И. Р. Гальперин шетел ғалымдарының лингвистикалық құралдар туралы ойлары мен пікірлерін айта келіп, мәтінге мынандай анықтама береді: Мәтін бұл белгілі бір мақсатқа көзделген және прагматикалық құрылғылары бар, ле


Концептуалдық, семантикалық ұстаным



бет3/3
Дата31.08.2024
өлшемі76,07 Kb.
#203770
1   2   3
Байланысты:
КМЛТ Дәріс 1

. Концептуалдық, семантикалық ұстаным. Тіл бірліктерін тек деректік мақсатта талдамайды, әрбір талдауды автордың концептуалдық көркем көзқарасымен байланыстырып отыру маңызды. Мәтін астары арқылы, мәтіннен тыс берілетін мәнге аса көңіл бөлу қажет. Көзге көрініп тұрған ақпарат пен көзге көрінбейтін, мәтіннен туындайтын астарлы ақпаратқа және оны жеткізуші тілдік бірліктерге назар аудару керек.
6. Автор-кейіпкер категорияларының қатынасын басшылыққа алу ұстанымы. Бұл ұстаным бойынша прозалық шығармалардағы баяндаудың түрлері, автор бейнесі мен бөгде сөзді беруші тілдік бірліктердің стилистикасы талдануы қажет. Б.Майлиннің «Қанды кек» шығармасындағы кейіпкерлердің сөздерін, баяндау мәнерін нақты тілдік деректер арқылы сипаттау. Немесе бүгінде қазақ прозасының классикалық үлгісіне айналған «Шұғаның белгісі» романы автор образының берілуі тұрғысынан ерекше талдау.
7. Мазмұн мен форманың бірлігі ұстанымы. Жалпы алғанда барлық ұстанымдарға осы қағида негіз болған деуге де болады. Себебі тілдік талдау тілдік деректерге сүйенеді, ал тілдік дерек ол тек мазмұнның сыртқы қабаты. Тілдік деректерді түсіндіруде оның тек сыртқы тілдік пішініне ғана емес, оның тұтас шығарма мазмұнымен қатынасын, контекспен, шығарманың ішкі мәнімен байланысына баса назар аудару маңызды.

1 Дридзе Т.М. Текстовая деятельность в структуре социальной коммуникации. — М.: Наука, 1984. — С. 31.


2 Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. (Лингвистическое наследие XX века.) — Изд. 4-е, стереотипное. — М.: Ком Книга, 2006. — 144 с.
3 Брудный А.А. Психологическая герменевтика. — М.: «Лабиринт», 1998. — 145
4 Смағұлова Г. Көркем мәтін лингвистикасы. — Алматы: Триумф «Т», 2007. — 152
5 Hartmann P. Text als Linguistisches Objekt. — In: Beitrage zur Textlinguistik. Mimchen, 1971-S. 456

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет