Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика пәнінен В060200-Информатика мамандығында сырттай оқитын курс студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулар



бет3/14
Дата26.12.2023
өлшемі1,99 Mb.
#199481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
met ukaz i kr zaocn tvims 2009 vti po

Пән туралы қысқаша мәлімет

«Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәнi мiндеттi негiзгi пәнге жатады.
Ықтималдықтар теориясы – бiртектi кездейсоқ құбылыстардың ықтималдық заңдылықтарын зерттейдi.
Ықтималдықтар теориясының тәсiлдерi жаратылыстану мен техниканың әртүрлi салаларында: сенiмдiлiк теориясында; көпшiлiкке қызмет көрсету теориясында; теориялық физикада; геодезияда; астрономияда; ату теориясында; бақылаудың қателiктерi теориясында; басқаруды автоматтандыру теориясында; байланыстың жалпы теориясында қолданылады.
Ықтималдықтар теориясы – өндiрiстi жоспарлау мен ұйымдастыруға, технологиялық процестердi талдауға, өнiм сапасын тексеруге қолданылатын математикалық және қолданбалы статистикада маңызды роль атқарады.
Математикалық статистика – белгiлi ықтималдық моделiнiң жекелей параметрлерi мен құрылымын, оның статистикалық мәлiметтерi бойынша сынақтап, әртүрлi болжамдарды тексеру тәсiлдерiн қарастырып, қажеттi статистикалық мәлiметтер беретiн эксперименттердi жоспарлау ережелерiн нұсқаумен айналысады.
Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика ғылым мен техниканың әртүрлi салаларына тереңдей енiп, олардың кеңiнен дамуына ықпал етедi.

  1. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

Пәндi оқытудың мақсаты:

  • ықтималдықтар теориясы және математикалық статистиканың негiзгi ұғымдары мен заңдылықтарын және олардың түрлi салаларда қолданылуын зерттеу;

  • нақтылы есептердi шешу тәсiлдерi мен әдiстерiн меңгеру;

  • табиғи процестердiң математикалық модельдерi құра және құралған модельдi сынақтау тәсiлдерiн таңдай бiлу;

  • ғылыми және ақпаратты әдебиеттердi пайдалана бiлу;

  • математикалық интуицияны дамыту;

  • математикалық мәдениетке тәрбиелеу;

  • ғылыми көзқарас пен логикалық ойлау қабiлетiн қалыптастыру.

Осы мамандық бойынша оқу бiтiрушiлер:

  • ықтималдықтар теориясы және математикалық статистиканың негiзгi ұғымдары мен заңдылықтарын еркiн қолдануға;

  • математикалық есептердi қоя бiлуге;

  • ықтималдық модельдерiн құра бiлуге;

  • қолайлы ықтималдық тәсiлдердi және есеп шешiмiнiң алгоритмiн таңдай алуға;

  • сапалы статистикалық зерттеулер жүргiзуге;

  • жүргiзiлген талдаулар негiзiнде қолдануға қажеттi және iс жүзiнде тиiмдi нұсқаулар ұсынуға мiндеттi.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет