Шешек ( Variola, оспа) – дененің ыстығы көтеріліп, тері мен кілегейлі қабықтарда күлдіреген бөртіктер пайда болуымен ерекшеленетін жұғымтал ауру. Қоздырушысы. Шешек вирустары ағылшынша шешек тұқымдастығының тұқым тармағына жатады. Бұл вирустар 6 туыстыққа бөлінеді. Олар: ортопоксвирустар, парапоксвирустар, авипоксвирустар, каприпоксвирустар, лепорипоксвирустар және суипоксвирустар.
Ш е ш е к т i б а л а у. Iндет алғаш рет орын алған шаруашылықта аурудың түбегейлi балауы iндеттанулық, клиникалық, лабораториялық әдiстердi жүйелi түрде қолдану арқылы қойылады. I н д е т т а н у л ы қ т а л д а у жүргiзгенде шешектiң жануарлар мен құстардағы таралу ерекшелiктерiне мән берiледi. Мысалы, iндет сиыр малы арасында байқалса, адамдардың вакцинамен егiлгендiгi анықталады. Доңыз бен құстың шешегi жәндiктер арқылы таралатындығы ескерiледi. К л и н и к а л ы қ б е л г i л е р i арқылы шешектiң классикалық түрiн балау көп қиындық тудырмайды. Вирус эпителитропты, ауруға тән белгілер бірнеше сатыда байқалады. Кілегей қабықтары мен теріде алдымен 1-2 күн ішінде 1) розеолдар (қызарған дақтар); 1-3 күн аралығында; 2) папулалар (қызыл дақтардың түйіндерге айналуы); 5-6 күнде сарысуға толған; 3) күлдіреуіктер пайда болады (бұл сатыда дененің безгектенуі бәсеңсиді); келесі 3 күн ішінде күлдіреуіктегі сарысу іріңге айналады (визикула-пустула сатысы); 4) круст – кепкен пустуланың орнына қабыршықтар түзіліп, эпителий қалпына келеді. Ал өте терең жарақаттанғанда тыртық пайда болып,қабыршықтар түседі. Шешектің мұндай сатылары адамда, сиырда, жылқыда айқын байқалады. Ал қой мен доңызда көпшілік жағдайда визикула-папула сатылары байқалмай, бірден қабыршықтанады. Бұл ерекшеліктер қой-ешкі, доңыз шешегін балауды қиындатады. Iндеттен сау шаруашылықтарда шешекке тән болжамдар байқалған жағдайда, аурудың түбегейлi балауы лабораториялық әдiстердi қолдану арқылы расталынады. Л а б о р а т о р и я л ы қ з е р т т е у: вирусскопиядан, биологиялық сынама қоюдан және патологиялық материалды арнайы торшалар өсініне немесе тауықтың эмбрионына жұқтырудан (вирустың түрiне байланысты) тұрады.
Ажыратып балау.Сиырда аусылдан, везикулалық стоматиттен, жем-шөптен болатын бөріткеннен ажырату керек.