Гимнастикалық залды құрал – жабдықтармен қамтамасыз ету үлгісі
Гимнастикалық жаттығулар мен ойын түрлері спорт залда немесе арнайы жабдықталған сынып бөлмелерінде өткізіледі, жабдықтау барысында құрал – жабдықтардың қойылу ерекше көңіл аударылады. Гимнастикалық қабырға бөліктерінен бірнеше жасау керек және де терезеге қарама – қарсы орнату қажет. Гимнастикалық отырғыштар терезеге көлденең қойылады.
Секіруге арналған құралдар және шешілетінарқандар, межеге лақтыруға арналған қалқан, гимнастикалық төсеніш, секіруге арналған тіректер, гимнастикалық және басқа да құрал – жабдықтар анықталған орындарға қойылады.
Терезелер қорғаныс торларымен, электер шамдары темір тормен бекітіледі.
Гимнастикалық отырғыштардың саны төрттен аз болмау қажет.
Арқандармен биіктікке секіретін құралдар залдың төбесіне мықтап бекітіледі.
Межеге лақтыруға арналған құралдар 4-6 болу қажет, қалқандары фанерадан, картоннан жасалады.
Гимнастикалық қалқандар, керекті биіктікке гимнастикалық таяқшалар болуы, сонымен қатар 40-тан кем түспейтін қысқа және ұзын секіртпелер болуы керек.
Орташа салмақты доптар 1-1,5кг, доптар саны – 10.
Кіші салмақты доптардың саны – 40-тан кем емес.
Мектепке гимнастикалық төсеніштердің саны 2-ден кем болмауы керек.
Шаңғы құралдары және онық сақталуы.
Достарыңызбен бөлісу: |