Ішектердің құрамына ақуыз (ρ ־10%) , майлар (1-2%) , минералды тұздар (бір проценке жуық) және су (85-88%) кіреді. Сонымен қатар ішек құрамында ферменттер мен витаминдер бар
Ішектердің құрамына ақуыз (ρ ־10%) , майлар (1-2%) , минералды тұздар (бір проценке жуық) және су (85-88%) кіреді. Сонымен қатар ішек құрамында ферменттер мен витаминдер бар.
Аш ішек
Аш ішек
Аш ішек (тонкая кишка)— intestinum tenue — қарын мен бүйеннің аралығында орналасқан азық қорыту жүйесінің ортаңғы бөлігі. Орналасу орны мен ондағы азық қорыту процесінің жүруіне байланысты аш ішекті үш бөлікке бөледі. Олар: он екі елі, ащы және мықын ішектері.
Азықтың белсенді қорытылуы осы аталған аш ішек бөліктеріне бөлінетін сөлдердің құрамындағы ферменттердің қатысуымен, жүреді. Азық қорыту бездері орналасу орыны мен құрылысына қарай қабырғалық және қабырғадан тыс орналасқан бездер болып екі топқа бөлінеді. Қабырғалық бездер ішек қабырғасының кілегейлі қабығында орын тебеді. Қабырғадан тыс орналасқан бездерге бауыр мен ұйқы безі жатады. Бұл бездер де қабырғалық бездер сияқты аш ішек қабырғасынан дамиды. Құрылысының тым күрделенуіне байланысты кейіннен олар ішек қабырғасынан жеке қомақты мүшелер ретінде жетіледі. Осының нәтижесінде аш ішек қуысымен олардың тек өзектері арқылы тікелей он екі елі ішекке құйылады. Бұла сөлдердің құрамындағы әр түрлі ферменттердің әсерінен азықтағы қоректік заттар (белоктар, майлар, көмірсулар) өздерінің қарапайым мономерлеріне ыдырап, аш ішек бүрлеріндегі эпителий қабаты арқылы сорылып, қанға және лимфаға сіңіріледі. Сондықтан, аш ішектің қабырғасы қан және лимфа тамырларымен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген. Аш ішектің ішкі бетіндегі көптеген қатпарлар мен бүрлері ішкі беті ауданының көлемін арттырады.
Қабылдайтын азықтың түріне (жануар текті, өсімдік текті, аралас) байланысты үй жануарлары ішектерінің ұзындығы әр түрлі болады. Жануар текті азықпен қоректенетін жануарлардың ішегі қысқа, ал өсімдік текті азықпен азықтанатын жануарлардың ішегі-өте ұзын болады. Талғаусыз жануарлар (мысалы шошқа) ішегінің ұзындығы орташа болып келеді.
Аш ішектің қабырғасы басқа да түтікті ағзалар сияқты үш қабықтан құралған.
Аш ішек кілегейлі қабығының — tunica mucosa — ішкі бетінде барқыт түгіне ұксас ұсак, бүрлер— velii intestinales — болады. Кілегейлі қабықты ішек қуысы жағынан бірқабатты призма тәрізді эпителий астарлайды. Эпителий қабатының астында өзіндік пластинка қабаты (борпылдақ дәнекер ткані) жатады. Кілегейлі қабықтың үшінші етті қабаты бірыңғай салалы ет тканінен түзілген. Осы қабаттың етті клеткалар будасы жиырылып, кілегейлі қабықты қатпарландырып тұрады. Төртінші қабат — борпылдақ дәнекер тканьді кілегейасты негіз аш ішекте жақсы жетілген.