Дауалау шаралары 1.Мал шарушылықтарын сырттан енетiн ауру қоздырушысынан қорғау. 2. Аурудың сол өңiрдегi iндет ахуалын анықтау 3.Жануарларды күнделiктi қарап бақылау. 4.Шаруашылықтағы аналық жауарларды (10%) жылына 1 рет, ал асыл тұқымды аналық жануарларды 2 рет тексеру. 5.Бақылау мақсатымен тышқан тырып, оларға малды жолатпау. тектестердi аулап, тексеру. 6.Қауiп болса жануарларды вакциналау Арылу шаралары 1. Ауыруға шалдыққандарын анықтап оларды оқшаулап, емдеу,қалғандарын иммундеу. 2. Жануарларды бiр-бiрiмен араластырмай, тұрған қора-жайларында оқшаулап ұстау. 3. Жануарларды тек қана құдықтардан немесе су құбырымен келетiн сумен ғана суғару. 4. Өрiстегi ағыны жоқ көлшiк суларды ағызу шараларын тырып, оларға малды жолатпау. 5. Малды тек қана таулы немесеқыратты жерлерде бағып ұстау. 6.Iндет ошағында күнделiктi дезинфекция жасау. 7.Дератизация. Осы мақсаттармен жүргiзiлетiн арнайы шаралар мал дәрiгерлiк заң кiтаптарында көрсетiлген нұсқауларға, iндеттанулық талдауға, шаруашылықтың осы ауруған iндеттiк ахуалына сәйкес жоспарланады.Асыл тұқымды сиыр шаруашылықтарына аналық ядроны толықтыруға немесе табын құрауға тек қана микроагглютинация және агглютинация реакцияларымен лептоспирозға теріс нәтижелер берген індеттен сау пункттен ғана малдар әкелінуі қажет. Мұнымен қатар әкелінген мал 30 күн дауалық карантинде ұсталып, жұқпалы ауруларға тексеріледі. Лептоспироздың табиғи ошақтылығы ескеріліп, жануарлармен қатар кемірушілер және ашық су қоймалары ауру қоздырушысына бактериологиялық зерттелуі керек. Мал жайылымдарда артизиан құдықтарының суларымен немесе жер астынан алынған су құбырларынан суғарылуы қажет.
Ауески ауруы – жіті өтетін, өкпе қабынған, орталық жүйке жүйесі зақымданған, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі қышынған белгілерімен ерекшеленетін жұқпалы ауру.