̋ Көңіл пойыз̏ спорттық жарыс ойыны
Бұл жарыс топтар арасындағы дәстүрлі ұйымдастырылатын жарыс түрі, ойынды өткізу қатысушылардың санына, жоспар құрылысына өткізілетін орын жағдайына байланысты.
Ойынға бастаушы сынып оқушылары қатысады. Жарыстың ерекшелігі «аялдамадан» «аялдамаға» дейін әр түрлі қимыл – қозғалыстарды тапсырма ретінде қабылдай отырып нәтижеге жету. Аялдаманың атауы орындалатын қимыл – қозғалыс ойынының мазмұнына байланысты. Жарыс созылмауы керек, әрбір аялдамада жаңа тапсырма ала отырып, барлық ойынға қатысушы тапсырманы бірден орындауы қажет.
Тапсырма түрлері қызықты жарыс және балалардың көңіл – күйін көтеретін және жас ерекшелігіне сәйкес келуі керек. Денеге салмақ түсіретін жаттығулар қарапайым жаттығулармен алмастырылып отырады. Ойын көгалда, футбол, баскетбол алаңдарында өткәзіледі. Ойын барысында оқушылар ойынға қатысушы, әділ қазы, көмекші, төреші және педагогтің қызметін атқарады. Осы аталғандардың барлығы оқушылардың өз білімін көтеруде, шығармашылық деңгейде өз бетімен әрекет етуін қалыптастырады.
«Көңілді пойыз» ойыны алаңы ойналады. Пойездің жүру бағыты жолаушылармен белгіленеді. Әр аялдамаға сәйкес көрсеткіш білгілері, аялдама атауы, пойездің тоқтау уақыты белгілену керек. Ойынға қажетті құрал – жабдықтар алдын ала дайындалады. « Көңілді поезд» - жарыс ойынына жеті аялдама кіреді. Төрт топ қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |