ІҮ бөлім. Баяндамалар
1.Инклюзивті білім беру жағдайында логопедиялық жұмыстарды тиімді
ұйымдастыра білудің маңызы Ш.А.Тортбаева
2.Инклюзивті кіріктірілген білім беруді ұйымдастыруда кездесетін
кедергілер мен оны шешудің жолдары С.Е.Кумекбаева
Р.Т.Оржанова
Ү бөлім. Қорытынды
ҮІ бөлім. Пайдаланылған әдебиеттер
І бөлім .Жалпы білім беретін мектепке ерекше білім алушыларды кіріктіре отырып білім беру және арнайы түзету шаралары іс- тәжірибеде
Сөйлеу қабілетінде бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін түзетушілік - педагогикалық жұмыстар
Дайындаған: Логопед- мұғалім Тортбаева
Шакарбану Айдарбековна
Сөйлеу тілі бұзылуының түрлерін түзетумен және сауықтандырумен ойдағыдай айналысу үшін сөйлеу тілі бұзылуының белгілерінің симптоматикасын,себептерін және механизмін білу қажет.Бұл логопедия басқа ғылымдармен тығыз байланысты екендігін анықтайды.Олардың ішінен педагогиканы жалпы және арнайы педагогиканы, медицинаны, лингвистиканы атауға болады. Медицина ғылымының ішіндегі логопедиямен тығыз байланыстылары: патофизиология, анатомия, физиология және есту мен сөйлеу стилі мүшелерінің
патологиясы,олигофрения клиникасы,психопатология,педиатрия . Бұл ғылымдар, сау баланың даму заңдылығын зерттеумен бірге,баланың дене бітімі мен психикалық дамуының мөлшерден ауытқуын да зерттейді.
Сонымен И.И.Павловтың бірінші және екінші сиы жүйесінің өзара әсерлесіп әрекет жасауы туралы ілімі,шартты-рефлекторлық байланыстың қалыптасуының заңдылығы туралы, П.К.Анохинның функционалды жүйе туралы,психикалық міндеттің қозғалмалылығын жайылтпауы туралы,ілім және сөйлеу тілінің әрекеттері туралы осы заманғы нейропсихолингвистикалық ілімі логопедпияның психофизиологиялық табиғи ғылыми негізі болады.
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға берілетін оқу көрнекті болу керек.Балалармен оқуды суреттер,макеттер,сөйлеу тілін жаттықтыратын лотолар,әртүрлі ойыншықтар қолданып,ойын түрінде өткізеді.
Сөйлеу тілі құрамының негізгі бөліктері: дыбыстар, сөздіктер және грамматикалық құрылысы болады.Ауызекі сөйлеу тіліне диалогиялық және монологиялық деген екі тұлғасы кіреді.Диалогиялық сөйлеу тілі екі немесе бірнеше әңгімелесушілердің тікелей қатысуымен пайда болатын және негізінде кезектесіп сөйлеуден құралатын сөйлеу тілінің ең қарапайым тұлғасы.Монологиялық сөйлеу тілі дегеніміз- қағидалы жүйені дәйектілікпен бір кісінің байланыстыра баяндауы. Монологиялық сөйлеу тілінің ерекшелігі жүйелілікпен дәлелдеп сөйлеу, сөйлемнің грамматикалық құрылысын безендіре араластыру болады. Кемістігі бар тілде диалогиялыққа қарағанда монологиялық сөйлеу тілі көбірек бұзылады.
Баланың ең алдымен дұрыс айтуға оңай жеңіл дыбыстарды-дауысты және ерінді, ерінді-тіл аралық дауыссыз п,б,м,ф,в,,т,б дыбыстарды меңгереді.Ауыр жолмен пайда болатын ысқырып естілетін дыбыстарды,сонымен бірге Р-Л дыбыстарын айту өте қиынға түседі. Бала бұл дыбыстарды дұрыс айта алмайды. Сондықтан ол оларды кейде нашар ажыратылады. Оның себебі, баланың фонематикалық есіту қабілеті әлі жеткілікті дамығандығы.Мектепке барар алдында баланың тілінде мүкістік болмау керек, әйтпесе,ондай мүкістіктер баланың сауатын ашуға кедергісін тигізеді.
Сөйлеу тілі бұзылуының көпшілігін алдын ала ескертуге болады.Ол үшін баланың жалпы тірлігінің және сөйлеу тілінің тәртібінің, әр түрлі сырқаттардың асқындырмауын, оның сөйлеу тілінің дамуына қамқорлық жасауын, сөйлеу тілінің бұзылуына әкеп соғатындай шамадан артық салмақ салмауын қадағалау қажет. Ана мен баланың денсаулығын қорғау және логопедтің тіл кемістігінен алдын ала сақтандыру шараларын ұйымдастырудың да зор маңызы бар. Бұнда мектептегі және мектеп жасына дейінгі мекемелердегі тәрбиеленушілер мен педагогтар үлкен роль атқарады.
Сөйлеу тілі кемшілектерінің ең басты белгісін анықтау және оның бірыңғай педагогикалық амалды жүзеге асырудағы маңызын жете зерттеу негізіне осы топтастыруды Р.Е.Левина ұсынған. Осы топтастырудағы сөйлеу тілінің бұзылуы екі топқа бөлінеді:
Бірінші топ - қатынас құралының бұзылуы. Оған фонетикалық және фонетика-фонематика дамымауы мен жалпы сөйлеу тілінің дамымауы жатады. Сөйлеу тілінің фонетика-фонематика дамымауы тіл дыбыстарын айту және қабылдау ақаулықтарының салдарынан әр түрлі тіл кемістіктері бар балалардың ана тілінде сөйлеу жүйесінің бұзылуы.
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы(немесе жалпы тіл кемістігі) сөйлеу тіл жүйесінің дыбыс шығару және мағына жағына қарай барлық бөліктерінің компоненттерінің бұзылуынан болатын әр түрлі тіл кемістіктері. Бұл дамымау сөйлеу тілінің бүтіндей жоқ болуынан толық дамуына дейінгі дәрежеде байқалуы мүмкін, бірақ фонетикалық және лексика-грамматикалық дамымаудың нышаны сақталады.
Екінші топ - қатынас құралының қолдану кезіндегі бұзылуы.Ондай бұзылуға тұтықпа жатады.Сөйлеу тілінің жалпы толық дамымауы тұтықпа мен тіркесіп аралас қосылған кемістік те болуы мүмкін.
Клиникалық және психологиялық педагогикалық топтастырулар бір-біріне қайшы келмейді,керісінше өзара бірін -бірі толықтырады.
Қазіргі уақытта арнайы логопедиялық мекемелерге балаларды іріктеп жинақтауды және жалпы жұмыс барысында пайдалы ықпал жасаудың негізі ретінде сөйлеу тілі бұзылыстарын психологиялық - педагогикалық жолмен топтастыруды қолданады [17]
Достарыңызбен бөлісу: |