Iii тарау Карталардың математикалық негізі



бет14/14
Дата20.02.2023
өлшемі7,98 Mb.
#169406
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
3 Тарау
Документ (6), Документ (6)
3.10. Компоновка
Картографиялық суретті, карта атауын, легенданы және басқа да мағлұматтарды карта парағына (рамка ішінде немесе жазықтықтарға) сәйкесінше орналастыру карта компоновкасы деп аталады. Егер картаның барлық элементтері ойға қонымды, айтарлықтай ықшам,ретпен әрі оларды пайдалану қолайлы (бір сөзбен айтқанда карта парағының кеңістігі оңтайлы ұйымдастырылған) болса компоновка сәтті деп есептелінеді.
Жақсы компоновканы таңдау әрқашан да оңай бола бермейді, ол кейбір дизайнерлік тәжірибелерді және көркемөнерлік талғамды талап етеді. Яғни төмендегідей көптеген факторларды ескеруге тұра келеді. Мысалы, картаның проекциясы мен масштабы,суреттелетін аумақтың пішіні (акватория) және оның рамка ішіндегі бағыттамасы, көрші аумақтарды көрсету қажеттілігі, легенданың көлемі, диаграммалар, қосымша графиктерді орналастыру.
Әсірсесе күрделі ықшам емес конфигурациялы аумақты картографиялау кезінде көптеген мәселелер туындайды. Сонда аумақтың жойылған бөлігі кірістіруде көрсетілуі мүмкін (мысалы, Ресейдің еуропалық бөлігі картасында көбіне Жаңа Жердің алыста қалып кеткен аралдарын орналастырады). Құбылмалы компоновкалар да кездеседі. Бір парақта рамкасыз бірнеше территорияларды (немесе бір территорияны бірнеше рет) орналастырады. Территорияның конфигурациясына қарай рамка ішінде карта атауы, легенда, масштаб үшін бос орын таңдайды немесе оларды рамка сыртына шығарады. Жалпы дизайнерлік әрлеу нұсқаларының түрлері көп. Әртүрлі компоновкалардың үлгілері 3.22 -суретте көрсетілген.



3.19-сурет. Бір парақты карталардың компоновка үлгілері.


а - рамка ішінде картографиялық сурет, легенда, масштаб пен карта атауын орналастыру (Коми Республикасы ); б – кірістіру картасын рамка ішіне, ал масштаб пен шығыс деректерін оңтүстіктегі рамка сыртына орналастыру (Италия); в – суреттің қисық компоновкасы (Жапония); г – рамканы жарып сыртқа шығатын территориялар (Африка); д – картаның «құбылмалы» компоновкасы (Түмен облысы)

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет