Әдебиеттер:
1. Білім заңы. Алматы, 2007 ж.
2. А. Иманбаева. Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру білгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000
Ағылшын тілі сабағында ойынның ролі
Д.Алимова, ҚазМемҚызПУ 3-курс студенті
Жетекшісі: магистр-оқытушы А.Н.Түгелбаева
Елбасы жолдауында кез – келген орта санатты мектептің балаларының ең жоғарғы деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек делінген. Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту, шет тілін меңгертудегі басты мақсат – білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру. Бұл үшін жетілдірілген әдіс шетел ғалымдарымы іс-тәжірибелерімен танысу қажет екендігі ешбір дау туғызбайтыны белгілі. 12 жылдық білім беру мазмұныны негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір суруге икемді, білімді, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оның болашақ кәсіби бағдарын айқындауына игі ықпал ету болып табылады. Бүгінгі күні елімізде 12 жылдық білім беруге көшу қызу пікірталас туғызуда, оқытудың жаңа жүйесіне көшу - әлемдік білім кеңістігіне енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе. 12 жылдық оқу мерзімінде оқытуда жалпы орта білім беру мазмұнында қазіргі білім беру салалары сақталады: тіл мен әдебиет. Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңстігіне біртіндеп өтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың ролі артады. Әрине, 12 жылдық білім беру жағдайында ағылшын тілін оқыту әдістемесінің бірі ойын элементтерімен іс-әрекеттер арқылы оқыту. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында болып табылады. Оқытудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта оқушылардың тілді үйренуіне ынтасы артып,сол тілді білуге қызығады. Оқушының шаршауын сейілтіп,қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады.Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді.
1.Алфавитті дұрыс меңгерту
2.Орфографияны дұрыс оқыту
3.Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру
4.Лексиканы меңгерту
5.Оқушылардың ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс білу дағдысын қалыптастыру. Оқушыларды шетел тілінде сөйлеуге қарым-қатынас жасауға шет тілін әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданылып, сабақты қызықты өтуге, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады.Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығына,тіл қорына сай болу керек. Мұғалім кез-келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс. Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады:
1.Ойынның өтілетін сабақтарының мазмұны мен тақырыбына сай болуы.
2.Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу.
3.Ойынның ойналу түрі топ болып ойнау.
4.Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы.
5.Қолданылған сөздер, сөз тіркестері,олең тыңдау
6.Ойындардың өту барысының жоспарын жасау.
Мұғалім алдымен оқушының оқуға қызығушылығын ояту қажет. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады. Сонымен бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-әрекеттер арқылы да оқытуға болады. Біз сынып ішінде ойындарынды қашан қолдануымыз керек. Мысалы сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген жаңа сабақты еске түсіру үшін қолданған жөн. Сынып ішінде мынадай ойындарды ойнауға болады:
What’s in the bag?
Around the world
Board Race
Order Race
Question race
Bingo
Gofish ойындарын қолдануға да болады. Бұл ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, біліммен білікше бірліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі. Ойындар оқушылардың танымын, ақыл–ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді,әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта–ықылыас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Ойын ұғымына түсінік берсек, бұл баланың мінез–құлқына өзі басқарумен қатар топпен жұмыс жүргізе білу әрекеті, ол баланың бір-біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады. Сондықтан бағдарлама бойынша бекітілген оқыту үрдісінде ойын түрлерін сабақ үрдісінде үнемі пайдаланып отыру керек. Ағылшын тілі пәнінде көбіне рольдік ойындар, грамматикалық ойындар,танымдық ойындар қолданылады. Ойын - оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Іс-әрекетті кесте түрінде қарастырсақ, оқушының белсенділігі мен білім сапасын көрсетеді.
Осы іс – әрекеттер арқылы оқушыларды оқытуға да болады. Іс-әрекеттің мынадай түрлеріне тоқталсақ:
Matching
Categories
Fill in the blanks
Dialogues
Drawing
Singing осы іс-әрекеттің түрлерін сабақ үстінде қолданса, өте тиімді нәтиже береді. Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, рольдік ойындар баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатындығын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік-сезім түрлерін дамытады. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде сабақта пайдаланылатыны танымдық ойындар, сөздік ойындар жан-жақты дамытып білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбымен мазмұнына неғұрлым сәйкес келсе, оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оның тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығы артады. Ойын сабақтың әр кезеңдерінде, тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады. Сондықтан осы баяндамада тілді меңгерту мақсатында сабақта қолданылатын түрлі ойындармен таныстыра кетуді жөн көріп отырмын.
1.What’s in the bag? Сумкада не бар ?-ойыны.
Мұғалім алдымен балаларға бір сумка алып келеді. Балалардан сұрайды. Балалар сумкада не бар? Балалар ішінде дәптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ соңында қолданса болады. Әсіресе жаңа сөздерді еске түсіру үшін қолдануға болады. Мұғалім сумканың ішіндегі заттармен таныстырады. Сумкада не бар? Мұғалім оқушылардан What’s this? сұрағы арқылы затты көрсету арқылы сұрайды. Мысалы: Pen, copybook, pencil, ruller, rubber деп көрсетеді. Сосын оқушыларға жеке-жеке қайталатады. Сөздерді ұмытпау керек. Сосын оқушыларға сумка ішіндегі заттарды таратып беріп, оқушылардан осы заттарды мына сұрақ арқылы сұрауға да болады. Мысалы: Who has a pencil? Who has a ruller? Жауап бергенде оқушылар кімде екенін табу керек. Оқушылар тапса Janar has a pencil деп табу керек. Бұл ойын оқушының абаққа деген қызығушылығы артып, сөздік қорлары молайып, есте сақтау қабілеті артады.
2.Board race Тақта сайысы ойыны.
Бұл ойынның шарты:
Мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп, ойынның ережесімен таныстырады. Бұл ойында мұғалім түстер,сандар,сөздер айтады сол айтылған сөздерді,сандарды оқушылар қатесіз жазу керек. Келесі оқушы әрі қарй жалғасын жалғастырып отырады. Соңында оқушылардың жазғанын тексеріп қателерін жөндеп қай топтың жеңгенін анықтайды. Мысалы:
P-1 P-2
Red Red
Ten Ten
Stone Stone
Winter Winter
Book Book
Осылай рет-ретімен оқушылар жалғастырып болған соң қателерін жөндеп, қай жақтын жеңгенін айтады. Бұл ойында оқушылар шапшаңдықы, дұрыс жаза білуді,есте сақтау қабілеттері артады.
3.Question Race сұрақтар сайысы
Бұл ойынның шарты:
Мұғалім сол сабаққа қатысты сұрақтар қояды. Осы сұрақтар оқушыларға таратылып беріледі. Оқушылар сол сұрақтарға дұрыс жауап беру керек. Мысалы жыл мезгілдерін өткен кезде суреттер арқылы да мынадай сұрақтар арқылы қолдануға болады.
1.How many seasons are there in a year?
2.What are they?
3.How many months are there in a year?
4.What are they?
5.What season is it now?
6.What month is it now?
7.How many days are there in a week?
8.What are they?
Осы сұрақтар арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттері артып, сөздік қорлары молайып,сабаққа деген қызығушылығы артады.
Қорыта келгенде, оқу үрдісінде «ойын түрлерін пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді.
Нәтиже:
1. Әр оқушының шығармашылығы артады.
2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады
3. Оқушының жеке қабілет іанықталады
4. Оқушы топ жаруға ұмтылады.
5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды
6. Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады.
Орыс мектебіндегі қазақ тілі сабағында 6-сынып оқушыларының жазбаша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Г.Ауащова, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты
Ғылыми жетекші: п.ғ.к, доцент Т.М.Артыкова
Орыс мектебінде қазақ тілі сабақтарын жүргізу барысында оқушылардың ауызша жауаптары мен жазбаша жұмыстарын арнайы бақылағанымызда оқушылардың тілінде көптеген қателерді кездестірдік:
біріншіден, тақырыпқа арқау деп саналатын басты мәселелерді сөз етпестен, тек соның айналасындағы қосымша әрекеттер мен оқиғаларды баяндау, негізгі мәселе мен қосалқы мәселелерді ажырата алмайды;
екіншіден, негізгі мәселеге байланысты кітап сөзінен пайдаланып, өзінің ойын, пікірін айта алмайды. Яғни өз пікірін мәтіндегі материалдармен байланыстыра алмайды. Сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді өз ойларына лайықты таңдай алмайды;
үшіншіден, оқушылардың негізінен олардың айтар ойларының бір-біріне өте ұқсас келетіні жеке өзіндік топшылаудан гөрі дайын пікірді қайталау, жаттандылық басым екені көзге түседі.
Жазбаша тілді дамыта оқытудың әдістемелік жүйесінің тиімді болуының маңызды шарттарының бірі- оқытудың психологиялық негізін білу, меңгеру. Әсіресе, бұл болашақ мұғалімдерге өте қажет. Өйткені тіл пәнінің мұғалімі оқушыларда қалыптасатын жазбаша сөйлеу әрекетінің ұғымдардың заңдылықтарын, сөйлеу әрекеті бойынша икемділік пен дағдының қалыптасу жолдарын білмейінше оқушылардың тілін дамытуда дұрыс нәтижеге жете алмайды. Сондықтан оқушы жазба тілді оқытудың психологиялық негізінің бірі ретінде тілді қабылдау, сезіну, айту, жазу, дамыту деген ұғымдарды меңгеруі қажет. Сол арқылы ол дамыта оқытудың маңызын, жүйесін, ерекшелігін игертеді.
Осыған орай мемлекеттік тілді оқытуда жазбаша тілді дамыту мәселесі өзекті екені сөзсіз. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі 6-сынып оқушыларына тоқталатын болсақ, қазақ тілі сабағында жазба жұмысын орындауда біріншіден, диктант, мазмұндама, шығарманың орны ерекше. Өйткені оқушылардың сөздік қорларын молайтып, сауаттылығын арттыру мен жазбаша мәтін құруға мына икемділіктер мен дағдылары қалыптасады:
мәтіннің мазмұнын, көлемін анықтай білу;
мәтінді түсініп оқи біліп, мазмұнын игеру;
мәтіннің тақырыбын нақты белгілеп, оған материал жинап, әңгімелей білу;
жазба жұмысының тақырыбына лайықты өз көзқарасын, ойын білдіріп, жаңа пікір қосуға баулу;
жазба жұмыстарда баяндау, суреттеуге машықтандыру;
жазылған жұмыстарды өңдеп, толықтырып, қайта редакциялап жазуға үйрету;
мәтіннің жанрлық, функциональды стильдері бойынша жазбаша мәтін құрастыруға жаттықтыру;
сауатты сөйлеп, қатесіз жазуға баулу.
Жазбаша тіл дамытуда мазмұндаманың орны ерекше. Мәтін құрастыруда мазмұндама ең қарапайым түрі болып табылады. Өйткені мұнда оқушылар дайын материал негізінде жұмыс жасайды. Мазмұндаманың төмендегідей түрлері бар:
а) мәтінге жуық немесе толық мазмұндау;
ә) қысқаша мазмұндау;
б) мәтінге цитата немесе эпиграф келтіре мазмұндау;
в) мәтінге өз пікірін қоса отырып мазмұндау;
Жазбаша тіл дамытуда – шығарманың маңызы зор. Шығарма – белгілі автордың өз ойынан жазған еңбегі.Шығарма түрлері: саяси, ғылыми, көркем әдеби, публицистикалық т.б.
Жазбаша тіл дамыту кезінде оқушыларға білім мен дағды қалыптастырудың тиімді жолының бірі – жаттығу жұмысын орындау.
Жазбаша сөйлеу әрекетін дамыта оқытуда стильдік-грамматикалық жаттығулар мектепте теориялық материалдарға байланысты мәтіннің тілдік ерекшеліктерін игерту мақсатын көздеп жүргізіледі. Оқушыларға жүргізілетін жаттығулар төмендегідей топтастыруға болады:
Жазбаша лексикалық жаттығулар негізінде сөздермен жұмыс жүргізу болып есептеледі. Лексикалық жаттығу жұмыстарын мұғалім, ең алдымен, оқушының тілін дамытуға, сөздік қоры мен оны молайтудағы ерекшеліктерді үйретуге ерекше назар аудара отырып жүргізіледі. Лексикалық жаттығулар, сондай-ақ оқушылардың лексикадан білімін бекіту мен лексикалық икемін қалыптастыру үшін де жүргізіледі. Бұл жаттығуларды жүргізуде ең негізгі мәселенің бірі – ол сөздің мағынасы және сөздердің стильдік қолданылуын анықтап, тани білуге үйрету. Стильдік-лексикалық жаттығулар беру мен орындаттыруда мынадай мақсаттар көзделеді:
сөздің мағынасын ажырату;
сөздің тура және ауыспалы мағынасы болатындығы және оның қолданудағы стильдік реңдері;
сөздің образ жасауға қатысы;
сөздердің экспрессиялылығы мен эмоционалдылығы;
сөздердің синонимдері, олардың мағыналық және стильдік реңдері;
сөздердің тіл стильдеріне қатысы.
Жазбаша морфологиялық жаттығулар негізінде 6-сыныпта морфология стильдік ерекшеліктерін анықтауға байланысты жүргізіледі. Мектепте қазақ тілінің морфологиясын оқыту барысында стильді-морфологиялық жаттығулар жүргізуде төмендегідей тапсырмалар мен жұмыстарды орындатуға болады:
морфологияға байланысты грамматикалық материалдардың (сөз таптары, қосымшалардың) стильдік қолданылуы туралы мәлімет беру, оны анықтай білуге жаттықтыру;
тіл стильдеріне байланысты қолданылатын морфологиялық категориялар мен формалардың ерекшелігін тани білуге жаттықтыру;
қазақ әдеби тіл стильдерінің тілдік құрамындағы морфологиялық ерекшеліктерін тауып, ажырата білуге дағдыландыру. Оны тәжірибеде пайдалана білу.
Жазбаша синтаксистік жаттығу. Оқытудың негізгі мәні мен тілді тәжірибелік меңгерту болғандықтан, сөз тіркестерін оқытудағы жүргізілетін стильдік-синтаксистік жаттығуларға сөз тіркестерін белгілі бір тіл стильдеріне байланысты сөйлем құрастыру және мектеп оқушыларының тіліндегі сөйлем құрудағы стильдік кемшіліктерді түзету сияқты жұмыстар.
Осындай стильдік-синтаксистік жаттығу жұмыстары синтаксистің стильдік ерекшеліктерін игертуге байланысты мынадай мәселелерге назар аудартады:
тілдегі стильдік-синтаксистік тіркестердің ерекшеліктерін таныстыру;
бір ойды беретін әртүрлі синонимдік тіркестер мен варианттарды салыстыра байқау;
ойды тіл стильдеріне байланысты жеткізу мақсатында тіркестер мен сөйлемдерді алмастырып, стильдік эксперимент жасауға дағдыландыру;
әртүрлі тіл стильдеріне байланысты сөйлем құрау мен мәтін құрастыруға жаттықтыру;
тіл стильдеріне байланысты ойды жеткізу бағытында өз тәжірибесінде қолдана білуге дағдыландыру.
Демек, жазбаша сөйлеу әрекетін дамыта оқытуда стильдік – грамматикалық жаттығулардың орны ерекше.Сондықтан оқушылардың жазбаша тілін дамыту осы бағыттарда қарастырылу қажет деп ойлаймыз. Себебі осы теориялық материалдарға байланысты оқушылардың әдеби тіл стильдер негізінде және әдеби тілдік нормада жазу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастырады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Оралбаева Н., Жақсылықова Қ. Орыс тілі мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Ана тілі, 1996.
Шаханова Р.Ә. Техникалық жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері.П.ғ.д.дисс.автореф.Алматы, 2002
Жапбаров А. Оқушылардың жазбаша тілін дамыта оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Алматы: Арыс, 2007.
Ағылшын тілі сабағындағы интернет-ресурстарын
қолдану тәсілдері
Г.Н. Аширбаева, ҚазМемҚызПУ студенті
Жетекшісі: магистр-оқытушы: А.Н.Түгелбаева
Қазіргі таңда жоғарғы оқу орындарында жаңа технологияларды қолдану мәселесі кеңінен талқыланып жүр. Бұл тек қана жаңа техникалық тәсілдер емес, сондай-ақ оқытудың жаңа формалары мен әдістері. Шет тілін оқытудың негізгі мақсаты студенттің коммуникативтік мәдениеттілігін және шет тілін практика жүзінде меңгеру шеберлігін дамыту. Оқытушының міндеті студенттердің шет тілін үйренуіне қолайлы жағдай туғызу. Яғни студент өзінің шығармашылық белсенділігін көрсете алатын оқытудың тәсілін қолдану. Заманауи педагогикалық әдістер яғни жобалық әдіс және жаңа информациялық техниканы қолдану. Интернет ресурс студенттердің дағдыларын ескере отырып олардың индивидуалдық ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі.
Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану формалары:
Лексиканы меңгеру.
Сөйлеу дағдыларын дамыту.
Диалогты және монологты дамыту.
Жоба жұмысына үйрету.
Грамматиканы өту.
Ағылшын тілі сабағында интернеттің көмегімен түрлі дидактикалық тапсырмаларды орындауға болады: оқу дағдыларын қалыптастыру, жазу дағдыларын қалыптастыру, студенттің сөздік қорын кеңейту, студенттің ағылшын тілін оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Студенттер интернет желісімен түрлі олимпиадаларға, жарыстарға қатыса алады. Сонымен қатар тест жұмыстары мен түрлі ойындар арқылы өтетін қызықты жаттығулар жасауға мүмкіндіктері болады.
Соңғы он жылдықта адамзаттың жеткен жетістіктерінің бірі, яғни оқыту үрдісіне елеулі әсерін тигізген халықаралық желі - Интернет.
Интернетті оқу мақсатында қолдану әдістемесінің жаңа бағыты болып саналады. Интернеттің негізі студенттің мәдениетаралық дағдысын қалыптастыру. Интернет халықтардың көпұлтаралық, мәдениаралық қоғам, яғни әлемнің миллиондаған адамдарының электронды түрде қарым-қатынас жасау кезінде студенттер нағыз өмірлік жағдайларға тап болады. Компьютер студенттердің жұмысына сын айтпайды, керісінше өзіндік қабілеттерін дамытып, олардың сенімін арттыра отырып, қолайлы әлеуметтік психологиялық атмосфера құрайды. Қазіргі таңда білімді дамыту студенттің ақпараттық потенттік деңгейін дамыту деген сөз. Әлемдік ақпараттық қоғамға ену үшін студент ақпараттық мәдениетті, компьютерлік экранды білу қажет, яғни интернетпен тығыз байланыста болу керек.
Ақпаратты жүйе ретінде Интернет түрлі ақпараттар мен ресурстарды ұсына алады.
- электрондық хат;
- телеконференция;
- видеоконференция;
- өзінің ақпаратын беру, өзінің сайтын құрып, Web- серверге орналастыру;
- ақпараттық ресурстарды қолдану;
- ақпараттық жиынтықтар;
- желіде сөйлесу мүмкіндігі [1, 4].
Lucent Technologies компаниясының сайты шет тілінде сөздерді тыңдауға мүмкіндік береді. Бұл жерде мәтінді дыбысқа айналдыру үшін сөйлеу синтезаторы орналасқан. http://www.bell-labs.com/project/tts/index.html сайты арқылы жеті тілдің бірін тыңдауға болады. Сосын терезеде кез келген сөзді жаза алады. Бірнеше секундтан кейін компьютер терезесіне енген сөз дыбысталады. Дыбысталған сөзді компьютер жадында сақтап, дискіге жазу арқылы бірнеше рет қолдануға мүмкіндік береді.
Интернет әлемде болып жатқан соңғы жаңалықтар жайлы мәлімет алудың тез және ең оңай жолы. Интернеттің көмегімен аудиторияны жаңалықтар өзегімен қамтамасыз етіп, студенттерді тәжірибелі журналистерге айналдыруға болады. Қазіргі таңда көптеген газеттердің жеке WEB парақшалары бар. Сонымен қатар WEB газеттер түрлі бөлімдерге бөлінеді: жаңалықтар (мәдениет және өнер, сауда, экономика т, б), спорт, жарнама, ауа райы жаңалықтары [2, 41].
Студенттер WEB газеттер арқылы әлемде болып жатқан жаңалықтарды көру арқылы, есту процесі арқылы және оқу арқылы хабардар бола алады. Әсіресе аудиторияда баспамен тікелей қарым қатынас жасауға мүмкіндік беретін сайттар бар. Бұл арқылы студенттер оқыған мақаласы жөнінде өз ойын айтуға және автормен тікелей байланысқа түсуге мумкіндік алады.
Студенттерді екі-екіден немесе үш-үштен бөліп, мақаланы зерттеуге тапсырма беруге болады. Бұл әдіс бүкіл аудиторияның қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып отыруына үлкен ықпалын тигізеді. Дарынды студенттер күрделі мақаламен жұмыс жасай алады, ал үлгерімі төмен студенттер ауа райымен, мәдениетпен байланысты мақаламен жұмыс жасауға болады.
Студенттер белгілі бір оқиғаға байланысты өзінің жеке тұжырымдамаларын жасауға болады. Мақалаларды зерттеудегі мәдениаралық біліктілікті дамыту арқылы студенттер мәселені терең меңгереді, өз ойын жеткізе алады және сараптама жасап үйренеді. Жұмыс жасалғаннан кейін әрбір студент жұмысын талқылау мақсатында дөңгелек үстел немесе телеконференция өткізу қажет [3, 79].
Халықаралық хат алмасу кез келген және түрлі деңгейдегі аудиторияларды өткізуге болады. Электрондық хат алмасу қағазға жазудан қарағанда тезірек, ыңғайлы және және арзан. Электрондық хат алмасуды түрлі мақсатта қолдануға болады: біріккен жобаларды жасауға, мәселелерді шешуге.
E-mail бағдарламасы электрондық хат қолданудың жеңіл жолы.
Электрондық хат алмасу арқылы оқу бағдарламасынан ауытқымай жолдасыңыздан сол тақырып жайлы сұрап, кейін сол мәліметтерді баядама ретінде қолдануға болады.
Электрондық хатты шет тілін оқыту үрдісінде қолдану тәжірибесін сараптай отырып, оқытушылар мынадай тұжырымға келді:
1) Оқытушының қатаң қадағалауынсыз студенттер 2 немесе 3 адам болып жұмыс жасауы керек. Егер студенттерді қызықтыратын тақырып талқыланса жұмыстың сапасы жақсырақ және тезірек болады.
2) Жазу үрдісі өзгереді, яғни студенттер қате жібермеуге тырысып, серіктесінің көмегіне жүгінеді.
3) Электрондық коммуникация арқылы студенттердің еркін сөйлеп, өз ойларын жеткізуге мүмкіндіктері бар.
4) E-mail қолдану тілді үйренуге деген қызығушылықты тудырады.
Біздің оқытушы ретінде бір ғана басты мақсатымыз біздің студенттердің коммуникативтілігін жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Жалпы білім беретін жоғарғы оқу орындары студенттердің коммуникативтілігін туған тілінде ғана емес, шет тілінде де жүзеге асыру қажет сонымен қатар информациялық біліктілігін негіздеуіміз керек. Студенттер өздеріне қажетті информацияны табуды, оны оқып, ішінен ең маңыздысын табуды және өз қажеттілігіне жұмсауды үйренуі шарт. Студеттердің бойында өзіндік білім алуды, бүгінгі күн талабына сай ізденуді, ақпараттық ағымда жол табу және өзін-өзі дамытуды әрі қарай жетілдіру қажет. Студенттер арасындағы байланысты, топтық, ұжымдық жұмысты дамытуға мүмкіндік беруіміз қажет.
Жоғарыда айтылған жобаларды іске асыруда Интернет пен Халықаралық Интернет жобалар таптырмас құрал. Олар студенттің өзін өзі дамыту және жаңа істі меңгеруге зор ықпалын тигізеді. Студенттер түрлі зерттелген мәліметтерді пайдалануды үйренеді, өз ойын нақты және жүйелі түрде қағаз бетіне түсіруді, мәтіндік, сандық және графикалық ақпаратты көп мөлшерде жіберу және қабылдау, өздеріне берілген мәліметті зерделеу және жаңа идеаларды көрсету. Олар жоспарлауды, мониторинг жүргізуді үйренеді. Интернет ресурстары негізіндегі сабақтар және жобалық жұмыс көмек көрсетуді үйренеді, серіктестікті, жобаларды іске асыруды, жауапкершілікті және толеранттық, көптүрлілікке және шыдамдылыққа үйренеді. Студенттер таңдауды, мәліметті пайдалануды, гипотеза ұсынуды және шешім қабылдауды үйренеді. Студенттер чаттар, видеоконференциялар, форумдармен электронды пошта арқылы тілдесе алады. Олар өмір жайлы жан-жақты мәліметтер алады. Мысалы; тарих, әдебиет және басқада құндылықтар. Бұл әсіресе студенттер үшін үлкен пайда, себебі бізде шетел тілін күнделікті қолдану мүмкіншілігі өте аз.[4, 103]
Интернет ресурстары арқылы тапсырма жасамас бұрын, сіз өз мақсаттарыңызды негіздеп алуыңыз керек. Келесі сұрақтарды қойыңыз:
Тапсырмаларды орындау барысында студенттерініз нені пайда қылады?
Неліктен сіз құралдар емес, интернетті қолданғыңыз келеді? Сіз осындай нәтижеге қарандаш пен қағазды қолданып жете аласызба?
Бұл шаруаға қанша уақытыңызды жұмсайсыз? Бірнеше сағат немесе күн бе?
Сіздің шәкірттеріңіз кімдермен қарым-қатынас құрады: студент бір-бірімен, өзге жоғарғы оқу орнымен, өзге қала жастарымен, өзге елдегі студенттермен, тіл таратушылармен, компаниямен немесе ұйыммен.
Дид Тилер және Пита Грей интернет ресурстары көмегімен тапсырма дайындаудың ретін былай тұжырымдайды:
Оқу үрдісін қарап шығып, студенттерді қызықтырмайтын жаттығуды белгілеңіз.
Бұл тапсырмалардың кемшіліктерін бағалаңыз және оны интернет ресурстары арқылы жақсартуға болатынын байқаңыз. Мысалы: электронды пошта негізіндегі хаттар шынайы мекен жайы жоқ, ескі газет мақалалары немесе ескі фильмдерді талқылауды ойлаңыз, интернет ресурстар сізге бұл жағдайда қалай септігін тигізеді. Еске сақтайтын бір мәлімет еш уақытта жан жақты, барлығына ұнамды оқыту тәсілін мүмкін емес. Сол себепті тәжірибе жасаңыз.
Қолданылу аясын белгіленгеннен соң келесі қадам чат және веб сайтпен жұмыс жасау. Веб сайт таңдауда сізге белгілі бір бағыттар қажет, сол арқылы сіз веб сайтты бағалайсыз. Ол сіздің жағдайыңызға және интернет ресурсты қолдану барысына байланысты. Бұл бағыттар өз ішіне: инструкциялық элементтері қосады және онда мазмұнды болуы қажет, сонымен қатар мақсаттарды іске асыру да құнды және қызметтік элементтер мен бейнелеу элементтері, жылдамдығы және қолдануға ыңғайлылығы кіреді.
Сайтты таңдаған соң сіз жоспарлау бөліміне өтуіңізге болады, ол бөлім сіздің мақсаттарыңызға сай жұмыс жасайды. Тапсырманы құру кезінде ол интернетсіз ақ жасалатын жұмыстай көрінбеуі қажет. Егер бұл тапсырмалар студенттерді ғылымдағы әр түрлілікке жаттықтырса бұл коммуникацияларға нақты мүмкіндіктер беріп, жергілікті және ел аралық серіктестікке мүмкіндік жасайды. Тапсырмалар студенттерге мынадай мүмкіндіктер беруі қажет: бағалауды үйрену, салыстыру, жариялау, модельдеу, жаңадан құру, зерттеу, гипотезелар ұсыну, ұйымдастыру есептеу, сұхбат алу, тыңдау, көру және бақылау, мазмұндау, тәжірибе жасау, ойнау, сауалнама жүргізу және баяндама жасау. Бұл жағдайда осы текті тапсырмалар студенттің ақпараттық компетенциясын дамытады. [1, 66]
Интернет тапсырмаларын дайындау үш қадамнан тұрады: 1. дайындық 2. ресурстармен интернет желісінде жұмыс жасау 3. сыныпта интернет желісінсіз жұмыс жасау.
Дайындық – сөйлеу негіздерін дамыту, мұның алдында алған білімдерін қолдана білу, сөздерді оқу, тақырыпқа кірістіру.
Ресурстармен интернет желісінде жұмыс - интернетте іздеу бағдарламаларымен жұмыс істеу, оқумен жазу, арнайы мәліметтерді іздеу және оны жауап парақтарына енгізу, сұрақтарға жауап іздеу, және т.б. Осы қадамда студенттер өздерінің не істеу керектігін және оған қанша уақыттары бар екенін білу керек.
Сыныпта интернет желісінсіз жұмыс - алынған мәліметпен алмасу, және желіден жұмыс жасау уақытында көрген білгенін талқылау [5, 45].
Түрлі бағдарламалар арқылы әр түрлі жұмыстар жасауға мүмкіншіліктер бар.
E-mail Project- әр түрлі елдің студенттері көп ұлтты топ құрады және үш жобаның біреуін таңдайды:
Қоршаған ортаның мәселелерін шешу.
Қала жобасы.
Халықаралық мәселелер жобасы.
Іздену барысында топтар әр түрлі құжаттар дайындайды: мақалалар, техникалық есептер, шығармалар.
K-12 project - бұл сайтта түрлі жобаларды көруге болады және студенттің жобасын енгізуге болады.
Project Icon – студенттер белгілі бір тақырыпта (демографиялық бақылау, глобалдық жылыну) өз елдерінің атынан келісім жүргізеді. Топтар электрондық хат арқылы мәліметтерін алмастырып, халықаралық келісімдер жүргізеді. Мәліметтер бірден барлық студенттердің терезелерінен көрінеді.
City Net – арқылы түрлі елдердің сабақтарын, ескерткіштерін, көрнекі жерлеріне саяхаттауға болады. Бұл жерден елдің ескерткіштерін, суреттерін, табиғи ресурстарын, тіпті өнерге байланысты мәліметтер алуға болады. Студенттерге туристер ретінде саяхаттауға ұсыныс беруге болады. Олар жүктерін жинап, авиакомпания мен қонүйлерге телефон соғып, билет пен бос орындар жөнінде сұрауларына болады. Жасалған жұмыстың қорытындысында студенттерге өздерінің саяхаттары жайлы фотоальбом немесе күнделік жасауға тапсырма беруге болады. Сайттарда әлемнің үлкен қалаларында жер асты темір жолымен саяхаттау инструкциясын қолдануға болады. Инструкциялар ағылшын тілінде ұсынылады. Студенттер қандай қалада жүргені туралы, сол қаланың көрнекі жерлері жайлы, қаланы аралауға қанша уақыт жұмсағаны жайлы ағылшын тілінде есеп бере алады.
Сонымен қатар интернетті грамматиканы, лексиканы дамыту мақсатында қолдануға болады. Мұнда түрлі лексикалық, граматтикалық, фонетикалық жаттығулар, тесттер, IQ тесттері бар [6].
Интернет ресурстарын қолдану - мәдениаралық компетенцияларын дамыту; түрлі мәдениеттермен танысу, қарым қатынастың белсенді жүргізуге бағыттау.
WWW көптеген сайттармен шет тілі сабағында түрлі бағытта жүмыс істеуге мүмкіндік береді.
Кейбір сайттар лингвистикалық материалдар жиынтығын құрайлы. Шет тілі сабағында қаралатын елдің мәдениеті жайлы ақпарат ала аласыз. Студенттер басқа елге барған жағдайда жинай алмайтын ақпараттарды интернет көмегімен алуға мүмкіндігі болады. Интернет арқылы студент үйінде немесе интернет класында отырып поездың жүру кестесін, билет құнын, дүкендердегі тауарлардың бағаларын білуге болады. Бұл мәліметтерді сабақта қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |