Дауалау шаралары 1. Аналық табындарды тек қана бұл iндеттен ада шаруашылықтан алынған жануарлармен немесе өз төлiмен ғана толықтыру. 2.Сырттан қабылданған жануарларды карантиндеу. 3. Ет қоректiлерге ерiксiз сойылған сойып,еттерiн патологиялық жануарлардың етiн, ағзаларын қайнатып беру. 4. Фермаға иесiз ит пен мысықты жолатпау. 5.Қораларда, азық қоймаларында тышқан тектестерді жою 6. Ауру шығатын қауiп болса жануарларды вакциналау. 7.Дезинфекция, дератизация. Арылу шаралары 1. Карантин қою. Ауруын,сауларынын оқшаулапгипериммунды қансары-суымен, симптоматикалық дәрiлермен емдеу. 2. Сауларын вакциналау. 3.Емдеуге жарамсыздарын сойып,еттерiн патологиялық өзгерістер болмаса қайнатып қолдану. 4. Жануарлардың қиын зарарсыздандыру. 5. Сүттi пастерлизациялап немесе қайнатып қолдану. 6. Өлексенi, ерiксiз сойылған жануарлардың iшкi ағзаларын жою. Д а у а л а у және і н д е т о ш а ғ ы н а н а р ы л у ш а р а л а р ы. Дауалау шараларын шаруашылық фермаларында ғана емес, сонымен қатар
синантропты ауру қоздырушысын жасырын тасымалдаушылар антропургиялық ошақтар тудыра алатын ауқымды, яғни қатер төнген аймақта да
жүргізу қажет. Доңыз шаруашылықтарында вирус тасымалдаушыларды
биологиялық сынамалар арқылы (теңіз тышқаны, қояндар), ал жануарларды
серологиялық әдістер арқылы анықтайды.
Дауалау шараларында жазғы айларда доңыздарды лагерлік жағдайда
ұстау, фермалардағы объектілерді дезинфекциялау, санациялау, дератизация
жұмыстарын жүргізу, жануарларды індеттің шығуына қатер төнген жағдайда
арнайы вакциналарымен егу маңызды роль атқарады.
Сондықтан жоспар құрғанда үй жануарларымен қатар жабайы
жануарлардың (соның ішінде кемірушілердің) популяциясы (әсіресе доңыз
фермаларына байланысты) ескерілуі қажет. Ауески ауруында еріксіз сойылған доңыз ұшасы температуралық режимдерде өңделіп қолданылады. Бұл ауруда доңыз терісі сыпырылмай, үйітілуі қажет.