Инклюзивті қолдау арқылы ерекше білім алуды қажет ететін балаларды кедергісіз ортаға кіріктірудің мазмұндық сипаты


Жалпы білім беретін мекемелердегі олигрофренопедагогтың қызметтік міндеттері



бет21/148
Дата07.02.2022
өлшемі16,35 Mb.
#93729
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   148
Байланысты:
Әдістемелік құрал 2019 (1)

Жалпы білім беретін мекемелердегі олигрофренопедагогтың қызметтік міндеттері:
Олигрофреногпедагог болып дефектологиялық білім ,«олигрофренопедагог» мамандығы бойынша қайта даярлықтан міндетті түрде өткен «орыс (қазақ) тілі мен әдебиеті мұғалімі», «бастауыш сыныптарының мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары білім бар тұлғалар тағайындалады.
Олигофрения –бұл ақыл-ой сана және психикалық түрдегі дамымаушылық. Орталық жүйке жүйесі қызметінің зақымдануының нәтижесінде балада ақыл–ой, сананың баяулығы байқалады, бұл ең алдымен бас миының дамымауы болып саналады.
Олигрофренопедагог жалпы білім беретін мекемелері мұғалімдері үшін белгіленген тәртіпке сай тағайындалады және жұмыстан босатылады.
Олигрофренопедагог балалардың сөйлеу бұзылыстарын уақытылы анықтауға, түзете оқыту арқылы ақыл-ойы баяу дамыған оқушылардың танымдық қызметтерінің және эмоционалдық ерік сфераларының,кемшіліктерінің алдын-алу сапасына жауап береді.
Олигрофренопедагогтың міндеті:

  1. Бұл ақыл-ойы және психикасы дамымаған балалар ерекше білім алуды қажет ететін болғандықтан арнайы бағдарламамен түзету шараларын ұйымдастырады.

  2. Қоғамдық ортаға балаларды бейімдей отырып, олардың өмірге, айналадағы ортаға үйлесімді көзқараспен қарауға деген сенімін қалыптастыру, еңбек дағдыларын меңгерте отырып, еңбек етуге тәрбиелеу, болашаққа сеніммен қарауға, қоршаған ортамен және адамдармен үйлесімді жағдай қарым-қатынасына келе білуге бағыттау болып табылады

  3. Баланың денелік дамуы, қарапайым түрдегі танымдық қызығушылығын қалыптастыруға көмек береді.

  4. Танымдық белсенділігін, білім және іскерлігін жинақтауға

адамгершілік-ерік әзірлігін қалыптастыру үшін дамыту шараларын ұйымдастырады

  1. Ақыл-ойы баяу мектеп оқушыларының танымдық қызметтерінің және эмоционалдық ерік сфераларының,кемшіліктерінің алдын-алу,

өнімді еңбекке қатысуға, қазіргі қоғам жағдайына әлеуметтік тұрғыдан бейімдеуге бағыттау болып саналады

  1. Тіл дамыту бойынша (қоршаған дүниемен айналамен таныстыру, заттармен таныстыру), арнайы ритмика сабақтары өтіледі.Жоғарғы сыныптарда әлеуметтік(тұрмыстық шаруашылығы) бағдарлау сабақтарын өткізеді

  2. Оқыту жұмысын ұйымдастыруда топтық және жекелей логопедиялық сабақтар, психомоторика және сенсорлық қабілеттерін дамыту, емдеу-сауықтыру комплекстерін мамандармен біріге отырып ұйымдастырады

  3. Балалардың бойында жағымды сапаларды айқындау, өзін және қоршаған ортаны дұрыс бағалай білуін , айналасындағыларға деген адамгершілік қарым-қатынас сезімдерін қалыптастыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет