Анықтама. Матрицаның нөлден өзгеше жолының жетекші элементі бірінші нөлден өзгеше элементі аталады (сол жақтан оңға қарай есептегенде).
Матрицаның екі жолындағы ik және jr, i j, элементтері үшін k < r болса, онда ik элементі jr элементінің алдында (немесе сол жағында) тұрады дейміз, яғни ik элементінің бағаны jr элементінің бағанының алдында тұрса. Мысалы, матрицасында 22 элементі 13 және 14 элементерінің алдында тұрады.
Анықтама. Нөлден өзгеше матрицаның нөлдік жолдары нөлден өзгеше жолдардан кейін тұрса және әрбір нөлден өзгеше жолдың жетекші элементі, екінші жолдан бастап, алдыңғы жолдардың жетекші элементтерінен кейін тұрса, онда матрица сатылы деп аталады.
Сатылы матрицаның бір түрі:
болады, мұндағы деп белгіленген орындарда – нөлден өзгеше элементтер.
Сатылы матрицалардың мысалдары:
Анықтама. Матрицаның жолдарына келесі элементар түрлендірулер қолданылады:
(1) кез келген жолды нөлден өзгеше скалярға көбейту;
(2) бір жолды скалярға көбейтіп, басқа жолға қосу;
(3) кез келген екі жолды орындарымен алмастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |