Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында - «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау...» делінген. «Білім» сөзі- өте күрделі және көпмағыналы ұғым. Жалпы мағынасында білім – адамның жүйеленген білік, дағдыларын меңгеру үрдісі мен нәтижесі. /2/. Білім берудің бағыт-бағдары «Қазақстан Республикасының Конституциясында», «Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасында», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында», «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік құжаттарында» негізделген. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар, нарықтық экономика, қоғамдық экономика қатынастарының ғаламдануы, қоғам дамуының ақпараттық кезеңге өту жағдайында сапалық тұрғыда қайта қарауға бағытталған. Республикадағы осындай қайта құрулардың нәтижелілігі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнына тәуелді.
. Педагогикада білім негіздерінен бастау алған білім беру мазмұны күрделі көп аспектілі ұғым. Бiлiмнiң мазмұнын анықтау, бұл өсiп келе жатқан ұрпақты неге үйрету, сондай – ақ оқытудың мақсатын, мiндетiн анықтау туралы мәселенi шешу деген сөз
Достарыңызбен бөлісу: |