Iii тарау Карталардың математикалық негізі



бет9/14
Дата20.02.2023
өлшемі7,98 Mb.
#169406
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
3 Тарау

3.6. Проекцияны таңдау
Проекцияны таңдауға келесідей топтастыруға болатын көптеген факторлар әсер етеді:

Факторлардың алғашқы үш тобы басында беріледі, ал төртіншісі соларға тәуелді болады. Мысалы, орта мектеп үшін Ресейдің қабырғалық картасы жасалынады деп көрсетілген. Демек, территория орта ендікте орналасқан, картаның масштабы 1:4 000 000 – 1: 5 000 0000 –нан кем емес, картада өлшемдер жүргізілмейді, дегенмен пішіндер мен аудандарда көп бұрмаланулар болмағаны абзал. Қосымша шарттар болмаған жағдайда көбіне тең аралықты конустық проекциялардың бірі таңдалынады. Егер, навигацияға арналған карта құрастырылса, онда оған Меркатордың тең бұрышты цилиндрлік проекциясы қоданылуы тиіс. Егер, Антарктида картографияланса, онда полярлық азимуттық проекция және т.б. алынуы мүмкін.
Аталған факторлардың маңызы әртүрлі болуы мүмкін: кейбір жағдайларда бірінші орынға көрнекілік (мысалы, мектептің қабырға картасы), басқасында – картаны пайдалану ерекшеліктері (навигация), үшіншісінде аумақтың Жер шарындағы орны (полярлық облыс) қойылады. Әртүрлі әдістердің болуына қарай проекцияның әтүрлі нұсқалары болуы мүмкін. Оған қоса таңдау еркі өте үлкен. Сонда да кейбір тәуірлеу әрі ең дәстүрлік проекцияларды атап көрсетуге болады.
Дүние жүзі карталарын әдетте цилиндрлік, жалған цилиндрлік және поликонустық проекцияларда құрастырады (3.13-сурет). Бұрмалануларды азайту үшін көбіне қима цилиндрлерді пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет