Жартышарлар карталары әрқашан азимуттық проекцияларда құрастырады. Батыс және Шығыс жарты шарлар үшін әрине көлденең (экваторлық), Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлар үшін – әдеттегі (полярлық) проекциялар (3.14-сурет), ал басқа жағдайларда (мысалы, материктік және мұхиттық жарты шарлар үшін) – қиғаш азимуттық проекциялар алынады.
Материктер карталары. Еуропа, Азия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия мен Мұхиттық аралдардың карталарында көбінесе тең шамалы қиғаш азимуттық проекцияларды құрастырады, ал Африка үшін көлденең, ал Антарктида үшін – әдеттегі азимуттық проекцияларды пайдаланады.
Ресей карталарын жалпы алғанда әдеттегі конустық (қиғаш конуспен) тең аралықты проекцияларда құрастырады. Бірақ, кейбір ерекше жағдайларда поликонустық, еркін проекция және т.б. проекциялар қолданылады.
3.15-суретте конустық проекцияның ең жиі қолданылатын торы көрсетілген, дегенмен ол кейбір жағдайларда ыңғайсыздау болады. Мысалы, бастауыш мектептің картасы проекциясында Ресейдің ең солтүстік нүктесі солтүстік рамкаға жақын орналасуы, ал Қара теңіз картаның батыс рамкасы маңында емес оңтүстікте орналасуы тиіс.
3.13 –сурет. Дүние жүзі карталары үшін проекция мысалдары.
а – Меркатордың цилиндрлік проекциясы; б – Мольвейденің жалған цилиндрлік проекциясы
Жекелеген елдердің, әкімшілік облыстардың, провинциялардың, штаттардың карталарын қисық тең бұрышты және тең шамалас конустық немесе азимуттық проекцияларда жасайды, дегенмен көп нәрсе аумақтың конфигурациясына және оның Жер шарындағы орнына байланысты болады. Ауданы онша үлкен болмаған аумақтар үшін проекция таңдау өз маңызын жоғалтады. Себебі, ұсақ территориялардағы бұрмаланулар бәрібір байқалмайтын болғандықтан тең бұрышты әртүрлі проекцияларды пайдалануға болады.
Ресейдің топографиялық карталарын Гаусс-Крюгердің көлденең цилиндрлік проекциясына сәйкес, ал АҚШ және т.б. көптеген батыс елдерді Меркатордың әмбебап көлденең цилиндрлік проекциясында (қысқартылған UTM ) жасайды. Екі проекция да өз қасиеттері бойынша ұқсас, екеуі де полюсті болып табылады.
3.14-сурет. Жарты шарлар карталары үшін қолданылатын проекциялар:
а – Шығыс жарты шар үшін қолданылатын көлденең азимуттық ортографиялық проекция; б – Солтүстік жарты шар үшін қолданылатын
Постельдің әдеттегі тең аралықты проекциясы
3.15-сурет. Ресей мен іргелес жатқан мемлекеттердің карталары үшін қолданылатын проекциялар: а – Каврайдың әдеттегі тең аралықты проекциясы; б – Соловьевтің көлденең цилиндрлік проекциясы. Екі торда да аумақтардың бұрмалану сызықтары көрсетілген.