Он бірінші апта
№11 дәрістің тақырыбы: Үстеу, үстеу сөзжасамы
Терминдер мен анықтамалар
Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгісін, жүзеге асу амал-тәсілін, мекенін, себебін, мезгілін, жай-күйін білдіретін және грамматикалық тұлғалармен түрленбейтін сөздер.
Құрамы жағынан түбір және қосымшаға бөлшектеуге келмейтін сөздер негізгі үстеулер деп аталады.
Басқа сөз таптарынан сөзжасам жұрнақтарының жалғануы арқылы, кейбір септік жалғауларының көнеленуі, яғни түбірге сіңісіп кетуі арқылы жасалған сөздер туынды түбір үстеулер деп аталады.
Бірнеше түбірдің кірігуі, бірігуі, қосарлануы, тіркесуі, тұрақтануы арқылы жасалған сөздер күрделі түбір үстеулер деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |