2) анализ және интерпретация: Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау, автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісі, шығармадағы көркемдегіш құралдары: психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис қолданысы, автор стилі, шығармадан алған үзінділерді өңдеп креативті жазу;
3) бағалау және салыстыру: Шығарманың тақырыбы мен идеясы, тарихи және көркемдік құндылығы, шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстыру, жаңашылдығы, шығарманың көркемдік-идеялық құндылығының гуманистік тұрғысы, әдеби эссе, шығармада жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.