Ішек шикізатын алу және алғашқы өңдеу технологиясы



бет8/24
Дата21.12.2021
өлшемі1,12 Mb.
#104375
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Байланысты:
292273.pptx

Ерекшеліктері. Жылқыда он екі елі ішектің ұзындығы I метрдей болады. Қарыннан шыққан соң оның қуысы кеңейіп, он екі елі ішек ампуласын — ampulla duodeni — түзеді. Бұдан соң ол құрсақ қуысының оң бүйіріндегі бауырдың бетімен төмен қарай тағаша иілім жасап, ұйқы безінің денесін айналып өтеді. Ішектің осы тұсы оның төмендеген бөлігін — pars descendens — құрайды. Одан әрі он екі елі ішек бауырдың оң бөлігін бойлай оң бүйрекке қарай көтеріле бағытталып, өрлеме бөлікті — pars ascendens — жасайды. Екінші және үшінші бел омыртқа тұсында ішек оң бүйректің артын ала солға бұрылып, каудальды иілім түзеді де, шажырқай түбірлері арасымен көлденең бөлікті — pars transversa — жасап, ащы ішекке ауысады.

  • Бауыр (печень) —һераг — азық қорыту бездерінің ішіндегі көлемі жағынан ең үлкені (2-сурет). Жануарлар түрі мен бауырдың қанға толу мөлшеріне байланысты оның түсі қызыл-қоңырдан ақшыл-қоңыр-ға дейін өзгеріп отырады. Құрылысы жағынан ол паренхиматозды қомақ-ты ағза. Бауыр организмде тіршілік-ке қажет көптеген қызметтер атқара-ды, сондықтан оны "организмнің биологиялық лабораториясы" деп атайды. Ол ас қорыту безі ретінде он екі елі ішек қуысына өт бөледі. Өт ұйқы безі мен ішек сөлдеріндегі азық қорыту ферменттерінің белсенділігін арттырады, майды тым ұсақ тамшы-ларға ыдыратып, көбіктендіріп, оның қорытылуын жеделдетеді. Сондықтан, жануартекті майлы азықпен қоректенетін жануарларда өт көп мөлшерде бөлінеді. Олардың бауырының көлемі де үлкен келеді. Бауырда ішек-қарыннан қорытылған қоректік заттармен қатар қанға сорылған улы заттар да залалсызданады, қандағы микроорганизмдер жойылады, бауыр клеткаларында көмірсулар (углеводтар) гликоген ретінде қор болып жиналады, амин қышқылдарынан бөлінген аммиактан органикалық зат — мочевина мен несеп қышқылдары түзіледі. Осы аталған қызметтер бауыр клеткаларының тікелей қатысуымен жүреді. Бауыр мөлшерінің денемен салыстырғандағы көрсеткіші іштегі төлдерде (ұрықтарда) ересек жануарларға қарағанда әлде қайда үлкен. Оларда бауыр қосымша қан түзу қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет