Хрестоматия ежелгі дәуір әдебиеті ббк 84(0)3 е 33 «Қазақ әдебиетінің тарихы»



бет15/18
Дата05.11.2016
өлшемі5,28 Mb.
#879
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Бесінші нама
216. О, гүл жүзді сұлулардың сұлтаны,

Барлық әлем – көз қиығыңның құрбаны,

217. Сұлулық сырының сайыпқыраны,

Сырт сымбатың жаныңа сай мағыналы.

218. Ақылдан аздырар көзіңнің құмары,

Алқызыл өңге өртенер Алланың дос-жары.


219. Сұлулығың бар ғаламға мәшһүр,

Жүзіңнен ұялып, жұмаққа тығылар хұр.

220. Жүрегіме жанымнан артық керексің,

Періден де, хұрдан да көріктірексің.

221. Сіздей жанды періште көрсе қызығар,

Сымбат пен қайырымдылық сізден басқа кімде

бар?

222. Ерніңіз кісіге жан берер,



Зуһра қалайша сізге тең келер.

223. Мен аса бақытсызбын, сіз бақыттысыз,

Сүйкімді әрі нәзік, әрі сәнді қалыптысыз.

224. Сіздей сұлтанға ғашық болып, көңілін бұрғаны

– Сорлы кедейдің өз жанына өзі қастық

қылғаны.


225. Сізбенен жолығысу – дертке дәрмен,

Бірақ тас қашан қосылған гауһармен.

226. Жел өз әлін білмей жөнсіз кетеді,

Есігіңнің алдына баруға дәті жетеді.

227. Жүрегім күйер желдің қылығын көргенде кей,

Жасыл түсіп, қырмандар өртенгендей.

228. Ай жүзін күлкі қылар гүл өңіңіз,

Гүл бетінде қарашықтай меңіңіз.

229. Бір көрінсең болар жұмақ хұзыры,

Жүзіңнен тараған шұғыла – тәңір нұры.

230. Сенің көшеңнің иттерімен достасу –

Жүректердің мақсаты, небір жандар мұраты.

231. Жүзіңді шешек дермін, ай һәм,

Халық сүйгенді хақ сүйер һәм.

232. Махаббаттың лебі бізді тартар,

Көркіңнің шапағы әлемді өртер.

233. Құдай сені жаратқанда – сұлу текті,

Сені- сүйікті, мені саған ғашық етті.

234. Мені әркез санға алмадың,

Қанша қызмет қылсам да қасыңда болмадым.

235. Адалдық жеңер ақыр бір күн болар,

Сіз есіркейтін де күндер туар.

236. Жүзің қанша көздерге құйса да нұр,

Шешек сынды кеудеңді көтерме құр.

237. Ғашықтықтың жолында Хорезми өзі жоғалар,

Бірақ оның жер жүзіне аты қайта оралар.


Алтыншы нама
241. Ей, қайың тұлғалы, сәулелі ай,

Күндей көркің әлемге болар арай.

242. Лағыл ернің үстінде қонған түктер,

Пісте ерінді қылады қант пен шекер.

243. Бейне талдың суға түскен сәулесі,

Көзімде тұр сұлуымның бейнесі.

244. Сенің қызыл жүзіңде, ей, жұмақ талы,

Қырғауылдар табанын қан қылады.

245. Жүзіңнің нұры күнді өртер,

Иегіңнің шұғыласы әлемді өртер.

246. Сен отырсаң, уайымым кетер

Егер тұрсаң, қиямет бас көтерер!

247. Раушан жүзіңіз – гүл, бейне тікенексіз,

Мен үшін жұмақ та тозақ сенсіз.

248. Жүзіңізден көрінер айнадай нұр,

Бойыңызға әсемдік жарасып тұр.

249. Лағыл тісің ауыздағы дүр71 ішінде гауһардай,

Жүзің, қасың – шоқ жұлдыздың арасында күн

мен ай.

250. Қадіріңізді қайдан білсін көр надан,



Гауһар қадірін соқыр білмес қорлаған.

251. Сеніменен кездесуге зар болып,

Ағар жасым көзімнен парлап қан болып.
252. Ұялмасаң аһ ұрғанда жүрегім,

Ақ жүзіңді тұмандатар лебім.

253. Бұрымдарың жер жаһанды шырмады,

Жүзің нұры жанды өртеді, тынбады.

254. Мойынсұндым бұл жолда мың бәлеге,

Көбелектей жалынға түстім мен де.

255. Дүние жалған екенін біле тұра,

Мені аямай қорлайсыз неге мұнша?

256. Жаһанда салтанат сәні құлмен болар,

Бақ гүлдерінің сәні бұлбұлмен болар.

257. Шат болсаң, қайғылыға рақым ет,

Сұлтан болсаң, сорлыға рақым ет.

258. Бұрымдарың шырмауға мені тартар.

Көркіңнің сәулесі әлемді өртер.

259. Сүйіктіме қолым жетсе жарар еді,

Көзім шырадай жанар еді.

260. Ырзамын көзіме сізді көргені үшін,

Жүрмін жерде ізіңді көрмек үшін.

261. Айта беріп әдемілеп не қылам,

Жүрек біреу, құбыла біреу, сүймек біреу тағы

да!

262. Махаббаттың мың түрлі құпиясы бар,



Жүрек оны жан шыққанша жасырар.

263. Сен – шешексің, бендең – сайрар бұлбұлың,

Кеудесінде жаны барда Хорезми шын құлың.
Жетінші нама
267. Табынушым, бір өзіңе бас иетін мына әлемнің

баршасы,

О, тағала, сымбаттысың, сұлулықтың ханшасы.

268. Шекер ернің әуез қылса ашылып,

Жанның құсы тулайды жүрегімде талпынып.
269. Шекер ме ерніңіз я қант па, ей, жан,

Лағлыңызды көргенде Хызыр суы ұялған.

270. Ауызыңда тәтті дәм бар, шекер менен балдайын,

Гүлдің таңғы ашылғанын көруге ынтық

самалдаймын.

271. Қара қасың қиығында азап бар,

Көзқарасың арыстанды торға салар, азаптар...

272. Әсемдік кені бөлінбейді өзіңнен.

Оқ не қажет, артық емес өз қасың мен көзіңнен.

273. Сөзің – Шырын, өзің – Хұсраудан72 да мырзасың,

Ләйлі сенің жүзіңнен болар Мәжнүн.

274. Біліктілігіңмен білімділердің жауһарысың,

Ал көріктілігіңмен гауһардың да тәңірісің.

275. Есігіңе күннің өзі сәлем қылар әр күні,

Сұлулығың Жүсіпті құдыққа салар қайғылы73.

276. Қара кірпігіңе құндыз теңелмес,

Иегіңді жағаң сипап, сүйер-ді.

277. Ерініңнен нәр алмады жүрегім,

Басқа нетем, басқан ізіңді сүйемін.

278. Тілермін мен өзіңе сәжде қылсам деп,

Кездескенге шүкір ғып, қадірін оның білсем

деп.


279. Саған деген ғашықтықтан жүрегімнен ағар қан,

Жамалыңның74 тамашасын қалар жан.

280. Жамалыңнан ақыл-ессіз болып тұр,

Іші-бауырым құмарлыққа толып тұр.

281. Қадірімді өлсем білер, таңданар,

Ғашықтық басқа түскенде Аплатон да

жынданар.

282. Ғашықтықтан өлтірдің көрген жанды,

Бірақ содан көрдің бе өлген жанды?

283. Көз қиығың көп кісіні өлтірді,

Өлгендерді қияметтен келтірді.

284. Сүйіктімді жүректен қалай қуайын,

Оны кімге қиып қарап тұрайын.

285. Алланың мәртебесі ассын сенің сұлу шағыңда,

Менің орным – есігіңнің алдында.

286. Тірі болғын, мына дүние барында,

Құлыңызбын тәнімде жан барында.

287. Ғұмыр өтті ғашықтықпен сүйгенге,

Ағысымен дарияның жүзгендей.

288. Жүрек екі дүниені көзіне ілмес,

Саған деген махаббатқа өмірім бәс.

289. Тәңір дүниені жаратпастан мың жыл бұрын,

Хорезмиді ғашық еткен саған, күнім.

290. Дәуренің жүрер мына дүние барында,

Құлыңызбын тәнімде жан барында.

Тоғызыншы нама
333. О, гөзал көзді сұлулардың патшасы,

Сұлулық майданының салт аттысы.

334. Қылышыңды көтерсең де құлыңмын

Атсаң егер жүрегімді нысана ғып бұрылдым.

335. Тәнім барында сенен жүзім бұрмасын,

Аяғыңа жығылдым, бас көтермен, тұрмаспын.

336. Бар өмірім – бір назыңның пидасы,

Жүрек құсым қыраныңның пидасы.

337. Сымбаттысың Жүсіп жүзді, нәзіксің,

Бар ғаламда сұлулардың жалауы боп қалыпсың.

338. Қаншама ілмесең де көзге бізді,

Жүрегімде сақтармын мейіріңізді.

339. Алдыңда өлу ғанибет болар маған,

Сізге үйреншік жүректер қансыраған.

340. Көркіңнің мақтауына ғалам толды,

Саған жүрек тұтқындау заңды болды.

341. Ащы сөзің Қырым балына ұқсайды,

Сұлулықтың күні қысқа, гүл таңына ұқсайды.

342. Сені көрсе тәрса75 дінін ұмытар,

Сендей адам дүниеде жоқ шығар.

343. Бұрымыңның хош иісі Үрімге жетер,

Қасыңды көрген жан діннен безер.

344. Маған махаббаттың жолында қан көрінер,

Жүзіңнің айнасынан жан көрінер.

345. Жаратты сені ай секілді сұлу ғып хақ,

Ғаламға тұрсын деді сәуле тарап.

346. Мені аспандай таңырқатты қайғылы,

Мың жылда да сендей болмас ай нұры.

347. Бар жаһанның қайғысы есірік етер көзіңде,

Аллаға аян, Иса демі76 сенің шырын сөзіңде.

348. Кісінің көңілі пәктікке тартар,

Сенің көркің пәктіктен де артар.


349. Егерде сені көрсе лала солар,

Бір болса сендей гүл жұмақта ғана болар.

350. Аяғыңды сүюді әдет қылды бұл құлың,

Сүлеймен де көрмеген бұл бақыттың бір күнін.

351. Кездескенге бүгін шүкір қылайын,

Білдім енді: көзден ұшты қиялым.

352. Сәулең түсті шарапқа қолымдағы,

Гүл тең келмес жұмақтың бағындағы.

353. Құлдарың көп, бірақ мен енші құлмын,

Кездесудің қадірін білер құрбың.

354. Көңіл сенсіз тілемес тәнге жанды,

Жүзіңізден көрер Хорезми жаһанды.


Оныншы нама
358. Неткен жансыз мейірімсіз, қапасыз,

Жаһан желдей, өмір гүлдей опасыз.

359. Барлық жақұт ерінді, сөзі дүрлер,

Бұл опасыздықты үйреніп сізден білер.

360. Ғұмырым өтті мехнатпен, тоқтауға таяу,

Жәбірленген көңілге түсті қаяу.

361. Мені өлтірді ғашықтық, бермедің дәт,

Босағаңнан кетемін, хайыр, хош.

362. Көзім тойды көркіңнің әуресіне,

Көңіл бағыңның татпады мәуесінен,

363. Жан мақсұты бір тату ед ерініңнің науатын,

Жақсылықтың қашан да бір зекеті болатын...

364. Сенімен болдым, ей, жан, ашына мен,

Қолында қорлығыңның құрбан боп ем.

365. Ниетімді бұрайын өзге жаққа,

Жүрегімді берейін өзге жанға.

366. Не бір гүл жүзді, нәркес көзділер бар,

Шекер ерінді, шырын сөзділер бар.

367. Жүрегім құтыла алмас торыңыздан,

Шекер тамар дұшпандық ойыңыздан.

368. Мейіріміңді түсір, сұлтансың ғой,

Көзімнің нұры, тәніме жансың ғой.

369. Дәуренің жүрсін мына дүние барында

Құлыңызбын тәнімде жан барында.

370. Білемін ешкім сіздей болмас, ей, жан,

Мойынсұндым қорлыққа құлмын, ей, жан.

371. Кісі қашан өлерін біле алмайды,

Шын жарынан айырылып жүре алмайды.

372. Ақыл-ойым жаһанға жақсы ат болып жайылды,

Шынжырыңа байландым, ақыл-естен

айырылдым.

373. Сүйіктімсіз тірлік маған тең болады өлгенге,

Тән не болар, жан болмаса пендеңде.

374. Назар салсаң жүрегімде махаббатым артады,

Ғашығымның жанары жанды өзіне тартады.

375. Сұлулықты о басында жаратқанды құдайым,

Сұлулық пен тұрақтылық сыйыспаған, болды,

міне, уайым.

376. Азапқа шыдайды ғашықтар, тартады жазаны,

Сүймеген адалдан мың артық сүйгеннің азабы.

377. Айтарым бейнетті тартсам да қайталап:

«Азап – сізден, тағы бізден – махаббат».

378. Жаратушы Жүсіп көркін сізге берді,

Махаббаттың химиясын бізге берді.

379. Хорезми туған шолпанды көрді таң алды

«Махаббатнаманы» жазуын осыменен доғарды.


(Аударған Алма Қыраубаева)

ХҰСАМ КӘТИБ
Хұсам Кәтибтің «Жұмжұма сұлтаны» 1370 жылдары (қыжыра жыл санауы бойынша 770 жылы) жазылған. Авторы жайында жөнді мағлұмат жоқ. Тірлігінде көп жамандық жасап, күнәға батқан адамдардың о дүниеде тозақ азабын тартқандығы туралы әңгіме, аңыздар Хұсам Кәтибтің поэмасынан бұрын да күншығыс, батыс елдеріндегі ақындар шығармаларына негіз болған: Иранның атақты ақыны Фарид-ад-дин Аттар (1119 жылы туған), Италия Оянушылығының алыбы Данте (1265–1321) осы тақырыпта «Тәңірі комедиясын» жазған.

Автор «Жұмжұма сұлтанда» жалпы адамшылық, имандық ізгі қасиеттерді үлгі етіп, жамандықтан аулақ болуға үйретуді мақсат еткен. Поэманың қолжазбалары Ленинградта, Қазанда сақталған. Бір нұсқасын 1881 жылы қазақ фольклорисі Жұмашев Мәулікей бастырып шығарған. Соңғы жылдары татар ғалымы Хатип Госман дастанның алты көшірмесін өзара салыстырып, бір текст құрастырып шығарған («Жұмжұма сұлтан». Қазан, 1970. Борынғы торки әм татар әдәбиятының чығанаклары. Қазан, 1981.) Ұсынылып отырған текст осыдан қысқартылып алынған.



«ЖҰМЖҰМА СҰЛТАН»
(Түрікшесі)
Ей, «жиһан бақидыр» деганлар каны?

Ешіттің дүния ішін, білің аны:

Чүн бұ ғалам ғақибат йоқ болысар,

Мұндағылар еч бақи қалмайысар,

Бұ ишаратлар ки хұд бізге йетар:

Не кім бардыр маклүкат – мұндын кетар.

Көргіл анларны, кім әууәл кечтіләр,

Һәм йаман, һәм йахшы – барча күчтіләр.

Каны мұнча мың нәбилер уа шаһлар?

Ол бина қылынған ұлұғ даргаһлар.

Каны ол Адам? Каны Нұх уа Хәлил?

Бақи қалмас ғақыбат илла жәлил.

Каны Сафуан, Каны Жәмшид чәһрибад?

Каны Хұсрау, Шырын, Зұлқарнайн ғад?

Каны ол Дақьянус, Шиддад ләгыйн?

Каны ол Намруд уа Фридун гөзин?

Каны кім ол Рүстем уа Асфандияр?

Яхуд каны ол Наушаруан Шәһриар?

Каны ол Махмуд – дін шаһы Газнауи,

Кім тұрар сурәтда дұрұст мағнауи?

Қаны Ибрагим Адһәм – ол кабир,

Кім өзүн – сұлтан екән – қылды фақыр?

Каны Чыңғыс – та һәлак болды қамұғ,

Йа мәлік ахтар ила мәккәрә, мұғ?

Һәрбірісі бұ жиһанны тұттылар,

Илла, ешіт кім, соңында неттілар:

Кеттіләр бір пара бөзга чұлғанып,

Тонлары өз қанларыға бұлғанып,

Мұнча түрлік мал уа ниғматән қуып,

Мүлкәта һәм тахт һәм бактан қуып.

Чүнки келдің дүния – кетмәк керәк,

Бар күчүң иеткәнча хайыр етмак керәк.

Бұ қара йер, кім көрәрсан, түп-тулуғ,

Адам ұланларыдыр кічіг – үлұғ.

Һәр қадам кім йер йүзүнә басарсан

Һәр кадамда адам йүзүнә басарсан.

Бағ ічінда текма бір нәркес чығар.

Үзтүнлары зұлфдүр – көзүң бағар.

Қайу сүнбүл бітар бостан ара.

Зұлфы ерүр шаһларның түн тік қара.

Бұ қара топрақ ічінде нечалар,

Йатырлар үшбу түн, күндүз кечалар.

Кімі сұлтан, кімі құл, кімі әмір,

Кімі хожа, кімі бай, кімі фақыр,

Кімі ұғлан, кімі шайх, кімі фәта,

Та и мен – Аллаһы бағләм үммәті.

Кімнің топырақын йеллар суырыб,

Кімнің сұнгаклары күнга курыб,

Ұлұғ, кічік, бай уа йүқсын – белгүсіз,

Әмір, міскін, құл уа сұлтан – белгүсіз.

Тыңла емді бұ сөзімга бір мәсал,

Бұ мәсал кім бағдағы битан ғасәл.


* * *

Ғиса пайғамбар мүсафирлік қыла,

Гезәр ерді шам еліндін бір ела.

Көрді бір сахраны ол хұш мәргазар,

Сулар ағар, құшлар ұшар зир уа зар.

Барып ол су йақасында ұлтұрүп,

Уозу қылұр ерді ол йерда тұрып.

Көрар ол сахрада бір сахра ташы,

Йәна ол таш үзра бір адам башы:

Не көзі қалмыш, не ағзы, гәудәсі,

Ағзасында қалмамыш еч нәрсәсі.

Мәриям ұғлы чүн назар қылды аңа,

Ғибрат алып, хайрана калды таңа.

Айды: «Уа, Аллаһи, көрүһдім неча баш,

Көрмәдім мен йер йүзінда бұнча баш».

Бақты, йазылмыш алтында екі хат:

«Кім сен ей баш, мұнча йүріп, мұнча йат.

Йәна сендін мұнча ішлер кечісәр.

Соңра жаның кұшы сендін үчысар».
Мәриям ұғлы хайран ічіндә қалып,

Ол дәм ол екі көзін көккә тікіп,

Айды: «Ей, хақ, хәзрәтің хұд білісәр,

Хажәтім бардыр, ижабат қылысар:

Тіләрім үшбу башың ахуалыны

Тыңлағаймын ез тіліндін халыны».

Хақ бұйырды Жәбрәйілға ол заман:

«Кім сәләмімні елт рухымға рауан:

Сұрайан сөзүң бітірмәсдін бұрын,

Хажәтің тапды ижабатда орын.

Өз қауымынға біраз ренж айласын,

Сұрасын ол баш ди, баш барын сөйләсін!»

Енді Жәбрәйіл ол дәм йер йүзіне,

Бұ хабарны текүрді аның үзіне.

Ғиса ол дәм баш таба барды йүрүп,

Кім ешіткәй – білгәй ахуалын сұрып,

Айды Ғиса: Ей құрұр адам башы.

Ер мі ердің дүнияда йа сен теше?

Құлмы ердің йа хожамы? – Айғыл сән.

Бекмі ердің йа сұлтанмы? – Айғыл сән.

Баймы ердің, йоқса сән – йоқсыл, фақыр?

Йа гедаймы ердің, йа мүскін, хақыр?

Йа сахи ма ердің сән, йахұд бохыл?

Йа ғазизма ердің? Бәдбәхт? Зәлил?


* * *

«Дүнияда мән бір мәлік ердім ұлұғ,

Мүлкәтім мағмұр уа ниғматым толұғ.

Жұмжұма сұлтан еді атым менім,

Ғаләмә чыкмыш еді дадым менім.

Біл, андын дахы неләрім бар еді:

Тахт е гәһім шәһрі мұғаззам еді,

Ұзұны беш күнлік ерді, еңі – үч,

Қылмас ердім анда еч кімсәга күч;

Йәна бір күшк етміш ердім анда мән,

Тулан – гәрзан он мың ерді ей хәкім.

Тышрадын көрінләр «айбат» дер еді.

Ічінә кірәнлар «жаннат» дер еді.
Үстінә мінгән йүгінгейде мәгар,

Йоқса тұрса, башы бұлұтқа тегәр.


Та қырқ мың уәзірім һәм бар еді,

Мінер ерді түтып арслан һәрбірі.

Он сегіз мың мүғтабар беклер қамұғ,

Күнде екі гәз қылар ерді таһұғ.

Тақы он мың тұтмыш ердім кім күчүн,

Мұхташам құллар йәна ит, ат үчүн.

Он мың ерді йәна чашникйар құлым.

Тапұғ қылмай ашқа сұнмасдым қолым.

Йәна он мың сақи құлым бар еді,

Йәна он мың хазір башмақдар еді.

Йәна он мың жұфтым ай-күндін ары,

Һәрбірі бір падишаның дохтары.

Йәна он мыц қырнақым һәм бар еді,

Хұсн ічіндә әрбірі бір маһ еді.

Текмә хатынға мыңар қырнақ беріп,

Кім сатұб алмыш ердім йармақ беріп.

Һәрбірі бір хұрыға беңзар еді,

Ол қамұғ мені құшмағқа зар еді.


* * *

Йәна бар ерді мәнім хош ғадәтім,

Ол сәбәб чықмыш еді ізгі атым.

Кім келер айды йұмыш, қайда әсір,

Болса мүскін иә ғаріп йа хұд фақыр.

Күнда мың келса еді дәруіш, етім,

Алмайынча кетмас ерді тон, атым.
Андын үзга бахшиш, ихсанлар үкүш,

Қылар ердім дәрдіга дәрман үкүш.

Кече күндүз ғаділ – дад ерді ішім,

Барча ғалам йер ерді су – ашым.

Күнда сансыз халқ ашым ашар еді,

Анча мың хайуан өліп пішәр еді:

Мың түйе, мың ат, сығыр мың, он мың қой,

Өзгә нигмат, құшны-құртны айтма қой.

Сырча, чинаклар қымыздын пөр еді,

Текрәсіндә мурассағ інжі еді.

Ғалам ічра йайдым еді мунтиқ ат,

Келдісә мәут болур чүн «шаһ – и мат».

Чүн түкәтті ол қүрұғ баш сүзіне,

Ғисаға білдірді ол канд – өзіне.

Ғиса сұрды йәна ол башдын сауал:

«Кім йәна сөзләгіл», ей сахиб залал,

Жан не түрлүк бердің – аны сөзләгіл.

Гөрда не көрдің – хикайат айлағыл.

Һечкім ерса келіп сұрды ма сені?

Ұрдымы, ұхшаттымы йа хұд сені?

Не сифлатлықтыр ол ұжмах, ол тамұх?

Көрдүң ерса сөзләгіл аны қамұғ.

Ахрың нә болды – шарх айлағыл.

Йоқса қой: дүниа сөзін тәрк айлағыл:

Андын айды кім йәна ол құрұғ баш,

Ағзы – йүзі көзіндін ақып йаш:


* * *

Олтырыр ердім бір күн тахтымда хош,

Құрып мәжіліс, қылар едім ғайш уа нұш.

Чүра – йанымда хатын қырнақларым,

Кім тәжім тұтар еді, кім – тонларым.

Ғишрат ічіндә еркән, ешіт сөзім,

Түшті бір махбубыма нәгах көзім.

Алдым аны йаныма зауқ етмага,

Бірге йатыб, қүчүбан ғайш етмага.

Нагахан бір хасса кім кірер, айұр:

«Бір фақыр келді кім ихсан тіләйұр».

Мен хұд ан тік мәжғұл ердім өзіме,

Кім көрінмес ерді ғалам көзіме.

Айдым: «Ей ахмақ, не ихсан уақтыдыр,

Не сәңа, не өзгега сан уақтыдыр».
Чықты хасса, ол көр, хұд не айламаш:

Барып, ол мүскінгә қатығ сөзләмәш.

Кетті ол мүскіннің көңлі йықылар

Чүн көңіл йықылды – айрұқ не қылұр?

Қалды ойран, ол көңілні йапмадым,

Соңра көп естідім аны, тапмадым...


Андын соңра чықдым хәлуаттан тұрып,

Шаһидім бірле мұрадымны болып.

Бардым андын соңра хаммамға кім мен,

Арығсызлықдын өзімні йуғаймын.

Чүн бір тас су кұйдым ердім башыма.

Чыкты бір ғиллат, қабарды башыма,

Түштім ол дем йерга көзім қарайып,

Качты қаным, қалды миңзім сарғайып.

Құлларым чүн мене ан тік көрділәр,

Көтәріп мойынларыға алдылар.

Тахтымға көтерібән міндірділәр,

Хатын – қырнақлар чүрә олтырдылар,

Әсрү йауыз халдә йаттым ол кеча.

Ол білер, кім өз башындын іш кеча.

Ертесі беклар, уәзірлар келділар,

Тегмасі бір түрлік дару қылдылар,

Онмады чүн һечбірісінің дәрусі,

Бәлкім артық олды миңзім сарысы.

Күндін күнә халім имгәнді менім,

Іріді йағым, біләкім, сызды тәнім.

Йеті күндә еч мәжалым қалмады,

Сүнгакім бошады, халім қалмады.


* * *

Йатыр ердім бихабар өз халімдін,

Фарих олып ел – күн, мүлік – малымдын,

Аны көрдім кім көзімла нагәхан:

Бір ұлұғ сахра болмыштыр бұ жиһан.

Чықты бір сурәт кім, алты йүзі бар,

Қан құйылмыш тасқа беңзәр көзі бар.

Бірі астын, бірі үстін йүзләрі,

Сағ уа сола, артқары һәм ілгері.

Машриқ – мағрип тұтмыш екі қанаты,

«Әзрәйіл» ерміш оған қойған аты.

Бір еліндә чәңчәл, біріндә қадах,

Көрмәс ерміш кечкән ғұмрұнда фарах.
* * *

Қойды көксәм үзрә ол чәңгәл ұчын,

Үчірді ол қадахтан дәхи күчүн.

Айды: «Бір замандын өзіңә келгәйсін,

Қауым – қардашларыңды көргәйсін».
Жұмжұма чүн ол қадахні қылды нұш,

Чықты жаны, қалды құрұғ гәуда бош.

Келділәр бір кач кіші, көтәрділар,

Алдылар хақ йеріне текүрділәр.

Анча қадар мал-мүлкәт кім, уа уәлі,

Тұтмадылар бір сағат, чықты жаны.


* * *

Андын айды: «Йа, Ғиса, тыңла сөзім:

Бір замандын соң йәна ачдым көзім.

Йатмышым бір пара бозга чұлғанып,

Тәнім тұзан тофрақ үзра бұлғанып.

Аһ ұрдым мен: кәні тактым, дәулетім.

Кәні тон – атым йа хұд мал-мүлкәтім.

Кәні мұнча мың құлым уа қырнақым.

Кәні сансыз жауһар, алтын, йармақым.

Кәні мұнча көп ұрұғым, қардашым.

Кәні мұнча түрлік ниғмат, су – ашым.

Мендін соңра барча на – суд қалмыш ол.

Демәгіл кім, меңа асығ қылмыш ол.
Көрдім андын: көр дидарын бұздылар,

Екі һәйбәтлік феріште кірділәр.

– Кім тұрұрсыз? – тейу сұрдым қорқудын,

Айдылар: «Бізләр – кираман кәтибин».

Кәфінімдін бір кесәкін үзділәр,

Қылғаным ішләрні анда йаздылар.

Астылар мойнұмға, айдылар: «Білгіл,

Қылдыңыз ерса, ош жазасын көргіл».

Кетті анлар. Келді екі көр йара,

Екі сурат: бірі көк, бірі қара.

Ол екінің қолында отдын ғамұд

Кім аны көрміш еді, гад уа самұд

Көрдім ерса тітрәмак тұтты мені,

Айдым: ей, Жұмжұма, не қылдың, мәні.
Келіп ол дем мені мәхкәм тұттылар,

Сұрдылар, айбат илә қорқыттылар:

– Кім тұрұр тәңрің тейу, айт, мәжуси.

Йоқса отлуғ ғамуд илә ұрғұси.

Сөзләмәдім ерса, қағып тұрдылар,

Һәрбірі бір гүрзі бірлә ұрдылар.


Аны көрдім кім: зобанилар келіп,

Бастылар мойнымға отлуғ гүл салып,

Мойнұмға тағып, йүзін сүрәділәр,

Йеті тамұғ ічрә һәм текүрділәр.

Йәнә отдын силсилаға тарттылар,

Андан соңра мені отқа йақтылар.

От йесселегендін ічім күйді йаман.

Чағырубан су тілермін һәм әман.

Ұрдылар, ағзым үнүн өчірділәр,

Бір қадах зәһәр күчүн ічірділәр,

Аны ічтім ерсә бағрым ойнады,

Йүрегім қысылды, ічім қайнады.

Бір заманда ағзым суы құрыды,

Құрсағым күйді, ічім чіріді.

Йәна бір ічірділәр – андын бітәр,

Айдым кім: «Анчақ болұр, ічмәк йетәр».

Йәна бұл йердін мені көтәрділәр,

Йетміш аршын силсилаға тарттылар.

Қағып еңсәмдін, сұғұп аның үчін.

Ағзым ачып, тарттылар тілім үчін.

Создылар тілні – мойнымға салдылар,

Йүзүм бірлә сүрап алып бардылар.


* * *

Чүн аны тыңлады Ғиса йығлады,

Ғибадатқа қатығырақ бел бағлады.

Айды: «Құрұғ баш ей, йанә сүзләгіл,

Ол тамұғларны йәна уәсф айлағыл:

Кім нечүкдір һәрбірі, ічра не бар,

Тегмәсінда кім қайу қоллар йанар.
Жәһаннам
«Ол жәһннам тамұғында, ей ұлұғ,

Бір қауым көрдім – бічін йүзлүг қамұғ.

Анлар йерміш дүниада нәфәскәрам,

Кім йеміш йермішләр анлар көп харам.

Йәна бір қауым анлар қатында еді,

Башы төбән, азақы үстүн еді.

Анлар ерміш кім бұрұнын көтәріп»,

Йүрүр ерміш һәрбірі: «Мен! Мен! Теп

Ергә мың һөнәр үгрәнмак құп дәгіл,

Илла болса бір – «мен-менлік» йүп дәгіл.

Йәна көрдім бір қауым хинзир кебі,

Һәрбірінің қарны болмыш тағ кебі.

Дүниада ерміш анлар ел – ара

Кім салырлар ерміш фітнә халқ ара.

Йәна бір тайфа көрдім кім, тұрұр,

Көзләрі йоқ, қайда болса тік йүрер.

Анлар ерміш ұнытып өз-өзләрін,

Өзгәнің ғайбіна салмыш көзләрін.

Йәна көрдім бір қауым мен тілі йоқ,

Һәм тақы бір қауым – азақ елі йоқ.

Тілсіз анлар – хәкімлар ерміш бұрын,

Ігрі хүкім бірлә тұтмышлар орын.


* * *

Йәна тайфа көрдім онда мен,

Кім йүрүрләр, халләрі йаулақ йаман.

Тілләрі өз еңсәләріндін чықып,

Қан, ірің тынмас олардын еч ақып.

Анлар ерміш, өз ақуалыны бұзып,

Тұғыры тілін ігрі сөзләрга түзүп,

Йүрүрләр ерміш кім анлар халқ ара

Кімга болса бөһтән – бәләлар сала.

Тақи бір тайфа көрдім анда мен,

Тұтмадым өзімні еч ол санда мен:

Зобанилар алтын ақча сызғырып,

Басар анлар йүзләріне қыздырып,

Йәна алып көзләріне сызғырар,

Не көзі қалыр, не йүзі – қыздырар.

Анлар ерміш ол жиһанда көп, үкүш,

Саны йоқ йығмышлар кім алтын-күмүш.

Не мұны хақ берді теб білер емеш,

Не біліш, не йат, не өзі йер емеш,

Һеч чығармас малыдын хақ үлешін,


Көр, нечік болмыш ахыр, мұнлар үчүн.

Мың һөнәр болса бір ерга көп дәгүл,

Чүн бохил болса ол анда йұп дәгүл.

Ер әгар болса сахават һәм кәрам,

Ғайбы йоқ үзга һөнәр болмаса һәм.
Иәна бір тайфа көрдүм көз білә,

Кім сифат қылмаға болмас сөз білә.

Тақи бір қауым азақ үзра тұрүр,

Бір тынмас, отлығ қылыч бірла ұрұр:

Башларыны тәнларыдан айырыр,

Йәна хақ құдратыдан баш бітүрүр.

Анлар ерміш кім болар, йолда тұрұр,

Баш кесіп, қан төкмешлар бағый болып.


* * *

Бір ғажайыб көрдүм онда йәна мен,

Кім бәңа ол барчадын келді йаман.

Барча мәстүр ерді аңлар – йалангач,

Не иңінда тон бар, не башында тәж.

һәрбірінің гауратындын қан ағар,

Тамұғ әһлі барча анларға бағар.

Тәнларындын йетміш алуан шыш чығып,

Тыйылмас ерүр һеч қан, ірің ағып.

Һәр қайусы ан тек гөриан йүүрүр,

Қел енді сен, кім ерміш, анларны көр:

Һәрбірі ерміш бір ықылым иесі,

Әлуан ерміш киасы һәм йийасы.

Илла кімга бір күрта кидірмәміш,

Йәна бір тұтқын көрүп құтқармамыш.

Алмамыш һечбір мүскіннің көңілін,

Бермәміш йаланғача бір киімін.

Не бір өлүкка кәфін берміш болар,

Не асыйғ малындын... чүн отта сыздар.

Ахиретта ләжәрем, ан тек жаза,

Тапты ерса һәм жазадыр, һәм саза.

Ол сифтатларны чүн Ғиса тыңлады.

Қазғыру бен йығлазы әм таңлады.
* * *

Андын айды баш йәна сөзга келіп:

«Кач мәлаик бәне ол йердін алып.

Иүзүм бірла сурайүбан елттілар,

Бір ұлұғ уади ічіна аттылар.

Ол ұлұғ уади аты Әсфал еміш,

Йәна көрдүм: анда бір табұт йатыр,

Айдылар ол табұтқа, бақтым өзі.

Үч бөлек адам көрүнді көзіма.

Сұрдым: Дүииа ічра кімлар ердіңіз?

Айдылар «Сұлтан ердік һәрбіріміз,

Һәрбіріміз бір мәлік ердік ұлұғ,

Емді ош мұнда олды бізга тұрұғ.

Фиск уа ғисман ерді ішіміз бұрұн.

Емді чайанлар мәканында орұн.

Халіміз бұ боларын білсак еді,

Разы ердік кім гедай болсақ еді.

Кәшкі болғай ердік дүниада фақыр,

Кім сұлтан болұп, һәм болғұнча хақыр.

Чүн жиһан сұлтанлығы соңы болұр,

Уай, аңа кім шад болұп, ғафыл болұр?

Андын ол табұт ічра кірсам мен,

Мар уа ғақрап – торт йарыға барсам мен:

Кімі санчар, кімі ейар – тішлар еді.

Ол қамұғ мен қылғаным ішлар еді.

Неча кім етім йеп түкәтсалар,

Йаңы ет бітарда біраз кетсалар.

Йығлар ерді ачығындын зар уа зар,

Айтар ердім кім: «Шафағат қанда бар?»

Һеч қайусы бақмас ерді сөзүма,

Һечбір чара табмас ердім өзүма».
* * *

Ғиса айды: «Ей баш, бармы хәжәтің?

Бар еса айт: қабұлдыр мүнажатың».

Айды: «Олдұр хажәтім илла менім:

Кім тілайүрмұн тірілгай ош тәнім:

Та ғибадат қылғаймын кач ел тақы,

Тәңірі мені ғафу қылғай, ей ахы!»

Ел көтәрді Ғиса, айды: «Ей, рахым!

Йа самиға, йа мәжиба, йа хакім!

Хәзратыңдын тіләгім ол кім: йәнә,

Бергайсан жан үшбу чіріміш тәна.»

Чүн тіргізді құдрәтіндін хақ аны:

Жан кірді: қайра сан болды тәні.
* * *

Қалды баш өз құллұғын тегүрмәга,

Тірілік шүкіранасын келтүрмәга.

Сол заман барды ол Құддұс еліна,

Кірді, ол тұрды бір тау тешігіна.

Йәнә йетміш йыл ғибадат айлады.

Көр, аңа хақ не ғинайат айлады.

Ғақибат мұғмын олып чықты жаны,

Емді сізлар: «Рахматы!» дейің аны.

Мұхтасар бұ дұр, ей адам ұғланы:

Һәркім ерса не екса, орғай аны.

Үшбү сөз аңа йәна келді ғазиз:

Ізгі бірлан йауызын қылғыл тамиз.

Мұнча шаһлар кім жиһана келділар,

Бәс, ешітің кім анлар не қылдылар.

Тапмас ерді кеше дүниадан мұрад,

Бөс қалыр ерміш жиһанда ізгі ат.

Тәңрі берген ризықның шүкрің қыл,

Кеча күндүз ізінің зікірін қыл.

Жұмжұма дастаныны ешіткіл сен:

Кім Мисыр шәһріда ерді үшбу тән.

Аты данлы, өзі хас сұлтан еді,

Хасса дүниа сұлтаны, жаны еді.

Кім тарихи йеті йүз йетміш еді,

Кім Хұсам Кәтиб мұны бітміш еді,

Рахмат еткіл барчаға сен, ей рахым.

Қыл шаһадат көңлүні сен мұстақым.

Хәтам қылдым йа илаһи-л галамин,

Йарылқағыл йа илаһи – л ақырын.

Барча құлыңдын келіп тұр көп хата,

Рахматің дәриа сенің, қылғыл гата.


Каталог: files -> docs -> books
books -> Деректі көркем әңгімелер мен мақалалар астана 2008 Редакциялық алқа
docs -> Қ. Жұбанов атындағы
docs -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы
docs -> Мұрат Әбенов: «Серпін-2050» жобасына қатысушылардың арасында бәсеке жоғары» Өткен жылдан бастап, жүзеге асырыла бастаған «Серпін-2050»
docs -> Реферат Название реферата Исполнитель
docs -> Инструкция по ветеринарному учету и ветеринарной отчетности


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет