Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары вт-29(3ж) Лептоспирозды, Ауескиді, Пастереллездi және Шешектi балау,дауалау және одан арылу шаралары



бет6/9
Дата07.02.2022
өлшемі28,94 Kb.
#84048
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Індеттану

Пастереллез (Pasteurellosis)– жіті өткенде өлітиюдің белгілерімен, ал жітілеу және созылмалы кезінде негізінен өкпенің қабынуымен ерекшеленетін сүтқоректілер мен құстардың көптеген түрлері ұшырайтын жұқпалы ауру.

Қоздырушысы- Pasteurella multocida – оншақты ірі емес, грамтерс, қозғалмайтын, спора түзбейтін жеке-жеке, кейде жұпталып, сирегірек қысқа тізбек түрінде орналасатын бактерия.
Б а л а у ә д i с т е р i. Пастереллез көп жағдайда басқа аурулармен қабаттасып жүредi. Сондықтан, оны балауға iндеттанулық, клиникалық,патанатомиялық, бактериологиялық әдiстердi жүйелi түрде қолдану қажет.I н д е т т а н у л ы қ б а л а у. Шаруашылыққа iндеттанулық талдау жүргiзгенде, пастереллез ауруын микроб тасмалдаушы инфекция ретiнде қарап, оның жануарлар арасында бой көрсетуiне организмнiң әртүрлi факторлардың (малды дұрыс азықтандырмау, ұзақ жолдарға демалыссыз айдау, ауа райы қолайсыз күндерi жануарларды тірі вакциналармен егу, т.б.) әсерiнен әлсiреуi себеп болатыны ескерiледi. Сонымен қатар, бұл аурудың жас төлдерге кәрi мал арқылы таралатыны назарға алынып, олардың жайылымдағы, суаттардағы, қора-жайдағы қатынастары және де шаруашылыққа сырттан малдың қабылданғаны анықталынады. Пастереллездiң жiтi түрiнiң к л и н и к а л ы қ б е л г i л е р i, оның әрқилы формасына (iсiнген, кеуде, iшек) сәйкес байқалады. Ауруға тән п а т а н а т о м и я л ы қ өзгерiстер iшкi ағзаларда айқын көрiнедi. Пастереллездiң формаларына байланысты өкпеде, iшекте, бүйректе, жүрек эпикардында нүктелер түрiндегі жаппай қанталаулар терi асты клетчаткасының жылауықтануы анықталады. Жануарлар мен құста пастереллезге тән болжамдар байқалатын болса, аурудың түбегейлi балауын қоюға бактериологиялық зерттеу шешушi роль атқарады. Б а к т е р и о л о гиялық з е р т е у. Паталогиялық материал ретiндезерттеуге төлдердiң өлекселерi бүтiн күйiнде, ал iрi жануарлар өлекселерiнiңжарақаттанған iшкi ағзаларының (өкпелерiнiң, қара көк бауырларының, бүйректерiнiң, жүрегiнiң) кесiндiлерi, қуыс сүйек, жылауықтанған терi асты клетчаткасы алынады. Паталогиялық материал жануарлар өлгеннен кейiн 5сағат iшiнде алынып, зерттелуi шарт.П а с т е р е л л е з д i ң т ү б е г е й л i б а л а у ы Романовский -Гимза немесе Муромцев (немесе Леффлер көгiмен) әдiстерiмен жағындылардан екi ұшы айқын боялып көрiнетiн сопақша формалы бактериялардың анықталып, еттi-пептон агары мен сорпасынан биохимиялық қасиеттерi бойынша пастереллезге тән өсiндердiң бөлiнiп алынуымен және олардың вируленттігiнің анықталуымен (биологиялық сынама қойылып) расталынады.

Ажырытып балау. Сақа ірі-қарада топалаңмен иен қарасаннан және пироплазмаздан, ал төлде стафилококты және стрептакокты инфекциялардан, сасальмонеллезден, колибактериоздан, вирустық пневмоэнтериттерден. Қойда топалаңнан, пироплазмоздан, секірпе мен жыбырлақтан ажырату керек. Шошқада пастереллезді обадан, тілмеден, сальмонеллезден, ал тауықта Ньюкасл ауруынан, микоплазмоздан, жұқпалы ларинготрахеиттен, спирохетоздан ажырату қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет