Iii тарау Карталардың математикалық негізі


Проекциялардың бұрмалану сипатына бойынша жіктелуі



бет4/14
Дата20.02.2023
өлшемі7,98 Mb.
#169406
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
3 Тарау
Документ (6), Документ (6)
3.4. Проекциялардың бұрмалану сипатына бойынша жіктелуі
Тең шамалы проекцияларбұрмаланушылық жоқ аудандарды сақтайды. Бұндай проекциялар нысандардың ауданын өлшеуге қолайлы болып келеді. Алайда оларда бұрыштар мен пішіндер айтарлықтай бұзылады, бұл көрініс, әсіресе, үлкен аумақты жерлерде қатты байқалады. Мысалы, дүниежүзі картасында (3.5, а сурет) полярляқ аудандардағы облыстар қатты майыстырылған болып көрінеді.
Тең бұрыштық проекциялар картада көрсетілген контурдың пішінін де, бұрышын да бұрмаланушылықсыз қалдырады (кезінде мұндай проекцияларды конформды проекциялар деп атаған). Мұндай проекциялардағы элементар шеңберлер әрқашан да шеңбер болып қала береді, тек қана оның көлемі қатты өзгереді (3.5, в сурет). Бұл проекциялар берілген азимут бойынша аралық маршруттар мен бағыттарды анықтауға өте қолайлы. Сондықтан бұл карталарды көбінесе навигация картасында қолданады. Алайда тең бұрыштық проекцияларға қалдырылған карталар ауданның едәуір бұрмаланушылығына ұшырайды.
Тең аралық проекциялар ұзындық масштабы негізгі бағытының біреуі бойынша тұрақты және әдетте картаның басты масштабына тең болып келетін еркін проекциялар. Сәйкесінше, проекциялар меридиан бойынша тең аралықбұл проекцияларда меридиан бойынша бұрмаланушылық болмайды және параллель бойынша тең аралықмұнда параллель бойынша масштаб тұрақты күйін сақтайды болып екіге ажыратылады. Бұл проекцияларда аудан мен бұрыштардың бұрмаланушылығы болады, бірақ олар өзара теңесіп отырады (3.5, б сурет).
Еркін проекциялареркін қатынаста ауданы да, бұрышы да ( пішіні) бұрмаланушылық процесіне ұшырайтын қалған барлық проекциялар. Оларды құрастыру барысында әр нақты бұрмаланушылық жағдайлар үшін ең тиімді шарттарды табуға тырысады. Айталық, картаның орталық бөлігіндегі өте аз бұрмаланушылыққа ұшыраған проекцияларды таңдайды, яғни, шетке қарай сығылған және созылған проекцияларды ескермейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет