Конусты проекцияларда шардың (эллипстің) беткейі конусты жанайтын немесе тиетін бүйір жағында жобаланады, содан кейін қалыптасқан күйі бойынша кесіледі және жазықтыққа айналдырылады (3.7 сурет). Дәл алдындағы тәрізді, конустың осі Жердің айналу осімен сәйкес келетінді әдеттегі (түзу) конус проекциясы, егер конус осі экватор осінде жататын болса – көлденең конусты, ал конус осі экватор жазықтығына қарай иілген болса – қиғаш конусты болып ажыратылады.
3.7. сурет. Әдеттегі конусты проекция:
а – жанайтын конус пен ұңғымадағы проекция; б – жанайтын конустағы проекция
Әдеттегі конусты проекцияда меридиандар полюс нүктесінен шығатыньтүзу сызықтар, ал параллельдер концентрациялық шеңберлердің доғасы болып табылады. Аталып отырған конус Жер шарын жанайды немесе оны орта ендік ауданында қияды, сол үшін бұндай проекцияларда Ресей, Канада, АҚШ аумақтарындағы батыстан шығысқа қарай созылған орта ендіктерді картаға түсірген қолайлы болып келеді.
Азимуттық проекциялар – Жер шарының (эллипсоид) беткейі жанама немесе қиятын жазықтыққа қарай ауыстырылады. Егер жазықтық Жердің айналу осіне перпендикуляр бағытта болса, онда ол әдеттегі азимуттық проекция деп аталады (3,8 а,б сурет). Оның параллельдері – концентрациялық шеңберлер, ал меридиандары – осы шеңберлердің радиустары болып табылады. Бұл проекцияларда біздің және басқа планеталардың поляр аумақтарын картаға түсіреді.
Егер проекцияның жазықтығы экватор жазықтығына перпендикуляр бағытта орналасса, онда көлденең азимуттық проекция болады. Бұл үнемі жарты шар карталары үшін қолданылады (3,8 в сурет). Ал егер жобалау экватор жазықтығының кез келген бұрышында орналасқан көмекші жазықтықтың жанамасына жүргізілген болса, онда қиғаш азимуттық проекцияны аламыз (3,8 г сурет).
3.8. сурет. Азимуттық проекциялар:
а-жазықтықтағы әдеттегі немесе полярлы проекциялар; б- поляр проекциясындағы тор; в – көлденең немесе экватордың проекциясындағы тор; г – қиғаш азимуттық проекциядағы тор
Азимуттық проекциялардың арасынан шардың жазықтыққа түсірілуі кезіндегі олардың нүктелерінің орналасуы бойынша әртүрлі түрлерге ажыратылады (3.9. сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |