Iii тарау Карталардың математикалық негізі


Бөліп сызу, номенклатура және картаның рамкасы



бет13/14
Дата20.02.2023
өлшемі7,98 Mb.
#169406
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
3 Тарау

3.9. Бөліп сызу, номенклатура және картаның рамкасы
Бөліп сызу немесе картаны кесу – көп парақты картаны парақтарға бөлу жүйесі. Бөліп сызудың көбіне екі түрі қолданылады: меридиандар мен параллельдер парақтар шекарасы қызметін атқаратын трапеция тәрізді бөліп сызу және карта тік бұрышты және шаршы парақшаларға (бірдей өлшемді) бөлінетін тік бұрышты бөліп сызу.
Әрбір елде мыңдаған парақшаларды қамтитын мемлекеттік топографиялық және тақырыптық карталар сериясының стандартты бөліп сызулары бар. Мысалы, Ресейде топографиялық карталардың разграфкасы негізінде 1:1 000 000 масштабты карта салынған. Оның кез-келген парақшасы 6о сайын өткізілген меридиандармен, 6о сайын өткізілген параллельдермен шектелген трапецияны білдіреді. Ең ірі масштабты карталардың раграфкасын миллиондағандық карта парақ бөліктеріне бөліп алады. Миллиондық картаның бір парағында картаның төрт парағы (1:500 000), картаның 36 парағы (масштабы 1:200 000) болады (3.19 сурет) және т.б.
Масштабы 1:2 500 000 –дық халықаралық карта үшін разграфканың ерекше әдісі қолданылған. Жер шарының беткейі 6 зонаға (3-солтүстікке қарай, 3-оңтүстікке қарай) бөлінген. Төрт зона бірдей аралықты конустық, ал 2 поляр маңы зона бірдей аралықты азимуттық проекциялармен берілген. Карта жалпы 224 парақты және жеке ықшам аудандар мен елдерді толық суреттеу үшін қосымша 38 жабын қағаздарды қамтиды.
Тік бұрышты разграфкалау кезінде карта бір форматтағы қағаздарға бөлінеді, бұл картаны басып шығару, жалпы рамка, желімдеп жабыстыру немесе түптеу (дайын парақтарды нөмірлері бойынша кітапша етіп тігу) бойынша біріктіру үшін қолайлы болып табылады.
Кей жағдайларда карталарды пайдалану ыңғайлы болуы үшін бөліп сызу кем немесе көп елеулі парақтар жабынымен беріледі. Мысалы, теңіз навигациялық карталар 10 см дейінгі үлкендікпен жабылады (3.21-сурет), бұл аралас қағаздардан көре аламыз
Номенклатура бөліп сызумен тікелей байланысты, яғни картаның көп парақты сериясындағы парақтарды белгілеу жүйесі болып табылады. Топографиялық және топографиялық шолу карталары үшін номенклатураның бірыңғай мемлекеттік жүйе енгізілген. Ол миллиондық картадан басталып әрі қарай ретімен өсіп отырады. Тақырыптық карталардың номенклатурасы топографиялық карталармен сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі мүмкін. Мысалы, Ресейдің белгілі-бір елдері бар масштабы 1:2 500 000 болатын гипсометриялық карталарының парақтары реттік нөмірмен белгіленеді.
Әдетте бөліп сызу схемасы арнайы жинақ парағында беріледі. Онда көп парақты картамен жабылатын аумақ контуры, жеке парақтарға бөлу және осы парақтардың номенклатурасы көрсетіледі.
Бөліп сызуға сәйкес карта рамкаларының формалары да өзгереді. Олар тек трапеция тәрізді немесе тік бұрышты болып қана қоймай, сондай-ақ шеңбер (мысалы, жарты шарлар картасы үшін) және эллипс (жалған цилиндрлік проекциялардағы дүние жүзі карталары) тәріздес болуы мүмкін. Картографиялық суретті тікелей шектейтін ішкі рамканы, ендік және бойлық бойынша градустық және минуттық бөлулер салынатын градустық және минуттық рамкалар, сондай-ақ, барлық картаны қамтитын, басқа рамкаларды көмкеретін сәндік мағынаға ие сыртқы рамканы ажырату қабылданған.



3.18-сурет. Карта разграфкасы мен номенклатурасы.
а - 1: 1 000 000 масштабты картаның разграфкасының схемасы. №36 парақ штрихтелген.
б – 1: 500 000 және 1:200 000 масштабты картаның №36 парағындағы разграфка. №36 А және №36-ХХ парақтары штрихтелген




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет