Шарды салыстырмалы түрде жобалау кезіндегі нүктелердің орындары
Азимуттық проекциялардың атаулары
Ортасында
Гномалық
Диаметрдің қарама-қарсы соңында
Стереографалық
Диаметрдің шардан тыс жалғасында
Сыртқы
Шексіздікте
Ортографалық
3.9 сурет.Азимуттық проекциялар үшін центрдің орналасуын жобалау
3.10 сурет.Әртүрлі картографиялық проекциялардағы меридиандар мен параллельдер торларының түрлері
Шартты проекциялар – жай геометриялық аналогтарды таңдап коюға келмейтін проекциялар. Оларды белгілі бер берілген шарттар бойынша құрастырады, мысалы, географиялық тордың таңдалған түрі, картада бұрмаланулардың жіктелуі және т.б. Көбіне шартты проекциялар құрамына жалған цилиндрлік, жалған конустық, жалған азимуттық және бір немесе бірнеше проекцияларды құрастыру барысында алынған басқа да проекциялар жатады. 3.10 суретте жоғарыда сипатталып кеткен тор түрлері мен кейбір шартты проекцияларға салыстыру көрсетілген.
Жалғанцилиндрлік проекциялар – параллельдері – түзу (әдеттегі цилиндрлік проекциялардағыдай) болатын, орта меридианы – оларға перпендикуляр болатын түзуі , ал қалған меридиандары – орта меридианнан әрі қисықтығы жоғарылайтын қисық сызықтары бар проекцияларды атайды. Сонымен қатар, ортаңғы меридиан проекцияның симметрия осі болып табылады. Псевдоцилиндрлік проекциялар негізінен бүкіл Жер бетін немесе оның маңызды бөліктерін шағын масштабта көрсету үшін қолданылады. Сондықтан жер беті R радиусы бар шардың беті ретінде қабылданады. Бұл проекцияларда симметрияның екі осі бар – экватор және қалыпты тордың ортаңғы меридианы. Қиғаш және көлденең псевдоцилиндрлік проекциялар сирек қолданылады. Көбіне бұл проекцияларды Дүниежүзі картасы мен Тынық мұхиты картасына қолданады.