І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерін оқыту процесіндегі 1



бет5/5
Дата08.06.2018
өлшемі118,72 Kb.
#41615
1   2   3   4   5

Тапсырма Мына ертегі кейіпкерлерінің атын атау. Осы ертегі кейіпкерлерін қатыстырып бір ертегіні айтып беру.  Түлкі мен ешкі. (хайуанаттар туралы ертегілер).

         Тапсырманы орындау арқылы тиінға азығын жинап алуға көмектесеміз. Ал енді балалар тиін туралы қандай ертегі білеміз.

         “Ақ тиін мен қасқыр” ертегісін мәнерлеп оқу.

     Ақ тиін бұтақтан-бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып оны жегісі келеді. Ақ тиін жалынып:

-         Мені  жеме, жібер, - дейді.

-         Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт;неліктен сендер әр уақытта

шат болып жүресіңдер? Сонда ақ тиін: Мені жіберіңіз, сонан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп сөйлер алар емеспін, - дейді. Қасқыр ақ тиінді босатады. Ақ тиін ағаш басына шығып алып:

- Сен, қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады, сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін әр уақытта шат болып жүреміз,- депті.

         Тиінмен қоштасып, орманды ары қарай аралауды жалғастырамыз.  Орманды аралап келе жатып, бір үлкен үңгірге кезігеді. Балалалр бұл ненің үңгірі екен деп қорқа бастады. Ішінен қорылдаған дыбыс естіледі. Балалар одан сайын қорқа бастады. Балалар қорықпаңдар біз мына тапсырманы орындасақ, оның ішінде не барын білеміз.

Тапсырма: Ертегі сурет арқылы бейнеленген, суреттегі ертегінің атын айтып, сол ертегінің біреуіне көрініс көрсетеді.

1.     Мақта қыз бен мысық.

2.     Жақсылық пен жамандық.

Балалар барлығы шулап жауап беріп жатты. Бұл шудан ұйықтай алмаған

аю:

- Мынау не шу! Мені ұйқымнан оятқан  деп аю қорбаңдап үңгірден шыға келді.



         Балалар сендер менен қорықпаңдар – деді аю.  Мен сендерге  тиіспеймін. Сендер маған арнап тақпақ айтып беріңдерші.

Барлығы қосылып:   Ормандағы аюдың

                                   Құлпынайы көп екен

                                   Теріп-теріп алайық

                                    Қалтамызға салайық.

 

деп балалар тақпақ айтып береді. Аю балалардың себетіне толтырып құлпынай теріп береді. Балалар себет толы құлпынайды алып, ормандағы аюмен қоштасып қайтады.



Қорытынды: Балалар сендерге “Ертегілер еліне саяхат” ұнады ма?

- Балалар ұнады деп жауап береді.

- Онда кездескен аңдарды атаңдаршы.

- Қоян, тиін, аю.

- Оларға қандай көмек көрсеттіңдер?

- Қоянды қақпаннан босатып алдық, тиінға азығын жинауға көмектестік, аюға тақпақ айтып бердік, - деп жауап береді балалар.



- “Ертегіні кім көп біледі?”  деген ойынымен аяқтаймын. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




Қорытынды

          Қорыта келгенде, қай халық болса да өзінің  дамуында қилы- қилы

жолдардан өтеді.Сол жолдардың көрінісін ертегі арқылы қалдырады.

         Ертегі – тәрбие құралы, халық шығармасы, халық мұрасы. Ертегі ғасырлар бойы сақталып ұрпақтан – ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.Осы  ертегіні  балаларға  жеткізу,  насихаттау  алғаш мектепте  ана  тілі сабағынан  басталады.Ана  тілінің  2-4-сыныптардағы  пәнді  оқытудың  мақсаты  нақтыланды. Балалар әдебиетінің  озық  үлгідегі  шығармаларын  жүйелі  оқыту,әдеби  сауатын  ашу,  оқырмандыққа  баулу,  рухани дүниесін  кеңейту,  адамгершілікті-ізгілікті , ұлтжанды-отансүйгіш,  шығармашыл  дара  тұлға  тәрбиелеу белгіленді.

         Ана  тілі  арқылы  оқушы  бойына  жалпы  адамзаттық  құндылықтарда  сіңіруге  басымдылық  берілді.  Бұл оқушының  мәдени   дағдыларды  игеруіне ,  тәрбиені  ізгілендіруге  жағдай  жасады.

         Бастауыш  сынып  оқушыларына  ертегі  оқыту  арқылы  қиялдауға  шешен  сөйлеуге,  өз  ойын  еркін жеткізуге қайратты, істер  жасауға  жұмылдыру  және  адамгершілік  қасиеттерді  қалыптастыру.

       Адамгершілік  тәрбиесі  адамдардың  рухани  арқауы  сол   себептіде  біз  педагогтар  сол  рухани байлықты  балаға  тарту  етуге,   тер  төгуге  парыздармыз. Өйткені  адам  баласы  қоғамда  өзінің  жақсы адамгершілік қасиетімен,қайырымдылығымен,  адалдығымен    ардақталады. 

        Адамгершілік  тәрбиесіне  педагогикалық   ережесі   болғанымен оларды  орын-орынмен   қолдану  мұғалімнің   шеберлігіне   байланысты.

        Қазақ   ертегілері   мейірімділікке,   адалдыққа, әділеттілікке, еңбек  сүйгіштікке, тазалыққа,  достыққа,  ерлікке,  әсемдікке, әдептілікке  үйретеді. Жамандықтан,  қулықтан,  өтіріктен,  зұлымдықтан  аулақ  болуға тәрбиелейді.  Әрдайым  татулық, бірлік, ынтымақ   жеңетінін  көрсетеді.

      Орыс   педагогы   А. В. Сухомлинский: «Ертегі-халық  мәдениетінің   рухани   байлығы,  оны  тану  арқылы бала  туған   халқын  жүрегімен  танып  біледі»  ,-деп  орынды  айтқан. Демек, ертегінің   қай  түрін  алсақта, онда  халықтың  отансүйгіштік,  елін, жерін  сүюге, отбасының,  бауырларының   амандығын,   арман-тілектеріне  негізділген  патриоттық  сезімі   жатыр.

       Сондай-ақ  халық  ауыз  әдебиетіндегі   жақсы   айтылған   ертегінің  өзі  де  жасөспірімдер   ғана  емес, ересектердің   ой-өрісі  мен дүниетанымның  кеңеюіне  тигізетін  әсері  мол.

             Ертегілер  арқылы  оқушылардың  адамгершілік  және эстетикалық  тәлім - тәрбиесінің   дамуына  ықпал  жасалады. Баланы  мұратқа,  жеңіске,  жетістікке  жету  жолында  белсенділікке, әрекетілікке  үйретеді. Өмірде  кездесетін  жайттардың яғни  жақсылық   пен  жамандықтың, мейрімділік  пен  қатыгездіктің, шындық пен  өтіріктің,  әділеттілік  пен  әділетсіздіктің,  еңбекқорлық  пен  жалқаулықтың   және т.б  ара  жігін  ажыратып, түсіне  білуге,  бағалай  алуға  жол  ашады.

          Ертегі  тілінің  көркемдігі   және  оқиғаларының  қызғылықты баяндалуы  баланы  еріксіз  өзіне  тартып, баурап  алады. Ертегілерді  баланың   оқуы  не  тыңдауы, мазмұнын  қайталап  айтып  беруі  сөздік  қорын молайтады,  байланыстырып  сөйлеу  тілін  дамытып,  қиялдауға  мүмкіндіктер  туғызады.

           Ертегі  сюжетіне  қатысты  түрлі-түсті  суреттерді  пайдалану  арқылы  әңгімелесу баланың  танымдылық әрекетіне   қозғау  салады. Ертегі  балалардың  өзінің көркемдігіне, әсемдігімен, тартымдылығымен   баурап, олардың  қиялын  ұштап, қиындықты  жеңуге, қиналған  кезде  ақылмен  шешімді  әрекетке  баруға, зерек, тапқыр  болуға  итермелейді. Айналадағы  әсемдікті түсіне,  қызықтай,  қабылдай  білуге  үйретеді.Жүйелі жүргізілген  мұндай жұмыс  баланың  ана  тілінде  дұрыс,  таза  сөйлеу  дағдысын  қалыптастырады.

        Әсіресе,  мектеп  жасына  дейінгі балаларға   айтқан,  көрсеткен нәрсенің  барлығы шындық, сұлу,  әсем үйлесімді  болу  шарт. Сонда ғана  бала  балғын  талдан  биік  бәйтерекке  айналады. 

 

       Қазақ  халқының  көрнекті  азаматтары  Ы.Алтынсарин, М.Дулатов,  М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов  және  т.б .  өздерінің  педагогтік  ағартушылық   еңбектерінде   халықтың  рухани  мұрасының өміршеңдігін  көрегендікпен  түйсіне  отырып  ұсынуда, оны   тәрбие  құралы  деп  санап, оған  дидактика тұрғысынан   мән  бергендіктерін  атап  айтқан  жөн. Оқушыларды адалдыққа, кішіпейлділікке, ақындылыққа, шыншылдыққа    үйрете  отырып,  адам  бойындағы  жаман  қасиеттерден  аулақ  болуға,  жақсы  қасиеттерді бойына  сіңіре  білуге  тәрбиелеу.



         Бастауыш  сынып  оқушыларын  жан-жақты  жетілдіре  тәрбиелеуде  ауыз  әдебиеті  үлгілерінің  барлық жанр  түрлерін  қолданудың   білімдікте,  тәрбиелікте  мәнінің  зор   екені  сөзсіз.

 

 



Төмендегідей ұсыныс жасаймын:

1. Ертегілерді оқыту барысында балалардың жас ерекшеліктерін және олардың сөздік қорын есепке алуды қатаң сақтау.

2. Бастауыш мектептерде оқылатын ертегілер жүйесі төмендегідей:

     1. Хайуанаттар туралы   ертегілері.                                                                                                                           

     2. Қиял – ғажайып ертегілері.

     3. Тұрмыс – салт ертегілері көрсетілген реттік бойынша берілсе.

3. Қазақ бастауыш мектептерде тек қазақ халық ертегілерін емес, өзге ұлттардың да оыс типтегі ертегілерін көбірек оқыту қарастырылса немесе сыныптан тыс жұмыстарда өткізілу ұйымдастырылса. «Ертекшілер клубын құру».

4. 3 – 4 сыныптарда шыншыл ертегілерді жүйелеп оқыту қарастырылуын басшылыққа алсын.

5. Бастауыш мектептерде ертегілерді оқытудың әдістемелік жүйесін құру.

 

 



 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. ”Қазақ тілі мен әдебиеті”. ”Рауан” баспасы.

Қ. Жұмалиев. Т. Ақшошлақов. 1996 ж.

2. ”Әдебиет оқулығына әдістемелік нұсқау”. С. Тілешова.Алматы. 1993 ж.

3. ”М. Жұмабаев шығармалары”.1983 ж.

4. ”Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы”.

1-4 сынып. Алматы. 1997 ж. 

5. ”Ана тілі оқыту әдістемесі”. 1-4 сынып. Алматы.

”Атамұра”. С.Рахметова. Р. Қабатаева.Т. Әбдікәрімова.

6. Бастауыш сыныптарда ”Ана тілі” сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау. К. Бектаева. Ж. Елеубаева.

7. ”Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы”. Ш. Ахметов. 1980 ж.

8. ”Бастауыш мектеп”. 2003- N 8-саны.

П. Жаманқұл.”Ана тілі” оқулықтарының тәрбие нысандары.

9. ”Бастауыш мектеп”. 2003.№7

Р.Ізғұттынова. Қазақ халық ауыз әдебиеті – тәрбие бастауы.

10. ”Бастауыш мектеп”. 2000 - 3 саны.  М. Молдатаева. Тілді дамыта оқыту.

11. ”Бастауыш мектеп”.2003 – 9 саны.

Р. Нұрмұхаметова. Балалардың ана тіліне сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

12. ”Ақ сандық, көк сандық”. Алматы. ”Жазушы”. 1988 ж.

13. ”Бастауыш мектеп”. 2004 – 3. К. Әлиева.

Адамгершілік сезім қалыптастырудың теориялық негіздері.

14. ”Бастауыш мектеп”. 2004-6. Э. Рахимова.

Адамгершілікті ұрпақ тәрбиелеу

15. ”Бастауыш мектеп”. 2004-2. Л. Омарова .

Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру мәселелері.

16. ”Оқушы, оның дамуы және тәрбиесі”.

Ж. Асанов. Қызылорда қаласы. 1993 ж.

17. ”Педагогика”. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев.

Алматы. 2002 ж.  254-269 бет.

18. ”Педагогика”. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова.

Дарын. Алматы -2004 ж. 180 бет.

19. ”Этнопедагогика”. З.Ә. Әбілова. Алматы. 1997 ж.

20. ”Қазақ тәнім – тәрбиесі ”. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев.

Алматы. ”Санат”. 1995 ж. 21-22 бет.

21. ”Халық тағылымы”. Әдібай Табылдеив. Алматы.

”Қазақ универсиеті”. 1992. 56 бет.

22. ”Коллективтің құдіреті күші”. В.А. Сухомлинский.

Алматы. 1994 ж. 43 бет.

23. ”Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика”. Р.Төлеубаева.

Алматы. 1994 ж. 43 бет.

24. ”Балалар әдебиеті – тәрбие құралы”. М. Қалқабаева ”Мектеп” баспасы.

Алматы. 1976 ж. 25 бет.

25. ”Бастауыш кластарды оқытудың актуальды проблемалары”.

В.П. Стрезткозин. ”Мектеп” баспасы. Алматы. 1977 ж.

26. ”Бастауыш мектеп”. 2004-10-саны. С. Қалиев.

27. ”Ауыз әдебиеті үлгілері”. Р. Жұманжина.

Алматы. ”Мектеп” баспасы. 1981 ж.

28. ”Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі”. И.А. Комиров. О.С.Богданова. Алматы. ”Мектеп” баспасы.1988 ж.

29. Н.В.Савин. ”Педагогика”. 1975 ж.

30. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңы. 2000 ж.

31. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Алматы. 2002 ж.

32. ”Бастауыш мектеп”. 2002 ж. 4-5-6-саны.

33. ”Бастауыш мектеп”. 2003 ж. 5-саны. К. Әбдіхамейова, ”Ана тілі”.

34. ”Бастауыш мектеп”. 2001 ж. 8-11 - саны.

35. ”Бастауыш мектеп”. 1999 ж. 10 - саны.

А. Меңжанова. Адамгершілік тәрбиесі.

36. ”Бастауыш мектеп”. 1998 ж. 4 - саны.

37. ”Қазақстан мектебі”.2003 ж. 5- саны.

38. ”Қазақстан мектебі”. 2002 ж. 4-саны.  Түркменбаева Қырмызы.

39. Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік.

И.Е.Синица. Алматы. Мектеп. 1987 ж. 

40. Оқыту теориясы. Н. Көшекбаев. ”Мектеп” баспасы. Алматы. 1976 ж.

41. ”Педагогикалық ізденіс”. Алматы. ”Рауан”. 1990 ж.

42. ”Арыстар мен ағыстар”. Құлбек Ергөбек. ”Өркениет”. 2003 ж.

43. Бастауыш мектеп. 1998 ж. 10-11 саны. П. Жаманқұлова.С. Рахметова.

44. ”Педагогика”. М. Жұмабаев. Алматы. ”Рауан”. 1993 ж.

45. “Бастауыш мектеп”. А.Қ.Дүйсенбиев.

Елжандылыққа тәрбиелеудегі қазақ ертегілерінің әсері.

46. Ұстаз ұлағаты. Әбіжан Құтпанбаев. Алматы. 2002 ж.

47. Қазақ этнопедагогикасындағы құқық тәрбие. Әдібай Табылдиев.

Алматы. “Қазақ университеті”.2003 ж.

48. Қазақ этнопедагогикасы. Әдібай Табылдиев.Алматы. “Санат”. 2001 ж.

49. “Адамгершілік сабақтары”. А.Қ. Игенбаева.  Алматы. 2001 ж.

50. Қазіргі заманғы сабақ. А.Е. Әбілқасымова. Алматы. 2004 ж.

 

 



 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет