Лептоспирозды балауға:iндеттанулық, клиникалық, патологиялық-анотомиялық және лабораториялық әдiстер қолданылады. Індеттанулық талдау жүргiзгенде лептоспироздың табиғи тұйықтылығы жайылымдардағы ағыны жоқ көлшiк сулар, сол өңiрдегi тiршiлiк ететiн аңдар, тышқан тектестер арқылы сақталып, олардың жануарларға таралытыны ескерiлiп: мал өрiстерi, суаттары тексерiледi. Доңыз қораларында iндет көбiнесе тышқан тектес кемiрушiлер арқылы таралатынына байланысты оларға қарсы жүргiзiлетiн арнайы шаралардың орындалуына, ферманың санитариялық жағдайына көңiл бөлiнедi. Шаруашылық орналасқан елдi-мекендерде адамдардың лептоспирозбен ауырғандығы жайындағы деректер анықталады. Лептоспирозда кездесетiн клиникалық белгiлер (iш тастау, терiнiң нейкроздануы, төлдердiң өлi тууы, т.б.) басқа да жұқпалы ауруларда байқалады. Төлдерде iндеттiң жiтi өршiп жүруiне байланысты, ауруға тән белгiлер (несебiнiң қызарғаны, сiлекей қабықтарының сарғайғаны) айқын көрiнедi. П а т а н а т о м и я л ы қ өзгерiстер iшкi ағзаларда, әсiресе бауыр мен бүйректе айрықша байқалады. Лептоспироздан ада шаруашылықтарда, жануарлар арасында iндетке тән болжамдар байқалса, аурудың түбегейлi балауын қоюда лаборатоториялық зерттеу шешушi роль атқарады.Лабароториялық талдау: материал алудан, оларды микроскопиялаудан, лептоспирлердiң таза өсiндiсiн арнайы қоректiк ортадабөлiп алудан, биологиялық сынамадан және серологиялық әдiстердi қолданудан тұрады. Лабораториялық зерттеуге жануарлардың қаны, несебi, ұсақ жануарлардың толық өлексесi, түсiгi, ал iрi малдың өлексесiнiң немесе түсiгiнiң iшкi ағзаларының кесiндiлерi, бүйрегi, қуығы, көкiрек, құрсақ қуыстарындағы, жүрек қабындағы транссудат және жұлын сұйығы алынады. Материалдарды алу тәртiптерi: н е с е п, мал ерiктi түрде зәр шығарғанда немесе стерильденген катетр арқылы қуықтан алынады. Қ а н, бактериологиялық зерттеуге аурудың бастапқы күндерi (5-8 тәулiктен кейiн) iшiнде 1,5%-ды лимонды қышқыл натрий ерiтiндiсi бар пробиркаға алынады. Серологиялық зерттеуге арналып алынған жануар- лардың қан сарысулары құрғақ бор қышқылымен консервацияланады (консервантты, қан сарысуына қанықан ерiтiндi түзiлгенше қосу қажет) немесе сорғыш қағазға кептiрiп жiберiледi. Лептоспирозды серологиялық зерттеу облыстың малдәрiгерлiк лабораторияларында жүргiзулерiне байланысты, шаруашылық бұл мекемелерден шалғай жерлерде орналасқан жағдайда қан сарысуын кептiрiп жiберген қолайлы. Ол үшiн 3-5 тамшы қан сарысуы ақ сорғыш қағазға (көлемi 5х5 см2 ) тамызылып қалыпты температурада (15-370С) кептiрiледi. Қан сарысуы кептiрiлген сорғыш қағаз жолдама қағазбен бiрге конвертке салынып жiберiледi. Кептiрiлген қан сарысуы бiр айға дейiн зерттеуге жарамды. Б ү й р е к, жарылмаған бойында; қуық iшiндегi несебiмен бiрге; iрi мал түсiгiнiң ұлтабары (соңғы екеуiнiң ұштары байланады) пергамент немесе целофан қағазға оралады. Т р а н с с у д а т ж ә н е ж ұ л ы н н ы ң с ұ й ы ғ ы, пiсек арқылы сорылып алынып, стерильденген пробиркаға немесе Пастер түтiгiне құйылады. Бiрiншiсiнiң аузы тығындалып, екiншiсiнiкi дәнекерленiп жiберiледi. С у, мал өрiстерiндегi көлшiктерден 1,5-2 л мөлшерiнде тығыны бар шыны ыдысқа алынады. Несеп және патологиялық материал жаз айларында алты сағат, қыс айларында (салқын жерде сақталса) 10-12 сағат аралықтарында алынып зерттелуi тиiс. Алынған материалдарға жолдама қағаз толтырылғанда мiндеттi түрде жануарлардың өлгеннен кейiнгi материал алынған уақыты көрсетiлуi керек.
Ажыратып балау үшін әсіресе, шошқада лептоспира алып жүру жиі байқлатынын, ал қанында антидене бар жануарлардың басқа аурудан да өлетінін ескеру қажет. Сиыр, қой-ешкіде лептоспирозды бруцеллезден, кампилобактериоздан, қатерлі қызбадан, пироплазмоздан листериоздан, вирустық пневмоэнтериттен, ал шошқа бруцеллез, сальмонеллез, тілме, оба, дизентериядан, микотоксикоздардан, белок, витамин және минералды заттардың жетіспеушілігінен болатын аурулардан ажырату керек. Жылқыда делбеден, ит пен терісі бағалы аңдарда оба, жұқпалы гепатит, вирустық энтерит және сальмонеллезден ажырату керек.