Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары вт-29(3ж) Лептоспирозды, Ауескиді, Пастереллездi және Шешектi балау,дауалау және одан арылу шаралары


Дауалау және олардан арылу жолдары



бет9/9
Дата07.02.2022
өлшемі28,94 Kb.
#84048
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Індеттану

Дауалау және олардан арылу жолдары.
Дауалау шаралары
1.Шарушылыққа,сырттан қабылданған жануарлар мен құсты дауалық карантиндеу.
2.Сырттан қауiп төнсе жануар- мен құсты вакциналау (әсіресе,көршi мемлекеттермен шекаралас аймақтарда).
3.Адамдарды шешекке қарсы еккеннен кейiн, 15 күн мал күтуден босату
Арылу шаралары
1.Шешекке шалдыққан жануарлардың түрлерiне байланысты карантин немесе шектеу жариялау.
2.Ауруға шалдыққандарын сауларынан оқшаулап күтiмге алып, емдеу.
3.Сауларын арнайы вакцинамен иммундеу
4.Ауруға шалдыққан: қой, ешкi, доңызды малдәрiгердiң рұқсатымен ғана сою.
5.Қора-жайды күйдiргiш натрийдiң 2%-ды немесе жаңа шыланған ә ктiң 10-20%ды, болмаса формальдегидтiң 2%-ды ерітiндiсiмен дезинфекциялау.
Қой мен доңыз шешегiне қарсы жүргiзiлетiн арнайы шаралар малдәрiгерлiк заң кiтаптарындағы нұсқауларда көрсетiлген. Басқа жануарлар мен құстардың шешегiне қарсы дауалау және арылу шаралары сол елдi мекендердiң табиғи ерекшеліктерiне байланысты, iндеттанулық талдауға сәйкес жүйелi түрде жүргiзiледi.
Шешектің алдын алу үшін ветеринариялық-санитариялық шараларды қатаң сақтау қажет. Жаңадан әкелінген малды карантинде ұстап, алысқа айдағанда басқа малмен жанасуына жол бермеу керек, шешек егілген адамның 14 күнге дейін малды күтіп, жанасуына болмайды. Сау емес шаруашылықта барлық мал егілуі тиіс. Құс өсіретін шаруашылықтарда жаңадан әкелінген құс 30 күн карантинде болады. Шешек байқалған қой, ешкі, түйе, құс өсірілетін шаруашылықтарда карантин, ал сиыр, шошқа, жылқы және басқа мал түліктерін өсіретін шаруашылықтарға шектеу қойылды.
Ауырған және күдікті жануаларды бөліп алып емдейді. Клиникалық тұрғыдан сау қой мен ешкіні басқа қораға әкетеді, егер жайылымда болса жайылымын ауыстырады да, шешекке қарсы вакцинамен егеді. Қораны 3 күйдіргіш натрий ерітіндісімен немесе 20 жаңадан сөндірілген әк тұнбасымен дезинфекциялайды. Шешектен өлген қой, ешкі, түйенің өлексесін терісімен, жүнімен бірге өртейді. Сау емес отардан алынған сүтті 80 С кезінде 30мин пастерлеп немесе 5 мин қайнатып шаруашылықтың өзінде ғана пайдаланады. Аталған түліктердің шешегі байқалған шаруашылықтың төңірегі қатер төнген аймақ деп есептеліп, індет ошағы жойылғаннан кейін де 3 жыл бойы сақтық вакцинациалау жүргізіледі. Сиыр, шошқа, жылқыда шешек байқлғанда індеттің кең таралуы сыңайы болғанда ғана вакцина егеді. Карантин шешекпен ауырған соңғы қой, ешкі немесе түйе толық жазылған соң болмаса өлген немесе сойылған соң 20 күн өткенде алынады. Карантин алғанда қорытынд дезинфекция жасалып, жануарлардың үстері зарарсыздандырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет