I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде



бет41/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   99
Байланысты:
ТОпиик (копия), Шамаран Дана 318 А ., физика, жас маманнын педагогиалык идеясы
Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560 жж.). Белгілі жырау ХV-ХVІ ғасырларда өмір сүрген 1490жылы Әмір Темірдің уәзір билерінің бірі болды. Ал әкесі Тіленші өз тұсындағы ірі феодалдардың бірі болған, ал шешесі Ноғай ордасының ұлы биі Мұсаның қызы екен. Жыраудың шығармашылығынан бізге жеткені 600 жолдың шамасы. Шалкиіз жырау ғұмырының көп бөлігін Ноғай ордасының билеушісі Темір бидің қоластында өткізді. Өмірінің соңғы жылдарын Хақназар хан тұсындағы Қазақ мемлекетінде өткізеді. Шалкиіз жырларының негізгі тақырыптары-ерлік, батырлық, адамгершілік т.б.
Қазтуған Сүйенішұлы ХV ғасырда өмір сүрген. Ол халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазтуған жыраудың «Мадақ жыры», «Туған жермен қоштасу» сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның халық жады арқылы жеткен бірқатар толғаулары И.Березиннің «Түрік хрестоматиясында» (1862), Ғабдолла Мүштақтың 1910 жылы шыққан «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында, М.Мағауиннің «Алдаспан» кітабында (1970 ж.) жарияланды. Еділдің төменгі ағысындағы Қажы Тархан (Астрахань) маңында мекен еткен. Оның көптеген жырлары бізге жеткен. Мысалы, «Алаң да алаң, алаң жұрт» тағы басқа.
Асанқайғы Сәбитұлы ХІV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген философ-ақын, қазақтың жырауы. ХV ғасырдың 60 жылдары қайтыс болған. Оның өмір сүрген тұсы қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Халидұлы Құрбанғали өзінің «Тауарих хамса» атты еңбегінде әйгілі Майқы биді Асанқайғының арғы атасы еді дейді. Асанқайғы қазақ халқының ертеңін ойлап, еңсесін көтеруді өмірлік мұрат еткен дала абызы. Осыған байланысты, Желмаясымен жер жанатын іздеген жырауды Асанқайғы деп атап кеткен. Тұла бойы ізгілікке толы, халқын сүйген дананы Ш.Уәлиханов «көшпенділер философы» деп атайды. Асанқайғы Алтын Орда ханы Ұлық-Мұхаммедтің кеңесші биі, қазақ ханы Әз-Жәнібектің кеңесшісі болды.


§ 33.Қазақ халқының салт-дәстүрі

Әр халықтың өзіне тән ұлттық салт-дәстүрлері мен ұлттық мәдениеті болады. Қазақ халқының да ертеден қалыптасқан өзіндік салт-дәстүрі және әдет-ғұрыптары бар. Әдет-ғұрыптар шаруашылық, дүниетанымдық, отбасылық, қоғамдық сияқты түрлі тармақтарға бөлінеді. Солардың біразы қазірге дейін сақталған. Қазақ халқының ертеден келе жатқан дәстүрлерінің ішінде қонақжайлылық, ас беру, түрлі той-думандар өткізудің маңызы жоғары болған.


Халық арасында сәбидің жаңа туған кезінен бастап атап өтетін түрлі мерекелер қалыптасқан. Олар: бесік той, шілдехана, тұсаукесер, сүндет той т.б. Үйлену тойы - ежелден келе жатқан дәстүр. Жалпы қазақ халқында ертеде қыз бен жігітті бала кезінен атастырған. Жігіт жағы қыздың ата-анасына қалыңмал төлейді. Қыздың ауылында «қыз ұзату», ал келін түскен үйде «Беташар», «Жар-жар» сияқты ән-думанмен өрнектелген той өтеді.
Сондай-ақ, ежелден келе жатқан наурыз мейрамы. Наурыз - парсы сөзі, қазақша мағынасы «жаңа күн» дегенді білдіреді. Наурыздың 22-сі қазақтар үшін жыл басы - жаңа жыл, күн мен түннің теңелетін уақыты. Сондықтан да Наурыз тойын - Ұлыстың ұлы күні деп атаған. «Ұлыс» деген сөз мемлекет, ел деген мағынаны білдіреді. жер беті бусанып, қардың еріп, көктің шыға бастайтын бұл уақытты «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер» шағы деп текке айтпаған. Мал төлдеп, қыстан қиналып шыққан халықтың аузы аққа тиіп, бір жасап қалады.
Наурыз күнін жұрт бар жақсыларын киіп, үлкен қуанышпен қарсы алған. Бір-біріне өкпелі адамдар барлық реніштерін ұмытып, құшақтасып, төсқағысып, көрісетін болған. Бір-біріне жақсы, игі тілектер айтып, ақ ниетпен бата беріскен. Тіпті, осы наурыз күні Орта Азия билеушілері зындандағы тұтқындарына да бостандық берген деседі. «Самарқанның көк тасы да жібиді» деген сөз содан қалса керек.
Наурыз күні жеті түрлі тағам қосылған наурыз көже дайындалады. Әр үйдің дастарқаны бұл күні наурыз көжемен бірге ұлттық тағамдарға толады. Ойын-сауық ұйымдастырылып, түрлі мерекелік шаралар өткізіледі.
Қазақ халқында той ұлттық ойынсыз, сайыстарсыз өтпейді. Бәйге, күрес, көкпар, айтыс, қыз қуу, жамбы ату сияқты ұлттық сайыстар өткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет