2. Нағыз (абсолюттік) тұйық дыбыс шектерін анықтау (жүректің өкпемен жабылмаған жері). Перкуссия реті бірдей, бірақ шала тұйық дыбыс шектерінен ішке қарай жай перкуссия арқылы анықталады:
а) оң жақ шегі – төстің сол жақ шетінде IV-V қабырға аралықта.
б) жоғарғы шегі – сол жақ төс жанындағы сызығы бойынша IV
қабырға аралықта (плессиметр-саусақты жоғарғы шала тұйық
дыбыс шегіне қабырғаға паралель етіп қойып, төмен қарай
перкуссиялайды, бәсең дыбысы анықталғанша).
Жүректің нағыз (абсолюттік) тұйық дыбыс шегінің үлкеюі мына жағдайдарда байқалады: - оң жақ қарыншаның дилатациясында
- өкпе ателектазында және бүрісіп қалуында
- пульмонэктомиядан кейін
- көкірекаралық ісіктерінде
- терең дем шығару кезінде
- сол жақ экссудативті плевритте немесе гидроторакста және сол жақ өкпе шеттерінің тығыздалуы кезінде
- экссудативті перикардитте
- оң жақ қарыншаның гипертрофиясында
Жүректің нағыз (абсолютті) тұйық дыбыс шегінің кішіреюі мына жағдайларда байқалады: - терең тыныс алу кезінде
- диафрагманың төмен орналасуында
- өкпе эмфиземасы кезінде
- брох демікпесінің ұстамасы кезінде
- пневмоторакста
- пневмоперикардта