Хрестоматия ежелгі дәуір әдебиеті ббк 84(0)3 е 33 «Қазақ әдебиетінің тарихы»



бет17/18
Дата05.11.2016
өлшемі5,28 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

КӨКТЕМ ТУРАЛЫ
Иәнә кийді йәнгі ашжар хил, әт

Безәнір бағ уа бустан тұтты зинәт.

Бұтақлар алды бустандан баж

Чәчәкләрдан орунуп һәр бірі таж.

Бинәфшә бойын егді гүлгә кәршы

Ачып, әнбәр көзін сунбүлгә кәршы

Болуп мутриб гүлстанларда бұлбұл

Қылур мың түрлі нәғмә бірлә гүлгүл

Иәнә фирдәусі ағлатек болды бағ.

Зумәррәд рәңін алды тәгмә бір тағ.


Аудармасы
Жаз күндерінде бір күн бақ ішінде, гүлзар арасында бірнеше білімпаз ғалымдармен ғылым таластырып отырып, қызықты хикаялар, өлеңдерімді оқып, таңғалдырдым. Ол ғалымдардың ішіндегі данышпаны ғаруз өлең өлшемі жайлы сауал қойды. Дұрыс жауабын есіткен соң ырза болып айтты: «Ей, дана ақыным, саған айтар бір насихатым бар. Қабыл алсаң, қайырлы болсын!» Айттым: «Бұйырыңыз!» Айтты: «Шайх Сағдидың «Гүлстанын» түркіше тәржіма қылсаң...»

ӨЛЕҢ
Ей, жер жаһанның ғалымы, өнерде ұстазым,

Білімнің бұлағы, мейірім иесі.

Жаның табақ толы гүл тілесе,

Бұл «Гүлстанымнан» бір парақ оқы.

Гүл шырайы күнде солар,

Ал бұл «Гүлстан» дәйім көңілді ашар.

Не ғажайып, не қызықтар мұнда бар,

Олар, «Хұсрау уа Шырында» қайдан болсын!

Бұл сымбатты бақ – гүл бағы,

Гүл бағының жыршысы – бұлбұл.

Міне, осы сипаттағандарым көз алдыңда

Жүректерді билесе ғажап емес.

Парсыдан түркі тіліне аударылды бұл кітап,

Алдыңнан сегіз түрлі білім жолы ашылды,

Бір жанға қуаныш әкелсін деп,

Біреудің санасына сәуле түссін деп.

Бұл «Гүлстанды» тамашалаған кісі

Дембе-дем өмір мағынасының тап-таза жемісін жер.

Жаның «Гүлстаннан» жалықса,

Күнді көріп шат-шадыман болар көңіл.

Қайырымды небір патша өтіпті,

Әрқайсысы артына жәдігерлік тастап кетіпті.

Ер артында ізгі аты сақталып қалса жақсырақ,

Қалғанынша соңында алтын толы қазына.

Кімнің аты жәдігерлік боп қалса

Ол сипатты ер еш уақытта өлмес.

Мұндай ер бүгін бізде бар,

Ол Мысырда бар, ол – дана Әмір

Дембе-дем елге қайырымды іс қылар

Лауазымды, дәулетті, жауынгер, тек жеңіске жетеді,

Ол – мейірім бұлағы, қайырымдылық – қанында,

Ізгі аты дәйім ел аузында,

Дін, дүние, атақ-даңқ – бәрі өзінде.

Білімнің бұлағы, тамаша жан,

«Гүлстанның» сәні – Тейхасбек77 .

Сұлтанның Хаджиб әл-Худжабы, нағыз бегі,

Әр біріңе жан секілді, елге сүйкімді

Төрелік айтса, қара қылды қақ жарар.

Хақ тағала дәулетін молайта берсін!

Ей, мәлік суретті патшам, тәңірдің тілеуімен

еліңді басқар,

Мырзалықта осы заман Хатымтайысың,

Құтты жүзің әлемге дәулет берер.

Өзің – білім теңізі, сөзің – жауһар,

Білікті, арыстан жүректі салт аттысың,

Соғыста жаудың сапын қақ бөлген ерсің,

Ерлердің ішінде ерлігімен көзге түскен ер,

Сенің жақтырмаған көзқарасыңды байқамадым,

Дүр қадірін алушы білер.

Жыр маржанын сыйлық етіп ұсынайын,

Сыйлығым сол – пайдалы кітап.

Бар сөзі естімеген ойларға толы,

Өзіңе қасиетті болсын осы кітап.

Жас та, шал да дәйім керегін тапсын одан,

Оның ізгі аты замандарға жайылсын.

Таза болсын бұл жұмақ «Гүлстаны».

«Гүлстанның» бағбаны ол – жазушы

Сейф Сарайи болар ақын – ғаріп78


КӨКТЕМ ТУРАЛЫ ӨЛЕҢ
Және киді жас ағаштар шапанын,

Безенді бақ, әсемденді гүлзарлар.

Бұтақтар бақ ағашынан тамырланды,

Гүлшешектен орнатып басына тәж.

Шегіргүл иіледі раушанға

Ашып құмар көздерін сүмбілге қарай.

Жыршы болып гүлстанда бұлбұлдар

Мың бұралта әнге салар,

Және жұмақ бағына айналар,

Барлық таулар реңі зұмрадқа79 айналды.


Хикайаттар
1

Бір мәлік білан теңіз кормаган бір жәләб. Құл кимеге кіріп олтырды. Ол құл чұн теңіз кормаган, дәғый киме зәхмәтін чикмәган еді, тәхәммел ете білмеді, қаты үн білан йығлап, тітрәмага башлады.

Никадәр кім лұтф білән алдап сөзләділәр – файда қилмады. Мәлікнің хатыры иңән мәлүл болды. Ол кимәда бір хакім ер бар еді. Келіп мәлік хыдметіна айтты: «Бұйрықың болса, мен аны сақын қылайым». Айтты: «Ғаят лұтф болғай». Хакім бұйырды кім. «Теңізге салың!» Салдылар. Бір гез батып шықты. Екінчі батып чыққанында, сачыннан тұтып киме үстіне көтерділер. Ол құл екі әле білен киме йіплеріне йабышты. Дағы кіріп, бір йерде тіп-тік отырды.

Хакімнің бұ іші мәлікке ғайат хош келді. Дағы сұрды кім: «Мұнда хикмат не? Айтты: «Бұ ғарқ болмақның михнатын татымағаны, кимә рахатының қадірін білмаган еді. Емді бұ мосыбатны көрді, кимә ғафийатының қадірін білді».


2

Лұқман хакімге сұрдылар: «Әдепні кімнен үгірендің?» Айтты: «Әдебсізлерден: бақтым аларның әфгаліні, қайсы харакат кім мәңа хош келмеді, аннан ихтираз қылдым».


3

Бір заманда екі қарындаш бар еді: бірі сұлтан хызметіне мулазим, дағы бірі кәсіп етмәкін йер еді. Бір күн ол жөнді қарындашы бұ кәсіпке айтты: «Не үчін хыдмет қылмассын кім? – бұ іш захматыннан құтылғайсын».



Ол кәсіп қарындашы айтты: «Сен не үчін ішлемессін кім? – хыдмет хорлыкындан құтылғайсын! Ғақыллар мәсәлі тұрыр кім: «Өз үйінде отырып, қоры итмәк йеса йахшы, аннан кім білен алтын қылыч бағлап хыдмет үчүн тұрғай».
4

Бір сұлтанның үч ұғлы бар еді. Екісі ұзын бойлы сахыбжамал, дағы бірі қысқа бойлы еді. Бір күн сұлтан бу қысқа бойлы ұғлына хәкарат көзі біле бақты. Ұғлан фирасат білен білді дағы айтты: Ей, ата, ұзын бойлы ахмақтан қысқа бойлы ғақыл йақшырақ тұрұр...

Бұ сөзден соң бірнече күн кечті. Дағы сұлтанға біри ағыр дұшман черісі келді. Бұлар дағы черік йасап, қаршы йүрділер. Екі чері мүкәбіл болды. Әууәл майданға сұлтанның ол қысқа бойлы ұғлы кірді, дағы нәгәр ұрып, бұ бәйітні оқыды:

Шиғыр
«Ей, баһадүрлер, білің, келдім бұ күн майдана мен, Баш ойнап, жан тәркін ұрмаға мардана мен». Сүңгі ойнап, ат чабып, көп түрлі ердам көргузіп, Айтты ол: «Зынжырын үзгән фариси диуана мен».

Мұны айтты дағы дұшман черісіне кіріп, бірнече баһадүр еренлерні түшірді...

Дұшман черісі хәдсіз күп еді, дағы бұлар – аз. Жамағат качмаға йүз тұттылар.

Шиғыр
Ұғлан айтты: «Ей, еренлер, йат черіге от ұрұң! Иа, барып, гаурат құмашын киіп, үйде отырың!

Ол еренлер бұ сөзні ешітіп, ғайратланып, ұғланға ұйыдылар. Ол сағат ічінде дұшман черісін сындырдылар. Ұлан келіп, атасы хыдметіне йер өпті.

Сұлтан дағы ол ұғлыны құшып, көзінен өпті, дағы дұға қылды. Күннен күне маххаббат назары аның үзе зиадат болды. Қарындашлары хасд ойлап, ол ұғланға аш ічінда ағу берділер. Бұларның бір қыз қарындашы бар еді. Ол қыз тақадан көрді кім, қарындашына аш ічінда ағу берділер. Ол қыз тақаны йапты еса, ұғлан фирасат білән білді: әлен аштан чекіп, айтты: «Бұ мұхал ерүр кім, ердам ері өлгәй, дағы ердамсізләр анын, йерін тұтқай».

Бұ хабар сұлтанға йетті еса, қарындашларын ендәп, йекіріп, һәрбіріне бір йерда хакім қойды.

Хәтта, фітна отырып, низаг ортадан кеткәй.
Шиғыр
Сыйғар бір хұжраға он еккі меһман,

Бір ықылымға сыйғмаш еккі сұлтан.


5

Наушаруан ғадилге ауда киік шешледілер. Тұз йоқ еді. Бір құл кентке барды кім, тұз кетіргей. Наушаруан аңа айтты: «Тұзны қыйммат білән алғыл кім, рәсім қалып, кент қарап болмасын». Ол құл айтты: «Бұ хадар тұз алмақ білән не халал келгей?» Айтты: «Зұлымның әсасы әууәл аз еді, һәркім келді, мәзид қылды, та бұ ғайатқа йетті».


6

Бір салых ернің үйіне ұғры кірді. Іздеп, нема тапмады. Көңлі тар болып чықты. Үй иесі білді дағы тура келді. Бір кілемі бар, аның үстіне йатыр еді. Аны елтіп, ұғрының йолында бырақты, хәтта махрұм кетмәсін деп.



Әһле сафа йүзда не еса, кафарда олдұр, – аслы йаман мұнафик кебі дәгілдер.
Шиғыр
Алныңда йуаш қой бекін мушфик йар.

Артында бөрі кебі теріңні йыртар.


7

Бір күн Рүстем анасына катты сүзледі. Аның көңлі ағрып, йығлап айты: «Мәгар кічілікні ұнұттың кім, ұлұғлұқ естірсін».


Шиғыр
Анасы інженіп Рүстемга айтты:

«Айа көрган үзен ғайратлы арслан,

Әгар болса еді йадында ол күн.

Кім әлемда едің бір йашар ұғлан,

Бұ күн бұйла мәңа жәур етмас едің,

Ки сен бір паһлуан, мен қары жан.


8

Бір уәзірнің бір біліксіз ұғлы бар еді. Аны елтіп, бір ғалым қатында қойдылар кім: «Мұңа тәрбиат қылғыл, ол тәрбиат берекеті білан ғақыл болғай», – деп бір мүддат тағлым берді, қабила тәрбиат дәгүл еді. Тәрбиат әсер қылмады. Айтты: Мұны атасына елтіп, айтың кім, бұ ғақыл болмас, уа ләкин мена диуана қылды.


9

Шайх Сағди айтар: бір фақыр үйдәші йүклі еді. Мүддәті йетті. Дағы бұл фақырның ғұмрында ұғлы болмышы йоқ еді. Айтты: «Тәңірі тағала әгар мәңа ер ұғұл берса, бұ үстімдәгі хиркамнан үзга не кім бар еса, фақырларға шүкрана болсын. Иттифақын хатыны ер ұғлан тапты. Бұ фақыр ол уағданың шартына офа қылды сыфра бырақты, түрлі-түрлі ниғматлар төкті, йаранларына ұғлұның шүкранасын йедірді.

Бір неча йылдан соңра келдім. Ол фақырның махалласына йетіп, аның халі нечік иміш деп сұрдым. Айттылар: «Уәлі хабаста йатыр». Айттым: «Себеп не тұрұр?».

Айттылар: «Ұғлы хәмар үчүн ұрұш етіп, кіші өлтіріп, шаһардан қачты.

Ол жаһатдың атасын тұтып, ел-айағын ағыр зынжыр білан бағлап, хабасқа бырақтылар». Айттым: «Бұ баланы ол тәңірден хажат тілеп тапты».
Шиғыр
Ол ұғланның атасы бу бәланы өз тілеп тапты,

Түні-күні бәслады құш тек, киік бекін иүгіргенча.

Анасы тоқұз ай он күн көтерді, қайыр болғай деп,

Иылан тапса еді йақшы, ол ұғланы тұғырғынча


10

Шайх Сағди айтады: бір бай кішінің ұғлын көрдім. Атасы қабре үзе отырып, бір фақыр ұғлы білен мұназара қылып, айтар еді: «Атам тұрбасының сандұқы үзе алуан нақыш қазылмыш, дағы алтын білен хатлар йазылмыш, фарша көк мәрмәр, кірбішлері бирүзә, дағы сенің атаңның гөрі бірнече жік кірбічтен, дағы бірнече үч топрақ, үстіне токіп тұрұрлар».

Ол фақыр ұғлы бұ сөзні ешітіп, айтты: «Тік отыр кім, сенің атаң ағыр таш астыннан тебренгенче керек, менің атам жаннатқа кірміш болғай».
11

Бір мәлік ұғлын бір ғалым кім ерсега берді, дағы айтты: «Бұ сенің ұғлың дұрұр, мұна йахшы тәрбиат қылғыл, нечік кім өз ұғланларыңа қылүрсен».

Ол ғалым бұ мәлік ұғлына еллар зәхмат чекіп сағи етті, ұғлан ғылым уа әдептен һеч нема хасыл қыла білмаді. Дағы ол ғалымның ұғланлары фазыл уа бәлағат білән монтаһа болдылар. Мәлік ол ғалымны індеп айтты: «Нечік болды кім, хилафа уағда қылдың. Дағы офаның шартыны йеріне кетірмедің».

Ол ғалым айтты: «Ей, мәлік, тәрбиатның тарихы бір тариқа болар, уа лекин истиғдат мухталиф тұрұр».


Хикматтар

1

Мал ғұмыр рахаты үчүн дұрұр. Дағы ғұмұр мал жәмғ етмәк үчүн дәгүл. Бір ғақылдан сұрдылар: Дәулетлі кім дұрұр? Дағы дәулетсіз не дұрұр? Айтты: «Дәулетлі ол кім йеді, дағы йедірді. Әмма дәулетсіз ол кім мутафаррық мал жәм ғетті, барын қойды, кетті».


Шиғыр
Харж етіп ғұмрын, йығып алтын-куміш, ол кім йемас,

Арттырадыр мал уа мүлкін, еч өлгәймін дә демас.

Дәрт уа хасрет бірла өлса, үстінә қылма намаз:

Ол кіші кім ахиретінің қайғысын һәргез йемас.


2

Аның кім тірлікінде етмәкін йемаділәр,

Өлганінда зикрі хайран демәділар

Иүзим ләззатын бағ иесі білмас, елла

кім йетімлар білар.

Иүсүф сыддық ғалейһи-с-салам

Мысырда қизлық ел тұйғынча

йемак йемады, хатта ачларны ұнытмағаймын деп


Аудармасы
Хикаяттар

1

Бір патша құлымен бірге кемемен жүзіп келе жатты. Бұрын кемеге мініп көрмеген құлы қорқып жылай бастады. Жұрттың мазасын алды. Оны ешкім сөзбен жұбата алмады. Сонда бір данышпан кісі патшаға: «Егер рұқсат етсеңіз, оны тыныштандырайын», – депті. Патша рұқсат беріпті. Данышпан құлды теңізге тастатады. Байғұс құл суға бір батып, бір шығады. Екінші батқанында оны шашынан тартып, қайтадан кемеге шығарып алыпты. Құл кемеге әзер дегенде мініп, бір бұрышқа барып бүрісіп, үн-түнсіз отырып қалыпты. Патша: «Бұл қалай болды?» – дегенде, данышпан: «Бұл адам теңізге қарық болудың машақатын көрмегендіктен, өзінің сау-саламат отырғанының қадірін білмеді. Бейнет көрмеген адам рахаттың қадірін білмес», – депті.


2

Лұқман әкімнен сұрапты: «Әдепті кімнен үйрендің?» Жауап беріпті: «Әдепсіздерден үйрендім. Олардың өзін-өзі ұстауына қарап, қайсысы көңіліме жақпаса, сол әдеттен бездім.»


3

Ағайынды екі жігіт бар еді: бірі сұлтанға – қызметші, екіншісі кәсіп қылып күн көруші еді.



Бір күні кәсіп қылған бауырына ағасы айтты: «Ауыр бейнеттен құтылып, қызметші болмайсың ба?» Оған кәсіпқой інісі: «Ал сен кәсіп қылып, қызметшіліктің қорлығынан құтылмайсың ба?» Нақыл сөз бар емес пе: «Кісіге қызметші болып алтын қылыш тағынғанша, өз үйіңде еркіңмен отырып қара көже ішкен артық».
4

Бір сұлтанның үш ұлы бар еді. Екеуі ұзын бойлы, келбетті, ал бірі қысқа бойлы болыпты. Бір күні сұлтан қысқа бойлы баласына жақтырмай қарап калады. Бала парасатпен әкесінің көзқарасын байқап қалып: «Ай, ата, ұзын бойлы ақымақтан, қысқа бойлы ақылды артық», – депті.

Бұл оқиғадан соң бірнеше күн өтті. Сол уақытта сұлтанның еліне дұшпан әскері келді. Бұлар дағы өз әскерімен қарсы шықты. Екі жақтың әскері бетпе-бет келді. Соғысқа бірінші болып сұлтанның қысқа бойлы баласы шықты. Әуелі мынадай бәйіт айтты:
Өлең
«Ей, баһадүрлер, біліңдер, қан майданға келдім мен,

Қаным қызып, ерлерше жанымды тәрік етпекпін».


Ат үстінде сүңгісін ойнатып, еліне жәрдемге келген батыр тағы былай деді: «Мен – шынжыр үзер салт атты жауынгермін!» Мұны айтты да, дұшпан әскерінің ішіне кіріп кетіп, бірнеше баһадүр ерлерін аттан аударып түсірді...

Дұшпан әскері есепсіз көп еді, ал бұлар аз. Олардың көпшілігі қашуға бет бұрды.


Өлең
Сонда жігіт былай деді:

«Ей, ерлерім, дұшпанды отқа ораңдар,

Иә, болмаса, жаулықты басыңа сал да, үйде отыр!»
Әскерлер бұл сөзді есітіп қайраттанып, жігіттің айналасына ұйысты. Аз уақыт ішінде дұшпанның әскерін жеңді. Жігіт атасының алдына келіп:

Жер өпті, сұлтан дағы ұлын құшып, көзінен өпті, дұға қылды. Күннен-күнге оған деген ықылас-назары ауды. Сол уақытта жігіттің бауырлары оған қастық ойлап, ішетін асына у салып берді. Олардың қарындасы бар еді. Ол қыз ағасының табағына у салынғанын терезеден көріп қалды. Қыздың терезені жаба қалғанын парасатты жігіт байқап қалып, тамақты ішпей, былай дейді: «Мынадай мақал бар: «Ел қамын жеген ер өлер де, ел қамын ойламағандар оның еліне еге болар».

Бұл хабар сұлтанға жеткен соң, сұлтан қызғаншақ балаларына ұрысып, әрқайсысын әр жерге хакім қылды. Сөйтіп, еңбегі сіңген ер орнында қалып, басқалары жөнімен кетті.
Өлең
Бір үйге екі мейман сыя берер,

Ал екі сұлтанның басы бір елге сыймас.

5

Наушаруан киік аулап, біреуін ұстап алды. Оны пісіруге тұз жоқ еді. Құлын кентке барып тұз әкелуге жұмсады. Оған айтты: «Тұзды ақысын төлеп ал, өйтпесең, ақысыз алу рәсімі кентке жайылып кетпесін», – деді. Құлы: «Тұзды тегін алғанда тұрған не бар?» – дейді. Наушаруан айтты: «Әуелде зұлымдық аз еді, әркім аздан қосқанда, бұлайша көбейіп кетті», – деді.


6

Бір кісінің үйіне ұры кірді. Іздеп, алатын ештеңе тап-пады. Үйден ренжіп шықты. Үй иесінің бір кілемі бар еді, ол кілемнің үстінде жатқан. Ұрының ренжіп бара жатқанын көріп, бос кетпесін деп кілемін оған берді.


* * *

Жақсы адамның жүзі қандай таза болса, желкесінде де сондай болар, ал жаман адам екіжүзді болар:


Өлең (екіжүзді адам)
Алдыңнан келсе, қойдай жуасып, дос бола қалар,

Артыңнан келсе, бөрідей тырнақ салар.


7

Бір күні Рүстем анасына қатты сөз айтты. Ол кісінің көңілі қалып, жылап былай деді: «Кішілікті ұмытқан адамнан ірілік көрерсің».


Өлең

Анасы ренжіп Рүстемге айтты:


«Ай, тепсе, темір үзген қайратты арыстаным-ай,

Өмірге жаңа келген бір жасар күнің есіңде болса ғой,

Онда бүгін сен мені жәбірлемес едің,

Ал қазір сен кім, мен кім? –

Сен палуансың, мен бір кәрі жанмын».

8

Бір уәзірдің бір біліксіз ұлы бар еді. Оны алып ғалымның қолына берді: «Баламды тәрбиеле, тәрбие алса, ақылы кірер», – деді. Ғалым біраз тәрбиелеп көрді, оған тәрбие қонбады. Сонда ғалым айтты: «Бұл баланы әкесіне апарып салыңдар. Сәлем айтыңдар: «Балаңды қанша тәрбиелесем де, ақылды болатын емес, оның есесіне мен ақымақ болуға айналдым».


9

Шайх Сағди айтады: Бір кісінің әйелі жүкті еді. Уақыты жетті. Бұрын бұл пақырдың баласы жоқ еді. Айтты: «Тәңірі тағала егер маған ұл берсе, үстімдегі шапанымнан өзгесін кедей-кепшікке таратып берер едім» Әйелі ұл тапты. Ол кісі уағдасында тұрып, дүниесін үлестірді, ұлының тілеуін тілеген дос-жарандарына табақ-табақ тамақ берді.

Бірнеше жылдан соң қайта оралдым. Баяғы кісінің аулына келіп халін сұрастырдым. Айтты: «Қапаста –зынданда жатыр». Не себептен? «Ұлы бұзық болып, біреумен төбелесіп, кісі өлтіріп, шаһардан қашып кетті. Ұлы үшін әкесін ұстап, қол-аяғына шынжыр салып, қапасқа тастады. Сонда былай дедім: «Бұл бәлені оның өзі тәңірден тілеп алған еді».
Өлең
Ол ұлдың әкесі бұл бәлені өзі тілеп тапты,

Құс сияқты күні-түні аузына тамақ салды, киіктей

жүгіргенше.

Анасы тоғыз ай, он күн көтеріп күтіп еді,

Мұндай ұл туғанша жылан тапқаны жақсы еді.

10

Шайх Сағди айтады: Бір бай кісінің ұлын көрдім. Әкесінің қабірінің басында отырып, бір пақырдың ұлымен таласты: «Менің атамның қабірі алуан нақышпен өрнектелген, алтынмен жазылған, көк мәрмәр тас қойылған, кірпіштен өрілген, ал сенің атаңның қабірі бірнеше қатар ғана кірпіштен салынған».



Бұл сөзді естіген пақырдың ұлы айтты: «Сенің атаң ауыр тастар астынан қозғалғанша, менің атам жаннатқа жетіп барар».
11

Бір мәлік ұлын ғалымға берді де айтты: «Менің ұлым – сенің ұлың, жақсылап тәрбиеле, өз ұландарыңа қандай тәрбие берсең, бұған да сондай тәрбие бер».

Ғалым мәліктің ұлын тәрбиелеуге көп еңбек етті, бірақ ол ғылым мен әдепті сіңіре алмады. Ал ғалымның ұландары оқымысты, жан-жақты тәрбиелі болып шықты. Мәлік ғалымды кінәлады: «Мұның қалай, уағда қылып едің. Уағдаңда тұрмадың», – деді.

Ғалым былай деп жауап берді: «Ей, Мәлік, тәрбиенің берілуі бірдей болғанымен, қабылдауы түрлі-түрлі болса, қайтейін».


Хикметтер
1

Дүние – мал өмір рахаты үшін керек. Бірақ өмір дүние жию үшін емес. Бір ақылды кісіден сұрапты: Дәулетті кім? Дәулетсіз кім? Ол кісі айтыпты: Дәулетті адам – жия білген, жиғанын жеген, бере білген. Дәулетсіз – есіл-дерті мал жию болып, өзі жеуге қимаған, сөйтіп, өмірінің өткенін білмеген адам.


Өлең
Өмірін алтын-күміс жинаумен өткізіп, оны жеуге қимас,

Көбейтеді мал-мүлкін, өлемін деп ойламас.

Ол – қасіретті адам, өле қалса намазын да шығарма,

Өйткені ол ақыретті ойламаған.


2

Тірлігінде үйінен дәм татпағандар, өлгенінде нәмін80

ауызға алмас.

Жүзімнің тәттілігін бақ иесі білмес, жетімдер білер. Жүсіп пайғамбар Мысырда аштық болғанда, аштарды ұмытпас үшін тамақ жемепті.


(Аударған Алма Қыраубаева81)

ҚЫРАУБАЕВА АЛМА

(1947-2001)
Қазақтың көрнекті ғалымы, филология ғылымдарының докторы (1997), профессор (1998), Жамбыл Жабаев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (1997) ҚЫРАУБАЕВА Алма Мүтәліпқызы 1947 жылдың 26 мамырында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бірқазан станциясында дүниеге келді.

Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ әдебиетке бейімділігін танытқан шәкірт өлеңдері мен әңгімелері аудандық, облыстық газет беттерінде жарияланып, мамандар мен оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді. Сыр бойына айтыскер ақын, белдескенін жыққан балуан ретінде танылған Мүтәліп әкесінің тәрбиесі де болашақ ғалымның өміріне даңғыл жол ашты. Орта мектепті алтын медальмен бітірген Алма Мүтәліпқызы арман қуып Қазақстандағы іргелі оқу орны – С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетіне оқуға түсті. Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне ерекше бір леп әкелген жаңа толқынмен бірге осы оқу орнын бітірген (1970) талантты түлек ұстаздарының назарына ілігіп, аспирантураны да тәмамдайды (1973).

1974 – 2000 жылдар аралығында қазақ ғылымының қара шаңырағына айналған осы университетте ғылыми-педагогикалық қызмет атқарды. А.Қыраубаева қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі мен қазақ әдебиетіндегі шығыс поэзиясының ықпалы мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ұстаз-ғалымның қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірін зерделеудегі еңбектері әдебиетті дәуірлеу кезеңдеріне қатысты тұжырымдарда үлкен маңызға ие болды. Әдеби жәдігерлерді зерделеудегі ғалымның көзқарастары көне дәуір мұраларын зерттеу бағытындағы ғылыми мектептің қалыптасуына негіз болды. Ғалымның табанды зерттеулерінің нәтижесінде оның қаламынан «Махаббатнама» (1985), «Түркі әдебиеті» (1988), «Ғасырлар мұрасы» (1988), «Жаным садаға» (1995), «Шығыстық қисса-дастандар» (1997) атты монографиялар мен оқу құралдары, жүзден астам ғылыми-әдістемелік, публицистикалық мақалалар жарыққа шықты.

Алма Қыраубаеваның педагогика саласындағы еңбектері мен ұстанымдары да жаңа буынды тәрбиелеуде, оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуда тың тұжырымдарымен ерекшеленді. Оның 1993 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты О.Жандосов ауылында ашқан гуманитарлық қазақ мәдениеті мектеп-лицейі оқу-ағарту жүйесін реформалаудағы жаңашыл бастамалардың біріне айналды. Шәкірттердің Ел – Жер Әлем – Мен кеңістігіндегі дүниетанымын кеңейту ғалымның «Сенім» бағдарламасының басты мақсаты болатын. Шәкірттер «Әлемтану», «Елтану», «Ислам мәдениеті», «Еуропа мәдениеті» т.б. секілді жоғары оқу орындарында оқытылатын арнайы курстармен осы киелі шаңырақта-ақ танысты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ғалым бастамасымен ашылған бұл мектеп қазақ баласының білімді де білікті тұлға ретінде қалыптасуына сара жол ашты. Шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленген ұстаз-ғалым қазақ мектептеріне арналған тұңғыш «Ежелгі әдебиет» оқулығының (1996), жоғары оқу орындарына арналған «Ежелгі дәуір әдебиеті» хрестоматиясының (1991) авторы.

Ел астанасының ғылыми қуатын қалыптастыру жолында ғалым еңбек жолын Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің профессоры қызметімен жалғастырды және Қазақ ұлттық музыка академиясы қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болды.

Алма Қыраубаева қазақтың ән өнерін насихаттап, зерттеуде де үлкен үлес қосты. Жыр алыбы Жамбылдың ұмытылған ән-термелерін жинақтап, өз орындауында Қазақ радиосының Алтын қорына жаздырып, «Жамбыл әуендері» жинағын құрастырды.

А. Қыраубаева 2001 жылғы 5 ақпанда Астана қаласында дүние салды.
Шығармалары: «Қисса жанрының өзіндік ерекшеліктері», Алматы, 1985; «Абайдың поэмалары», Алматы, 1985; «Ежелгі дәуір әдебиеті», Алматы, 1995; «Жаным садаға», Алматы, 1995; «Шығыстық қисса-дастандар», Алматы, 1997; 5 томдық шығармалар жинағы: 1-том – Ғасырлар мұрасы, 2008; 2-том – «Ежелгі дәуір әдебиеті», Алматы, 2008; 3-том – «Шығыстық қисса дастандар», Алматы, 2010; 4-том – «Жаным садаға», Алматы, 2011; 5-том – «Мыңжылдық жолаушы» (Алматы, 2012) циклымен шыққан көркем әңгімелері мен мақалалары; 6-том – «Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия» (Астана, 2013 жылы қайта басылды); 7-том – «Бір қыз бен он алты ақын» (Астана, 2013 жылы толықтырылып қайта басылды); «Жамбыл салған ән еді» кітабы (Астана, 2013 жыл) қайта басылды.

Ғаламторды Алма Қыраубайқызының жеке сайты ашылды: http://almaapai.kz/

МАЗМҰНЫ

Алғы сөз ................................................................................. 3



Көне түркі әдебиеті (VI-IX ғғ.)

«Орхон ескерткіштерінің» мәтіні. Аударған

Мырзатай Жолдасбеков ......................................................... 7

«Қорқыт ата» кітабы. Аударған Шәкір Ибраев................... 50

«Оғыз нама». Аударған Құлмат Өміралиев.......................... 77

Ислам дәуіріндегі әдебиет (X-XII ғғ.)

Әл-Фараби. «Өлең өнерінің қағидалары туралы

трактат». Аударған Аян Нысанали ..................................... 101

Махмұд Қашқари. «Түркі тілдерінің

Жинағы». Аударған Ханғали Сүйінішәлиев....................... 112

Жүсіп Баласағұни. «Құтты білік».

Аударған Берікбай Сағындықов........................................... 119

Ахмет Яссауи. «Даналық кітабы».

Аударған Б.Сағындықов........................................................ 145

Ахмет Иүгінеки. «Ақиқат сыйы».

Аударған Б.Сағындықов........................................................ 172

Сүлеймен Бақырғани. «Бақырғани кітабы».

Аударған Б.Сағындықов........................................................ 190


Каталог: files -> docs -> books
books -> Деректі көркем әңгімелер мен мақалалар астана 2008 Редакциялық алқа
docs -> Қ. Жұбанов атындағы
docs -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы
docs -> Мұрат Әбенов: «Серпін-2050» жобасына қатысушылардың арасында бәсеке жоғары» Өткен жылдан бастап, жүзеге асырыла бастаған «Серпін-2050»
docs -> Реферат Название реферата Исполнитель
docs -> Инструкция по ветеринарному учету и ветеринарной отчетности


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет