Кілегейлі қабықта азық құрамында болатын микроорганизмдерді жойып, қорғаныс қызметін атқаратын лимфа түйіндері де кездеседі.
Ортаңғы етті қабық— tunica muscularis — екі қабатты бірыңғай салалы ет тканінен тұрады. Оның сыртқы ұзынша қабаты жіңішкелеу, ал ішкі сақинаша қабаты, керісінше, қалың болып келеді.
Сыртқы сірілі қабық аш ішек қабырғасының дорсальды бетінде тоғысып, ішек шажырқайына айналады, Шажырқай борпылдақ дәнекер аралығы бар екі қабатты сірілі қабықтан түзілген. Шажырқай аркылы ішекке қоректендіруші қан, лимфа тамырлары және жүйке талшықтары келеді.