«Қыз Жібек» жырындағы этнолексиканың танымдық сипатын оқыту әдістемесі Аңдатпа



бет3/7
Дата12.05.2024
өлшемі142,55 Kb.
#201994
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мақала 2 СДУ 3

Мақсат пен міндеттер: Білім алушыларға «Қыз Жібек» жырының этнотанымдық қабатын меңгерту және практикалық тұрғыдан олардың этнотанымдық құзыреттілігін қалыптастыру. Аталған мақсатқа сәйкес төмендегіше міндеттер қойылды:
- білім алушылардың этнотанымдық құзыреттілігін қалыптастыру;
- жырды оқытудағы студенттердің этнотанымдық деңгейін анықтау;
- «Қыз Жібек» жырын оқыту барысында студенттердің этнотанымдық деңгейін арттыруға арналған әдіс тәсілдер мен тапсырмалар;
- студенттердің этнотанымдық белсенділігін арттыруға арналған әдістеменің нәтижелерін талдау («Қыз Жібек» жыры негізінде).


Зерттеудің әдістануы мен әдістемесі
Мақалаға әдістанулық негіз болған жайт – санада тілге дейінгі бейнеленген дүниелердің ішкі мәнін түсіндірудің әдіс-тәсілдерін қарастыру, логикалық-позитивті және эстетикалық таным-білімнің реттелген, жүйеленген, өңдеуден өткен ақпараттарды тіл арқылы іздеп айқындау, сонымен қатар, тіл арқылы көрініс тапқан санадағы дүниелер бейнесін анықтау, яғни тілді этнолингвистикалық, этнотанымдық тұрғыдан зерттеу пайдаланылды.


Нәтижелерді талдау мен талқылау


Адам дүниені жалпы адамзаттық және ұлттық қоғамдық-тарихи тәжірибе негізінде бейнеленген тіл арқылы таниды. Онда ұлттық тәжірибе тілдің ерекшелігін анықтап, соның негізінде, сол тілде сөйлеушінің санасында, соған сай өзіндік дүниенің тілдік бейнесін жасайды.
Адамның санасы, болмысы және рухани негіздерінің тығыз байланыстылығы, дәстүр жалғастығы мен сақталуы тек тілге тікелей қатысты болып келеді. Ал адамның этностық ұғымда танылуы-белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада, ұжымда қалыптасқан танымның тілдегі көріністері мен осыған байланысты этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу мақсатында туындаған тіл білімінің жаңа да дербес саласы-этнолингвистика деп аталады. «Тіл әлемнің» табиғаты мен болмыс бітімін жан-жақты зерттеу барысында жіктелген социолингвистика, психолингвистика, лингвомәдениеттану салаларынан этнолингвистиканың ерекшелігі, тұтастық сипатын - академик Ә.Қайдар атап көрсеткендей, оның «этностың инсандық һәм дүнияуи табиғатын тереңнен танып білу үшін басқа емес, тек тіл феноменінің өзіне ғана тән ғажайып мүмкіншіліктері мен қазына байлығын зерделеп мақсат ететін ғылым» екендігінде [1].
Адамзат қоғамы дамып, өркендеген сайын оның таным-білімі, ой-өрісі арта түсетіні заңды құбылыс. Осымен байланысты санада қалыптасқан ұғымды таныту деңгейі де кеңейе түсетіні белгілі. Ақиқат дүниенің кез келген үзігінің денотаты мен ситуациялары тіл арқылы санада таңбаланып сақталады және сол дүниені таныту үшін жұмсалады. Ал суреткер танымында ақиқат дүние үзігінің тілдік қолданыста кездеспейтін, яғни тіл арқылы санада «тіркелмеген» ерекше денотаттар, ситуациялар кездесіп отырады. Сондықтан қазіргі тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың басты мәселесі, біріншіден, санада тілге дейінгі бейнеленген дүниелердің ішкі мәнін түсіндірудің әдіс-тәсілдерін қарастыру, екіншіден, логикалық-позитивті және эстетикалық таным-білімнің реттелген, жүйеленген, өңдеуден өткен ақпараттарды тіл арқылы іздеп айқындау. Бұл мәселе жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Осыған орай, тіл арқылы көрініс тапқан санадағы дүниелер бейнесін анықтау, яғни тілді когнитивтік тұрғыдан зерттеу әлемдік тіл білімінде үлкен бағытқа айналды [2].
Этнотанымдық талдау арқылы нақты бір социумның лингвомәдениеттанымдық жүйесінде жинақталған дүниенің ұлттық сипат, ұлттық ерекшелік иеленген бейнесімен «жүздесуге» мүмкіндік аламыз. «Ұлттық өзіндік бейне» дейтін себебіміз әрбір этнос өзін қоршаған әлемді тек «өз көзімен» көріп, өзінің түсінігіне жақын мазмұнмен толтырады. Дүниені бағалаудағы өз ұлттық ерекшелігін белгілейді Тілдік семаның тілдік бірліктер арқылы берілетін рухани және материалдық құндылықтары тілдің барлық деңгейлерінде көрінеді [3].
Этнолингвистикалық бірлік – этномәдени санада сақталатын, белгілі бір ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ықшам, әрі терең мағыналы шындық болмыс, ұлттың мәдени құндылықтары жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым.
Тіл – адамзат баласы үшін тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге халықтың ойлау мәдениеті мен сана деңгейінің көрсеткіші, тіл иесі адамзат баласының заманалар бойы жинақтаған, өмірлік әрі қоғамдық аялық білімін сақтап, келер ұрпаққа тасымалдаушы лингвомәдени, лингвокогнитивтік, әлеуметтік феномен тұрғысынан сарапқа түседі.
Соңғы уақыттардағы тіл біліміндегі антропоцентристік парадигманы негіз еткен лингвистикалық зерттеулердің өзегін: адамзат баласының тілге деген түсінігі; тілдің адамға, ойлауға, мәдениетке әсері; этнос аралық мәдениеттегі тілдің қызметі; тіларалық қарым-қатынасты айқындау мәселелерін құрайды.
Сонымен қатар, тіл біліміндегі соңғы уақыттағы зерттеулерде тіл – қарым-қатынас құралы қызметін атқаратын адамның коммуникативтік әрекетінің компоненті, ал қоғамды жаңаша ұйымдастырудың, ақпараттық байланыс пен мәдениет аралық келісімді үйлестірудің құралы ретінде адамға қатысты қызметі, әлеуметтік қатынастарды жүйелеудің амалы тұрғысынан сипатталады. Лингвомәдени қауымдастықтың өмірлік тәжірибесін көрсетуші, сақтаушы, келер ұрпаққа тасымалдаушы құрал ретінде тіл – мәдениеттің құрамдас компоненті, ал мәдениет – қоғам дамуына қажет ақпараттарды жүйелейтін және таңбалайтын бірлік ретінде тілдің құрамдас элементі тұрғысынан қарастырылады.
Тіл білімі саласының соңғы жылдардағы жітістіктері жалпыдан жалқыға, күрделіліктен даралылыққа ұмтылып, жеке сөздердің мағыналық тұлғалану ерекшелігіне назар аудартып, зерттеу нысанының айқындылық сипатын саралай түсуді талап етуде. Семантикалық белгілердің (семалардың) түрлі дәрежелерін бір-біріне байланыстыра отырып, контекстегі эмоцианалдық сипаты мен стильдік бояуын бағамдау зерттеу жұмысындағы өзгеше әдісті қолдануға мәжбүр етеді. Ең жетілген, жақсы жазылған түсіндірме сөздіктерде де кез келген сөздің лексикалық мағыналары толық берілмейтіні анық [4].
Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасында: «Қоғамның жоғары педагогикалық білімді мамандарға қойылатын талаптары соңғы жылдары күрделенді. Жаңа қоғам мұғалімі – ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық тұрғыдан білімді, шығармашыл тұлға, өзін-өзі дамытуға ұмтылысы бар, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын, әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген біліктілігі жоғары маман» [5] деп көрсетілген. Осы орайда педагогтің біліктілік деңгейі мен дәрежесі оқыту үдерісінде қолданылатын әдіс-тәсілдерінен көрінеді.
Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары мен және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол оқытушы мен білім алушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік, дағдының қалыптасып, білім алушының дүние танымдылығы мен қабілеттілігінің артуы.
Жалпы педагогиканың әдістерінен әр пәннің өзіне тән әдістері шығады. Мақаламызда жоғарыда аталған мәселелерге сәйкес, оқыту үдерісіндегі филолог студенттердің этнотанымдық деңгейін арттыру мақсатындағы тілдік таным, сөздік қорды дамыту, этномәдени ұғымдардың мағынасын ашу, сөздікпен жұмыс, көнерген сөздермен жұмыс, көркем мәтінді лингвистикалық аспектіден талдау т.б. бағытталған әдіс-тәсілдерді жинақтау болып табылады. Осы орайда тіл дамыту, яғни студенттердің танымдық білімін дамыту ең негізгі жұмыстардың бірі болып табылады.
Түсіндіру әдісі – халық ауыз әдебиетін, атап айтқанда, лиро-эпостық шығармаларды немесе күрделі көркем шығармаларды оқытуда жаңа сөз, көнерген сөздер, этнолингвистикалық бірліктерді, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады. Сабақ барысында таныс емес сөздер сөздер бойынша, сөздіктермен жұмыс жасалады. Сондай – ақ лиро-эпостық жырлардағы этнолексикалық бірліктерді талдауға арналған нақты практикалық тапсырмалар мен жаттығулар негізінде түсіндіру.
Көрнекілік әдіс – сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Студенттердің жас ерекшелігі мен қызығушылықтарына сәйкес түрлі ақпараттық-танымдық бағыттағы суреттер мен заттарды (мәсенен, «Қыз Жібек» жырындағы қазақ халқына тән киім-кешек атаулары, тұрмыстық заттар, т.б.) бейнематериалдарды, түрлі ойындарды, танымдық ақпараттарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эстетикалық жағынан жақсы, ірі екі немесе үш түстен болуы керек .
Мысалы: этнолексиканы меңгерту барысында ұлттық мәдени ақпарат беретін тұрмыстық заттардың, киімдердің суретін көрсету арқылы немесе әртүрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді, сөз тіркестерін үйретуге болады. Ы. Алтынсарин натуральды әдіс туралы былай деген: «балаға айтып түсіргеннен гөрі , қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды » деген. Бұл әдісті тілдік танымды дамытуға қолдануға болады.
Практикалык әдіске ойын технологиясы, ойын элементтері бойынша мәтінді талдау кіреді. Сабақтың мазмұнына сай таңдалған дидактикалық ойындар білім алушылардың көрке мәтіннің этнотанымдық қабатын меңгертуде білімін бекітіп, сөздікпен жұмыс жасау барысында этнотанымдық белсенділігін арттыруға көмектеседі.
Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, ең алдымен, шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту болып табылады. Бұл сонымен қатар студентке іс-әрекетті, белгілі бір әрекеттерді таңдауға еркіндік беру, жаңасын іздеуге шақыру, өзінің іс-әрекетіне, сөйлеген сөзіне есеп беру. Яғни, студентке өз бетінше жауап таба алатын жағдайлар жасау. Білім алушыға өзін көрсете алатын және өзінің әлеуетін аша алатын стандартты емес тапсырмалар беру. Дұрыс таңдалған оқыту әдістері білім алушыларға шығармашылық дамудың жоғары деңгейіне жетуге көмектеседі. Қабілеттерді дамыту – күрделі процесс. Студенттердің шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру және дамыту туралы заманауи идеялар оқу процесінде стандартты емес тапсырмаларды қолдануға, студенттер үшін қиындықтар туғызуға негізделген, оларды тек жаңа мәселелерді іздеу арқылы жеңуге болады. Қандай әдіс болсын оқытушы өз сабағына икемдеп қолдануы керек.
Қазіргі заманғы білім білім берудің жаңа парадигмасына сүйенеді, «өміршең» білімнен «өмірлік» білім беру идеясына бағынады, жеке тұлғаны қалыптастыруда ғылыми-танымдық, ізденімдік-зерттеушілік,шығармашылық әрекеттеріне сүйенеді. Сондықтан да жеке тұлғаның психологиясына әсер ете отырып білім беру басымдылық алады. Ал психологияның лингвистикамен байланысында психолингвистика жатыр, оның аспектісінде таным теориясы қарастырылады. Таным тыңдау арқылы, тану арқылы, түсіну арқылы, көру арқылы қалыптасады. Жеке тұлғаның бойына мұндай жан жақты құзіреттілікті тіл білімінде мәтін талдау әдісі арқылы дарытуға болады. Білім беру мазмұны мен формасының, құрылымдарының өзгеруіне байланысты барлық пәндерді оқытудың әдістемелік жолдарын арнайы қарастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, оқыту үдерісінде филолог этнотанымдық деңгейін дамытуда тіліміздегі фразеологиялық тіркестердің маңызы зор. Фразеологизмдер – лексиканың ең бір айшықты бай саласы. Бұлар өзінің экспрессивтік-эмоциялық әсерлілігімен көзге түседі. Фразеологиялық тіркестер көркемдік қасиетіне орай көркем лиро-эпостық жырларды молынан қолданылады.
Фразеологиялық тіркестерді қолдана білу – тіл білудің үлкен белгісі. Халық қазынасы болып табылатын фразеологизмдерді жақсы білетін кісі ой өрнегін түрлендіріп, ұтымды, түсінікті, ықшамды етіп береді. Сондықтан әрбір мәдениетті, сауатты кісі, тілге шешен болғысы келетін адам халық тіліндегі тұрақты тіркестерді көңілге тоқи жүріп пайдалануы тиіс [6].
Филолог студенттерді оқыту үдерісінде этнотанымдық деңгейін дамыту мақсатында лексикалық білім беру барысында студенттер сөздердің этнолексикалық мағынасын игеру ғана емес, оның сөйлемде пайдаланылуы, дұрыс қолданылуы, сөздіктегі мағынасы мен жырдағы мағынас және ол мағынаның қолданылуы бойынша жаттықтыру жұмыстарын жүргізеді. Бұл дағдыландыру жұмысы сол сөз бен сөз тіркестерінің сөйлеу әрекетіндегі мақсатқа сай қолдана білу икемділігін арттыра отырып, сөздік қорын саны жағынан ғана емес, сапа жағынан да арттыруға ықпал етеді.
Кез келген халық тілі – сол халықтың шынайы этникалық болмысының айнасы. Тілді жаңа ғасыр кезеңінде теориялық-танымдық үрдісте зерттеудің қажеттігі туындайды. Бұл үрдіс тіл мен адам санасын тұтастықта қарастырып, тілдік білімді адам миының жемісі, күрделі ассоциативті-вербалды құрылым, болмысты рух пен ой бірлестігінде танытушы жүйе ретінде кешенді сипаттауға негізделеді. Адамзат өзін қоршаған шындықты, әлемдегі сан алуан құбылыстар мен олардың сапа-қасиетін сезім мүшелері арқылы сіңіріп, санамен түйсініп қана қоймайды, оған жауап қайырады, ақпаратты өзінше жаңғыртып, жаңа сапада қайта жасауға саналы-санасыз күйде талпыныс жасайды, өңдейді, қорытады, елеп-екшейді, баға береді, тәжірибеде қолданады, бұлардың тұтас көрінісі ретінде ғаламның тілдік бейнесі жасалады. Когнитивтік ғылымның басты назар аударатын негізгі ұғымдары – «ғалам бейнесі», «ғаламның тілдік бейнесі» және «ғалам моделі» немесе когнитивтік модель. Соңғы кезеңдерде семантикалық үшбұрыш мәселесіне тоқталудың негізгі тұжырымдары сөз мағынасын таңба – сөз – ұғым (мағына) аясында емес, кең ауқымда концептуалды білімді қамтитын құрылымды кескіндеуге ұмтылумен тығыз байланысты екені айтылып жүр. Когнитивтік семантика тілді түсіну және қолдану мәселесін негізгі назарға ала зерттеп, мағына санада кодталатын үдеріс, ғаламның тілдік бейнесін құрушы бірлік екені ескеріледі. Соның нәтижесінде процестің «әрекет етуші, әрекет, мақсат, нәтиже»қатынасы негізінде ғана жүзеге асатыны мойындалады [7].
Өз мәдениеті мен тарихын тілі арқылы терең және еркін игере алған жағдайда тұлға дамуының көрсеткіші болады, себебі адам өзінің тілі арқылы ұлттық мәдени құндылықтарын көрсете алады. Қазіргі таңда қазақ тілінің байлығын қажеттілікке біз жеткізбесек, кім жеткізеді? Қазіргі таңда көптеген ғалымдарды тіл мен мәдениеттің байлынысы, әрбір адамның қоғамдық және жеке өміріне қатты әсер ететіндігі туралы түсініктер, яғни мәдени-тілдік код мәселесі алаңдатуда.
Қорыта келгенде, қоғам дамуы үшін оның мәдениеті дамуы сөзсіз, ал мәдениетті жоғары деңгейге көтеретін – тіл, кейде мәдени код пен тілдік кодтың арасындағы түсініспеушілік ұлттың адамзаттық дамуына әсерін тигізеді.

«Қыз Жібек» жырын оқыту барысында студенттердің этнотанымдық белсенділігін арттыру әдістемесі


Студенттердің этнотанымдық деңгейін дамытуда «Сөздікпен жұмыс» әдісін қолданған тиімді. Бұл тапсырмаға лиро-эпостық жырлардағы көнерген сөздерді, білім алушыларға түсініксіз сөздерді, тұрақты тіркестерді алуға болады.

Кесте 1 – «Сөздікпен жұмыс» әдісінің негізіндегі тапсырма





Жырдағы сөздер

Мәтін ішіндегі тіркес

Сөздіктегі мағынасы

Шытырма







Торқа







Бидайық







Дембелше







Долана







Асфахани







Дүрия







Қамқа











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет