңы болар,

Уай, оған кісі шат болып, қапы қалар.

Содан ол табыт ішіне кірсем мен,

Жылан мен шаян – төрт бұрышына тұрсам да.

Бірі шаншар (инесімен), бірі жер – тістер еді.

Барлығы менің қылғанымды істер еді.

Қаншама етімді жеп түгескен соң,

Жаңадан ет бітер еді, олар кеткен соң.

Жылар едім ашынғаннан зар-зар,

Айтар едім: «Шапағат қайда бар?»

Ешқайсысы көңіл бөлмес еді сөзіме,

Ешбір шара таппас едім өзіме (халыма).

Ғайса айтты: «Ей, бас, бар ма (менен) керегің?

Бар болса айт: қабыл болар тілегің».

Айтты ол: «Қажетім мынау менің:

Тілеймін тірілсе деп осы тәнім.

Ғибадат қылармын өткеніме тағы,

Тәңірі мені ғафу етер (кешірер), аһ!»

Қолын көтерді (көкке) Ғайса, айтты: «Ей рақымы

күштім (Құдайым.)

Есітіп тұрушы, жауап қайтарушы құдірет иесі,

йа хакім,

Хұзырыңнан тілегім: және,

Бергейсің жан мынау шіріген тәнге».

Содан тірілтті құдіретімен хақ оны.

Жан кірді: қайыра сау болды тәні.


* * *

Қалды бас өзінің құл екенін жеткізбекке

(құлдық ұруға),

Тірілгеніне шүкірлік қылуға.

Сол заманда барды ол (Ғайса) Құддыс еліне,

Кірді, отырды бір тау тесігіне (үңгірге).

Және жетпіс жыл ғибадат (құлшылық) қылды.

Көр, (сондықтан) оған хақ қалай кеңшілік етті.

Ақырына дейін (шын) мұсылман болып, шықты

жаны,


Енді сіздер: «Рақымы түссін (Құдайдың)» деңіздер

оған.


Қысқасы, түйіні былай, ей, адамзат:

Әркім не ексе, орар соны.

Мына сөз оған және байланысты:

Ізгілікпен жауыздықты тазала.

Мұнша шаһтар бұл жаһанға келді,

Есітіңдер, аяғында не болды.

Таппады олар дүниенің мұратын,

Тапса, қалар еді жаһанда ізгі аты.

Тәңір берген ризықтың шүкірін қыл,

Өткен күнінде (күн сайын) Алланы есіңе ал.

Жұмжұма туралы дастанды есіт сен:

Мысыр шаһарында еді ол адам.

Аты даңқты, өзі хас сұлтан еді,

Нағыз дүние сұлтаны, жаны еді.

Тарихи жеті жүз жетпіс (інші жыл) еді,

Хұсам Кәтиб мұны (жазып) біткен еді.

Патша көңілді сен тура жолға сал,

Тамам қылдым, йа, Алла,

Жарылқай гөр: йа, Алла, (өмірімнің) ақырын.

Егер құлыңнан кетсе көп қате,

Рахымың дәрия сенің, бере гөр жәрдем!
(Аударған Алма Қыраубаева)

СӘЙФ САРАИ
Сәйф Сараи – шамамен 1320 жылдары туып, 1396 жылы қайтыс болған ақын. Алтын Орда мемлекетінің орталығы болған Сарай қаласында туып-өскенімен, өмірінің соңын Мысырда өткізген.

С. Сараи парсы-тәжік әдебиетінің ұлы ақыны Сағдидың «Гүлстан» («Гүл бағы») атты шығармасын аударған (1391 ж.), сөйтіп, «Гүлстан би-т-түрки» деп атаған. Кітап тікелей аударма тәсілімен емес, нәзира (жауап) еткен ақындармен шеберлік жарысы әдісімен жазылған. С. Сараидың өз жанынан қосқан, өзгерткен жерлері көп. Кітап – 178 хикайаттан тұратын, дидактикалық шығарма. С. Сараидың бұдан басқа «Сүһаил мен Күлдірсін» атты дастаны да бар. Төмендегі текстер «Гүлстан би-т-туркидің» Қазан баспалары бойынша беріліп отыр (Сәйф Әс-Сараи. «Гүлистан би-т-түрки». 1980 ж. 1-2 бөлім; Борыңғы төрки һәм татар әдебиәтының чыгыныклары. 1981).


«ЯДГАРНАМА», «СҮҺАИЛ УА КҮЛДІРСІН»
1

Қамышлы йұрт беним туған елім еді,

Білің: ғарұтқа келтұрған білім еді.

Келіп, олдым Сарайида шир фидаи,

Сарайның шарыры – елнің кедайы.
2

Темір Үргенішга тартып келді ләшкер,

Коріп көз көр болып, қалды құлақ кер.

Қозұтты жан білан ғаламда тофан,

Ақытты су текін йер үзре көп қан.

Егінчі үйлері йағылды отқа

Бидай сауырылды, тофрақ болды ботқа.
3

Хатын садық аны сүйгіл ғазиз ер,

Һәр ағыр ішде дайым сені демер.

Оңа дост бол, оны сүйгіл көңіл бер

Аның сөз баһрыдын гауһарларын тер.
4

Йаңа айдыр қашың, ей көркке байым,

Қылыр байрам йүзүңні көрсе саим.

Су ічкенде дудағыңнан су тамса,

Бітар қанд уа шекер ол йерде дайым.

Жамалыңдыр бұ күн ғалам сафасы,

Хиялыңдыр һәмиша жан фәзайым.

Керек өлтур, керек асра құлыңмын,

Мубарак бұйрығыңдыр құтлы райым.

Мүфарах назм етіп Сайфи Сарайи

Сифатыңны оқыр, ей көркке байым.
Аудармасы
1

«Қамысты» жұрты менің туған елім еді,

Білсеңіз: мені шет жерге әкелген білім еді.

Сарайға келген соң ғұмырымды өлеңге арнадым

Сарайдың шағырымын, елдің кедейімін.
2

Темір Үргенішке әскерімен келді,

Көрген көз қор болып, құлақтар керең болды,

Қоздырды ғаламда шаң менен топанды

Жер үстінде қан судай ақты.

Егінші үйлері жағылды отқа

Бидай жұлынды, топырақпен болды ботқа.
3

Әйелің – адал жарың, оны сүй әзиз ер, ,

Әрбір ауыр жағдайда дәйім сені демер.

Оған дос бол, оны сүйіп көңіл бер,

Оның сөз теңізінен гауһарларын тер.
4

Жаңа туған айдай қасың, уа көріктім,

Сені ораза тұтқан кісі көрсе, оразасын ұмытып,

тойлап кетер еді.

Су ішкенде, ерініңнен су тамса,

Ол жерде қант пен шекер пайда болар.

Сенің жамалың – ғаламның тұтқасы,

Сенің қиялың көңілімді өсіреді.

Керек етсең өлтір, керек десең қалдыр, құлыңмын.

Мүбәрәк бұйрығыңа мойынсұндым.

Сәйф Сараи осыларды шаттықпен өлең етіп

Сипатыңды жазады уа, көрікке байым (көріктім).



«ГҮЛСТАН БИ-Т-ТҮРКИ»
Елік йаз күндерінде бір күн бустан ічінде, гүллар арасында бірнеше зариф ғалымлар білен отырып, инша ғылымыннан бахас қылып, әбияты ғарып уа ашғара ғажип оқыдым еса, ол ғылымларның олысы ғаруз ғылманнан бір мөшкіл бәйітінің тақтиғын сауал етті. Филхал жауабын есітіп, айтты: «Ей, әдибе ғарып, саңа бір муафық насихатым бар. Қабыл қылсаң, хайыр болғай». Айттым: «Бұйырың!» Айтты: «Шайх Сағди «Гүлстанын» түрки тәржімә қылсаң»...
ӨЛЕҢ
Ей, жиһанғылм уа ұстаду һүнәр,

Мағрифәтінің мәнбән сахиб назар.

Гүл тіләсә хатырың толы табақ

Бұл «Гүлстанымдан» оқы бір вәрәқ,

Гүл жамалы бір нече күндә кечер,

Бұ «Гүлстан» дайыма көңүл ачар.

Ол ажайыб кім ғәрайыб мұнда бар

«Хосрау уа Шырын» ічіндә қанда бар.

Бұ ләтайыф бағы – бұстаны тұрұр,

Бұлбұл – муғәнныйы гүлстаны дұрүұр.

Би сәфәтләр бірлә көзләргә толуп

Не әжәб болса мәсабиһ әл – кулуб.

Түркиге кіліп әжәмдән бұ кітаб

Меғрифаткә ачты сәкіз түрлү наб.

Тегме бір жанға мүфәрриһ болмаға

Тегме хатіріні мүшәррә қылмаға.

Бұ гүлстанға тамаша қылған ер,

Дәмбе-дәм мағна йемішін тазә йер.

Жан качан болғай гүлстандан мәлұл,

Күн коручек шадман болұр көңүл.

Хайыр етіп болған мөлікләр намыдар

Кетті қойуп һәр бірі бір йадгар.

Егү аты қалса ернің йахшырақ

Соңра қалғанча толы алтун рәвәк.

Иадгары қалса кімнің егү аты,

Өлмәс ол ер кімде болса бу сифат


Бу сифатлы ер бүгун хәйры қазір,

Мысыр ічінде бар бір ғарыф әмір.

Егүлук тұр дәм ба – дәм елге іші,

Жаһ уа дәулет, фәтһ уа нусрат тұр іші.

Лұтфу әхлак уа кәрәм қаны дурур

Егу аты дайыма тілде ерүр.

Діну дүниа, дәуләты заты шәриф

Мәғрифәтның мағдәны өзі зариф.

Бұ «Гүлстан» зинеті Тейхбас бек

Хажыт ұл – Хұжжаб сұлтана хас бек.

Хәр біріга жан бекін елге йәрар

Олтуруп йергу йәрарда қыл йарар.

Хақ тағала дәуләтын қылсун зийад

Дайныдын алсун тәнәғұм бірлә дад.

Ей мәләк сурәт, мәлік нусраты инан

Жұд ічінде Хатәми Тайы зәман.

Бәдри дәулет аләме құтлу иүзуң

Кім білік, бәһрі өзүң жәуһәр сөзүң.

Біліклі фарис сән, ол арслан йүрәк

Сән – сән ол ләшкәрде сафлар үзгән ер,

Ердәмінде ердәмын көргүзгән ер.
Көрмәдім ғарыф жәугһәрі

Дүррі мәнагә мубассар мүштәрі.

Назм етіп көркіл дұғалар затыңа

Таң һәдийа келтүрүп мән атыңа.

Ол һәдийә бу кітаб ерур мүфид,

Жұмлә әлфазы толу мағнайы жадид.

Өзіңе болуп мүбәрәк бу кітаб

Дайым алсун нәфғ мұндан шәйху шаб

Егу аты йады бірле көп көр заман,

Тазә болсын бұ «Гүлстаны» жунан


Бұ кітап бағбаны ол әдіб,

Кім сарайы Сәйф ерүр назми ғәріб.


Каталог: files -> docs -> books
books -> Деректі көркем әңгімелер мен мақалалар астана 2008 Редакциялық алқа
docs -> Қ. Жұбанов атындағы
docs -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы
docs -> Мұрат Әбенов: «Серпін-2050» жобасына қатысушылардың арасында бәсеке жоғары» Өткен жылдан бастап, жүзеге асырыла бастаған «Серпін-2050»
docs -> Реферат Название реферата Исполнитель
docs -> Инструкция по ветеринарному учету и ветеринарной отчетности


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет