Пайдаланған әдебиеттер:
1.М. Ғабдуллин "Қазақ халқының ауыз әдебиеті" Алматы, 1958 ж
2. Әбішқызы, Ж.Сарманов. «Ұлттық тәрбие – құндылығы мол дүние». 2008 ж
3. И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.
4. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық." – Алматы, 2010 ж
5. "Қазақ ұлттық энциклопедия." Алматы, 2004 ж
Тәрбие - педагогикалық процестің құрамдас бөлігі
М. Шілдебай, ҚазМемҚызПУ 1-курс студенті
Ғылыми жетекшісі Б. Матай
Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі – ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру. Бұл жөнінде Республикамызда мемлекеттік құжаттар жарналанды. Білім министрлігінің тәлім–тәрбие тұжырымдамасында (Ақпан, 1993) былай деп жазылған: «Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігін, ерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады».Міне, осы тұрғыдан қоғамға жан –жақты білімді, жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке адам қажет . Ондай адамды орта мектеп және жоғары оқу орындары дайындайды. Жалпы білім беретін орта мектептерде оқу – тәрбие жұмысын жақсарту және білім мазмұнын жаңарту жайлы Қазақстан Республикасы Білім министрлігі мен Ы. Алтынсарин атындағы Қазақстан білім проблемалары институты жасаған тұжырымдамалардың маңызы өте зор. Олардың бірі – Қазақстан Рестубликасы жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасы (13 мамыр, 1992 ж.), екішісі – Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнының тұжырымдамасы (17 ақпан, 1994ж.). Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес бекіткен «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы» (7 шілде 1994 ж.).
Авторлар заман талабына сәйкес мол тәжірибелерін пайдалана отырып, «Педагогика» курсының құрылымын, мазмұнын бірсыпыра өзгертті.
Педагогика көп салалы ғылым. Оның тарихы, әдістемесі бар. Соған орай оның теориясы қалыптасқанТеория педагогтарды әртүрлі жастағы адамдарды тәрбиелеу және білім беру процестерінің ерекшеліктері жайында кәсіби білімдермен қаруландырады, әр түрлі жағдайдағы оқу–тәрбие процестерін жобалауға және оны жүзеге асыруға, оның нәтижесін бағалауға көмектеседі. Соған сәйкес оқыту, білім беру және тәрбиелеудің жаңа технологиясы педагогикалық зерттеу жұмыстарында, зертханаларда пайда болды.Тәрбие – күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа тұседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте
-мәдени құбылыс;
-педагогикалық ықпал ету;
-балалардың әрекетін ұйымдастыру;
-қарым – қатынас құралы ретінде жан – жақты қарастырылады.
Мектептің тәрбие жүйесі – «ашық» жүйе. Оның қалыптасып әрекет жасауына, дамып жетілуіне тікелей әсер ететін қоршаған орта. Қоршаған ортада сырттай ықпал жасаумен шектелмейді. Ол мектептің ықпалы басым болған сол тәрбие жүйесіне арнайы бір сала болып енеді.
Мектептегі берілетін тәрбие әдістері
Адамзат дамуының қай кезеңде болмасын тәрбиенің тиімдігігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттілігіне бағындырады. Өйткені мемлекет қажеттілігінің орындалуы оның экономикалық күш – қуатымен саясатына тәуелді екені белгілі. Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.
Тәрбие мақсаты дегеніміз не?
Мақсат – бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесін сезіну деп түсіну керек. Оны ойдан шығаруға болмайды.
«Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой – санадағы көінісі. Мақсат тікелей міндет ретінде іс – қимылды бағыттап, реттеп отырады.... Мақсат адам санасының белсенді жағын білдіре отырып, объективті заңдарға, қоршаған ортаның және субъектінің нақты мүмкіндіктеріне сай керуі керек, сода ғана адамдардың нысаналы қызметіне азаттық пен қажеттілік арасындағы диалектикалық қарым – қатынас көрініс табады. Мақсат шындықты жүзеге асыру үшін қажет белгілі құралдармен бірлесе іс – қимыл жасағанда ғана оны өзгерте алатын күшке айналады. Мақсат келешектегі, таяудағы тікелей, жалпылама, жеке, аралық және түпкі мақсаттарға бөлінеді.»
Тәрбие мен оқыту қоғамдық категория ретінде оның талаптарын объективті түрде білдіреді. Яғни, «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген қағидаға сүйенсек, онда тәрбиенің мақсаты қоғамның мақсатымен бірлікте болады. Сондықтан да қоғамдағы тәрбиенің қызметі
қоғамның мақматын, талап – тілектерін іс жүзіне асыру болып табылады. Бұл талаптар әр кезде қоғамдағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың даму дәрежесімен байланысты анықталады. Олай болса «Тәрбиедегі мақсат адамды, һәм сол адамның ұлтын, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі әрбір адам бақытты болса, ұлты бақыттты. Адамзат дүниесінің мүшесі әрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты. Қысқасын айтқанда, тәрбиедегі мақсат – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағанасымен адам қылып шығару».
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсаты жеке адамды жан – жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан –жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек.
Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбилеу ісіне тәуелді. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері – теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Олай болса, әрбір азамат тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне, міндеттері мен мақсатын жете түсінуі қажет. Осыған орай, тәрбиенің негізгі мақсаттары: а) жастардың дүниеге ғылыми материалистік көзқарасын қалыптастыру; ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан –жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.
Тәрбие әдістері мен формалары
Тәрбиелеудің мақсат, міндетін, мазмұнын, бағыттарын дәл анықтап, оны орындаудың бірізді жүйесі жасалғанмен, сынып жеетекшісі тәрбиелеудің негізгі әдістерімен формаларын меңгермесе, оны тиімді пайдалана алмаса, тәрбиені іске асыра алмайды.
Әдіс алға қойған мақсатқа жетудің жолы. Тәрбие әдістері – тәрбие міндеттеріне жету үшін жасалған сынып жетекшілерімен тәрбиеленушілер ұжымының өзара байланыс әрекетінің жолы. Егер тәрбие әдісі дұрыс таңдалып алынса, дұрыс пайдаланылса, тәрбиеленушілер өздерінің жауап әрекеттері арқылы тәрбие міндттерін шешуге ықпал етеді. Олардың санасы дамиды, сезімі байиды, мінез – құлқы, қажетті әдет –дағдылары, іскеліктері қалыптасады. Сонымен оқушыларды тәрбиелеу әдісі – оқушылар мен сынып жетекшілерінің өзара байланысты әрекетінің күрделі комплексі. Әрбір әдіс оқушылардың әрекетін ұйымдастырып, олардың мінез – құлқына, сезіміне, санасына ықпал ететін сынып жетекшісінің қолындағы құрал ретінде көрінеді. Тәрбие әдістерінің бәрі бір – бірімен өзара тығыз байланысты, оларды классификациялау тек шартты түрде болмақ.
Сөгу – кінәлаудың күшті түрі. Сөгу өтірік, ұрлық, дөрекілік, тәртіп ережелерін орындаудан бас тартушылық кезінде қолданылады (жеке немесе ұжым алдында). Кейде сөгіс әңгімемен жалғасады,онда тәрбиелік әсері күшті болады. Егер оқушы дөрекілігін қайталай берсе, сынып жетекшілігінің талабына бағынбаса, еріксіз көндіру, күштеу әдісі қолданылады. Бұл – тәрбие әдісі және жазалаудың түрі. Жазалау ретінде ешуақытта баланы жұмыстан, сабақтан, тамақтан шектеуге болмайды, еңбек процесінің өзінің ұйымдастырушылық, тәрбиелік ықпалының күшті екенін ескеру жөн. Тәрбие практикасында бұл сан түрлі әдістер бірімен - бірі байланыстырылып, қиылыстырылып, үйлестіріліп, алмастырылып қолданылады, бұлай қолдану оқушыға әсер етудің ең маңызды шарты.Тәрбие процесіндеосы аталған әдістердің кейбіреулері бірде тәрбие әдісі, бірде тәрбие құралы ретінде көрініс табады. Мысалы:ойын, еңбек әрекеті, кітаппен, газетпен жұмыс. Тәрбие әдістерінің өзгермелілігі тәрбие процесінің күрделілігімен түсіндіріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
С.Қалиев, Ш.Майғаранова,З.Бейсенбаев. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі.А,.-1999
А.Меңжанова.Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А,.-2003
Ж.Б. Қоянбаев,Р.М.Қоянбаев.Педагогика А,.-2004
Ж.Әбиев,С.Бабаев,А.Құлдиярова.Педагогика.А,.-2004
С.Әбенбаев.Тәрбие теориясы мен әдістемесі. А,.-2004
С. Құлшанова. Мектеп педагогкасы.А,.-2005
М А З М Ұ Н Ы:
3-секция. Оқытудың жаңа технологиялары: үрдістер мен тәжірибе
Абдумажитова Д. Қазақ тілі сабағында электрондық оқулықты
қолдану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту..............5
Абдуллаева Г. Шетел тілін белсенді оқытудың түрлері............................8
Алимова Д. Ағылшын тілі сабағында ойынның ролі...............................15
Ауащова Г. Орыс мектебіндегі қазақ тілі сабағында 6-сынып оқушыларының жазбаша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру................20
Аширбаева Г. Ағылшын тілі сабағындағы интернет-ресурстарын қолдану тәсілдері....................................................................................23
Ахматалиева Г. Происхождение китайских иероглифов. Мифи и научные исследования...............................................................................29
Әбілдаева С. Ойын әдісі арқылы шетел тілін жеделдетіп оқыту...........33
Баутаева А. Шет тілін оқыту әдістемесі пәні арқылы студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін арттыру................................................37
Бегалиева Л. Сабақ процесінде өзіндік жұмысты ұйымдастырудың қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктері............................................................46
Бердімуратова А. Ақпараттық технологияларды қазақ тілі сабағында қолдана отырып етістікті оқыту тәсілдері................................................52
Давлетбаева М. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың ерекшелігі ....................................................................59
Ербатырова А. Морфологияны оқытуда көрнекілікті пайдалану әдісімнен (6-сынып)...................................................................................67
Жиреншеева А. Электронды оқулық арқылы оқушының ізденімдік қабілетін дамытудың тиімділігі.................................................................72
Жүнісова М. Бастауыш сыныпта көркем шығармаларды оқыту ..........75
Иманқұлова Л. Жоғары оқу орындарындағы оқыту үрдісінде интербелсенді әдістерді қолдану ерекшеліктері.......................................81
Исматуллаева Р.12 жылдық мектепке арналған Қазақ тілі оқулығының ерекшелігі (6-сынып)..........................................................86
Каримова М. Ролевые упражнения как одно из средств интенсификации обучения диалогической речи ...................................................................91
Касимова Ж. Мемлекеттік тілді оқытуда оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамытудың тиімді жолдары...............................................96
Кәлім М. Мемлекеттік тілді меңгерудегі компьютердің орны............102
Кекелбаева А. Бастауыш сыныптарда географиялық ұғымдар берудің тарихы мен оқытылу жайы........................................................................106
Керуенбаева Г. Педагогикалық технология: мәні, маңызы ..................110
Мелисхан А. Қысқарған сөздерді оқыту тәжірибемнен........................114
Метербай О. Оқыту үрдісінде жаңа технологияны пайдаланудың маңызы........................................................................................................120
Рысмагамбетова А. Использование современных инновационных технологий на уроках иностранного языка............................................127
Сазаева Б. Баланы ерте жасынан шет тіліне үйретудің маңызы..........133
Сайдуалиева М. Бастауыш сыныпта оқушылардың дүниетану пәнінен географиялық ұғым қалыптастыру жолдары........................................141
Стамкулова Б. Инновационные методы обучения................................145
Тазабекова С. Мектепте ағылшын тілін оқытудың тиімді жолдары.....................................................................................................150
Торсықбаева Ә. 12 жылдық мектептің 5-сыныбына «Қазақ тілінің» электрондық оқулығын жасау мәселесі ................................................154
Тохтахунова М. Модульдік технология негізінде оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.........................................................159
Ускенбаева Р. Модульдік оқыту жүйесінің тиімділігі.........................164
Якубжанова З. Қазақ тілі оқулығындағы жаттығулар жүйесі (12 жылдық мектептің 5-сыныбы бойынша)...........................................168
4-секция. Кәсіптік білім және тәлім-тәрбие
Абдурахманова Г. Кәсіби білім беруде жастардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру....................................................................173
Әбдімәжитова С. Тәлім – тәрбиені ұйымдастыру................................178
Баймұқашева Ш. Жарқын болашақ – ұрпақ қолында, білімді ұрпақ – ұстаз қолында!...........................................................................................180
Бәкірова Л. Қолөнер арқылы кәсіби білім беру.....................................182
Қалдыбаева Г. Жасөспірімді шығармашылық өнерде жеке тұлға ретінде зерттеудегі даму үдерісін жобалау.........................................................186
Икматова Қ. Жастар үшін отансүйгіш маңызды..................................189
Құрманқожа А. Ағылшын және қазақ этномәдениетіндегі тәлімдік ой үндестіктерінің мақал-мәтелдердегі көрінісі..........................................192
Нарбекова М. Ұлттық тәлім үрдісіндегі ұрпақ тәрбиесі........................197
Ниязова Ш. Наурыз мейрамы...................................................................199
Нсанбаева Ж. Ертегі мен мултьфильмдердің бала тәрбиесіне әсері және жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу..................................................207
Шілдебай М. Тәрбие-педагогикалық процестің құрамдас бөлігі..........211
Достарыңызбен бөлісу: |