Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары вт-29(3ж) Лептоспирозды, Ауескиді, Пастереллездi және Шешектi балау,дауалау және одан арылу шаралары



бет4/9
Дата07.02.2022
өлшемі28,94 Kb.
#84048
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Індеттану

ҚоздырушысыSuid (alpha) herpesvirus 1 - құрамында ДНҚ бар герпес вирустар тұқымдастығына жататын, торшаның ядросында көбейетін вирус.
Б а л а у ә д i с т е р i. Ауески ауруын клиникалық белгiлері арқылы балау көп қиындық тудырмайды. Ауруға шалдыққан жануарлардың барлық түрiнен орталық жүйке жүйесiнiң зақымданғанынан туындайтын клиникалық белгiлер байқалады. Сондықтан оны жалған құтырық, жұқпалы салдану,қышымалы оба, қышымалы құтырық деген қосалқы атаулармен атаған.Ауески ауруы көп жағдайда басқа жұқпалы аурулармен қабаттаса жүредi.Сондықтан аурудан ада шаруашылықтарда оның түбегейлi балауы iндеттанулық, клиникалық, лабораториялық әдiстердi жүйелi түрде қолдану арқылы қойылады.I н д е т т а н у л ы қ б а л а у. Iндеттанулық талдау жүргiзгенде алдымен iндет процесiнiң бастауын анықтауға баса назар аударылады.Iндеттiң доңыздар арасында басталып, олардан басқа малдарға жұғатыныескерiлiп, шаруашылыққа сырттан доңыздың немесе оның өнiмдерiнiң азықретiнде алынғандығы анықталады. Алынбаған жағдайда доңыз қораларындағы Ауески вирусын денелерiнде жасырын алып жүрген доңыздар әртүрлi стресс факторлардың әсерiнен өздiгiнен аурудың жiтi, жұғымтал түрiмен ауырып, iндеттiң таралуына себепкер болатыны ескерiлiп, шаруашылықтың аурудан бұрынғы жылдардағы iндет ахуалы анықталады. Iндеттанулық талдау барысында тағы бiр ескерiлетiн жәйт, iндет етекалған доңыз қорадан тышқан тектестердiң басқа қораларға қарай жаппайөрбуi және олардың өлекселерiнiң байқалуы (егеуқұйрық, тышқан өлекселерінде ауру қоздырушы вирус 170 күнге дейін сақталады). Сонымен қатарферма маңындағы ит пен мысықтың қышынып ауыра бастауы назарға алынады.Ауески ауруынан сау емес шаруашылықтардан жеммен бiрге тышқандардың өлекселерi әкелiнiп, солар арқылы да iндеттiң таралуы мүмкiн.К л и н и к а л ы қ б а л а у. Ауруға тән негiзгi клиникалық белгi -қышыну, доңыздан басқа барлық жануарларда байқалады. Бiрақ бұл белгiнiңөзi iндеттiң бастапқы кезеңiнде ғана айқын көрiнедi. Сонымен қатар,клиникалық бегiлер жануарлардың түрiне, жасына, жұғу жолдарына байланысты да әр түрлi болады.Мысалы, вирус құрсақта жұққан торайлар туғаннан кейiн септикалықтүрде ауырып, 4-12 сағат аралығында шығынға ұшырайды.П а т а н а т о м и я л ы қ өзгерiстер Ауески ауруында айқын байқалмайды.Л а б о р а т о р и я л ы қ з е р т т е у: патологиялық материалдарды арнайы торша өсініне жұқтырудан, биологиялық сынамадан, НР, ИФР, ДПР,КБР, ИФТ қоюдан тұрады.
Ажыратып балау. Барлық түліктерде құтырықтан, шошқада обадан, сальмонеллез, колибактериоз, листериоз, тұмау, Тешен ауруы, пастереллез, ас тұзынан улану, авитаминоз, әр түрлі менингиттер мен энцефалиттен ажырату қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет