Пайдаланылған әдебиеттер:
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Санкт-Петербург, 1999, 704 с.
Қоянбаев Б.Ж. Педагогика. Оқу құралы. Алматы, Рауан, 1992, 240 б.
Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. 2 томдық /Құраст.: Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. – Алматы: Рауан, 1998. – 416 б.
Морфологияны оқытуда көрнекілікті пайдалану әдісімнен (6-сынып)
А.Ербатырова, ҚазМемҚызПУ 4-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы А.А.Сатбекова
Оқыту процесінде көрнекі құралдарды пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады. Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын, ұзақ есте сақтау қабілеттерін арттыруда көрнекіліктің атқаратын қызметі зор.
Көрнекілікті қолданудың негізгі мақсаты - игерілген материалдың мазмұнын айқындай түсу, оны оқушылар санасына берік қалдыруға мүмкіндік жасау. Көрнекі құрал мұғалімнің оны орынды қолдана білгенде ғана тиімді болады. Көрнекілік кескінделген және экранды-дыбыстық болып екіге бөлінеді. кескінделген көрнекі оқу құралдарына кесте,сызба-сұлба, фото-сурет, оқиғалы картиналар, үлестірме дидактикалық кеспе қағазы т.б. жатады. Экранды дыбыстық құралдарға кинофильм, диафильм, диапозитив, фотохрестоматиялар, таспа жазулары, күйтабақтар, графопроекторға арналған транспоранттар, электронды оқулықтар мен электронды оқу құралдары жатады [1].
Көрнекілік кестесі
Иллюстрациялық
|
Демонстрациялық
|
Сурет (заттық, оқиғалы, пейзаж, портрет)
Үлестірме кеспе қағаз (карточка, перфокарта)
Нақпішін (муляж), сұлба сызба (графикалық) кесте (динамикалық қабырға кестелері)
Планшет
Плакат (сөздік)
Бүктеме (буклет)
Сөздік лото т.б.
|
Графопроектор (транспоранттар)
Магнитафон (таспа жазуы)
Күйтабақ
Диапроектор
Кинопроектор
Компьютер (электронды оқулық, слайдтар т.б.)
|
Көрнекі оқыту дегеніміздің өзін түрлі мағынада түсінуімізге болады. Көрнекі оқытудың негізгі мәні сабақты түсінікті етіп жүргізу үшін тиісті құралдар пайдалана отырып, немесе сабақты тәжірибе қою арқылы өткізу. Бірақ сабақтардың бәрін үнемі көрнекіліктерді пайдалана отырып өткізуге кейде мүмкіндік те бола бермейді.
Қазақ тілі сабағында көрнекіліктің мынадай түрлері жиі қолданылады: графикалық көрнекілік (схемалар, кестелер, диаграммалар), бейнелеу құралдар (фото, картиналар, суретттер, кино), табиғи (зат пен құбылыстың өзін немесе олардың суретін көрсету) және түрлі көлемдік (географиялық фигуралар) құралдар. Осылардың ішінде ең жиі қолданылатыны - кесте. Кестелер мазмұны жағынан: граммтикалық, фонетикалық, орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық болып бөлінеді [2 ].
Көрнекі құралдарды сабақтың кез-келген кезеңінде пайдалануға болады. Көрнекіліктер өзінің мазмұны жағынан сабақтың тақырыбына сай болуы керек. Мұғалімнің сөзі мен көрнекілік ұштасқан жағдайда ғана жаңа материалды оқушылар саналы әрі берік меңгере алады.
Сабақта кестелерді пайдаланғанда мынадай әдістемелік ережелер сақталуы қажет:
Оқушыларды кестелердің мазмұнымен таныстыру. Ол үшін әуелі кестелердің негізгі бөлімдеріне көңіл аударылады, содан соң негізгі түрінен, жалпыдан жалқыға қарай бет ала отырып, материалды түсіндіру барысында әр пунктің мазмұнын ашу керек, басқа деректермен салыстыра отырып, тақырыптың теориялық материалмен байланысы анықталады, онан әрі оқушылардың өздері ойлап табатындай жұмыстар ұйымдастырылады.
Кестелерді түсінуге оқушыларды дайындау қажет: а) сабақтың тақырыбы туралы алдын ала әңгімелеу; ә) өткен сабақтардан оқушыларға белгілі ұқсас кестелер жайында естеріне түсіру; б) алдын ала сұрақ қою не мұғалім ұсынған материалы бойынша грмматикалық тапсырмаларын орындау арқылы.
Кестеге оқушыларды үйрету керек, яғни олар ондағы қолданылған шартты белгілерді танып, фактілер арсындағы байланысты анықтай алулары тиіс.
Кестелердің мазмұнын оқушылардың жадына бекіту: дәптерлеріне берілген кестелерді көшірту, соған ұқсас кестелер жасап, оны оқушылардың өзі ойлаған немесе көркем шығармадан алынған мысалдармен толтыру; бақылау жұмыстарының алдында, емтихан не тоқсан аяғының алдында қайталап пайдалануға қалыптастыру.
Сабақты кестелермен бастырмалатпау қажет, себебі бір мезгілде көрсетілген бірнеше кесте оқушылардың назарын әр нәрсеге бір аудартады, алаңдатады, соның нәтижесінде оқушылардың негізгі материалға деген ойы бәсеңдейді [1].
Көрнекі оқытудың бір түрі сабақта өтілетін жаңа материалды оқушының бұрынғы білетіндерімен ұштастырып жүргізу болып табылады. Морфологияны оқытуда да, көрнекі оқытудың осы түрі оқушылардың сабақ меңгеруінде негізгі рөл атқарады. Өйткені мұғалім күрделі оқу мазмұнын оқушыларға жеткізу үшін ол неше түрлі тәсілдер арқылы, оларды кеткен кезде басынан кешіргендерін жаңғыртады. Солайша жаңа мазмұнды оқушының бұрынғы білгендерін байланыстыра отырып, мұғалім оның білмейтінін білуге жетелейді.
Морфология – үлкен тарау. Ол қамтитын ауқымды мәселенің бәрін бір бетпен сөйлету мүмкін еместігі белгілі. Сондықтан морфологияны өткен кезде ең бірінші сөз құрамы, сонымен байланысты түбір, түбірлес сөздерге ерекше назар аудартылады. Сөз құрамын схема арқылы меңгерткен ыңғайлы. Сөз құрамындағы бөлшектерін: негізін, түбірін, жалғауын, жұрнағын ажыратып үйренбейінше - оқушылар сөз таптарын, орфографиялық ережелерді, көп сөздердің құрамындағы негізгі түбір, жұрнақ және жалғауларын тапқызып, дағдыландыру үшін, мұғалімдер арнайы көрнекіліктер дайындап келіп, тапсырмалар беріп отырады.
Оқу мазмұндарын сөз арқылы түсіндіріп, нақты етіп баяндаудың әсері үлкен болса да, егер оқушы бұл мәселеге түсінбесе, онда толық нәтижеге ие болмағаны. Мәселен, оқушы берілген мазмұнды құрғақ жаттап алса, онда ол мазмұнның қандай нақты бейнелерді білдіретінін білмейді.
Морфология саласында септік жалғауын өткен кезде жай септеу мен тәуелді септеуді мысалдар арқылы түсіндіріп, септік жалғауын жақсы меңгерген оқушының сөйлемді де жақсы талдай алатындығын естен шығармағаны дұрыс. Ал осы тақырыпты жете түсінуі үшін оқушыларға төмендегідей кесте арқылы жаңа сабақты бастауға болады:
Көбейту кестесі
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
2
|
З
|
|
|
|
Ң
|
|
|
|
3
|
|
А
|
|
|
|
|
|
С
|
4
|
|
|
Т
|
|
І
|
|
Е
|
|
5
|
|
|
Е
|
|
|
|
|
І
|
6
|
|
С
|
|
Н
|
П
|
|
|
У
|
7
|
І
|
|
|
М
|
|
Т
|
|
|
8
|
|
|
|
|
|
|
Е
|
Л
|
9
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
9
|
16
|
20
|
18
|
14
|
35
|
30
|
24
|
12
|
27
|
32
|
36
|
49
|
64
|
72
|
54
|
45
|
З
|
А
|
Т
|
Е
|
С
|
І
|
М
|
Н
|
І
|
Ң
|
С
|
Е
|
П
|
Т
|
Е
|
Л
|
У
|
І
|
Немесе келесі кеспе қағаздары арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін тереңірек дамытуға болады:
Септіктердің аты
|
Сұрақтары
|
Септік жалғаулары
|
|
Кім? не?
|
|
Ілік септік
|
|
- ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің
|
|
Кімге? Неге? Қайда?
|
|
Табыс септік
|
|
- ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті
|
Жатыс септік
|
Кімде? Неде?
|
|
|
Кімнен? Неден?
|
- нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен
|
|
Кіммен? Немен?
|
|
Осындай көрнекі құралдар белгілі бір кезінде қажет болғанда көрсетіліп, содан соң оқушылардың көңілін оған бөлмеу үшін жиналып тасталады. Сыныпқа әкелген көрнекі құралдарға бала қызығып, мақсат пен мән беріп бақылау орнына оған жай қызығушылықпен қарайды да, сабақтың нәтижесіз болуына әсер етеді.
Сөз таптарын түсіндірмес бұрын мұғалім қазақ тілі лексикологиясындағы сөздердің негізгі, көмекші және одағай сөздер болып бөлінетінінен мағлұмат беріп, жоғарыда аталған көрнекі құралдарын жете қолдана білген жағдайда оқушыларға терең білім ұсынады. Сөз табының лексика-грамматикалық белгілерін дұрыс аңғарту үшін, мұғалім тілдің семантикалық, морфологиялық, синтаксистік принциптерін бірдей қамту керек. Бірақ мұғалім бұл үш принциптің барлық сөз таптарына ортақ еместігін де ескергені дұрыс.
Оқушыларда грамматика бойынша білім, дағды, іскерлік дұрыс қалыптасуы оқыту әдістері мен тәсілдеріне тығыз байланысты. Оқыту әдістеріне мұғалімнің сөзі, өз бетімен жұмыс, бақылау т.б. жатады.
Оқытудың көрнекілік К.Д.Ушинскийдің дәлелдеуінше, оқуды жалпы ұғымдар емес, нақты фактілерге, нақты образдарға негіздеу болып саналады. Көрнекілік әдісімен оқушыларды өз бетімен байқауға, үйренуге негіздейді.
Обьективті шындықты білу, түйсіну мен қабылдаудан басталады. Оқу материалы сезім мүшелерінің неғұрлым көбісінің қатысуымен қабылданған болса, ол туралы соғұрлым толығырақ және нақтырақ түсінік пайда болады. Көрнекіліктің морфологияны оқытудағы психологиялық мәні осында.
Қорыта айтқанда, көрнекілік оқытуда заттар мен құбылыстардың әрқайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға баулитын дидактикалық күрделі принцип. Көрнекіліктің қамтамасыз етілуі қоршаған орта мен заттарды қабылдау арқылы оқушылардың түсінігі күрделеніп қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ж.Н.Сүлейменова, А.Ә.Орынбаев, Ж.А.Абитжанова. Қазақ тілін оқыту әдістемесінен қысқаша анықтағыш-сөздік. –Алматы, 2011.
2. А.Әбілқаев, З.Бейсенбайқызы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –Алматы, 2009.
Резюме
В статье рассматривается использование наглядного пособие при обучение морфологии.
Электронды оқулық арқылы оқушының ізденімдік қабілетін дамытудың тиімділігі
А. Жиреншеева, ҚазМемҚызПУ 4 -курс студенті
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.м., оқытушы А.Т.Амиржаева
Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету керек. Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі (2015жылы-50%,2020 жылы -90%) қолданыла бастады. Электронды оқыту жүйесін ұйымдастыру жағынан қамтамасыз етуді қалалар мен облыстардың білім беру басқармалары жанындағы білім берудегі орталықтарда жүзеге асырылатын болды [ 1;48]. Электронды оқулықтың мазмұны оқушының интелектілік ойлау қабілетін дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттерді қанағаттандыруы жеткілікті: жинақтылық, жүйелілік, эстетикалық көркемділігі, жылдамдылығын айтуымызға болады. Электронды оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негізделіп жасақталады және оны жүзеге асыру үшін қолданылады. Осы уақытқа дейін бақылаушы, жаттықтырушы, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программаларды қолданып келеміз. Бұл программалар оқушының өздігінен оқып-үйренуіне және өзіндік жұмыс жасау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Ал электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтіндік ақпараттан гөрі графиктік ақпарат көбірек қамтылуы керек, себебі ол оқушының ақпараттық тез, әрі көрнекі түрде қабылдауына жағдай жасайды. Электрондық оқулық оқушыға ақпарат қана беріп қоймай, оның уақытын үнемдейді, және оқу материалын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Сонымен қатар электронды оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін тез орындап, тестілер шешіп, карталар және схемалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулық – шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасай біледі [2; 7]. Электрондық оқулықтар оқушының өз бетінше жұмысын және олардың жоғары танымдық белсенділігін арттырады, оқушылардың терең тиянақты білім алушылық сапаларын көтереді. Сонымен бірге оқу процесінің – алға қойған мақсатынан бастап, қол жеткен нәтижесіне дейінгі аралықты қамтиды. Оқушылардың ойлау, сабаққа деген қызығушылығын ояту әрбір ұстаздың міндеті болып саналады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка таңдатып көрсетуге болады. Бұл әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тимді әрі әсерлі болып келеді.
Меңгерілуі қиын сабақтарды комьютердің көмегімен білім алушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген олардың құштарлығы оянады. Осы жерде электрондық оқулықтардың жетістіктерін айтпай кетпесек болмас. Олар:
-шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;
- дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпараттық тез табуға көмектеседі;
- гипермәтінді түсіндіру кезінде бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді;
- қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды,т.с.с
- әрбір оқушыға дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп,олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;
- белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады;
Оқу үрдісінде дәстүрлі оқытумен қоса дәстүрлі емес құралдармен оқыту да кейінгі кезде кең таралуда.Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнбе – күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірбиесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады. Сол себепті электрондық оқулықтарды әзірлеп оны дамытудағы ұсыныстар мен пікірлер арқылы тиімділігін арттырғанын көрсетеді. Осы мен қатар оқушыларға ең тиімдісі электрондық оқулық болып табылады, өйткені ол өз жолымен, керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі тақырыптарды және де оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, өзіне керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді. Оның гипермәтіні нақты құрылымдардан тұрса бір –бірімен тығыз байланысқан ықшам логикалық жүйе болып табылады. Ал өзіне қажетті мәліметті компьютер жадының керекті ұясынан іздеп таба білу де әрбір балтаның бүгін талап етілетін стратегиялық ойлау қабілетін қалыптастырады [3;40]. Оқушылардың ізденушілік қабілетін дамыту мәселесін шешу ұстазға ауыр артатыны белгілі. Ұстаз әрбір оқушыға арнайы тапсырма береді,сол тапсырманы оқушы жан – жақты іздеп талқылайды. Бұл тапсырманы оқушы слайд не болмаса сызба түрінде көрсетуі мүмкін. Осы тапсырманың оқушыға тиімділігін атауымызға болады:
Оқушы арнайы бағдарламамен жұмыс істейді;
Иллюстрация әдісін көп қолданады;
Өзінің ойлау жүйесінің дамуына түрткі болады;
Берілген тапсырмаға деген қызығушылығын арттыру қажет;
Бүгінгі білім беру жүйесіндегі электрондық оқытудың мазмұнды аспектісі – оқушыларды терең, жан – жақты әрі ғылым мен тәжірибе талаптарына сай келетін біліммен ойлау және ізденушілікпен қаруландыру мақсатын көздейді. “Көп білген кемеңгер емес, білімін пайдалана білген кемеңгер” демекші, адам үнемі біле түсуге ұмтылып, білімін молайту қажет. Электрондық оқулықтар бойынша оқушы тапсырмасын қызыға орындауы қажет. Сол тапсырмадан оқушы өз қатесін өзі табады. Өзін –өзі бағалауға үйренеді. Оқушының жас ерекшеліктеріне сай және әркімнің шамасына, мүмкіндігіне қарай тапсырма беруге қолайлы болып келеді [4;52]. Электрондық оқулық пен оқушы үнемі өзара әрекетте болу, жаңсақ қабылдаудан сақтайды, яғни байқамай қалған,дұрыс түсінбей қалған тұстары болса,дисплей экранына сол мәліметті қайта шақыруға болады. Электронды оқулық, сондай-ақ студенттің білімін ізінше автоматты түрде бақылап, әділ бағасын беріп отырады. Электронды оқулық оқылып жатқан тақырып бойынша оқушыға мысалдарды керегінше,осы тақырыптық меңгергенінше және оқушы өзі таңдаған бірізділік бойынша бере алады. Қазақ тілін оқытудағы мақсат – оқушыларға ана тіліміздің ғасырлар бойы сұрыпталып келген көркемдігі мен әсер өрнегін, лексикалық байлығын таныту, қазақ тілінің қуатын, құдіретін, шешендігін жас ұрпақ бойына дарыту ана тілімізді әдеби тіл қатарына түсірмей, мемлекеттік мәртебесін көтеру. Сондықтан да қазақ тілін компьтерлендіру оқушылардың қызығушылығын арттырады. Қазақ тілінен оқушыға берілетін білім оқушының тіл туралы білімін тереңдетеді. Оқушы білімінің толығуы оның жеке басының ізденушілігіне әсер етеді, өйткені жан-жақты ізденушілік адамның жеке басының дамуының негізгі шарттарының бірі болып табылады. Электронды оқулық оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуде біліктіліктерін дамытып арттыруына мүмкіндіктер туғызады. Электрондық оқулықтар білім алушының білім сапасын бақылау жүйесін өзгертуге мүмкіндік жасайды. Оқу үрдісінде электрондық оқулық ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электрондық оқулық оқу ақпаратын тасмалдаудың жаңа құралы болып табылады. Қорыта айтқанда, электронды оқулық оқу үрдісінде дәстүрлі оқыту мен қоса дәстүрлі емес құралдармен оқыту да кең тарауда. Электронды оқулық арқылы оқушылардың ізденушілік қабілетін дамыту көптеп қолға алына бастады. Пайдаланушы электронды оқулықпен сабақ бойы үздіксіз байланыста болғандықтан, тақырыптық меңгеруіне үлкен мүмкіндіктері бар. Электронды оқулықпен жеке жұмыс істеуінің арқасында белгілі бір тақырыптық бірнеше рет қайталап оқуға, тыңдауға, тіпті түсінбеген сөзді бөліп, анықтама бөлімінен қарап,түсіндірмесін білуіне, оның грамматикалық жасалу жолдарын анықтауға көп көмегін тигізеді.[5;7]
Пайдаланылған әдебиеттер:
2) Н.Айдарбек. “Электрондық оқулықтың тиімді тәсілдері”Қазастан мектебі 2002ж 7 -8б
3) Кенжебеков З. “Теориялық білім беру сабағында электрондық оқулықтарды пайдалану” Физика және астрономия 2010.№1 39-40б.
4) Ж.Қайрақбаев,З. Рахматуллина, “ Электрондық оқулықтар” Қазақстан мектебі №5 2008 ж 4- 52 б
5)Н. Айдарбек. “Электрондық оқулықтың тимді тәсілдері” Қазақ мектебі 2002ж .5-7б.
Бастауыш сыныпта көркем шығармаларды оқыту
М.Жүнісова, ҚазМемҚызПУ студенті
Ғылыми жетекшісі Р.Хусаин
Бастауыш сынып оқушыларын дамыта оқытудың маңызды міндеті олардың білімі мен дағдыларының дәрежесін ғана емес, сонымен бірге баланың ақыл-ой мен іс-қимыл әрекеті тәсілдерін қалыптастыру болып табылады. Осындай күрделі міндетті шешуде ерекше орын алатын пән – ана тілі. «Ана тілі» пәнінің маңызы туралы Ж. Аймауытов былай дейді: «Оқытатын пәндердің бәрін бірдей керекті, бәрін қауыстырып, орап алатын пән – ана тілі екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айналасы; өсіп, өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерек» ... .
Бастауыш сатыда білім мазмұнының мынадай құрамы анықталған:
дүние туралы (көркем, мифтік т.б. түсініктермен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі);
оқушының бойында қалыптасуға тиіс әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек, қарым-қатынас);
дүниені танып-білудің әдіс-тәсілдері (логикалық ғылым туралы білім, біліктер).
«Ана тілі» оқулықтары ауыз әдебиеті үлгілерін қамтиды. 1-сыныпта өлең-жырлар, шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, ертегілер, әңгімелер берілген. Ақын жазушылардың таңдамалы шығармалары енгізілген, әсіресе, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, Ж. Жабаев, К. Әзірбаев, С. Сейфуллин, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Әуезов, Б. Майлин, С. Торайғыров, С. Бегалин, С. Омаров, Ә. Қоңыратбаев, т.б. шығармалары, әңгіме, мысал, ертегілері бар. 1-сынып ана тілінде мынадай үш деңгейде жаттығулар мен тапсырмалар берілген, олар арнайы таңбамен белгіленген. ∆ – үлгі бойынша. □ – ізденушілік. Х – шығармашылық деңгейдегі жаттығулар.
Оқу сабақтарында білім мен тәрбие алу үшін қажетті әр түрлі оқу дағдылары қалыптасады. Оқу дағдысын қалыптастыру әдеби жазба тілі және сөйлеу тілімен байланысып жатады. Оқушылармен жүргізілетін түрлі жаттығулар, тілдік заңдылықтарды, ережелерді меңгертілгенде ғана оқу дағдысын қалыптастыруға болады. Сонымен бірге грамматиканың жеке бір ережелері, тыныс белгілер ережелері қажетті болып табылады.
Оқу дағдысын қалыптастыру оқытылатын мәтіндердің тәрбиелік мәнін ашуға қажетті болып табылады. Ол мынадай міндеттерді жүктейді:
Бастауыш сынып оқушыларының әр сынып көлемінде дұрыс, саналы түрде түсініп оқу және мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыруда оқушы жіберетін қателерді анықтау, талдау, топтау.
Қайталап оқуды ұйымдастыруға қажетті жұмыс түрі мен тиімді әдіс-тәсілдерді анықтау, түрлендіру жолдары.
Әр сыныпта оқу дағдысының әр түрін қалыптастыру, т.б.
Дұрыс оқу, түсініп оқу, шапшаң және мәнерлеп оқуды бірлестікте қарау.
Білім, білік, тәрбие – оқу дағдысын қалыптастырудағы басты мәселе.
Бастауыш мектептегі оқу сабағының сапасы әр сабақтың қаншалықты дәрежеде ойланып құрылғанына, қолданылатын әдіс, тәсілге және ұйымдастыруға тікелей байланысты.
Оқудың мынадай түрлерін қалыптастырамыз:
Дұрыс оқу
Оқушының оқып тұрғанда (өзіне) сөз ішінен әріпті, жеке буынды, не жеке бір сөзді қалдырып кетпей оқуы;
Кейбір буынды немесе сөзді қайталамай оқуы;
Кейбір дыбыстардың, сөздердің орнын ауыстырмай, сөзді бұзбай оқуы;
Орфоэпиялық талаптар тұрғысынан қате жібермей оқуы, мәтіндегі сөздердің мағынасына қарай лайықты дауыс ырғағын сақтап қалуы.
Оқушылардың оқу дағдыларын байқау жұмысын жүргізген кезде дұрыс оқудың жоғарыда қойылған талаптары үнемі іске асырыла бермейтіні байқалды.
а) мәтінді оқуда баланың оны дұрыс қабылдауына жете көңіл бөлінбей жалпы ұққанын айтқызуға тырысушылық;
ә) мәтінді оқу кезінде мұғалім тарапынан оқушының әр сөзді дұрыс оқып, әр дыбысты дұрыс айтуына жете зер салынбайтындығы;
б) баланың жеке басының ерекшеліктері мен оның қаншалықты дәрежеде оқи алатындығы ескерілмей, жөнсіз асықтырушылық.
Оқушының жіберген қатесін түзету мақсатымен кейбір мұғалім балаға қайталап оқытуды жөн санайды. Мұндай әдісті қолдану қатені түзетудің бірден-бір дұрыс жолы деуге болмайды. Оқушылар оқығанда қате оқыса, сөздерді буынға бөлу кезінде ғана, сұрақ қойып, сөйлемдегі сөздердің өзара байланысын анықтау кезінде ғана түзетіледі.
Көркем шығармалардың кейбір түрлерін оқыту кезінде жоғарыда аталып өткен міндеттер мен талаптар ескерліп отырылуы қажет.
Әдеби шығарма өмірді түсінуге көмектеседі. Ақын-жазушылардың идеясы, көркемдік шындығы, шығарманың мазмұны арқылы оқушыларды баурап, оларға түрлі сезім, ой туғызады, өмірге көзқарасын қалыптастырады. Көркем әдеби шығармалардың мұндай ерекшеліктері өзіндік әдістемені қажет етеді.
Бастауыш сыныптың ана тілі оқулықтарына көркем шығарманың мынандай жанрлары енгізілген: өлең, жұмбақ, әңгіме, мысал, ертегілер, жаңылтпаштар, мақал- мәтелдер, айтыс, шешендік сөздер, ғылыми мақалалар мен очерктер, т.б.
Көркем сөзді мәнерлеп, өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа айтудың, оқушылардың шығармашылық түйсігін қалыптастыруда маңызы зор.
Өлең сөздің тыңдаушыларын өзіне баурайтын сазды, әуезді өрнек нақышы, эмоциялық бояуы, үні, дыбыс әуені, мәні, табиғаты ауызекі естілгенде ғана ашылмақ. Осындай сиқырлы күшінен де болар, ұлы Абай “Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы” – деген. Өлең сөздің құдіретті қасиетін бала бойына ерте бастан сіңіру, зердесіне жеткізу – оқу-тәрбие ісінде үлкен мәнге ие.
Жақсы өлең жақсы оқылмаса, оның өңі қашады, мазмұны сүреңсіз, әсерсіз шығады.
Өлең сөздің ырғақ, ұйқас, бунақ, тармақ, шумақ кідірістері – қара сөзбен жазылған шығармалардан даралап тұратын белгісі.Осы ерекшеліктер өлеңді ауызша оқығанда, жатқа айтқанда арнайы ескертіледі.
Оқушылар оқыған материалының мазмұнын дұрыс қабылдап, ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Мұнай жұмыстар оқылатын материалдың сипатына, оқушылардың жасына, дайындықтарына, білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі. Оқушылар әңгімені дұрыс қабылдау үшін негізінен, мынандай жұмыстар жүргізіледі.
Әңгімені қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау;
Әңгімеге байланысты сөздік жұмысын жүргізу;
Әңгімені оқу;
Оқыған әңгіменің мазмұнын айту;
Әңгіменің жоспарын жасау;
Әңгіменің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.
Әңгімені қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау. Көркем шығарма жазушының сөзі арқылы жасаған көркем бейнесі, суреті арқылы қабылданады. Әңгімені оқыған кезде оқушыда елес (адамдардың портреті, табиғат көрінісі, т.б.) туады. Бұл оқушының сезімін де қозғайды.
Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен қиын ұғымдарды түсіндіруді ұмытпағаны жөн. Әңгіменің ішіндегі түсініксіз сөздердің мән-мағынасын біліп алмайынша, оның мазмұнын ұғу балаларға өте қиынға соғады. Ал оқулықтардағы әрбір әңгімедегі осы түсініксіз болады-ау деген сөздердің барлығын теріп алып, мәтіннің аяғына сөздік ретінде бере беруге болмайды.
Оқығанның мазмұнын жүйелі айтып берудің тәрбиелік мәні бар. Оқушы әңгімелеу арқылы дауыс ырғағы, бет-бейнесі көмегімен өз көзқарасын білдіреді. Оқушының баяндау барысынан әңгімені қаншалықты терең, толық қабылдағанын байқауға болады.
Жақсы ұғынған әңгімені баяндағанда оқушы сөздерді таңдауға, оларды грамматикалық жағынан дұрыс қолдануға, дұрыс сөйлеуге жаттығады. Баяндаудың тіл дамыту үшін маңызы зор.
Әңгіменің мазмұнын айтқызу екі түрлі жолмен іске асырылады:
Толық;
Ішінара.
Көлемі шағын әңгімелерді дайындық барысында толық баяндаттыру қажет. Ішінара мазмұндау көлемі үлкен әңгімелер бойынша және бөлімге бөліп оқу, жоспар жасау барысында, көбіне қорытынды әңгіме кезінде іске асады.
“Ерте-ерте ертегі, ертегі сыр шертеді”, - демекші қазақ фольклорындағы мазмұны терең, тілі бай, тақырыбы әр алуан, оқиғасы қызғылықты шығармалардың бірі – ертегілер. Ол әдеби мұрамыздың ең көне түрі болса да, осы күнге дейін өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде маңызын жоймаған жанр. Ертегі – көркем фантастикалық шығарма.
Ертегілер көбінесе, қара сөз ретінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған әңгімесі деп қараймыз.
Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегілер де адам баласының еңбек – кәсіп ету, тұрмыс – тіршілік ету тәжірбиесіне байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатындығын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял етіп, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Сол ұғым-түсініктерін, нанымы мен сенімін әңгімелеп айтатын болған.
Шешендік сөздер 1-4 сыныптың оқулығына да енгізілген. Шешендік өнерге оқушыларды баулу бағытында би-шешендердің қысқаша өмірбаяндары мен ел аузында қалған өсиет сөздері берілген. Шешендік өнер тарихы халық арасында ауыз әдебиеті үлгісінде дамып келген болса, бұл күнде мектеп бағдарламасына арнайы енгізіліп, оқушылардың жас ерекшелігіне, білім деңгейіне сәйкес шешендік сөздер оқулық беттерінен көрініс тапқан. Шешендік сөздер сынып жоғарылаған сайын күрделеніп, көлемі ұлғая түскен.
Мәтел – мақалға ұқсас, бірақ мақалдай екі-үш тармақты емес, өлең сипатында құрылатын ықшамды, кестелі нақыл сөз. Ұмытылмай ұрпақтан-ұрпаққа жаттала тараған өнеге, үлгі, өсиет сөздердің киелі түзілімі. Бастауыш сыныпта мақал-мәтелдер тақырып сайын және әр бөлім сайын оқытылады.
Жұмбақ – халық шығармаларының ең көне түрінің бірі және барлық жұрттың фольклоріне ортақ тұр. Ерте заманда пайда болғанымен жұмбақ бергі заманда да, тіпті, бүгінгі біздің дәуірімізде де маңызын жойған жоқ.
Қай кезді алсақ та жұмбақ өткір, ұшқыр сөз есебінде халық арасында бағалы болған. Жұмбақты халықтың өзге тапқырлық сөздері мен бірге саяси құрал есебінде жауға қарсы қолданған.
Жалпы, жұмбақты сөз образының кілті есебінде тануға болады. Жұмбақ ақындықтың ұрығы – дәні тәрізді.
Біздің уақытымызда жұмбақ өз бағасын жойған жоқ, оны мектеп балалары тілді ұстарту мақсатымен оқып, жаттайды.
Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат жайы, еңбек – кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер – білім, техника, т.б. жұмбақтардың басты тақырыбы болуымен қатар, мазмұнына айналды. Бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ әлеміне енгенде, әрқайсысы жалпылама емес, бөлшектене, жекелене алынады. нгенімен балабақшадан мектепке барады. Онда көркем әдебиетке, ана тіліне деген ынтасы арта түседі, туған әдебиетін сүйетін болады.
Қорыта келгенде, баланы сәби кезінен-ақ көркем сөзге құштар етіп баулу қажет, өйткені олар сол үйре Мақал – сөз анасы. Әдемі ұйқасты, үйлесімді ырғақты, өлеңді өрнекпен не шешендік қара сөзбен айшықталған қысқа да нұсқа айтылған нақыл сөздердің мәйегі. Көбінесе екі тармақтан құрылады. Бірінші тармағында ойдың түп нұсқасы пайымдалады, екіншісінде ой қорытындыланып түйінделеді. Мақал сөздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады.
Көркем әдебиет - өмір оқулығы. Көркем әдебиет арқылы бала қоршаған тіршілік дүниесімен танысады, толассыз болып жататын өмір өзгерістерін пайымдайды, адамдардың іс-әрекетіне көзқарасы қалыптасады. Сөйтіп, көркем әдебиет – жас буынның сана-сезімін өсіріп, ақыл-есін дамытып, оларды жоғары адамгершілікке тәрбиелейтін өмір оқулығы, тәрбие құралы болып игілікті міндет атқарады.
Адамгершілік қасиеттердің алғашқы дағдыларын бөбектер бойына сіңіруде көркем сөздің, өлеңдердің атқаратын қызметі ерекше.
Балаларды адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Балалардың ой-санасын дамытуға, мінез-құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге көркем әдебиет шығармаларындағы кейіпкердің өмірі мен іс-әрекеттері үлкен әсер етеді. Әсіресе, бастауыш сыныптың балалары өздерінің жас шамаларына қарай ертегі, аңыз-әңгімелерді, батырлар туралы шығармаларды, мысалдарды сүйсініп оқиды. Ондағы басты кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне еліктейді, тәтті қиялдарға беріледі, өзінше қорытынды жасауға кіріседі.
Көркем шығарма – халқымыздың асыл да, мол мұрасы, маржан сөздің қазына аралы.
Халықтық педагогиканың тарам-тарам жолдарын орынды пайдалана білу әр мұғалімнің өз үлесінде. Тек оқушыларымыздың ұлттық санасын оятып жүргеніне жол таба білсек болғаны.
Халықтық педагогика қағидаларын игеруге айлар емес, жылдар қажет. Оның үстіне жинақталып, кітап болып басылып ғылыми тұрғыдан жүйеленбеген, сараланбаған қазынаны тауып алу оңай емес. Сондықтан ел аузындағы есті сөздерге құлақ түре жүру, ата-бабалардың баспа сөз бетінде жарық көрген ұлағаттарын тере жүру тәрбие тұтқасындағыларға тартымды да татымды білім олжасы. Өзің пісірген астың дәмді болатыны сияқты, өзің терген сөздің қадір-қасиетін де тере бойлай танисың, тәжірибеңде тиімді, ұтымды, орынды пайдаланасың.
Жоғары оқу орындарындағы оқыту үрдісінде интербелсенді әдістерді қолдану ерекшеліктері
Л. Иманқұлова,
ҚазМемҚызПУ 1-курс магистранты
Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлау ісін қайта қарау, оның мазмұны мен құрылымын өзгертуді ғана талап етпей, сонымен қоса оның бүкіл бағдар бағытын түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Себебі, қай саладан болса да өз мамандығының шебері, өздігінен ізденуге мүмкіндігі бар, кәсіби мәдениеті жоғары маман даярлау мәселесі қазіргі заманның басты талабына айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «...білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, кәсіптік білім берудің негізгі мақсаты - жаңа қоғамға лайықты сапалы да, саналы тұлға, өз мамандығын сүйетін, оның кез - келген сұрағына жауап бере алатын маман даярлау болып отыр.
Кез келген жоғары оқу орнында заман талабына сай білім беру мәселесі алдыңғы қатарда тұрады. Заман талабына негізделген сапалы білім беру мәселесі мемлекеттік деңгейдегі мәселелердің қатарында. Білім сапасын жақсарту үшін көптеген жоғары білім беру ордалары өз жұмыстарының мазмұнын қайта қарап шығып, ғылым мен білімнің жаңалықтарын зерттеуді қолға алып жатыр. Соңғы уақытта қабылданып, өкімет тарапынан мақұлданып жатқан тұжырымдамалар мен білім бағдарламаларының негізгі бағыты еліміздің жоғарғы оқу орындарындағы білім сапасын дамыту арқылы әлемдік стандарттар негізінде білім беру негізделген. Білім сапасын жаңа деңгейге көтеру үшін жаңа технологиялар арқылы жұмыс жасау керек. Бұл жағынан кредиттік оқыту жүйесі бойынша интербелсенді оқыту әдістерін атап өтуге болады. Сапаны жақсарту білім мазмұнын зерттеу арқылы жүзеге асатын болса, білім мазмұнына өзгерістер ендіру арқылы білім сапасын жақсартуға зор мүмкіндік аламыз.
Демек, қазіргі жаһандану кезінде білім берудегі маңызды мәселелердің бірі – өз ісін жақсы меңгерген, шебер, білікті және білімді маман даярлау сапасын арттыру, оқытудың кредиттік оқыту жүйесі негізінде білім берудегі оқытудың әдістерін жаңарту және білімді арттыру мақсатында жаңа технологияларды жоғары деңгейде қолдана білу. Сондықтан да, әрбір оқытушы танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша әдістерді пайдаланып сабақ өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті мағлұматтар іздеуге және оны жүйелеуге жұмсайды.
Сондықтан да, ΧΧΙ-ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның өлшемі тек сауаттылық деңгейімен (жазу, оқу, есептеу) өлшенбейді. Оның критерийі – функционалдық сауаттылық. Бұл проблемаларды шешуге интербелсенді оқыту әдістерінің атқаратын рөлі бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу – бүгінгі күннің мақсаты. Олай болса, білім көтеру–кәсіби міндет. Әрбір болашақ мұғалім, қазіргі оқытудың тиімді оқыту технологияларын оқу процесінде қолдана білуге үйреніп, жетістіктерге жету жолында үлестерін қосуы тиіс.
Еліміз дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта студенттердің белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер интер – активті деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.
Интерактив – ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұлғаны дамытуға және топпен бірлесе отырып жұмыс жасауға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Интербелсенді әдістер – студенттердің өзара әрекет етуіне жағдай жасайтын әдістер. Интербелсеңду оқыту әдістері студенттердің өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенулеріне негізделген өте тиімді әдістердің бірі. Сондықтан да олар сабақта ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуге, сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік береді.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, интербелсенді оқытудың тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде студенттердің бірлескен әрекет ережелерін мойындай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде студенттердің өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекет дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, интербелсенді оқытудың нәтижелілігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде студенттердің топтық жұмыс ережелерін қабылдай отырып, нақты мақсаттар қоюға үйренуін, оқу топтарының жасақталып, қажетті оқу кеңістігінің қалыптасуын, ал табыстылығының ішкі көрсеткіштері ретінде студенттердің таным белсенділігі артып, жаңаша оқуға дайындықтарының жетіліп, өзара әрекеттесу дағдыларының дамып, ынтымақтастық ұжымның қалыптасып дамуын айтуға болады. Жалпы алғанда, интерабелсенді оқытудың басты шарттары қауымдастық пен бәсекелестік болып табылады.
Интербелсенді оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде студенттер өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интербелсенді оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және студенттердің танымдық іс -әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.
Сонымен, ең бастысы мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интербелсенді оөыту әдістерінің мақсаты - тек ақпаратты беру ғана емес, студенттерге жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты болып табылады.
Бұл тұста ең алдымен студент пәнді толық меңгеріп түсінуі үшін сабақтың бағытын білуі керек деп санаймыз. Өйткені сабақ нәтижелі болуы үшін студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру керек.
Білім берудегі кез-келген тапсырманы бағалау және сабақ соңында жаңа материалды студент қандай деңгейде меңгергендігін анықтау сабақтың сапасын бағалау болып табылады.
Сондықтанда сабақ барысында оқытушының біліктілігі, білім деңгейі, дайындалғандығы емес, соны студенттерге түсінікті тілде жеткізе алуы басты мәселе. Студенттің сабақ кезінде орындайтын іс шаралары, атап айтқанда топтардағы пікір-талас, берілген сұраққа жауап беру, тіпті олардың тыныш отырып тапсырма орындауы студенттердің сабақты қаншалықты түсінгендігі жайлы ақпараттың көзі болып табылады.
Сонымен, интербелсенді оқыту әдістері студенттердің білімін, іскерлігін және дағдысын қалыптастырып қана қоймай, оның танымдық қызығушылығын да оятуға көмектеседі.
Бұл әдіс жоғары оқу орындарында даярлайтын 5В012000 – Кәсіптік білім мамандықтары бойынша оқытылатын пәндерде сабақ беру барысында, студенттердің топпен, жеке, аудиториямен жұмыс жасау мүмкіндіктерін арттыра түсіреді. Сабақ барысында қолданылатын кестелерді, тест тапсырмаларын, ауызша сұрақ-жауап алу әдістерін пайдаланып жүргізу студенттер үшін ыңғайлы, өйткені дәстүрлі оқытуға қарағанда, оларға өз мүмкіндіктеріне қарай, аз уақыттың ішінде өз білімдерін көрсету және берілген бағдарлама арқылы студентке өз бетінше қайталанбайтын көпнұсқалы, көпдеңгейлі дидактикалық шарттар негізінде тапсырмалар сұрақтар беруге, білім мен дағдыны шынайы нақты бағалауға, білім алушылардың белгілі тапсырмаларды өз қолдарымен жасап қолдануға мүмкіндік болады.
Бұл әдісті пайдаланып сабақ жүргізу студентердің білім алуына және ақпарат алу құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға өз әсерін тигізеді.
Оқытушылар үшін интербелсенді оқыту әдістерін қолданудың маңыздылығы – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы студенттердің білім деңгейін көтеруге негізделген. Бұл әдісті қолдану тек қана студенттің емес оқытушының да сабаққа деген көз қарасын өзгертеді. Оқытушы жай ғана қағазды қолданбай жаңа ақпараттық коммуникативтік технологияны, интернетті интерактивті тақтаны қолданып сабақ жүргізеді. Сонымен қатар әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, студенттердің ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман дайындауда, оны өз игілігімізге жарата білсек, барлық оқытушы қауымыны үшін жетістік болады деп есептейміз.
Қорыта келгенде, интербелсенді оқытудың тиімділігі сол, аудиториядағы барлық студент қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Оқу материалын игеруде, студенттердің біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр студент өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүріп отырады. Сонымен қатар, мұнда өзара қолдау және бір-біріне деген жанашырлық қалыптасады. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық ой-өрістері дамиды, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді. Сабақта интербелсенді әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажетті тапсырманы бірлесіп шешуге алып келетін ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды, сұхбаттасып оқыту барасында студенттер сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ғылыми шешімдер қабылдауды, пікірталастарға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, түрлі ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылып сабақ соңында әр топтың өз ұсыныстары мен шешімдері есепке алынады. Сабақты интербелсенді оқыту әдістерін пайдаланып жүргізу мынадай нәтижелерге қол жеткізеді: оқу материалын терең түсінуг, оқу мотивациясының артуына, алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына, білім беруге жұмсалатын шығынның азаюына, өз бетінше іздене отырып, шешім қабылдауына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |