құяды, бірақ жиын-тойларда
адам өте көп болатындықтан, суды екі жігіт екі
босағадан бастап төрге қарай айналдыра құйып шығады. Кейде есік алдына үлкен
леген қойып, үйге кірерде қонаққа қол жудырып кіргізеді. Ал адам саны шағын
болса, онда бір адам оң босағадан бастап отырған адамдарға түгелдей су
құйып
шығады. тамақ соңында қолға су құю солдан оңға қарай басталады. Қазақ қол
жуғанда суды сілкімейді, орамалмен сүртеді.
3.Қазақ салтында төмен жақта отырған адамдар өзінен жоғары отырған адамдарға
шыныаяқ алып беру, ас-тағам ұсынуға жауапты болады. Шыныаяқ алып беру мен
ас-су ұсынудың да өзіндік ережесі бар. Мұны
әр отбасы баласына мұқият
ұғындырады, болмаса өзгелер жағынан «тәрбиесіз, көргенсіз» деген сөзге қалады.
4.Тамақ алудың да, шай құюдың да өзіндік жөн-жосығы бар. Мысалы, шай құйған
кезде, үй ішіндегі кісілерге шай түгел құйылып болғанша, барлық адам сабыр
сақтап күтіп отырады. Үй иесі: «Астан алыңыздар!»
деген соң ғана қонақтар
алдындағы асқа қол созады. Шыдамсыздық таныту үй иесін көзге ілмегендік
болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: