Кептіру. Ішектерді табиғи жағдайда кептіреді және кептіргіште ауаның температурасы 35-50 ºС 4-6 сағат аралығында кептіреді. Оларды ауамен толтырады, байлайды және үрленген күйінде кептіреді. Кептіргеннен кейінгі ішектің ылғалдылығы 8-10%. Олар қатты және сынғыш болады. Құрғақ ішектерді машина арқылы өткізіп вальцтейді. Тік лента шығады. Олардың иілімділігін қалпына келтіру үшін ылғалдылығы жоғары ( 60-80) 15º температурада ылғалдылығы 15% жеткенге дейін бөлмеде ылғалдандырады.
Бірінші сортты құрғақ тоқ ішекті ылғалдандырылғаннан кейін алтын түсті, иілімді, лассыз , майсыз, қабырғалары бүтін болу керек; екінші сорт тоқ ішектері қою түсті, иілімсіз болады. Оларды кең ( жартыаймағының ұзындығы 55 мм жоғары), орташа ( 50-55 мм жоғары), тар (40-50 мм) деп бөледі. Ұзындығы өлшенген құрғақ кесінділерді 50метрден өреді. Байламды тюктарға орайды. Тюктарды пресстеп, қараңғыланған жерде сақтайды.