«Қыз Жібек» жырындағы этнолексиканың танымдық сипатын оқыту әдістемесі Аңдатпа



бет4/7
Дата12.05.2024
өлшемі142,55 Kb.
#201994
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мақала 2 СДУ 3

1-тапсырма. «Қыз Жібек» жырынан үзінді оқи отырып, тақырып пен жыр арасында қандай байланысты анықтадыңыз?

  • жырда қыз бала образы ашылған ба? Халқымыз қыздың образын ашуда қандай тәсілдер қолданған?

  • қазіргі қыз бала, әйел образы мен жырдағы қыз образының ұқсастықтары мен айырмашылығын Венн диаграммасына толтырыңыз.

  • жырда кездесетін этнолексикалық бірліктерді табыңыз. Лексикалық бірліктерге түсініктеме беріңіз.

Мақсаты: - халық ауыз әдебиеті тілімен таныстыру;

  • жырдың негізгі кейіпкері саналатын Қыз Жібек образын ашуда

қолданылған тәсілдерді анықтау;

  • этнолексикалық бірліктердің жырға беретін эмоцианалдық-экспрессивтік бояуын табу;

  • қыз бала образын ашу үшін халқымыз айшықтауларды ұтымды қолдана білгендігін түсіндіру.

Нәтижесі: - студент этнолексиканы меңгереді.
- мәтінде көркемдеуіш құралдардан бөлек этнолексикалық бірліктер арқылы сипаттауды көркем жасауға болатынын үйренеді.

  • қыз бала образын ашуда монологтан бөлек диалогтың да маңызды рөл атқаратынын түсінеді.

  • екі ғасырдың қыздарының артықшылығы мен айырмашылығын ажыратып, талдап үйренеді.







Ұқсастығы

Айырмашылығы

Жырдағы қыз бала бейнесі (образы)







Қазіргі қыз бала бейнесі (образы)







2-тапсырма. Үзіндіні оқыңыз. Үзінді қай ғасыр әдебиетіне дәуіріне жататынын анықтаңыз.
Асыл туған анадан
Əрбір іске жарайды.
Данышпан адам дүниенің
Ағысына қарайды.
Атаға қызмет қылғанда,
Ескеріп, елеп санайды.
Көтергін, Жібек, басыңды,
Ертіп келдім бір жігіт,
Нақ өзіңе лайық.
Нұр сəулетті жүзі бар,
Бал секілді сөзі бар,
Талай бекзат көрінген,
Қалмады ешкім кызығар
Жетпейді басқан ізіне,
Қаршыға сынды көкеңді,
Қапа қылмай қарағын,
Бір көрінші жүзіме [8].
(Қыз Жібек жыры)

  • Үзіндіде кімнің образы сипатталған?

  • Қазақ халқы танымындағы «ана» образы қандай? Орыс халқындағы ана танымымен салыстырыңыз.

  • Кейіпкерді сипаттауда қолданылған көркемдеуші құралдарды табыңыз.

  • Үзіндіде кездесетін туыстық атауларды тауып, оларға анықтама беріңіз.

  • Туыстық атаулар жергілікті қолданыс бойынша өзіңе қосымша тағы қандай мағына үстеген?

Мақсаты: - “Қыз Жібек” жырындағы ер образын жасау жолдарын таныстыру

  • Жырда кездесетін көркемдеуші құралдарға талдау жасауды үйрету

  • Үзінде қолданылған туыстық атаулардың мағынасын анықтау. Сонымен қатар, туыстық атаулардың қосымша мағынасын зерттеу жүргізуге баулу



Нәтижесі: - қазақ зерттеулерінде ер адамның образын талдауды үйренеді.

  • ер образын жасауда қолданылатын көркемдеуші құралдарды анықтайды. Образды жасаудың жолдарына талдау жасайды

  • туыстық атаулардың мағынасының кеңеюі мен тарылуы жолдарын анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет