Түзете- дамыта оқытудың қағидалары және оларды іске асырудың тиімді жолдары
Ерекше білім алатын оқушылардың тұлғалық дамуына оқу материалын тиімді меңгеруге оңды болатын жағдайлар жасау сабақ беру процесінде түзете отырып санасын дамыту оқытудың негізгі мақсаты болып, жалпы ережелер мен дидактикалық қағидаларды ескере отырып іске асыруды талап етеді.
Оқушының өтілетін материалды қабылдай алу динамикасын дамытудың қағидасы:
Мұғалімнің міндеті: Оқыту күрделігін талдап, саралап оқушы белсенділігін басшылыққа ала отырып тапсырмалар құру. Оқушыға берілетін ақпаратты жан- жақты жүйелеп,ақпаратты талдау дағдыларын өзінің жеке тапсырмасын орындауда қолдана білуге бағытталуы керек. Сонда ғана балалардың тапсырманы орындау үшін қажетті шешім қабылдау және өз бетімен жолын іздеп табу механизмі қалыптасып дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |