Сиыр тоқ ішегін ФОК-к агрегатында өңдейді. Столдан оларды торлы тұтқырландыруы бар қысқыш вальцке береді. Олар заправкалы- транспортермен ұсталынып майсыздандыру үшін машинаға беріледі. Екінші қысқыш вальцтен өткеннен кейін тоқ ішектер аударылуға ваннаға түседі. Судың көмегімен аударылған ішектер шырышты қабықшасын босату үшін жылы суы бар науаға келіп түседі. 10 мин кейін оларды жылы су шаша отырып шлемовкалы машинада шырышты қабықшасынан тазалайды. Тазартылған ішектерді ваннада салқындатады және сортировка, метровка және байламға байлайтын столдарға бөледі. Байламдағы тоқ ішектерді тұздайды, содан кейін ыдыстарға салып сақтайды.