Пайдаланған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының “Білім беру туралы” Заңы.
Кларин М.В. Педагогическая технология в учебном процессе. (1989 ж)
Адилов Ж.М. Информатизация системы образования: опыт, проблемы и пути рещения. // Сборник научных статей I Междун. Форума «Информатизация образования Казахстана: Шаг в ХХI век». – Алматы, 2001.
Мясоед Т.А. «Интерактивные технологии обучения. Спец. семинар для учителей» М., 2004
Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану: оқу құралы. – Алматы, 2009.
Резюме
В данной статье рассматривается использование интерактивных методы обучение при использование высших учебных заведениях по специальности 5В012000- Профессиональное обучение.
12 жылдық мектепке арналған Қазақ тілі оқулығының ерекшелігі (6-сынып)
Р.И Исматуллаева, ҚазМемҚызПУ, 3-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: оқытушы А.Т.Амиржаева
Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа білім беру мәселесі басты орында тұр. XXI ғасырда Қазақстанның білім беру жүйесінде жалпы және орта 12 жылдық білім беру жүйесінің енгізілуі уақыт талабы болып отыр. Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылдың 1 наурызындағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауында Қазақстандық білім беру жүйесін реформалардың негізгі мақсаты- білім сапасының жаңаруы мен ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру деп көрсетілген.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу – әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе. Еліміздің 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуі - ұлттық білім беру жүйесін жаңаша сипатта, дүниежүзілік білім беру орталықтарының озық тәжірибелерін пайдалана отырып, білім сапасын арттыру және білікті, саналы, шығармашылық ұрпақ тәрбиелеуді көздеген заман талабы. Қазақстан жағдайында 12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады деп жоспарланған: бірінші саты бастауышта білім берудің негізгі міндеті баланың бастапқы тұлғалық дамуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту. Екінші сатыда оқушылардың жеке тұлғасының рухани өзегі адмгершілік құндылықтар қалыптасады. Үшінші сатыда білім берудің маңызды компоненті кәсіби білім алуға даярлық [1,46-47].
12 жылдық білім беруді жүзеге асыру мақсатында 2003-2004 оқу жылынан бастап 12 жылдық оқыту стандарты бойынша 1 сыныптан басталады. 8 жыл көлеміндегі жұмыс нәтижесінен 12 жылдық білім берудің төмендегі ерекшеліктері анықталды:
1. Оқу материалдарын қысқарту жолы және артық уақытты тиімді пайдалану арқылы күнделікті жүктемені төмендету.
2. Оқыту ұзақтығы: 6 жастан
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру деңгейі ерекше мәнге ие;
4. 5 жастағы балаларды мектепалды даярлау, олардың психологиялық, педагогикалық, дене және физиологиялық талаптарын ескере отырып, бастауыш мектепке оқытуға дайындау сапасының басты жағдайы ретінде жүзеге асыру;
5. Баға қоймай оқыту жағдайында кіші жастағы оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау, бағалаудың 12 жылдық жүйесін ұйымдастыру. Оқу нәтижесін бағамен ғана емес, мақтау қағаздарымен, алғыс жариялаумен т.б. жолдармен де анықтауға да болады.
12 жылдық білім жүйесі бойынша, бала мектепке 6 жасынан баратын болады. Бастауыш білім беру жүйесі - 1-4-сыныптар аралығында болса, 5-10 сынып оқушылары толық орта білімге ие болады. Ал, 11-12 сыныпта оқушылар қандай да бір профиль арқылы белгілі бір мамандыққа бейімделеді. Бұл жүйе бойынша орта мектепті тәмамдаған жас жеткіншек жоғары немесе арнайы оқу орнына түсе алмаса, қол қусырып үйде отырмайды. 12 жылдықта алған кәсіптік мамандығы бойынша, еңбек істеуге қабілетті болады [2].
ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Оқытудың 12 жылдық үлгісі бойынша эксперименттік алаң үшін оқулықтар мен ОӘК, түзеу білім беру ұйымдары үшін электронды оқулықтар, ОӘК-ні бейімдеу жүзеге асырылады», - деп көрсетілген [3].
Оқушы білімінің сапасы – оқулық сапасымен тікелей байланысты. 12 жылдық эксперимент сыныптардың оқулықтары тартымды және түсінікті жазылған, оқу материалдарын теорияға және тәжірибеге бөлуге ыңғайлы, жеке тұлғаны дамытуға арналған әр тақырыпқа түрлі–түсті иллюстрациялар берілген. Мысалы, математика оқулығы балалардың жас ерекшеліктерін, яғни олардың ой-өрісін, даму деңгейін ескере отырып берілген. Қазақ тілі, орыс тілі пән оқулықтарының мазмұны оқушыларға берілетін білімнің нәтижелілігіне, оқулықтағы тапсырмалар шығармашылық тұрғыда және мәдени-тарихи құндылықтарды таныту мақсатында құрылған. Материалды жан-жақта түсіндіруге мүмкіндік мол, соның себебінен оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, жан-жақты ойлауы, тез шешім қабылдауы, өзіндік көзқарасы қалыптасады [4]. Соның бірі 12 жылдық мектептің 6-сыныбына арналған қазақ тілі оқулығы. Авторлар ұжымы: Ж.Түймебаев, Ж.Сүлейменова, Н.Уәли, З.Бейсембаева. Бұл оқулықтың өзіндік ерекшеліктерін, оқушылардың қызығушылығын арттыруға деген тапсырмаларының ерекше берілгенін, шығармашылығын дамытуға арналған жаттығулардың барлығы өте қызықты, нәтижелі құрылғанын байқадық. Оқулықта оқушылардың теориялық білімін арттыруға түрлі тапсырмалар берілген. Индуктивті әдіс – ой қорыту формасының бірі және зерттеу тәсілі; жалқы мәнбірлерден жалпы ережелерге көшуге мүмкіндік жасайды. Индуктивті әдісті қоладанғанда оқушы бірқатар мәнбірлерді, нақты мысалдарды бақылай, топшылай келіп қорытынды шығарып, анықтама-ереже жасайды. Дедуктивті әдіс – ойлаудың жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшіп нәтиже шығару әдісі. Дедуктивті әдіс – ойды түйіндеу, белгілі жалпы білімнен жалқы білімге логика негізінде, қисынмен ауысу. Дедуктивті әдіс белгілі жағдаятты талдауға және бағалауға көмектесіп, теориялық қағидалар мен ғылыми заңдарды түсінуге жәрдемдеседі. Осы әдістер арқылы түсіндіре келіп, ереже шығаруға тырысқан. Аталған әдістердің тиімді екенін дәлелдеген [5]. Тараулар мынадай тапсырмалардан тұрады:
I тарау. Лексикология және Фразеология. Бұл тарауда сөз, мағына, кәсіби сөздер, этимология туралы, лингвистикалық сөздіктер туралы кең көлемде берілген.
II тарау. Сөзжасам. Сөзжасам - тіл білімінің саласы ретінде, ұғымдары, аналитикалық тәсілі, талдау үлгісі.
III тарау. Морфология. 5-сыныпта өткенді қайталау, сөз таптарының қызметі.
IV тарау. Синтаксис. Сөйлем мүшелері туралы түсінік.
V тарау. Сөз мәдениеті. Әдеби тіл нормалары.
Оқулықта әр тарау бойынша сұрақтар, шығармашылық тапсырмалар, рефлекциялық бағалау әдісін, лингвистикалық ойындар, талдау, бақылау тапсырмалары берілген. Яғни бала алған білімін тест тапсырмалары арқылы қорытындылайды. Әр тарау соңында тест тапсырмалары, сол тарау боцынша не білдім? не үйрендім деген тапсырмалар арқылы оқушыны қызықтыра біледі, білім деңгейін анықтай алады. 6-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығының бір ерекшелігі мұнда рефлекциялық әдісімен бағалау берілген. Рефлекциялық бағалау компоненті – шығармашылық іс – әрекетке талдау жасай білуі, жетістіктері мен сәтсіздіктерін, себептерін анықтау, жауапкершілік сезімінің және жолдастық көмек, ізденімпаздық іс – әрекетке даярлығының тұрақтылығы, шығармашылық ой – өрісінің белсенділігі мен рефлексиялық бағытының қалыптасуы, жоғары таным қызығушылық негізінде шығармашылық бағыттылығының тұрақтылығы. Рефлекциялық – бағалау процесінде өзіндік ой – пікір, әрекеттерді, тәжірибе нәтижелерін талдау және оқу процесіндегі келесі кезеңдердің бағдарламасын анықтау үшін жағдай жасалады. Рефлекциялық – бағалаудың мақсаты – іс-әрекет компоненттерін еске түсіру, санадан өткізу, оның мәнін, түрін, өзекті мәселелерін белгілеу, шешу жолдарын анықтау [6].
Жаттығу дегеніміз – оқушының іскерлігі мен дағдысын қалыптастырып, қайрат – жігерін дамытуға бағытталған оқыту әдісі. Бұл әдіс арқылы оқушы алған білімін тереңдетіп, оның шығармашылық қабілеті дамытылады. Оқушының шығармашылық әрекетін дамыту мақсатында 6 сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығында әртүрлі тапсырмалар берілген: өз пікірін білдіру, ертегі ойлау, өз көңіл-күйінің әсерлерін жазу, мәтін құрау, әңгімені жалғастыру, т.б. Мұндай тапсырмалар оқушылардан талдауды, қиялдауды, салыстыру, ойын еркін жеткізуді талап етеді [7]. Мысалы, мәтінді оқып, мазмұнын өз сөздеріңмен айтып беріңдер. «Менің досым» деген тақырыпта шығарма жазыңдар.
Достық
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:
-Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
-Достықтың екі түрі болады.Бірі – адал достық та, екіншісі – амал достық.
-Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге:
-Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өмірі қысқа болады, - деп жауап берген екен Әйтімбет.
(«Ел аузынан» кітабынан)
«Бірлік түбі - тірлік» деген тақырыпта өздеріңнің отбасыларың туралы айтып беріңдер [8].
Репродуктивті жаттығулар күрделі тапсырмаларды орындау білігін қалыптастыру жолындағы қажетті кезең болып табылады [7]. Атап айтқанда, оқулықта мынадай жаттығулар, тілдік талдаулар берілген:
Мысалы, мен:
- әдеби тілдің ауызша, жазбаша түрлері бар екенін,
ереже, тәртібі болатынын;
әдеби тілдің өмірдің қандай салаларында қолданы-
латынын;
мия, синекдоха сияқты түрлері болатынын;
диалект және кәсіби сөздердің қолданылыс аясы шектеулі
екенін;
диалект сөздерді жөнсіз қолдануға болмайтынын;
кәсіби сөздің кәсіптік мамандыққа байланысты екенін;
термин сөздердің ғылым салаларында қолданатынын;
кірме сөздердің тілімізге мәдениет, ғылым, техникамен
байланысты екенін;
не үшін қолданылатынын;
лингвистикалық сөздіктердің түрлері бар екенін;
БІЛДІМ.
әдеби тілдің ауызша, жазбаша түрлерін ажыратуды;
сөздің айтылу, жазылу тәртібін сақтауды;
метафора, метонимия, синекдоханы бір – бірімен
салыстыра талдауды;
диалект сөздерді мақсатты түрде қолдану керектігін;
диалект және кәсіби сөздерді бір – бірінен ажыратуды;
терминдерді және кірме сөздерді өзге сөздерден
ажыратуды және қолдана білуді;
көне сөздер мен жаңа сөздерді өзге лексикалық
топтардан ажыратуды;
фразеологизмдерді сөз тіркестерінен ажыратуды;
фразеологизмдерді сөзден ажыратуды;
табу мен эвфемизмді бір – бірінен ажыратуды;
эвфемизмді қандай жағдайда қолдануға болатынын;
лингвистикалық сөздік түрлерінің қызметтерін бір –
бірінен ажыратуды және пайдалануды
Достарыңызбен бөлісу: |